Мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қалалық мәслихаты

Қызылорда қалалық мәслихатының сайтына қош келдіңіз!

Мемлекеттік рәміздер

KZ

RU

Жаңалықтар

 

№4 «Абай» сайлау округінен сайланған мәслихат депутаты Нақып Әнуар Мәуленұлы бекітілген кестеге сәйкес қабылдау жүргізіп, қабылдауға келген қала тұрғынының өтініші қанағаттандырылды.

№13 «Яссауи» сайлау округінен сайланған мәслихат депутаты

Қожаниязова Ләйлә Ақбергенқызы қала тұрғынын жеке мәселесі

бойынша қабылдады.

Көпбалалы ананың науқас екі баласына қажетті дәрі-дәрмек пен

азық-түліктен көмек көрсетілді.

№6 «Мұнайшы» сайлау округінен сайланған мәслихат депутаты Мақашов Талғат Бақытбекұлы қалалық құрылыс бөлімі, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі мамандарымен кездесіп, сайлау округі бойынша 2020 жылы жүргізілетін жол жөндеу, жарықтандыру жұмыстарына  қатысты мәселелерді талқылады.

Ағымдағы жылдың 8-14 қаңтар аралығында қалаға қарасты кент және ауылдық округ әкімдерінің қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру жиындары өтті.

Есеп беру жиындарына қалаға қарасты Белкөл, Тасбөгет кенті және Қызылжарма, Ақсуат, Талсуат, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Қызылөзек,  Ақжарма ауылдық округтері аумақтарынан сайланған қалалық мәслихат депутаттары Қ.Ерназаров, Б.Ысқақов, Ғ.Жақсылықов, А.Сүйінтаев, Қ.Орынбасарұлы қатысып, кент және ауылдық округтердегі өзекті мәселелер мен жоспарланған шараларды бірлесе талқылады.

Сонымен бірге, жиын барысында кент және ауылдық округ әкімдері 2019 жылы атқарған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы хабарлама жасады.

Айта кету керек, мәслихат депутаттары сол аумақтағы өзекті мәселелер жөнінде бұған дейінде жергілікті қоғамдық кеңеспен бірлесе жұмыс жасап келеді.

№9 «Қорқыт ата» сайлау округінен сайланған мәслихат депутаты Мампаев Әжібек Алғашбекұлы бекітілген кестеге сәйкес қабылдау өткізді.

Қалалық мәслихат хатшысы Роза Аяғанқызы  Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» және «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерінің иегері Бөрібай Құлманұлын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Баймұрат батыр» ауылында мәдениет үйі ашылды

 

Үстіміздегі жылғы 30 желтоқсан күні қалаға қарасты Баймұрат батыр ауылында Мәдениет үйі ашылды.

Мәдени нысан ғимаратында 150 орындық көрермен залы, кітапхана, үйірме, хореография залдары, ардагерлер бөлмесі, тағы басқа ауыл тұрғындарының мәдени демалысына қажетті мүмкіндіктер қарастырылған.

Ауыл тұрғындарының мәдениет үйінің қажеттігі туралы  мәселесін ескере келе мәдениет Үйінің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынуына аталған ауылдан сайланған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Орынбасарұлы ұйытқы болды.

№13 «Яссауи» сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Қожаниязова Ләйлә Ақбергенқызы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында үйден оқытылатын балаларды мерекемен арнайы құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, инклюзивті сыныптарда оқитын оқушылар үшін Жаңа жыл кеші ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды.

Ағымдағы жылғы 27 желтоқсан күні "Мейірімділік шапағаты" облыстық қайырымдылық телемарафоны өтті. Аталмыш шара – халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық жасауға арналған.

 Телемарафонда сөз алған облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Алматы қаласының маңында ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, "Мейірімділік шапағаты" атты қайырымдылық шарасының маңыздылығына тоқталып өтті.

 Аталған шараға қалалық мәслихат депутаттары да атсалысты.

№5 «Әл-Фараби» сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Абдуқалықов Муса Жақыпұлы бекітілген кестеге сәйкес жеке мәселе бойынша қабылдау өткізді.

Үстіміздегі жылғы 25 желтоқсан күні VІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс 54 сессиясы өтті. Сессия отырысын қалалық мәслихат хатшысы, сессия төрағасы Р.Боханова жүргізді.

Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мен қызметкерлері, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы мен қызметкерлері қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі “2020-2022 жылдарға арналған кент және ауылдық округ бюджеттері туралы” мәселесі қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

«Nur Otan» партиясының 20 жылдығы аясында қалалық мәслихат хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы партияның қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапатталды.

Марапатты Қызылорда облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қ.Ысқақов табыстады.

№17 "Арай" сайлау округінен сайланған мәслихат депутаты Қайрат Орынбасарұлы сайлаушыларды жеке мәселемен қабылдады.

2019 жыл - Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл.

Уақыт пен тарих кеңістігіндегі өлшеммен 25 жыл аз ғана мер¬зім болғанымен, мәслихаттар республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында   маңызды рөл атқарып, халықтың зор сеніміне ие болып келеді.

Осы уақыт ішінде қалалық мәслихаттың 6 шақырылымында 90-нан астам халық қалаулысы қызмет жасап, мәслихат сессияларында 1300-ден аса мәселе бойынша шешімдер қабылданды

 Айтулы мерекеге орай, қалалық мәслихаттың дамуы мен қалыптасуына, халықтың мұң –мұқтажының атқарушы билікке жетуіне үлес қосқан І-ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихат хатшылары мен депутаттары, бірқатар  ардагер-депутаттар, мәслихат жұмысын ақпараттандырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттау шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында қала әкімі Н.Нәлібаев Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына орай өңіріміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды арнайы құттықтап, жоғары органдардың марапаттары мен  мерекелік медалдар табыстады.

 Сондай-ақ, депутат М.Кәрімбаев республикалық “Біздің депутат” газетінің 2019 жылғы талдау қорытындысына сәйкес “Үздік қалалық мәслихат депутаты”, депутат И.Ли. «Алтын қыран» номинациясымен марапатталды.

Үстіміздегі жылғы 20 желтоқсан күні ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті 53 сессиясы өтті. Сессия отырысын сессия төрағасы М.Абдуқалықов жүргізді.

Сессия жұмысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мен қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті,    «Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы», «Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарының түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін  бекiту туралы», «Тұрғын үй көмегін  көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия барысында қалалық мәслихат және “Атамекен” кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жасалған қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың қоғамдық рейтингісінің қорытындысы бойынша Қызылөзек, Қызылжарма және Талсуат ауылдық округтерінің әкімдері арнайы тағайындалған номинацияға ие болды.

Ағымдағы жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы  мәслихаттарының 25 жылдығына арналған "Жергілікті өкілді орган-мәслихаттардың өңір дамуындағы орны мен рөлі" тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына облысы әкімі Қ.Ысқақов, облыстық, қалалық,  аудандық мәслихаттардың І-ҮІ шақырылым депутаттары мен хатшылары, ардагерлер, ғалым-ұстаздар қатысты.

Шара барысында Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Р.Боханова "Халықтың өмір сүруін қамтамасыз етудегі  жергілікті өкілді басқарудың рөлі мен мен маңызы" тақырыбында баяндама жасады. Баяндама жасаушы ғалымдар мен сала мамандары жиырма бес жыл ішінде жергілікті басқару органдарының жеткен жетістіктерін, өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдарына қатысты ұсыныстарын білдірді.

Іс-шара барысында қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова                     ҚР Сенатының «Құрмет» Грамотасымен, ҚР Энергетика министрлігінің Алғысымен, «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, ҚР Мәслихаттарының 25 жылдығы мерекелік медалімен марапатталды.

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында  облыс әкімі Қ.Ысқақов «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында Сырдария өзенінің сол жағалауында  салынған көпқабатты   үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

  Аталған көпқабатты тұрғын үйлерді салу жұмысына қалалық мәслихаттың құрылысшы депутаттары Б.Ысқақов, М.Абдуқалықов белсене атсалысты.

