Мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қалалық мәслихаты

Қызылорда қалалық мәслихатының сайтына қош келдіңіз!

Мемлекеттік рәміздер

KZ

RU

Жаңалықтар

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

 

Депутаттық корпус қала көлеміндегі жылу беру маусымына дайындық барысында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен және тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуші мекемелердің жұмысын зерделеп қайтты.

Алғашқы нысан қаламыздың Ғ. Мұратбаев және Бұхарбай батыр көшелерінің қиылысындағы «Шұғыла» мөлтек ауданы бойынша 8 үйге жылу жеткізуші 160 метрлік кварталаралық жылу желілерін (трубалар) ауыстыру жұмысы болды. Нысанда 90 пайыз жұмыс аяқталған. Орталық желіге қосылатын негізгі құбыр жалғанғаннан кейін жол үсті жабылып, қайта асфальт жабынды төселетін болады. Жұмыс қыркүйек айына дейін толық аяқталады.

Биыл Қызылорда қаласының кәріз су жүйелерін бір қалыпты пайдалану жағдайына келтіру мақсатында қалалық құрылыс бөлімі арқылы «Өңірлерді Дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019-2020 жылдар аралығында кәріз насосты станцияларының 23 данасына қайта жаңғырту жұмыстары бастау алды. Екінші нысан ретінде мәслихат депутаттары тоқтаған нысаны №12 кәріз су насостық станциясындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын зерделеді. Жұмыс қараша айында толық аяқталады. Қазіргі таңда кәріз құбырлары қосымша басқа арнаға қосылып, қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Күрделі жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жасалуда.

Араланған нысандардың бірі «Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің күтіміндегі «Ақмешіт» мөлтек ауданындағы №2 үй болды. Үй өжіресі тұрғындардың бірлесіп жиналған қаржыларына судан тазарталып, трубалары жаңартылған.

Ауыстыру жұмыстары «Қызылорда тазалығы» ЖШС-і тарапынан тегін жүргізілуде. Аталған үй тұрғындарымен кездескен халық қалаулылары тұрғындардың ұсыныс пікірлерін тыңдап, тиісті сала басшыларына ұсыныс берді. Алдағы уақытта тұрақты бақылауға алынатынын да жеткізді.

Тұрғындар тарапынан қала әкімдігінің жылу беру маусымына дайындық барысындағы атқарылған тындырымды істеріне алғыс білдірді.

Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары араланған нысандар бойынша және жылу беру маусымына дайындық барысын талқылау мақсатында «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратын аралап, қысқа дайындық шараларымен танысты.

Сонымен қатар, «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратында Қызылорда қалалық мәслихатының  тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысын өткізді.

Отырысқа облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент және ауыл әкімдері, қала аумағындағы коммуналдық мекемелердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қаламыздың жылу беру маусымына дайындығы болды. «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Р. Нұрмағамбетов пен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Е. Рахматуллаевтың хабарламалары тыңдалды. Депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Бірқатар сала басшыларына ұсыныстар беріліп, орындалуы бойынша тұрақты бақылауға алу туралы хаттамаға енгізілді.

ДЕПУТАТТАР «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»  ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

 

Жаңа оқу жылына жақсы көңіл - күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық шарасы әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.

«Мектепке жол» акциясы «Білім және Ғылым» министрлігінің бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде  ұйымдастырылып келе жатқан өнегелі іс-шара. Осы жылдар ішінде акция шеңберінде қаламызда мыңдаған баланың мектепке баруына көмектер беріліп, оларды қуанышқа бөлеуде.

Биылғы жылы да қалалық мәслихат депутаттары өз сайлау округтері бойынша 150 оқушының мектепке жақсы дайындықпен баруына  көмек көрсетуге ықпал жасауда. Акцияға қатысушы балаларға қалалық мәдени-демалыс паркінде атракциондар ойнау тегін ұйымдастырылды.

Акцияда Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Нақып Әнуар Мәуленұлы сөз сөйлеп, жаңа оқу жылында балаларға сәттілік тіледі.

Бүгінгі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған  Қызылорда қалалық мәслихат депутаттарына –  қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерге ата-аналар тарапынан алғыс білдірілді.

 

Қызылорда қалалық мәслихаты

 

VІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 44 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 

VІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс

44 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 3 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды. Қалалық мәслихаттың кезекті ХХХХIІІІ сессиясына депутат Ысқақов Бақдәулет Құлбекұлы  төрағалық етті.

Сессия жұмысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мен қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Қызылорда қаласы әкімінің есебі туралы» мәселе бойынша қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы 2019 жылдың І жартыжылдығында Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Қала әкімінің есепті мерзімде атқарған жұмыстарына Қызылорда қалалық мәслихат депутатарының атынан оң баға беріліп, елімізді өркендету жолында қабылданған ұлттық реформалар  мен бағдарламалардан туындайтын міндеттерді нәтижелі іске асыру және Қызылорда қаласы әл-ауқатын көтеру мақсатындағы кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды  одан әрі жалғастыру ұсынылды.

Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласының  Құрметті азаматы» атағын беру туралы» мәселесі бойынша «Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы баяндама жасады. Қызылорда қаласы әкімдігінің жанындағы «Марапаттау» комиссиясына түскен ұсыныстардың ішінен 20 азаматтың кандидатурасы іріктеліп, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, қаржы, құрылыс, кәсіпкерлік және өзге де салаларда қажырлы, абыройлы еңбек еткен азаматтар тұрақты комиссияда талқыланып, қалалық мәслихаттың сессиясына ұсынылды. Сессия қорытындысымен депуттаттар тарапынан 20 азаматқа «Қызылорда қаласының  Құрметті азаматы» атағын беру туралы»  шешім қабылданды.

