Мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қалалық мәслихаты

Қызылорда қалалық мәслихатының сайтына қош келдіңіз!

Мемлекеттік рәміздер

KZ

RU

Хатшы блогы

 

Боханова Роза Аяғанқызы

Алғы сөз

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барша мемлекеттік құрылымдарға қойып отырған талаптарының бірі - жұртшылықпен байланыстың ашықтығы. Бұл жөнінде «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнатуды ерекше атап көрсетті. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң- аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болуы қажеттігіне назар аударды. Осы орайда, сайлаушылармен байланыстың жаңаша түрлерін қолдана отырып, ашықтықты қамтамасыз ету - уақыт қажеттілігі деп санаймын. Бұл ретте, қалалық мәслихаттың депутаттар корпусы да сайлаушылармен байланыс орнатуды одан әрі жандандырып, ашықтықтықты қамтамасыз етуді барынша атқаруда.

Сіздер біздің сайттан қалалық мәслихат депутаттары жайлы, мәслихат сессиялары,

қабылданған нормативтік-құқықтық актілер, мәслихат құзыреті мен қызметін ұйымдастыру, депутаттардың қабылдау кестесі жайлы мәліметтер алып, өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Алдағы уақытта Қызылорда қалалық мәслихаты уақыттың талабы мен сайлаушылардың ұсыныс-тілектеріне сәйкес шаралар қабылдап, жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына барынша үлес қоса беретін болады.

Қызылорда қалалық мәслихатының арнайы сайты арқылы Өздеріңізбен қарым-қатынасты нығайтамыз деген сенімдеміз. Қазіргі таңда, бүкіл әлемді дүрліктірген коронавирус пандемиясы біздің еліміз үшін де үлкен сынақ болып отыр. Бұл дағдарыс, баршамыздың жұдырықтай жұмылып, қиындықтарды бірге еңсеріп, нысанына қарамастан барлық құрылымдардың біріге отырып, дер кезінде қажетті шешімдер қабылдаудың маңыздылығын көрсетуде.

Бұл ретте, депутаттық корпус пандемияның салдарынан туындап отырған дағдарыс жағдайында көмекке мұқтаж халықтың әлсіз топтарына қайырымдылық жасау, медицина құрылымдарына қолдау көрсету шараларын белсенді ұйымдастыруда. Бұдан әрі де, бірлігімізді бекемдеп, жұдырықтай жұмыла түссек, бұл қиындықты да жеңеміз!

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы

Р. Боханова

 

Здесь вы можете задать интересующие вас вопросы.

 

Отправка формы…

На сервере произошла ошибка.

Форма получена.