Қызылорда қалалық мәслихат хатшысы, №11 «М.Мәметова» сайлау округінің депутаты  Боханова Роза Аяғанқызы жеке мәселе бойынша қабылдау өткізді.

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні қалалық мәслихат хатшысы, №11 «М.Мәметова» сайлау округінен сайланған мәслихат депутаты Боханова Роза Аяғанқызы 2019 жылы атқарған жұмыстары бойынша сайлаушылар алдындағы есеп беру жиынын өткізді.

 Жиын барысында аталған округ сайлаушыларымен білім саласындағы өзекті мәселелер, қоғамдық қауіпсіздік, инфрақұрылымды дамыту, тұрғын-үй және тағы басқа осы округке қатысты мәселелер талқыланды.

 Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар  ескеріліп, оларды жүзеге асыру бағытында нақты шаралар қабылданатын болады.

Үстіміздегі жылғы 11 желтоқсан күні қалалық мәслихат жанындағы бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

 Комиссия отырысында мәслихат депутаттарының жергілікті атқарушы органдар тарапына берген ұсыныстары мен  сайлаушылармен кездесулерінде көтерілген мәселелердің орындалу барысы талқыланды.

 Сонымен бірге, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, қалалық құрылыс бөлімі, қалалық білім бөлімінің басшылары 2020 жылы салалар бойынша бюджетті бағыттау жоспарлары туралы баяндады.

Депутаттар бюджеттік жоба әкімшілеріне 2020 жылғы бюджет жобасында депутаттық ұсыныстардың қамтылуын ұсынды.

№10 "Теміржол" сайлау округінен сайланған мәслихат депутаты Ахатов Нұржан Сәбитұлы бекітілген кестеге сәйкес қабылдау өткізді.

2019 жылғы 10 желтоқсан күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс  52-ші сессиясы болып өтті.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған «2019-2021 жылдарға арналған кент және ауылдық округтер бюджеттері туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының  2018 жылғы 21 желтоқсандағы №205-34/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланып, тиісті өзгерістер енгізілді.

Аталған мәселе бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, қалаға қарасты кент және ауылдық округтер бюджетінің кірістері мен шығыстары туралы түсіндірме берді.

Есепті кездесуде көтерілген мәселе

 

Үстіміздегі жылғы 25 қарашада №6 «Мұнайшы» сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Талғат Мақашовтың сайлаушылар алдындағы есеп беру жиынында тұрғындар КБИ ауданындағы №197 мектепке тұрақты мектеп инспекторын бекіту туралы мәселе көтерілген болатын. Осыған орай, №197 мектепте ұзақ уақыт бойы бос лауазым болып келген мектеп инспекторы қызметіне ҚПҚ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесі тарапынан  учаскелік  полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Б.Зиябілов жауапты болып бекітілді.

Сайлау округтеріндегі мәселелер бақылауда

 

Қазіргі уақытта қалалық мәслихат депутаттарының 2019 жылы атқарған жұмыстары бойынша сайлаушылар алдындағы есеп беру шаралары өткізілуде.

 Осыған орай, қалалық мәслихатпен сайлау округтеріндегі өзекті мәселелерді зерделеу барысында  Қорқыт ата көшесінің бойындағы үлкен тереңдіктегі ауыз су құдығының қарау қақпағының ашық екендігі анықталып, құдық қақпағын жедел түрде жабу туралы тиісті мекемелерге ұсыныс берілді.

Қалалық мәслихат тарапынан берілген  ұсынысқа орай «Су жүйесі» МКК тарапынан шұғыл шаралар қабылданып, құдық қақпағы жабылды.  Су құбыры жаяу жүргіншілер жүретін автотұрақ маңында орналасқандықтан, тұрғындардың жүруіне қолайсыздық тудырып келген болатын.

Қызылорда қалалық мәслихатының

кезектен тыс 51-ші сессиясы туралы

 

2019 жылғы 6 желтоқсан күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс  51-ші сессиясы болып өтті.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 4 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 51-ші сессиясына депутат Абдуқалықов Муса Жақыпұлы төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №199-33/3 шешіміне тиісті өзгерістер енгізілді.

Аталған мәселе бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөілімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, қала бюджетінің кірістері мен шығыстары туралы түсіндірме берді.

Сонымен қатар, қала әкімдігінің дербес құрамына және «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, сонымен қатар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен коммуналдық  көрсетілетін қызметтерге  ақы  төлеу  және отын  сатып  алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы №252-45/4 шешіміне енгізілген өзгерістер келісіліп, «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының  2019 жылғы 11 қаңтардағы №210-35/1 шешіміне өзгеріс  енгізу туралы» мәселесі бойынша қалалық сайлау комиссиясы құрамына бір мүше енгізілді.

Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл!

 

Биыл еліміздің тарихындағы маңызды оқиға – жергілікті мәслихаттардың құрылғанына – 25 жыл. Уақыт пен тарих кеңістігіндегі өлшеммен 25 жыл аз ғана мер¬зім болғанымен, мәслихаттар республикамыздың әлеуметтік-эконо¬микалық дамуында өзіндік маңызды рөл атқарып келеді.

Осыған орай, үстіміздегі жылдың 6 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында мәслихаттардың 25 жылдығына арналған республикалық конференциясы өтті. Конференцияға ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Парламент Сенатының депутаттары, Үкімет мүшелері, еліміздің барлық өңірлерінің облыстар, қалалар мен аудандық мәслихаттарының депутаттары мен хатшылары қатысты.

Аталған мерейтойлық іс-шараға қатысқан Қызылорда облысының делагациясы құрамында Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Роза Боханова болды.

Сонымен бірге, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова республикалық «Біздің депутат» қоғамдық саяси газетінің "Мәслихатқа 25 жыл" мерекелік медалімен  марапатталды.

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өтті.

Қызылжарма ауылдық округі әкімі лауазымына сайлау өткізу жөніндегі отырысқа қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Мұхиджан Кәрімбаев  төрағалық етіп, таңдаушылар – қалалық мәслихат депутаттары әкімдікке үміткерлер М.Сейілов пен Н.Сәдуақасқа дауыс берді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қалалық сайлау комиссиясы  дауыс санау нәтижесінде таңдаушылардың басым дауысына ие болған үміткерді жариялады.

№5 "С.Торайғыров" сайлау округінен сайланған мәслихат депутаты Пазилов Сабит Бексеитұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Үстіміздегі жылғы 5 желтоқсан күні қалалық мәслихат депутаттары №3 «С.Торайғыров» сайлау округінен сайланған депутат Пазилов Сәбит, №15 «Ғ.Мұратбаев» сайлау округінен сайланған депутат Әбдірахманов Шәріп 2019 жылы атқарған жұмыстары бойынша сайлаушылар алдындағы есеп беру кездесулерін өткізді.

 Есеп беру жиындарында аталған округтерге қарасты  «Арай» мөлтек ауданы, қаланың Шанхай бөлігінің тұрғындары балалар ойын алаңдары, қоғамдық көлік, жол қауіпсіздігі мәселесі, санитарлық тазалық, көшелерді жарықтандыру, жол салу және басқа да мәселелерді көтерді.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға аталған округ депутаттары жауап беріп, көтерілген мәселелердің барлығы ескеріліп, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында құзырлы мемлекеттік мекемелермен бірлесіп жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. Аталған мәселелер депутаттардың тұрақты бақылауында болады.

Үстіміздегі жылғы 29 қараша күні қалалық мәслихат депутаттары №8 «Мерей» сайлау округінен сайланған депутат Кәрімбаев Мұхиджан, №17 «Арай» сайлау округінен сайланған депутат Орынбасарұлы Қайрат 2019 жылы атқарған жұмыстары бойынша сайлаушылар алдындағы есеп беру кездесулерін өткізді.