Күн тәртібіндегі үшінші «Қала әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 ақпандағы №14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  басшысы Рахметов Ғалымжан Өмірзақұлы хабарлама жасап, қала әкіміндегі жыл басынан бері қызмет ауыстырған басшылық құраммен келісуді ұсынды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген республикалық «Алтын Қыран 2019» энциклопедиясына еніп, арнайы төсбелгіге ие болған, №12 «Орталық» сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Ли Илларион Гукхеновичті қалалық мәслихат хатшысы Роза Аяғанқызы марапаттап, алдағы жұмысына табыс тіледі.

 

Қызылорда қалалық мәслихаты

 

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТАРТУ БОЛАТЫН ШЫҒЫС ҮЛГІСІНДЕГІ МОНША ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ САЛУДА

 

Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түркістан - сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары. 1500 жылдан аса тарихы бар көне қаланың жаңа келбетіне сән берер әсем ғимараттың бірі ретінде Қызылорда облысының тартуы - шығыс үлгісіндегі монша салынуда.

Бұл тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасы – тарихи сәулет үлгісінде салынады. Құрылыстың мердігері «Бақ-Береке» ЖШС компаниясы. Бұл компанияның бас директоры, құрылысшы-депутат Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы.

Қалалық мәслихат депутаттары аталған шығыс үлгісіндегі монша құрылысының жұмыстарымен танысып, әріптестері Қайрат Шаршыбекұлына қолдау көрсету мақсатында қалалық мәслихат хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы бастаған бір топ депутаттар Түркістан қаласында болып қайтты.

Шығыс үлгісіндегі монша ғимаратының аумағы 3000 шаршы метрден асады. Оның құрылысын 2019 жылдың қыркүйек айының аяғында толық аяқтау жоспарланған.

«БІРГЕ ҚАЗАҚСТАН»  АКЦИЯСЫНА ДЕПУТАТТАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ.

 

 Қызылорда қаласында өтіп жатқан жалпы республикалық  #Birge #TazaQazaqstan  экологиялық акциясы өтуде. Акцияға облыстық, қалалық мекемелермен бірге қалалық мәслихат депуттаттары және аппарат қызметкерлері қатысып, белсенділік танытты.

 Акция барысында қарт Сырдария өзенінің жағалауы тазартылды.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ

АРЫСТЫҚ АҒАЙЫННЫҢ  БҮГІНГІ ХАЛІМЕН ТАНЫТЫ

 

2019 жылдың маусым айында Түркістан облысы, Арыс қаласының әскери бөлімінде орын алған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында қалалық мәслихат тарапынан барлығы 1 млн.584 мың теңге көлемінде қаржы аударылды.

Оның ішінде 7 депутат  арнайы ашылған есеп шотқа 724 мың теңге қаржы аударса, қалалық мәслихат ұжымы мен 5 депутат өздері басшылық ететін ұжым қызметкерлерінің біркүндік еңбекақысын аударуды ұйымдастырды. Сонымен бірге, 5 құрылысшы-депутаттар Ерназаров Қайрат, Ысқақов Бақдәулет, Сүйінтаев Алтынбек, Абдуқалықов Мұса, Ли Иларион Арыс қаласында оқиғанының зардабы тиген 90-ға жуық тұрғын-үйді қалпына келтіру жұмыстарына қатысуда.

Бүгінгі күні депутат И.Ли бастаған жұмысшы тобы қалпына келтіру жұмыстарын толық аяқтаса, ал басқа құрылысшы депутаттар белгіленген нысандардағы жұмыстардың 70 пайыздан астам бөлігін орындаған.

Осы ретте, қалалық мәслихат депутаттары арыстықтардың қазіргі жай-күйімен танысу және құрылысшы әріптестерді қолдау мақсатында Арыс қаласында іс-сапарда болды. Қалалық мәслихат депутаттарын Арыс қаласының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы күтіп алып, Қызылорда өңіріне деген арнайы алғысын білдірді.

Қалалық мәслихаттың хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы бастаған депутаттық топ қаладағы Байдаулетов, Оразалиев, Жансариев, Кенжеханов көшелерін аралап, тұрғындармен пікірлесті.

Қала тұрғындары барлық қолдау көрсеткен азаматтарға бірауыздан өз ризашылықтарын білдіруде. «Қызылордалық құрылысшы азаматтарға рахмет. Үйімізді қалпына келтіру кезінде біздің талаптарымызға да құлақ асып, өз жұмыстарын жоғары деңгейде және сапалы орындауда» - дейді тұрғындар.

"Бірлік бар жерде тірлік бар" дегендей, қайғылы хабарды естігенде Сыр өңірінің тұрғындары зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қолдан келгенін аяған жоқ. Алғашқы күннен бастап-ақ қызылордалықтар арнайы қорға ақша аударып, гуманитарлық көмек жинауға кірісті. Сондай - ақ, үйлерді қалпына келтіруге облыстан арнайы құралған еріктілер тобы жұмылдырылған болатын.

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары да әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, қиын кезеңде отандастарымызға қолдау көрсетуді азаматтық парыз санайды.

 

Қызылордақ қалалық мәслихаты

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БОЛЫП ӨТТІ

 

Қызылжарма ауылдық округінде "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Әлназарова, Облыстық мәслихат депутаты И. Құттықожаев, Қалалық мәслихат депутаты

Ғ. Жақсылықов, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісі Н. Әбдікәрімовтың қатысумен қоғамдық қабылдау өтіп, тұрғындардың өзекжарды мәселелері тыңдалды.

ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ

 

Қызылорда қалалық мәслихатының №5 Әл-Фараби сайлау округі бойынша депутаты Абдуқалықов Муса Жақыпұлы сайлаушыларды қабылдау кестесіне сәйкес 2019 жылдың 24 шілдесінде тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауда болған тұрғындар көшеге жөндеу жүргізуге ықпал жасауды сұрады.

Аталған ұсынысты депутат М. Абдуқалықов тиісті орындарға жолдап, орындалуы бойынша бақылауға алатындағын жеткізді.

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

 

Тасбөгет кентінде «Nur Otan» партиясы облыстық және қалалық филиалы өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.

Қабылдау барысында барлығы 11 жеке және 1 ұжымдық мәселе тыңдалды. Атап айтқанда, кездесуде тұрғындардың жеке үймен қамтамасыз ету, апаттық жағдайдағы көпқабатты үйлерді жарамсыз деп тану, кент көшелерін жарықтандыру, қоғамдық көліктің жағдайын реттеу, жол салу және жөндеу, газ орнату, жер телімін беру, аяқ сумен қамтамасыз ету секілді мәселелері көтеріліп, барлығына да тиісті жауаптар берілді.

Бірден шешімі табылмай, зерделеуді талап ететін мәселелер партия өкілдерімен тіркеп алынды. Аталған проблема тиісті органдарға сауал ретінде жолданатындығы ескертіліп, мәселенің шешілу жолдары мен бағыттары бойынша түсіндірмелер жүргізілді.

Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау және

әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өткізілді.

 

Қызылорда қалалық мәслихатының сессиясында қаралып, сессия қорытындысымен қабылданған шешімдердің орындалуы мәслихат депутаттарының тұрақты назарында. 2017 жылдың 28 наурызында қалалық мәслихаттың ХІІ кезекті сессиясында «Қызылорда қаласында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы» мәселе қаралған болатын.

Осыған сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы

28 наурызда №74-12/1 шешімі қабылданды. Осы шешімнің орындалу барысы туралы қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне енгізіліп, қаралды.

Аталған мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы хабарлама жасап, қабылданған шешімнің орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерімен сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді.

Алдағы уақытта да депутаттық корпус қабылданған шешімдердің орындалуы бойынша мәселелерді тұрақты комиссияларда қарайтын болады.

Мәжіліс депутаттары «DALATEX» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

 

Қызылорда қаласында ерлер жейдесін тігумен өз жұмысын бастаған «DALATEX» ЖШС-і бүгінгі күні өнім беру ауқымын көңейтіп отыр. Қаладағы жеңіл өнеркәсіптің тігін саласына соны жаңалықпен енген бұл фабрика ерлер жидесі, әйелдер жидесі, оқушылар мектеп формасын, медициналық халаттар, төсек-орын тыстарын тігіп, сатылымға шығаруда.

Сонымен қатар, Италья және Франция елдерінен шикізат алдырып, ылғалды заттар жұғудан сақтайтын, бүлінбейтін жейделер шығаруда.

Бұл жұмыстардың барлығын көзбен көріп келген Қазақстан Республикасы Мәжіліс депуттары мен Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары «DALATEX» тігін фабрикасының жұмыстарына оң баға берді.

Мәжіліс депутаттары «Баламекен» жобасы аясында салынған тұрғын үйлер құрылысымен танысты

 

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барған «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Балайым Кесебаева, Байділдә Жылқышиев Тарас Хитуов «Баламекен» жобасы аясында салынған тұрғын үйлер құрылысымен таныстып, тұрғындармен жүздесті. Кездесуге Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов қатысты.

Осыдан бірер ай бұрын, «Бәйтерек» шағын ауданында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар үшін 150 баспананың құрылысы басталған болатын. Оның ішінде 50 пәтер жергілікті қазынадан қалған 100 баспана Қызылорда облысының әкімдігі мен Сыр елінің тумасы, меценат Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры арасындағы келісім шарт негізінде жүргізілді. Бүгінде қос пәтерлі 100 отбасына арналған 50 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындар қоныстанған. Жаңа мекеннің алғашқы қоныстанушылары – көпбалалы отбасылар. Солардың бірі 7 баланың анасы Ізімкүл Тұрсанова. Ол отбасында болған халық қалаулыларына осындай қамқорлық көрсетіп отырған Елбасына алғысын жеткізуді өтінді.

- Бұған дейін пәтер жалдап қиналып жүргенбіз. «Баламекен» деген жобаның арқасында міне баспаналы болып отырмыз. Көшіп келгенімізге бір ай болды. Мұнда жарық, су, газ, жол, телефон байланысы барлық жағдай жасалған. Елбасына, облыс басшылығына осындай қамқорлық көрсетіп жатқанына алғыс айтамын, – деді Ізімкүл Тұрсанова.

Елбасының халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы тапсырмасының нәтижелі жүзеге асырылуына көз жеткізген мәжіліс депутаттары да жоба аясындағы жұмыстарға оң бағасын берді.

- Біздер жұмыс сапарымен барлық өңірлерде болып жүрміз. Алайда көп балалы аналар үшін жасалған мындай игілікті жобаны тек Сыр өңірінен көріп отырмыз,- деді мәжіліс депутаты Балайым Кесебаева.

Айта кету керек, тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында соңғы 6 жыл ішінде Қызылорда қаласының өзінде 15 шағын аудан пайда болған. Жаңа аудандардың құрылысы да жүріп жатыр. 2019 жылдың соңына қарай Қызылорданың сол жағалауында 2 628 пәтерлік 13 көпқабатты тұрғын үй салынып, оған 13 мың адамды қоныстандыру көзделіп отыр.

ҚУАНЫШБЕК ЫСҚАҚОВ "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

 

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXV конференциясында партияның облыстық филиалының жаңа төрағасы болып Қуанышбек Ысқақов сайланды.