Есеп беру жиындарында аталған округтерге қарасты «Ақжарма» ауылдық округі, «Арай», «Мерей» мөлтек ауданы аумақтарының тұрғындары балалар ойын алаңдары, қоғамдық көлік, жол қауіпсіздігі мәселесі, санитарлық тазалық, көшелерді жарықтандыру, жол салу, газдандыру және басқа да мәселелерді көтерді.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға аталған округ депутаттары жауаптар беріп, алдағы уақытта бақылауда болатындығын жеткізді.

Үстіміздегі жылғы 28 қараша күні қалалық мәслихат депутаттары №18 «Наурыз» сайлау округінен сайланған депутат Сүйінтаев Алтынбек, №19 «Тасбөгет» сайлау округінен сайланған депутат Ысқақов Бақдәулет 2019 жылы атқарған жұмыстары бойынша сайлаушылар алдындағы есеп беру кездесулерін өткізді.

Есеп беру жиындарында аталған округтерге қарасты «Ақсуат» ауылдық округі, «Белкөл», «Тасбөгет» кенті аумақтарының тұрғындары үлкен сыйымдылықты емхана салу, балалар ойын алаңдары, қоғамдық көлік, жол қауіпсіздігі мәселесі, санитарлық тазалық, көшелерді жарықтандыру, жол салу, газдандыру және басқа да мәселелерді көтерді.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға аталған округ депутаттары жауаптар беріп, алдағы уақытта бақылауда болатындығын жеткізді.

Үстіміздегі жылғы 27 қарашада өткен қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың III облыстық форумында облыс әкімі Қ.Ысқақов қалалық мәслихат депутаттары Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлын, Ысқақов Бақдәулет Құлбекұлын облыс әкімінің Алғысымен және Абдуқалықов Муса Жақыпұлын "Отбасыларды қолдағаны үшін" номинациясымен марапаттады. Марапат иелерін құттықтаймыз!

№17 "Арай" сайлау округінен сайланған мәслихат депутаты Қайрат Орынбасарұлы, СПМК мөлтек ауданының тұрғыны, қоғам белсендісі Болат Нұрқожаевты қабылдады. Қабылдау барысында жоғарыда аталған сайлау округіне қарайтын мөлтек аудандардың мәселелері талқыланды.

Үстіміздегі жылғы 27 қараша күні қалалық мәслихат депутаттары               №1 «Қызылжарма» сайлау округінен сайланған депутат Жақсылықов Ғалымбек, №14 «Шұғыла»  сайлау округінен сайланған депутат Бихожаева Сәрсенкүл 2019 жылы атқарған жұмыстары бойынша сайлаушылар алдындағы есеп беру кездесулерін өткізді.

Есеп беру жиындарында аталған округтерге қарасты «Қызылжарма», «Қосшыңырау», «Қарауылтөбе» ауылдық округтері мен «Шұғыла» мөлтек ауданы аумақтарының  тұрғындары балалар ойын алаңдары, қоғамдық көлік, жол қауіпсіздігі мәселесі, санитарлық тазалық, көшелерді жарықтандыру,  жол салу, ауыз су, жайылымдық жер және басқа да мәселелерді көтерді.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға аталған округ депутаттары жауаптар беріп, алдағы уақытта бақылауда болатындығын жеткізді.

№7 "Ақмешіт" сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы жеке мәселемен қала тұрғынын қабылдады.

Үстіміздегі жылғы 26 қараша күні қалалық мәслихат депутаттары №7 «Ақмешіт» сайлау округінен сайланған депутат Ерназаров Қайрат,             №12 «Орталық» сайлау округінен сайланған депутат Ли Илларион 2019 жылы атқарған жұмыстары бойынша сайлаушылар алдындағы есеп беру кездесулерін өткізді.

Есеп беру жиындарында аталған округтерге қарасты «Талсуат», «Қызылөзек» ауылдық округтері мен «Ақмешіт» мөлтек ауданы, қала орталығы аумақтарының  тұрғындары балалар ойын алаңдары, қоғамдық көлік, жол қауіпсіздігі мәселесі, санитарлық тазалық, көшелерді жарықтандыру,  жол салу және басқа да мәселелерді көтерді.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға аталған округ депутаттары жауаптар беріп, алдағы уақытта бақылауда болатындығын жеткізді.

Кездесулер барысында тұрғындар аталған депутаттарға жыл көлемінде жасаған қайырымдылық шаралары үшін өз ризашылықтарын білдірді.

ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының халық алдындағы есеп беру жиындары өтуде.

Үстіміздегі жылғы 25 қараша күні қалалық мәслихат депутаттары №4 «Абай» сайлау округінен сайланған депутат Ә.Нақып, №5 «Әл Фараби» сайлау округінен сайланған депутат М.Әбдіқалықов, №6 «Мұнайшы» сайлау округінен сайланған депутат Т.Мақашов, №10 «Теміржол» сайлау округінен сайланған депутат Н.Ахатов 2019 жылы атқарған жұмыстары бойынша сайлаушылар алдындағы есеп беру кездесулерін өткізді.

Есеп беру жиындарында аталған округтерге қарасты Шанхай, Әл Фараби, КБИ, теміржол аумағы аудандарының тұрғындары қоғамдық көлік, жол қауіпсіздігі мәселесі, санитарлық тазалық, көшелерді жарықтандыру, жарық кернеулерінің жоғарылығы, жол салу және басқа да мәселелерді көтерді.

Депутаттар өз кезегінде сайлаушылар тарапынан көтерілген ешбір мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, мәселелерді шешу барысы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жүргізілетіндігін жеткізді.

Кездесулер барысында тұрғындар аталған депутаттарға жыл көлемінде жасаған қайырымдылық шаралары үшін өз ризашылықтарын білдірді.

№6 "Мұнайшы" сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Мақашов Талғат Бақытбекұлы бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды қабылдады.

№4 "Абай" сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Нақып Әнуар Мәуленұлы бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды қабылдады

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 50-ші сессиясы өтті.

 

Үстіміздегі жылғы 14 қараша күні Қызылорда қалалық мәслихатының кіші мәжіліс залында  V шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс 50-ші сессиясы өтті.

Сессия отырысына қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімі аппаратының басшысы, қалалық мәслихат аппаратының басшысы мен қызметкерлері, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған бірінші «2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда қаласының даму бағдарламасын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №51/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы  Г.Баймаханова хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сессияның барасында екінші, «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округіндегі көшелерге атау беру және қайта атау туралы» мәселесі бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Есжанов хабарлама жасады. Аталған мәселе депутаттар тарапынан қолдау тауып, бірауыздан мақұлданды.

№12 «Орталық» сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутататы Ли Илларион Гукхенович бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды қабылдады.

Қызылорда қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.

 

Үстіміздегі жылдың 12 қараша күні Қызылорда қалалық мәслихатының «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі» және «Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияларының отырысы болып өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші Қызылорда қалалық мәслихатының «Қызылорда қаласының рухани-мәдени дамуы, атқарылған шаралары туралы» шешімінің орындалу барысы туралы мәселесі бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Есжанов хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ал, «Қызылөзек және Қосшыңырау ауылдық округтерінде 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттің тиімді және нысаналы атқарылуы туралы» мәселесі комиссия мүшелері тарапынан келесі комиссия отырысында қайта талқылауға ұсынылды.

№17 "Арай" сайлау округінен сайланған Қызылорда қалалық мәслихат депутаты Қайрат Орынбасарұлы бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды қабылдады.

№5 "Әл-Фараби" сайлау округінен сайланған Қызылорда қалалық мәслихат депутаты Абдуқалықов Муса Жақыпұлы бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды қабылдады.

Қалалық мәслихат депутаттары спорт нысандарын назарға алды.

 

Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттарының сайлаушылармен кездесу жиындарында тұрғындар тарапынан спорт нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі жиі көтеріледі.

Осы ретте, ағымдағы жылдың 25 қазанында бір топ мәслихат депутаттары қаламызда орналасқан бірқатар спорт кешендерін арнайы аралады. Ондағы мақсат - халық арасында көп сұранысқа ие нысандарды тұрғындардың пайдалануына қол жетімділігін зерделеу болып табылады. Бұл жөнінде қала әкімінің арнайы тапсырмасы да бар.

Қарапайым қала тұрғындарының ішінде бейімдеу, оңалту орталықтары, жетімдер үйі мен соқырлар қоғамы сияқты мүмкіндігі шектеулі азаматтар ұйымдарының ұсыныстарына сәйкес,  спорт нысандарында айына   1 рет тегін қызмет ұйымдастырылған.

Осы мәселелерді таразылай келе, қалалық мәслихат депутаттары бұқаралық спортты дамыту бағытындағы алғышарттардың бірі - спорттық-сауықтыру ғимараттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, соның ішінде қалаға қарасты елді-мекендерде бұқаралық спортты дамытуға байланысты ұсыныстарын жеткізді. Ол үшін спорт нысандарының баға саясаты халықтың әлеуметтік аз қамтылған, мүгедек топтарының қаржы мүмкіндігін ескеріп, жергілікті атқарушы органдармен келісіле отырып белгіленуі қажет.

Сондай-ақ, спорт кешендерінің басым бөлігі қала орталығында орналасқандығын және қала аумағының жыл сайын кеңейіп келе жатқандығын ескерсек, қаладағы жекелеген мөлтек аудандарға спорт нысандарын салу мүмкіндігін қарастыру қажет екендігі түсінікті.

Аралау барысында депутаттар қаланың мөлтек аудандарында орналасқан ойын алаңдарының бүгінгі жай-күйімен танысып, тиісті мекемелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы өз ұсыныстарын жеткізді.

VІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс 49-шы сессиясы өтті.

 

 Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 1 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХІХ сессиясына депутат Абдуқалықов Муса Жақыпұлы төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі «2019-2021 жылдарға арналған кент және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы   №205-34/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша «Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Жүнісова Роза Талғатқызы хабарлама жасады.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті шешім қабылданды.

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 48-ші сессиясы туралы

 

2019 жылдың 21 қазаны күні қала әкімдігінің мәжіліс залында VІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс  қырық сегізінші сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық мәслихат аппаратының басшысы мен қызметкерлері, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №199-33/3 шешіміне тиісті өзгерістер енгізілді.

Аталған мәселе бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөілімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, қала бюджетінің кірістері мен шығыстары туралы түсіндірме берді.

Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының  2019 жылғы 11 қаңтардағы №210-35/1 шешіміне өзгеріс  енгізу туралы» мәселесі бойынша қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Ахметов өз өтініші негізінде комиссия құрамынан шығарылды.

ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

 

17 қазан күні Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында облыс ауыл әйелдерінің форумы өтті.  Форумның басты мақсаты — ауыл әйелдерінің қол жеткізген жетістіктерін көрсету, рухани жаңғыру міндеттерін, Қазақстанның жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын жүзеге асыруға қосқан үлестерін насихаттау болып табылады.

 Форумға облыс әкімі Қ.Ысқақов, «Жасыл экономика және G-Global- ды дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрайымы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жасыл экономикаға өту Кеңесінің мүшесі С.Рахимбекова және аталмыш бірлестіктің атқарушы директоры А.Сүлейменов , аймақтың белсенді әйелдері, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова қатысты.

Форум аясында кәсіпкер әйелдердің қолынан шыққан түрлі бұйымдар мен өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында өз саласында жетістікке жеткен бір топ нәзік жандылар мен көпбалалы аналар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Бақ пен береке қонған Қызылорда!

 

12 қазан күні облыс орталығында қос мереке жоғары деңгейде атап өтілді.  Алдымен күзгі молшылық мейрамы "Алтын дән" мерекесіне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылып, аймақ басшысы ауылшаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады.  Оған қоса, жылдағы дәстүр бойынша мереке аясында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан арнайы келген шаруашылықтар өз өнімдерін тұрғындарға арзан бағамен ұсынды. Жәрмеңке алаңдарында өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бір ай бойына түрлі іс-шаралармен жалғасып келген қала күні мерекесінің қорытынды мерекелік іс-шарасы орталық стадионда өткізілді. Бұл күні эстрада жұлдыздары қала тұрғындарына жоғары көңіл күй сыйлады. Мереке барысында спортшылар және басқа да сала мамандары құрмет төрінен көрініп, «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы табысталды.

 Қала күні аясында ұйымдастырылған мерекелік шараларға қалалық мәслихат депутаттары қатысты!

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында өткен ауылшаруашылығы саласының озаттарын марапаттауға арналған «Алтын күз - 2019» мерекелік шарасында осы өңірдің тумасы, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Кәрімбаев Мұхиджан Исмаилұлы Шиелі ауданының "Құрметті азаматы" атағына ие болды.

Ағаш отырғызу күні өтті.

 

Республикалық экологиялық айлығы аясында Қызылорда қаласында ағаш отырғызу күні өтті. Тұңғыш Президент атындағы саябақта өткен жаппай ағаш отырғызу акциясына қалалық  мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен ерікті жастар, тұрғындар да қатысты.

Акция аясында қала көлемінде 15 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

 

 

Ағымдағы жылдың 11 қазанында Сыр елінің бас шаһары – Қызылорда қаласының 201 жылдығы кең көлемде аталып өтті.

 

Қала күні мерекесінің қорытынды шарасында өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтармен қатар қалалық мәслихат депутаты  Сәрсенкүл Бәйдешқызы «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапатталды.

Қызылорда қаласында цифрлы технологиямен басқарылатын күріш зауыты ашылды

 

Бүгін, қалалық мәслихат депутаттары «Мағжан и К» ЖШС күріш ақтау зауытының салтанатты ашылуына қатысты.  Жаңа кәсіпорында қуаттылығы сағатына 5 тонна күріш өндей алатын Оңтүстік Кореяның «DAEWON GSI» күріш өндірудегі цифрлы технологиясы пайдаланылады. Зауыт жаңа технологияның арқасында бір орталықтан автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылады. Бұл зауыттың әзірге Қазақстанда анологы жоқ. Сондай-ақ, компанияның техникалық паркі 90 пайызға жоғары технологиялық «Claas», «John Deere», «Case» маркалы комбайндарымен жаңартылған. Күріш және жоңышқа тұқымдары германиялық Petkus жоғары технологиялық тұқым тазарту зауытында қайта өңделеді.

Қосымша оқу ғимараты ашылды

 

2019 жылдың 9 қазанында С. Лапин атындағы №261 орта мектептің қосымша ғимаратының ашылу салтанаты өтіп, пайдалануға берілді. Оқу ғимаратының кабинеттері соңғы үлгіге сай жабдықталып, толық интернет желісіне қосылған.

Ғимараттың ашылу салтанатына осы сайлау округтен сайланған қалалық маслихат депутаты  М. Әбдіқалықов қатысып, арнайы шақырылған құрметті қонақтармен бірге  мектептің ашылу лентасын қиды.

Жол сапасы – депутаттар назарында

 

Биылғы жылы қала бойынша 176 көше (оның ішінде 1 жаңа көше құрылысы,  50 көше орташа, қалған 125 көше ағымдағы жөндеу) түрлі деңгейдегі жөндеуден өтуде.

Осы көшелерге жүргізілген орташа жөндеу жұмыстарының сапасын зерделеу мақсатында Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары ағымдағы жылдың 4 қазанында бірнеше көшелерді аралап, тұрғындармен пікірлесті.

Депутаттық аралау жұмысына тиісті сала басшылары, мердігер және техникалық қадағалаушы мекемелердің басшылары қатысып, мәслихат депутаттарының ұсыныстарын тыңдап, тұрғындардың сұрағына жауап берді.

Қалалық мәслихат депутаттары республикалық «Эко-сағат» акциясына қатысты

 

Қалалық мәслихат депутаттары қаладағы барлық мектептерде өткізілген республикалық  «Эко-сағат» акциясына қатысты. Депутаттар мектептердегі ашық сабақтарға қатысып, оқушыларды табиғатты қорғауға шақырды, кейін оқушылармен бірге мектеп ауларында  талдар екті.