Қызылордада "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары да қатысты.

"Nur Otan" партиясы облыстық филиалының жаңа төрағасына Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың кандидатурасы ұсынылды. Делегаттар облыстық партия филиалының жаңа төрағасының кандидатурасын бірауыздан қолдады. "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қуанышбек Ысқақовты құттықтап, куәлік табыстады.

Айта кетейік, Қызылорда облысында 51333 мүшесі бар 245 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. 2018 жылы партия филиалдарының қоғамдық қабылдауларына тұрғындардан 3196 өтініш түсіп, олардың 35,5 пайызы оң шешімін тапты. Ал ағымдағы жылдың 6 айында 1738 өтініш келіп түскен. Олардың 80 пайызға жуығы әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, жұмыспен қамту секілді мәселелерден құралған. Осы өтініштердің 28,1 пайызы оң нәтижесін тапты.

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ АРЫСТЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

 

 Түркістан облысы, Арыс қаласының әскери бөлімінде орын алған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында  қалалық мәслихат тарапынан барлығы 1 млн.584 мың теңге көлемінде қаржы аударылды.

  Оның ішінде 7 депутат  арнайы ашылған есеп шотқа 724 мың теңге қаржы аударса, қалалық мәслихат ұжымы мен 5 депутат өздері басшылық ететін ұжым қызметкерлерінің біркүндік еңбекақысын аударуды ұйымдастырды. Сонымен бірге, 5 құрылысшы-депутаттар (Қ.Ерназаров, Б.Ысқақов, А.Сүйінтаев, М.Абдуқалықов, И.Ли) Арыс қаласында оқиғанының зардабы тиген 64 тұрғын-үйді қалпына келтіру жұмыстарына қатысуда.

Құрметті қызылордалықтар!

 

Қызылорда қалалық мәслихаты атынан  Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы –  халқымыз үшін тәуел¬сіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры, тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы Еуразияның кіндік қаласына, Орталық Азияның ірі саяси және эконо¬ми¬калық орталығына, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын сенімді ортаға айналды.

Алдағы уақытта да елордамыз қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта береріне сенім мол.

Осынау айтулы мереке қарсаңында баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.

Ынтымақты - ұран, татулықты - ту еткен қазақ елінің абыройы  арта берсін.

Мереке құтты болсын !

 

Ізгі ниетпен,

Қызылорда қалалық мәслихат хатшысы

РОЗА БОХАНОВА

«ҰШҚЫР ҚАЛАМ» ИЕЛЕРІ АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

 

Жылдағы қалыптасқан игі дәстүрге сәйкес, «28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне» орай мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Сөз, Қоғам және Ар жауапкершілігін арқалаған журналистер қауымына арнап «Сыр самалы» мейрамханасында «Ашық аспан» форматында мерекелік кеш ұйымдастырылып, қала әкімінің арнайы сыйлықтары табысталды. Кешке Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы, қала әкімінің орынбасары Қазбекова Мира Жомартқызы, телеарна және газет редакторлары, меншікті тілшілер мен арнайы номинация иелері қатысты.

Мерекелік кештің тартуы ретінде еңбегімен ерекшеленіп жүрген бірқатар журналистер қауымы арнайы КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ ҮШІН «ҰШҚЫР ҚАЛАМ» номинациясымен және бұқаралық ақпарат құралдары саласының дамуына және өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін ақпараттандыруда қосқан сүбелі үлесі және абыройлы еңбегі үшін «Әлімсақ» журналының редакторы Нұрмаханов Нұрлан Көбегенұлы, республикалық «Айқын» газетінің меншікті тілшісі Байназарова Миуа Қожасқызы, «Хабар» телеарнасының телеоператоры Тұрлыханов Әлхайдар Бегайдарұлы Қызылорда қаласының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Кеште ұшқыр қаламымен қатар бойына сан өнерді серік еткен «Қызылорда ньюс» интернет газетінің тілшісі Омарова Фариза ән шырқаса, авторлық шығарма иелері "Халық" газетінің жауапты хатшысы Нұрбике Құдайбергенова мен "Ұстаз мәртебесі" газетінің тілшісі Айдар Сайлауов екеуі жырдан шашу шашты.

 Шара соңы Сыр елінің белгілі өнерпаздарының мерекелік концертіне және мерекелік сезімге толы керемет кешке ұласты.

ҚЫЗЫЛОРДАДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

 

Облыс әкімі, облыстық партия филиалы төрағасы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен жиында нұротандықтар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылап, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда партия алдындағы негізгі жұмыстарды талқыға салды.

Отырысқа Қызылорда қалалық мәслихатының «NUR OTAN» партиясынан сайланған депутаттары да қатысты.

Елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолында 10 бағыттан тұратын Елбасының тапсырмасын саяси кеңес мүшелері ретінде қалалық мәслихаттың депутаттары да бір ауыздан қолдады. Енді олар халық мүддесі үшін демократиялық үдеріске көшуге дайын екендіктерін атап өтті. Ондағы әрібір бағыттарға жеке-жеке тоқталып, оны жүзеге асыру бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті.

VІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 43 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 

VІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті 43 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 8 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды. Қалалық мәслихаттың кезекті ХХХХIІІ сессиясына депутат Жарасбаев Жасұлан Бақытұлы  төрағалық етті.

Сессия жұмысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мен қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысы» бойынша тұрақты комиссия отырысында кең көлемде талқыланып, қалалық мәслихат депутаттарының алдын ала жүргізілген зерделеу жұмыстары барысындағы ұсыныс-пікірлерге сәйкес шешім жобасы сессия кезінде қабылданды.