Аталған акция 3 қазан «Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күніне» орай   Қазақстан Республикасының  Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Экологиялық акцияның мақсаты барша халықты табиғатты қорғауға шақыру болып табылады.

Қала күні қарсаңында қалада бірнеше нысан пайдалануға берілді.

 

Қала күні қарсаңында қалада бірнеше нысан пайдалануға берілді. Аталмыш іс-шараларға қалалық мәслихат депутаттары қатысып, қалалықтардың қуаныштарына ортақтасты. Олар 320 орынға арналған «Ханшайым ана» балабақшасымен, жалпы саны 220 пәтерді құрайтын сол жағалауда орналасқан 4 көпқабатты тұрғын үй. Іс-шара барысында тыл және ауған соғысының ардагері мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған жастар және 2- топ мүгедектеріне пәтер кілті табысталды.

Сонымен бірге, осы күні «Абай Дәулет» серіктестігінің күріш ақтау зауыты іске қосылды. Сағатына 7 тоннадан астам өнім өндіретін зауыт 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жаңа зауыттың ерекшелігі – күрішті ақтаумен қатар, мал шаруашылығыда жемдік мақсатында пайдаланылатын күріш қауызын ұнтақтап, қалдықсыз өнім шығаруға бейімделген.

Қарттарға құрмет көрсетілді!

 

 «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай қалалық мәслихаттың депутаттар корпусы қарттарға сый-құрмет көрсетті.

Қалалық мәслихат хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы өзі сайланған №11 «М.Мәметова» сайлау округіндегі бірқатар ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Олардың бірі –еңбек ардагері Л.Филипенко математика пәнінен  ұзақ жылдар ұстаздық еткен. Бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған қарт ұстаз  еліміздегі бейбіт өмір үшін ризашылығын білдіріп, көрсетілген құрметке алғысын жеткізді.

«ҮЗДІК ДЕПУТАТ – 2019»

 

Мәслихаттарға арналған «Біздің ДЕПУТАТ» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 2019 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша "Үздік депутат - 2019" номинациясы бойынша Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Кәрімбаев Мұхиджан Исмайылұлы Қазақстан Республикасының үздік депутаты атанды.

Әріптесімізді марапатымен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!!!

ДАНАЛЫҚТЫҢ АЛТЫН КІЛТІ –ҚАРИЯЛАР!

 

Қария бұл - елдің басы, ақылын айтар данасы, ел төрінде құрметке ие жандар, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі деген сөз. Осындай қадірлі қарттары, асқарлы ардагерлері бар Қызылорда қаласында қала күні мерекесі аясында, «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне арналған ардагерлер Ұйымдарының төрағаларының облыстық семинар-кеңесі өтті.

Шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы, қалалық мәслихат хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы қатысып, семинар-кеңес жұмысына сәттілік тілеп, алғы сөз айтты.

Семинар-кеңес аясында облыс ардагерлерінің қатысуымен Қызылорда қаласының сол жағалауы және «Болашақ» университетінің жаңа компусымен танысу, Ақсуат ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырхан Остаев ақсақалды құрметті демалысқа шығарып салу рәсіміне, №264 мектеп базасында «Ұлттық тәрбиенің алтын тұғыры, салт-сана ұрпаққа мұра» атты арнайы бағдарламалық кездесу, Белкөл кентіндегі «Абай» сауықтыру және демалыс саябағын аралау, және де ең маңызды шаралардың бірі ретінде С.Шаухамановтың 80 жылдығына орай еске алуға арналған «Биік парасат иесі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ

 

Қызылорда қалалық мәслихатының №5 Әл-Фараби сайлау округі бойынша депутаты Абдуқалықов Мұса Жақыпұлы сайлаушыларды қабылдау кестесіне сәйкес 2019 жылдың 25 қыркүйегінде тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауда болған ұсыныс-пікірлер бойынша депутат М. Абдуқалықов тиісті орындарға жолдап, орындалуы бойынша бақылауға алатындағын жеткізді.

VІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 47 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 

VІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті

47 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 4 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды. Қалалық мәслихаттың кезекті ХХХХVІІ сессиясына депутат Ысқақов Бақдәулет Құлбекұлы  төрағалық етті.

Сессия жұмысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мен қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының орындалу барысы туралы» мәселесі бойынша Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Нұриддинов Бектас Балғабайұлы баяндама жасады. Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауаптар берілді.

Туризм саласы бойынша сессия қарауына ұсыныс-пікірлер әзірлеу үшін жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша №14 «Шұғыла» сайлау округінен сайланған депутат Бихожаева Сәрсенкүл Бәйдешқызы қосымша хабарлама жасады.

 Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласында жер саласындағы заңдылықтардың сақталу барысы мен алдағы жоспарлары  туралы» мәселесі бойынша «Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Төлегенов Жақсылық Есенәліұлы хабарлама жасап, қаладағы жер саласы мәселелері туралы ақпараттар берді.

Күн тәртібіндегі үшінші «Қызылжарма ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы есебі» мәселесі бойынша Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Оспанов Бауыржан Әліпбайұлы депутаттық корпус алдында Қызылжарма ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер бойынша тиісті баяндамасын жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті шешім қабылданды.

Сессия соңында Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасына № 5 «Әл-Фараби» сайлау округінен сайланған депутат Абдуқалықов Муса Жақыпұлы сайланды.

 

Қызылорда қалалық мәслихаты

Қызылорда  қалалық  мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысында жер саласы қаралды

 

Қыркүйек айында өткізілуі жоспарланған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында «Қызылорда қаласында жер саласындағы заңдылықтардың сақталу барысы мен алдағы жоспарлары  туралы» мәселесі қаралатын болады.

Осы ретте, кезекті сессияда көтерілуі тиіс ұсыныстарды алдын-ала талқылау мақсатында  Қызылорда  қалалық  мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысы ұйымдастырылды. Комиссия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Тоғызбаев Қайрат Әбенұлы және тиісті қалалық бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Комиссия барысында «Қызылорда қаласында жер саласындағы заңдардың сақталу барысы мен алдағы жоспарлары туралы» мәселесі бойынша қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Төлегенов Жақсылық Есенәліұлы хабарлама жасады.

Осы мәселе бойынша облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Тоғызбаев Қайрат Әбенұлыда сөз алып, ұсыныс-пікірін білдірді.

Айтылған ұсыныс пікірлер мен қала тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелер сессия қарауына ұсынылатын болады.

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

 

 Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті.

Осы жұмыстарды қаламызда жүргізу бойынша қалалық мәслихат тарапынанда тиісті жұмыстар жасалуда. Соның бір бөлігі ретінде Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясында «Қызылорда қаласында туристік саланы дамытудың  2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының орындалуы» мәселесін қарау жоспарлануда.

Осыған орай, Қызылорда қаласында туризмді дамыту мәселеcін жан-жақты зерделеп, ұсыныстар жинақтау мақсатында қалалық мәслихат депутаттарынан құрылған уақытша комиссия сессияға дейін алдын-ала дайындық  жұмыстарын жүргізуде. Дөңгелек үстелдің мақсаты қалада туризмді дамыту мәселесін талқылап, сессия қарауына ұсыныстар жинақтау болды.

Отырысқа қалалық  мәслихаттың депутаттары,  күн тәртібіндегі мәселеге қатысты сала басшылары, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, қалалық бірқатар мекеме басшылары,

ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық туристік ассоциациясы,  “Рухани жаңғыру” орталығы, «облыстық тарихи-және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» мекемесі және  қолөнер шеберлері ассоциациясының өкілдері,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы ашып, жүргізді.

Отырыс барысында «Қызылорда қаласында туристік саланы дамыту мәселелері туралы»  мәселесі бойынша хабарламаны қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы жасады.

Көтерілген мәселе төңірегінде пікір-таластар жүргізіліп, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішов, «Рухани жаңғыру» орталығы  директорының міндетін атқарушы Жақыпова Әлима Жақыпқызы, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы, қалалық мәслихат депутаты Бихожаева Сәрсенкүл Бәйдешқызы, «Қарлығаш» шеберлер орталығының төрайымы Ілиясова Қарлығаш Серікбайқызы,  «OY BRAND» қоғамдық қорының құрылтайшысы, президенті Оразмаханов Жандос Шынжырбайұлының  ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Айтылған ұсыныс - пікірлер қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына шығарылатын болады.

 

Қызылорда қалалық мәслихаты

«МИРАС» АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА

 

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесі мүшелерінің қатысуымен отырыс өткізілді.

Жиынға аталмыш қоғамдық кеңестің бірқатар мүшелері, атап айтсақ, Қызылорда қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова, облыстық филормонияның директоры Талғат Мақашев қатысты.

«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Боханов ашып, жүргізіп отырды.

Отырыс барысында Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында халыққа Жолдауы мен «Сенім. Диалог. болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасы негізінде алға қойылған мақсаттар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында рухани байлықтардың бірі отбасы екендігін жөнінде талқылау жүргізілді.

Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағытында қыруар шаруа атқарылды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясатының нәтижесінде ана мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, гендерлік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты.

Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Осы мәселе төңірегінде «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесі мүшелері өз ойларымен бөлісті. Қазақ тарихындағы киелі отбасының идеологиясын қайта жандандыру – алға қойылған негізгі мақсаттардың бірі екендігін жеткізді.

Сондай-ақ ардагерлер, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.

«Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінң мүшелері аталмыш мәселелер бойынша ұсыныс – тілектер немесе идеологиялық тұрғыда шешімі табылмаған жұмыстар болса, қол ұшын созуға дайын екендерін жеткізді.

Жолдаудың әлеуеті жоғары, міндеттеген жүгі ауыр

 

Жолдау  — стратегиялық маңызды құжаттардың бірі. Бұл – Мемлекет басшысының мемлекетті әлеуметтік, саяси, экономикалық дамыту бойынша ұлтқа да, мемлекеттік аппаратқа да, қоғамға да өз көзқарасын айту мүмкіндігі. Бұл мүмкіндікті Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сәтті жүзеге асырып, «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ең алғашқы Жолдауын жариялады.

Жолдауда елдегі ең өзекті мәселелердің бәрі қамтылды. Ол мәселелерді атап көрсетіп қана қоймай, оның шешілу жолдары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентіне нақты тапсырмалар, айқын міндеттер қойды.  Бес тараудан тұратын осы міндеттер, еліміздің бұған дейінгі жетістіктері мен табыстарын еселейтін, қажеттіліктер мен негізгі сұраныстарды қанағаттандыратын негізі бағдарламалық құжат болып қалыптасқан.

Бүгінде Қазақстан даму жолын күллі әлем мойындаған елге айналып отыр.

Тәуелсіздік алған осы 30 жылға жуық уақыттың ішінде әлем елдері Қазақстан даму жолы немесе Назарбаевтың моделі деп таныған елімізде бейбітшілік пен келісім орталығына айналып, халқымыздың хал-ахуалы жақсарды. Ендігі кезекте осындай бейбітшілік пен ел тыныштығын сақтап, дамудың жаңа кезеңдерін жүзеге асыруды басты арқау етіп алған Президент Жолдауындағы көп мәселелердің ішінен халықты әлеуметтік қолдау тетіктерін ерекше атап өтуге болады.

 Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында барлық салаға байланысты, әсіресе білім, мәдениет, экология салаларына қатысты нақты тапсырмалар берді.  «Мемлекет басшысы экономиканың қай саласынан қаражатты үнемдеуге болатынын да атап өтті. Яғни, ол аспаннан түсетін қаржы емес – тек үнемдеу, мемлекеттік сатып алу заңын жетілдіру арқылы келетін қаржы. Соған байланысты Парламентке көптеген заңдарды әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар беріліп отыр.

Шағын бизнесті қолдау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мәселен, шағын бизнес өкілдерінен үш жылға дейін табыс салығын ұстамау туралы айтылды. Бұл бизнестің жолы ашылды деген сөз.

Бүгінгі Қазақстанда, осы саланың жан жақты өркендеуіне барлық мүмкіндіктер мен қолайлы климат жасалған.

Мұның дәлелі ретінде, Мемлекет басшысының Үкіметке «Бизнестің жаңа жол картасы» аясында осы мақсатқа сәйкес алдағы үш жыл ішінде қосымша 250 миллиард теңге бөлуді тапсырды.

Осындай ауқымды қолдаулардың арқасында біздің аймағымызда да өз кәсібін дөңгелетіп, табысын жақсартқан азаматтардың қатары көбейеді деуге болады. Жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерліктің кеңейю аясы ұлғаяды деп сенеміз.

Саяси реформаларды кезең-кезеңімен сәтті жүргізу үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру керектігі айтылды. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналатын болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу аса маңызды.

Жолдауда айтылған зейнетақы жүйесіне байланысты әрбір азаматтың қызмет атқара жүріп, өзінің зейнетақы қорынан тұрғын үй және білім алуға қажетті қаражатты жұмсауға мүмкіндік берілетіндігі тың жаңалықтардың бірі.

Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуді жалғастыру мақсатында мектепке дейінгі балалар тұрақты көмек, барлық оқушылар үшін тегін ыстық тамақ, оларды оқу қажеттіліктерімен қамтамасыз ету, медициналық және стамотологиялық қызметте көмек беру, қоғамдық орында шығынын қысқартуды Мемлекет басшысы Жолдауында көрсете отырып, Үкіметке «бұл шаралар 2020 жылдың

1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс» деген тапсырмасын қоса берді. Бұл теңдесі жоқ жоба деп толық сеніммен айтуға болады.

Осындай басым бағыттар мен нақты тапсырмалар берілген Жолдау халықтың ойынан шығып, еліміздің дамуына жаңаша серпін берері сөзсіз. Сөздің түйіні – ендігі жерде Мемлекет басшысының саясатын ел мүддесіне сай жүзеге асырып, өнімді еңбек ету, өз мүмкіндігімізді толық пайдаланып, Қызылорда қаласын айшықты ордаға, озық өндірістің ошағына, жаңа дәуірдің салтанаты жарасқан қаласы ету Сіз бен біздің міндетіміз болып қала бермек.

Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының халық үшін қолға алған барлық бастамалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған салмақты саясатын Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттық корпусы қолдап, атқарушы билік, қоғамдық ұйымдармен бірлесе табысты үлес қоса беретін болады.

 

Боханова Роза Аяғанқызы

Қалалық мәслихат хатшысы

Шағын бизнесті қолдау Жолдаудың маңызды бөлігі

 

Бизнес өкілдері Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ең алғашқы Қазақстан халқына Жолдауын өте жағымды жаңалықпен қарсы алды.

Жолдауда шағын бизнесті қолдау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мәселен, шағын бизнес өкілдерінен үш жылға дейін табыс салығы ұсталмайтыны туралы айтылып, Үкіметке заңды негіз құруды тапсырды. Тиісті нормативтік өзгерістер 2020 жылдан күшіне енеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, келесі жылы қаңтар айынан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салу туралы шешім қабылдау туралы Мемлекет басшысы айтты. Жолдауда айтылған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қосымша бөлінетін 250 млрд теңге, мемлекеттік сатып алудағы ашықтықты талап ету, экономиканы әртараптандыруға қатысты мәселелер кәсіпкерлердің көкейінде жүрген жағдайлар болатын.

Мұның барлығы кәсіпкерлер үшін құптарлық жайттар. Бұл шешімдердің нәтижесімен жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерліктің аясы кеңейіп, өз елімізде өндірілетін өнімдер саны артады деген сөз.

Өңіріміздің кәсіпкерлері де Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша қолдау білдіріп, ел экономикасының дамуына өз үлестерін аянбай қосады дегім келеді.

 

Абдухалықов Мұса Жақыпұлы

кәсіпкер, «Астана Сервис ЛТД» ЖШС директоры

қалалық мәслихат депутаты

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР...