  Күн тәртібіндегі «2018-2022 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында діни экстермизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі» мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысы» мәселесі бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Каюпов баяндама жасап,  маңызды мәселелерге тоқталды. Жинақталған ұсынымдар қалалық мәслихат депутаттарымен мақұлданды.

Келесі мәселеде депутаттардың қарауында іліккен «Белкөл кенті әкімінің атқарған жұмыстары туралы есебі» болды. Белкөл кентіне қатысты депутаттар қосымша жолаушылар тасымалына бағыт ашу және кәсіпкерлік бағытында жұмыстарды жандандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу туралы ұсыныс берілді.

Сонымен қатар, «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының  2018 жылғы  14 желтоқсандағы № 199-33/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы, «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі №36-7/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық  мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №106-16/4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы мәселелер депутаттық корпус тарапынан қолдау тапты.

Сессия соңында Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасына №19 «Тасбөгет» сайлау округінен сайланған депутат Б. Ысқақов  сайланды.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ҰЛЫҚТАУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен жаңа сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұлықтау рәсіміне  Қызылорда облысының делегациясы құрамында қалалық мәслихаттың депутаттары, облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Е. Байтілес, қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш. Әбдірахманов, қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қ. Ерназаров, қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н. Ахатов, қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясы төрағасының орынбасары

Л. Қожаниязовалар қатысып, тарихи оқиғаның куәсі болып қайтты.

Бұл үлкен оқиға, бірлік пен ынтымақтың көрінісі іспетті, келелі жиын болды. Ұлықтау шарасы барысында Президент ант қабылдап, Мемлекеттің жаңа басшысы ретінде тәуелсіздік жылдарында атқарылған жұмыстардың негізгі жетістіктерін атап өтіп, алдағы кезеңге нақты іс-қимыл жоспарын белгіледі.

Салтанатты шарада Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алдағы басты міндетіне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатын жалғастырып, мемлекеттің әлеуетін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және халық үшін өмір сүрудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру екенін атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың бастамаларына Қызылорда қалалық мәслихаты тарапынан қолдау білдіріп, мемлекеттік саясат пен бағдарламаларды жүргізуге жұмыла жұмыстар атқарамыз. Еліміз аман, бейбітшілік заман болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биікке өрлесін.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

 

Қызылорда қалалық мәслихатының 6-шы шақырылымының маусым айында өткізілетін кезекті сессиясының күн тәртібіндегі «Төтенше жағдайлардың алды алу және олардан қорғау бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысы туралы» мәселеге байланысты ұсыныс-пікірлерді жинақтау мақсатында депутаттардың қатысуымен қала көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу арналған нысандарда зерделеу жұмыстары мен қаланың шет аймақтарында тұратын тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Депутаттар бүгінгі күні шешімін табуды қажет ететін басты мәселенің бірі қала аумағындағы төтенше жағдай кезінде пайдаланылатын су гидранттарының жай-күйімен танысты. Қала көлемінде 2199 өрт сөндіру гидранттары бар. Ауыстыруды қажет ететіндері бойынша ұсыныстар жолданатын болады.

Келесі нысан «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК болды. Бұл мекемеде мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі құрылған. Қажетті құрал жабдықтармен қамтылғанымен ескірген, жөндеуді қажет ететін техникалар бар екендігі анықталды.

Қалалық мәслихат депутаттарының назар аударған мәселе суға түсу маусымындағы суға кету фактілерінің жиі орын алуы. Бұл тұрғыда Сырдария өзенінің жағалауындағы рұқсат етілмеген жағажайлардың мәселесімен танысты. Мұндай орындар қала аумағында 26 тыйым салынған аймақ ретінде саналады.

 Бұл жағажайларға төтенше жағдайлар қызметімен және жергілікті полиция қызметінің кезекшілігі қойылған. Қала әкімдігі тарапынан суға түсуге болмайтын аймақ ретінде көрсетілген тақтайшалар орнатылған. Дегенмен, тұрғындарға ескертілгенімен рұқсат етілмеген аймақтарда суға түсіп, қайғылы жағдайларға ұшырауы орын алуда. Жыл басынан бері қала бойынша 5 адам суға кетсе, оның 3-і кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер.

Бұдан бөлек қалалық мәслихаттың депутаттары қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, тұрғындарға тұрмыстық өрт оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақсуат елді мекеніне барды. Бұл ауылдық округте

2019 жылы 7 өрт оқиғасы орын алған.

Жылыту пештерін пайдаланатын тұрғын үйлерде өрт және көмірқышқыл газына улану деректерінің алдын алу мақсатында газдандыру кезеңіне дейін көмірқышқыл газына қарсы автономды көміртегі тотығы датчигін орнату қажеттілігі түсіндірілді.

Барлық мәселелер жинақталып, ұсыныс-пікірлер алдағы кезекті сессияда депутаттар және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен талқыланатын болады.

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 

Мемлекеттік рәміздер аллеясында рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев аймақ тұрғындарын құттықтап, ел тарихын қалыптастырудағы мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтті.

Бұл шараға қала әкімі Н. Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихаттың бірқатар депутаттары да қатысып, қала тұрғындарымен мерекелік көңіл күйлерімен бөлісті.

Дәстүр бойынша, рәміздер күнін атап өту шарасы аясында аймақтың және Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосқан сырбойылықтар марапатталды. Олардың қатарында Қазалы аудандық ауруханасының нейрохирургі Кенесары Баспаев, бокстан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының мүшесі, спорт шебері Тұрсынбай Құлахмет, облыстық "Ерлік" үйлестіру кеңесінің және Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы Қайраддин Баймаханов, шахматтан әлем чемпионы Назерке Нұрғали және №2 "Мұрагер" мектебінің 11 сынып оқушысы Евгений Демиденко және Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Марғұлан Ахметовке «Алғыс хат» табысталды.