 

    Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ең алғашқы  Жолдауында қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелерді қамтыды. Соның ішінде мемлекеттік тіл, мемлекеттік қызмет, азаматтық қоғам, этносаралық татулық тақырыптарына ерекше мән берілген. Жолдау барысында келер жылы аталып өтетін  маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталғандығын айта келе, алдымыздағы жылы Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық және Ұлы  Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойларын ел болып атап өтетіндігімізді  ерекше айтты.

Мемлекет басшысы өз жолдауында мемлекеттік тіл жөнінде – «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», - деді. Сондай-ақ, ең маңызды мерекеге- Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды осы бастан іске асыруымыз керектігін айтты. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатынына сенім білдірді.

Жолдаудың төртінші бөлімі “ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ” айдарында еліміздің бюджетін екі негізгі мақсатқа бағыттай отырып, экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын нақты көрсете келе, әлеуметтік салада төмендегі бағыттарға баса мән беру керектігіне тоқталды: оның ішінде басты мәселе – білім беру сапасын жақсарту.

    - Білім беру сапасын жақсартудағы игі қадамдар арқылы саналы ұрпақ тәрбилеу жолына көп мән бере келе еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленбегенін, шын мәнінде, мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалғандығына тоқталып өтті.

  - Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс. Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды тез арада түзетуіміз керек екеніне баса назар аударылды.

Сонымен қатар, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқандығын, білікті педагог кадрлардың тапшылығы, оқушылардың білім сапасына тікелей әсер ететіндігін тілге тиек етті. Дарынды жастар, әсіресе, ауылдық жерлерден шығып жатыр. Оларға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына қол жеткізуге мүмкіндіктің қарастырылғаны көңілді көтерді. Тағы да айта кететін жайт, дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау керек екендігін Президентіміз ерекше атап өтті. Біз бұл бастамалардың баршасын қолдаймыз!

    Білім саласына қатысты тағы бір мәселе ол қаржыландырудың біркелкі болмауы және өңірлік басқарудың казіргі жүйесінің тиімсіздігі. Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет ететіндігін  айтты.

   Одан кейін мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Бұл тақырыпта Қасым-Жомарт Кемелұлы Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырып – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысын 25 пайызға өседі деген сөзіне ұстаздар қауымы қуанды. Сананы тұрмыс билейді емес пе? Тұрмысы оңалған, жағдайы жақсарған ұстаздың алдындағы шәкірттің шыңға шығуына аянбай қызмет ететініне кәміл сенемін және атамекеніміздің гүлденіп өсуіне, болашағымыздың жарқын болуы үшін бірлесіп еңбек етуге шақырамын!

 

 

Қожаниязова Ләйлі Ақбергенқызы

№23 мектеп-лицей директоры,

Қалалық мәслихат депутаты

 

ЕЛ РУХАНИЯТЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРЕДІ

 

Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпін беретін жағымды жаңалықтар мен нақты тапсырмаларға толы болды. Мәдениет саласының қызметкерлері оны ерекше ықыласпен қабылдады. Осы саланың бел ортасында жүргеннен кейін Жолдаудағы мәдениет саласына қатысты айтылған дүниелерге алғашқы кезекте назар аударғаным рас.

Жолдауда Президент Үкіметке ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы саналатын сала өкілдеріне мемлекет тарапынан салиқалы қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл ел руханиятының жаңа деңгейге көтерілуіне зор септігін тигізетіні анық.

"Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлдем көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе, жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды", – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Жасыратыны жоқ, қоғамдық іс-шаралардың қай-қайсысының бел ортасында жүрген сала қызметкерлеріне жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей келген еді.

Президент пәрменімен Үкімет келесі жылы мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеретін болды. Сондай-ақ, олар бұған дейін білім беру және денсаулық сақтау салалары қызметкерлеріне беріліп келген міндетті әлеуметтік жеңілдіктерді де пайдалану құқығын иеленбек.

Елдің рухани дамуы мен кемелденуі мәдениеттің қарқынды дамуымен байланысты екенін ескерсек, сала қызметкерлерін қолдау – әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басудың бір тетігі деп есептеймін.

Әрине, депутат болып, халық қалаулысы атанғаннан кейін халықтың қоғамдағы талабы мен тілегі, мүддесінің орындалғанын қалаймыз. Сондықтан да Президенттің "Біздің ортақ міндетіміз – адамдардың барлық сұраныстарына тез жауап беретін "еститін" мемлекет тұжырымын жүзеге асыру" дегені аса қуантып отыр.

Жалпы, бұл Жолдау елдің көңіл күйіне ерекше әсер еткені сөзсіз. Себебі мұнда әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді. Жолдауда айтылған негізгі бағыттардың бірі – Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі. Мемлекет басшысы тұрғындарды әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамытуға баса назар аударып отыр. Мұнда мектеп жасына дейінгі балаларға да, бүгінгі күні зейнетақы қоры бар адамдарға да ерекше көңіл бөлінген. Атаулы әлеуметтік көмек, аз қамтылған отбасылардағы балаларды әлеуметтік қолдау, мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасау секілді өзекті мәселелер айтылды.

Сонымен қатар Жолдауда шағын және орта бизнеспен айналысатын қазақстандықтарға мол мүмкіндік беріледі. Өйткені, кәсіпкерлік дамыған сайын ел экономикасы да еңсесін тіктей беретін болады. Президент шағын бизнес өкілдерін үш жыл бойы салықтан және тексерулерден босату туралы тапсырма берді. Оған қоса, кәсіпкерлікті дамытуға республикалық бюджеттен 250 млрд теңге бөлінбек. Бұл шаралардың сөзсіз оң нәтижесі болары анық.

Жолдаудың басым бағыттары Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен сәйкес келеді, бұл оның өзі қабылдаған шешімдердің жүйелілігін және олар үшін нақты жауапкершілікті сезінетіндігін көрсетеді. Мемлекет басшысы сайлауалды тұжырымдамасын негізге ала отырып, ең алдымен халықтың игілігіне қызмет ететін үйлесімді мемлекет құруға бағыттап отыр. Бұл мақсатқа билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қол жеткізуге болады. Жолдау мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірін жақсартуға, қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналды. Онда ұлттық экономика мен бизнесті қолдаудың, инфрақұрылымды дамытудың маңызды міндеттері, сонымен бірге халықтың бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары көрсетілді.

Мемлекет басшысы біздің болашақтағы бағытымызды айқындап берді. Экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдайдың бәрі қарастырылуда. Ендігі міндет "бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып", Жолдауда белгіленген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру.

 

Талғат МАҚАШОВ,

облыстық филармония директоры,

қалалық мәслихат депутаты

Сессия күн тәртібінде...

 

Ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібінде Қызылжарма ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстарды талдау, алдағы міндеттерді саралау мәселесі тұр.

Осыған сәйкес сессия отырысында көтерілуі тиіс ұсыныстарды жинақтау мақсатында қалалық мәслихат депутаты Жақсылықов Ғалымбек Қызылжарма ауылдық округінде атқарылып жатқан бір қатар жұмыстармен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге тиісті сала басшылары қатысты. Кездесу барысында тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелер тыңдалып, тиісті орындарға жеткізу ұсынылды. Алдағы сессияда барлық мәселелер жан – жақты қаралатын болады.

Жолдауды тыңдап, ой бөліскен тұрғын....

 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында алғаш рет Қазақстан халқына өз Жолдауын арнағаны белгілі.

Жолдауды «Qazaqstan» ұлттық арнасынан тыңдап, үйіне келген «Сыр бойы» газетінен басым бағыттарымен танысқан Қызылөзек ауылдық округі, Қаракөл елді мекенінің тұрғыны Өмірғалиева Айнагүл Досқалиқызы қалалық мәслихатқа ой бөлісе келді. Қалалық мәслихат хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы Жолдауды қолдай келген тұрғынды арнайы қабылдап, ел келешегі үшін маңызы бар құжаттың басым бағыттарында айтылған мәселелер қатысты пікірін білдірді. «Ел ішінде қалалық мәслихат депутаттары жиі аралап, сайлаушыларымен кездесіп тұрамыз. Қоғамдық қабылдаулар мен тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдауда тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Осы кездесулер мен қабылдауларда көтеріліп жүрген мәселелер осы Жолдауда көрініс тапты деуге болады. Ол мәселелерді атап көрсетіп қана қоймай, оның шешілу жолдары бойынша нақты тапсырмаларды Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентіне берді. Бұл дегеніміз Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған бұл Жолдауы қоғамдағы тұрақтылық пен сенім, ел экономикасының қарқынын одан әрі күшейтуге, халықтың тұрмысын жақсартуға негіз болатын, межеленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін біздің алдымызға нақты міндеттерді айқындап берді деуге негіз бар»,- деген мәслихат хатшысы, Жолдауды қолдай келген тұрғынға алғыс білдіріп, алдағы кезеңде қоғамда белсенділік танытып, елдің бірлігі үшін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

“Ел бірлігі – ең асыл қасиет” деген қанатты сөз бар. Осы бірлікті сақтау, елдің әлеуметтік – экономикалық хал-ахуалын жақсарту басты міндеттердің бірегейі. Біздің мемлекетімізді алға жетелейтін осындай тарихи құжаттарды әрқашан қолдауға Қызылорда қалалық мәслихаты атынан шақырамыз.

 

Қызылорда қалалық мәслихаты

Ананы ардақтаған ел азбас...

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Саркулов Ұлан Серікұлы және Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы ғасырдың «Батыр Анасы» атанған, бұл күнде аты аңызға айналған, қайраткер, Социалистік Еңбек Ері, Батыр Ана, Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Сәлима Жұмабекқызы Жұмабекованың үйінде болып, қал-жағдайын сұрап қайтты.

Бүгінде Сәлима анамыз 40 немере, 20 шөбере сүйіп отырған қасиетті, бақытты ана. Қазір 84 жастан асса да Сәлима өз тәжірибелерімен кейінгі жастарды үйретіп, бөлісуге әркез дайын. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты үнемі ауыл орталығындағы мектеппен тұрақты байланыста екен.

Білім күні  – жарық мереке, кітап мерекесі, гүлдер, достар мерекесі.

Бұл күні алғаш қоңырау соғылып, мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған балалар үшін бұл күн өте маңызды, көптен күткен күн.

Осынау мерекемен қаламыздағы 101 мектеп оқушылары мен ата-аналарын, ұстаздар қауымын құттықтап қала әкімі Н. Нәлібаев, қалалық мәслихаттың хатшысы Р. Боханова барды. Жарқын көңілмен, ыстық ықыласпен тілектерін арнап, алғашқы соғылған қоңырау үнінің куәсі болды.

 

 

VІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 46-СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 

VІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс

46 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 1 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХVІ сессиясына депутат Ысқақов Бағдәулет Құлыбекұлы төрағалық етті.

Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мен қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және күн тәртібіндегі мәселеге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі «2019-2021 жылдарға арналған кент және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы   №205-34/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша «Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Жүнісова Роза Талғатқызы баяндама жасады.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Қызылорда қалалық мәслихаты

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

 

Қызылорда қалалық мәслихатында 3 тұрақты комиссия жұмыс жасайды. Әр комиссияның қадағалайтын саласы да, атқаратын қызметі де әртүрлі.

Соның бірі «Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері» тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссияның күн тәртібінде «Қаладағы білім беру ұйымдарының 2019-2020 жаңа оқу жылына дайындығының барысы туралы» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы М.Әбдіхалықова баяндама жасады. Депутаттар тарапынан сұрақтарға жауаптар алынды.

Аталған мәселеге қосымша ретінде 2019-2020 жаңа оқу  жылы қарсаңында оқушылардың  жол  қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша қалалық жергілікті полиция бөлімінің басшысы Абылай Жаппаровтың және жаңа оқу жылы қарсаңында қаладағы білім беру нысандарындағы асханалардың санитарлық жағдайы мәселесі туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары  Сыздықова Гүлмира Жамбылқызының хабарламалары тыңдалды.

Депутаттық корпуспен көтерілген мәселелер бойынша қатысушылар және баяндамашылармен кең көлемде талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді.

VІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 45 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 

VІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс

45 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 5 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды.

Қалалық мәслихаттың кезекті ХХХХV сессиясына депутат Кәрімбаев Мұхиджан Исмайлұлы төрағалық етті.

Сессия жұмысына қала әкімі Н.Нәлібаев және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Еламанов Бекмырза Қайыпұлы, Мұрат Бақтиярұлы қатысты.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мен қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының  2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 199-33/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша «Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Баймаханова Гүлнар Бұрханқызы баяндама жасады.

Қала әкімінің есепті мерзімде атқарған жұмыстарына Қызылорда қалалық мәслихат депутатарының атынан оң баға беріліп, елімізді өркендету жолында қабылданған ұлттық реформалар  мен бағдарламалардан туындайтын міндеттерді нәтижелі іске асыру және Қызылорда қаласы әл-ауқатын көтеру мақсатындағы кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды  одан әрі жалғастыру ұсынылды.

Келесі кезекте екінші «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы», үшінші «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» және төртінші «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, сонымен қатар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» мәселелері бойынша «Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе «№2 «Ғарышкер» сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Байтілес Ержан Айтөреұлының депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы» мәселесі. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы Заңына және қалалық сайлау комиссиясының ұсынысына сәйкес №2 «Ғарышкер» сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаты Байтілес Ержан Айтөреұлының депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Өз өтінішіне сәйкес, шешім жобасы қанағаттандырылды.

VІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс 45 сессиясына қатысқан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Еламанов Бекмырза Қайыпұлы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы аумағындағы бірқатар заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы айтты.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Қызылорда қалалық мәслихаты

ҚЫЗЫЛОРДА  ҚАЛАЛЫҚ  МӘСЛИХАТЫ БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ  ТҰРАҚТЫ  КОМИССИЯСЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

 

Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері  жөніндегі  тұрақты  комиссиясының отырысында «Талсуат және Қарауылтөбе ауылдық округтерінде 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттің тиімді және нысаналы атқарылуы туралы» мәселелері қаралды.

Отырысқа қалалық  мәслихаттың депутаттары  және  осы  мәселеге  қатысты  ауылдық округтердің әкімдері, қалалық қаржы бөлімі мен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі «Талсуат және Қарауылтөбе ауылдық округтерінде 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттің тиімді және нысаналы атқарылуы туралы» мәселесі бойынша Талсуат ауылдық округінің әкімі Нұрлыбаев Болатбек Қалиұлына және  Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлы хабарлама жасады.

Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» БАЙҚАУЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ БОЛЫП ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

 

Қысылғанға дем беріп, қиналғанға жол көрсетер жомарттық пен мәрттіктің нақ үлгісін көрсетіп жүрген жандар арамызда жүр. Жақсылыққа жанашыр, туған елі мен жеріне перзенттік парызын адал өткеріп жүрген жомарт жандар қатарынан қалалық мәслихат депутаттары да көрінді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жомарт жүрек» байқауында Қызылорда қалалық мәслихатының VI шақырылым депутаты, «Астана сервис ЛТД» ЖШС-нің директоры Әбдіхалықов Мұса Жақыпұлы «Жыл меценаты» номинациясымен марапатталды.

Дәл осы байқаудың «Жыл тұлғасы» номинациясымен қалалық мәслихат депутаты, «Интегрострой» ЖШС-нің директоры Ысқақов Бақдәулет Құлбекұлы марапатталды.

Жомарт жүректі жандарды әріптестерінің атынан құттықтай отырып, жоғары биіктерден көріне беруге тілектестік білдіреміз.

 

Қызылорда қалалық мәслихаты

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ МАРАПАТТАЛДЫ

 

Мәслихат хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген республикалық «Алтын Қыран 2019» энциклопедиясына еніп, арнайы төсбелгімен марапатталды.

Роза Аяғанқызын әріптестерінің атынан шын жүректен құттықтай отырып, марапат биігінен көріне беруіне тілектестік білдіреміз.

8

7

6

5

4

3

2

1