Сондай-ақ, рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметшілердің ант беру рәсімі өтті. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

БАЛА – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

 

Біздің аймағымызда «1 –маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесін атап өту игі дəстүрге айналған. Жаздың жаймашуақ алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке облыс орталығы Қызылорда қаласында да сән-салтанатымен аталып өтті. Қызылорда қалалық демалыс паркінде  қаламыздың сүйкімді бүлдіршіндерін құттықтау шарасына қала әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы қатысып, балаларға ыстық ықыласты лебізін білдірді. Сондай-ақ, мерекелік шараға қалалық мәслихаттың хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы, Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы, Нақып Әнуар Мәуленұлы қатысып, балалардың мерекелік көңіл күйлерімен бөлісті. Бұл күні қалалық демалыс паркіндегі аттракциондарға отырғызу тегін ұйымдастырылып, тәтті балмұздақтар тегін таратылды. Қала бойынша қалаішілік бағыттағы маршруттар балаларды тегін тасымалдады.

Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың депутаты Б. Ысқақов №19 Тасбөгет сайлау округінің 65 бүлдіршінге бассейнге тегін жолдама сыйласа, депутат М. Кәрімбаев 20 балаға «Евразия» спорт кешенінің бассейніне 1 айға тегін абонемент алып берген. №5 Әл-Фараби сайлау округінің депутаты М. Абдуқалықов 11 мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасына сый-құрмет көрсетіп, қаржылай көмек көрсетті. Қалалық мәслихаттың депутаты Т. Мақашов №6 «Мұнайшы» сайлау округінде орналасқан №43 және №197 орта мектептерде тегін қуыршақ театрының қойылымдарын ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Бүгін "Баламекен - бақыт бастауы" атты көп балалы отбасыларға арналып салынған тұрғын үйлердің кілтін табыстау шарасы болып өтті.

Аталған тұрғын үйлердің құрылысын салуға белсенді атсалысқан құрылысшылар, қалалық мәслихаттың депутаттары Ысқақов Бақдәулет Құлбекұлы, Ли Илларион Гукхенович,  Абдуқалықов Муса Жақыпұлы, Сүйінтаев Алтынбек Туғанбекұлы еңбектерін атап өткен жөн.

Аталған азаматтардың еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілейміз.

Қызылорда қалалық мәслихаты.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Р. БОХАНОВА ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

 

Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттарының тұрғындарды жеке қабылдау кестесі бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Осы кесте бойынша қалалық мәслихаттың хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы тұрғындарды қабылдап, мәселелерінің шешілуі бойынша тиісті  сала басшыларына ұсыныстар берді.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, «Қызылорда Көркем және Компания» ЖШС-нің директоры, әріптесіміз Жарасбаев Жасұлан Бақытұлы қаланың көктемгі санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысқаны үшін облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың алғыс хатымен марапатталды. Жасұлан Бақытұлын аталған марапатымен құттықтаймыз.

Қызылорда қалалық мәслихаты

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ МАРАПАТТАЛДЫ

 

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, «Бақ-береке 2030» ЖШС-нің директоры Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы  аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды. Әріптесіміз Қайрат Шаршыбекұлын марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.

Қызылорда қалалық мәслихаты.

 

VІ  ШАҚЫРЫЛҒАН  ҚЫЗЫЛОРДА  ҚАЛАЛЫҚ  МӘСЛИХАТТЫҢ

КЕЗЕКТЕН ТЫС  ХХХХІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған «2019-2021» жылдарға арналған кент және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №205-34/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 42-ші сессиясына қалалық мәслихаттың депутаты Ж. Жарасбаев төрағалық етті.

Сессия жұмысына қалалық мәслихаттың хатшысы Р. Боханова, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихаттың қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және күн тәртібіндегі мәселеге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Күн тәртібіндегі «2019-2021» жылдарға арналған кент және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №205-34/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша «Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Баймаханова Гүлнар Бұрханқызы хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді және ұсыныстар назарға алынды.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 42-ші сессиясының күн тәртібіне шығарылған мәселе талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Р. БОХАНОВА ЖАС ТҮЛЕКТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Қалалық мәслихат хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы даңқты

қолбасшы И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің соңғы

қоңырау шарасына қатысып, қала әкімі Н. Нәлібаевтың және қалалық

мәслихат депутаттары атынан мектеп бітіруші түлектерді құттықтады.

«Сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың және аялап

өсірген ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, сын сағаттан сүрінбей өтіп,

армандаған мамандық иесі болуларыңызға тілектеспін. Өңіріміздің

абыройын асқақтатар өрен ұрпақ ретінде танылып, биіктен

көрініңіздер!»,-деген қалалық мәслихат хатшысы мектеп бітіруші

түлектерге игі тілегін білдірді.

Бүгінгі таңда, қаламызда 1 мың 725 түлек мектеп бітіруде.

Олардың ішінде, 1 мың 446 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге

қатысады. 120 түлек «Алтын белгіге», 101 түлек «Үздік аттестатқа»

үміткер.

Ал, №5 мектеп-лицейінде мектеп бітіруші 38 түлектен 2 оқушы

«Алтын белгіге», 2 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Халықаралық

және республикалық жоғарғы оқу орындарының өткізген олимпиадалар қорытындысы негізінде 6 мектеп бітіруші грант иегері

атанып үлгерген.

Мыңдаған шәкіртті тәрбиелеп, үлкен өмірге жолдама берген

И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің қаламыздың білім беру

саласында алар орны ерекше.

Биылғы оқу жылында мектеп ұжымының түрлі қалалық, облыстық

және республикалық байқауларға қатысып, үздік жүлделер иеленген.

Жыл қортыныдысымен мектеп-лицей «Үздік білім беру ұйымы»

номинациясы иегері атанған.

 

«Нұр Отан» партиясынан сайланған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары форумға қатысты.

 

Бүгін қаламыздағы «Мұз айдыны» мұз сарайында ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастарының форумы өтті.

Форумға «Нұр Отан» партиясынан сайланған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары да кандидат Қ.Тоқаевқа қолдау білдіру үшін қатысты.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Тоқаев кандидатурасын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мәулен Әшімбаев өз сөзінде егеменді Қазақстан құрылған сәттен бастап Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасымен бірге өз халқын әлеуметік-жауапкершілікті, экономикалық күшті және саяси тұрақты мемлекет жолымен алға бастап келе жатқандығын атап өтті.

Мұз сарайының сахнасында Серік Ибрагимов, Мадина Садуақасова, Бекзат Молдабергенов, Жарасхан Төлебай, «Тұран» тобы секілді эстрада жұлдыздары ән шырқап, мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева өнерін көрсетті.

VІ  ШАҚЫРЫЛҒАН  ҚЫЗЫЛОРДА  ҚАЛАЛЫҚ  МӘСЛИХАТТЫҢ

КЕЗЕКТЕН ТЫС  ХХХХІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 2 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды. Сессия отырысына қалалық мәслихаттың кезекті 41-ші сессиясын қалалық мәслихаттың депутаты Ж. Жарасбаев төрағалық етті.

Сессия жұмысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қалалық мәслихаттың хатшысы Р. Боханова, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихаттың қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Күн тәртібіндегі «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының  2018 жылғы  14 желтоқсандағы № 199-33/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша «Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Баймаханова Гүлнар Бұрханқызы хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді және ұсыныстар назарға алынды.

Ал күн тәртібіндегі «2018 жылға арналған қалалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы» мәселесі бойынша «Қызылорда қалалық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Айменов Сейтмахан Нұралыұлы хабарлама жасады.

Сонымен қатар, осы мәселе бойынша қосымша «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі тексеру комиссиясының мүшесі Сатлабаев Мирамбек Ахметұлы хабарлама жасады.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 41-ші сессиясының күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

 

Қызылорда қалалық мәслихатының маусым айындағы кезекті сессиясының күн тәртібінде негізгі мәселе ретінде  «Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғау бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысы туралы» мәселесін қарау жоспарлануда.

Бұл ретте, депутаттық корпус қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен, құзырлы органдармен бірлесіп, күн тәртібіндегі мәселенің бірнеше саласы бойынша, яғни суға түсу мерзіміндегі қауіпсіздік шаралары, табиғи және техногендік өрттердің алдын-алу, мекемелердегі өрт қауіпсіздігі шараларымен танысу, тұрғындардың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға жауапты мекеменің материалдық-техникалық базасының дайындығын қадағалау мақсатында басқосулар, арнайы аралау жұмыстарын жүргізетін болады.

Осы шаралардың бірі ретінде бүгін қалалық мәслихат депутаттары қала аумағында дала өрттерінің алдын-алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған өрт-тактикалық жаттығуларына қатысты.

Облыс көлемінде жаз мезгілінде ерекше ыстық ауа-райы қалыптасады. Осының салдарынан өрт оқиғалары жиі орын алады. 2018 жылы барлығы 226 өрт оқиғасы тіркелсе, 2019 жылдың өзінде жыл басынан бері 41 оқиға тіркелген.

Тілсіз жаудың алдын алу, болдырмау, ал орын алған жағдайда қорғану шараларын тұрғындарға насихаттау мақсатында бұндай жаттығулар жиі өткізілуі және кеңінен ақпараттандырылуы туралы ұсыныстар депутаттар тарапынан берілді.

Бұдан бөлек қалалық мәслихат аппаратымен аталған мәселе бойынша тұрғындар тарапынан да ұсыныс-пікірлер, сын-ескертпелер жинақтау үшін жергілікті баспа құралдарына хабарландыру берілді.

Жан-жақты зерделеніп, анықталған мәселелер, көтерілген ұсыныстар маусым айындағы кезекті сессия отырысында талқыланатын болады.

Ұлы Жеңісті сыйлағандарға құрмет көрсетілді

 

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Р. Боханова Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Бөрібай Құлмановты құттықтап барды.

Қиын-қыстау кезеңдерде етігімен су кешкен ақсақалға қала басшылығы құрмет көрсетіп, ел үшін жасаған еңбегіне алғыс білдірді.

 Б. Құлманов 1920 жылы туылған. Еңбек жолын қарапайым ауылшаруашылық саласынан бастады. Ұлы Отан Соғысында Беларусь, Польша, Германия майдандарында соғысты. Соғыс аяқталған жылы Қытайда және Шығыс Түркістан Республикасында құпия миссия атқарды. Елге оралғаннан кейін облыстық ауылшаруашылығы басқармасында қызметте болды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Қызылорда экспериментальды-механикалық жөндеу заводында қызмет атқарды.Осындай ел мүддесі жолындағы еселі еңбектері үшін Құлманов Бөрібай ағамыз «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» және «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 

Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Отты жылдарда ерліктің үлгісін көрсеткен майдангерлерге қанша құрмет көрсетілседе аз емес. Осы ретте, Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Роза Боханова бастаған  депутаттар корпусы қаламыздағы Ұлы отан соғысы ардагерлеріне сый-құрмет жасады.

Қариялар да көрсетіліп жатқан құрметке ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

1 мамыр - татулық пен келісімнің нышанына айналған Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күні қарсаңында жылдағы дәстүрге сәйкес қала тұрғындары мен қонақтарына арналған әсем де жайлы демалыс орындарының бірі қалалық демалыс паркінің маусымдық ашылуы ұйымдастырылды. Ашылу салтанатына қалалық мәслихаттың хатшысы Роза Боханова қатысып, сөз сөйледі.

Қалалық демалыс паркінің ашылуына орай, қайта жандану жұмыстары аясында ертегі кейіпкерлері мүсіндері қайта қалпына келтіріліп, көптеген ағаш көшеттері отырғызылып, отбасылық және балаларға арналған жаңа аттракциондар мен ойын автоматтары орналастырылды.

Қазіргі таңда қалалық демалыс паркінде 100-ден аса түрлі ойын-сауық құрылғылары мен аттракциондар демалушыларға қызмет көрсетуге дайын.

Айта кететін жәйт, қаламыздың ірі жеке кәсіпкерлері көмегімен парк аумағында жабық ғимараты бар шағын-футбол алаңының құрылысы жүргізіліп, арнайы автотұрақ салынып, жақынарада пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

 

Қызылорда қалалық мәслихатында 3 тұрақты комиссия құрылған. Әр комиссияның түрлі сала бойынша атқаратын қызметі де әртүрлі.

Соның бірі «Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссияның күн тәртібінде «2018 жылғы Қызылорда қаласы бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі» және «Қызылорда қаласының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарына бөлінген қаржылардың пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы» мәселелер қаралды.

Аталған мәселелер бойынша облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Сатлабаев Мирамбек Ахметұлы баяндама жасады.

Депутаттық корпуспен көтерілген мәселелер бойынша қатысушылар және баяндамашымен кең көлемде талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді.

2019 жылдың 15 сәуірінде ҮІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХХ сессиясы өтті.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №210-35/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі шығарылып, шешім жобасы бойынша Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ахметов Нұрлан Дастанұлы хабарлама жасап, түсіндірме берді.

Қалалық мәслихат депутаттарымен талқыланған «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №210-35/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы депутаттық корпуспен бір ауыздан мақұлданып қабылданды.

 

2019 жылғы 30 наурызда тазалық айлығы аясында Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттардың қатысуымен «Келменбет батыр» саябағында сенбілік ұйымдастырды.

Сенбілік барысында саябаққа ағаш көшеттері отырғызылып, арықтар тазартылды.

Депутаттардың қамқорлығына алынған саябақта сенбілік жиі өткізіліп, отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау тұрақты бақылануда.

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Қызылорда қалалық №212 орта мектептің 50 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті.

Шараға арнайы шақырылған қонақтар мерекелік құттықтауларын жеткізіп, мектеп ардагерлері мен ұстаздарын марапаттады.

Аталған мерекеге орай, депутат Қ.Ерназаров қалалық мәслихат хатшысының мектеп ұжымына арнаған құттықтау лебізін жеткізіп, мектептің бірқатар ұстаздарына арнайы алғыс хаттарды табыстады.

Сондай-ақ, осы аумақтан сайланған депутат М.Абдуқалықов пен депутат, №23 мектеп-лицейінің директоры Л.Қожаниязова да мерекелік шараға қатысып, ұжым жұмысына сәттілік тіледі.

Тұрақты комиссия отырысы өтті.

 

Үстіміздегі жылдың 28 наурызы күні VI шақырылған

Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау және әлеуметтік

қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне 2 мәселе

ұсынылып, талқыланды.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс

сапасын арттыру» атты Елбасы жолдауының басым бағыттары

бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» мәселесі бойынша

қала тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы

мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы

қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар

көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы; қала

бойынша салынып жатқан және биылғы жылы пайдалануға

берілетін көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы туралы қалалық

құрылыс; Жолдаудың “Тұрмыс сапасын арттыру” бағыты бойынша

білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қалалық

білім; агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша атқарылып жатқан

жұмыстар туралы қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария;

қала бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу барысы, дайындық

шаралары туралы қалалық жұмыспен қамту,

әлеуметтік

бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің

басшылары, ал Қызылорда қаласында бұқаралық спортты

дамытудың барысы туралы қалалық спорт және денешынықтыру

бөлімінің басшысы хабарлама жасап, депутаттар тарапынан

қойылған сұрақтарға жауап берді.

Басқосу соңында мәслихат депутаттары барлық салада

атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға оң пікір білдірді.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

 

2019 жылдың 20 наурызында алтыншы шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 39-шы сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібіне «Қызылорда қаласының көшелерін қайта атау туралы» мәселесі шығарылып, қала орталығындағы сәулетті көшелердің бірі – Жібек жолы даңғылын Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың есімімен атау туралы қалалық Қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі, қоғам белсенділерінің ұсынысы депутаттық корпус тарапынан қолдау тапты.

Қала әкімдігінің қаулысы мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешімі облыстық ономастикалық комиссияның қарауына жолданды.

Қалалық мәслихаттың кезекті 38 сессиясы өтті

 

Үстіміздегі жылдың 15 наурызы күні ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті 38 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 5 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды. Сессия отырысына қалалық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясының төрағасы Қ.Орынбасарұлы төрағалық етті.

Сессия жұмысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық мәслихаттың қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, қалалық қоғамдық кеңес, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Күн тәртібіндегі «Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы туралы» мәселесі бойынша қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды назарға алды.

Сонымен қатар, №2 “Ғарышкер” сайлау округінен сайланған депутат Е.Байтілес қосымша хабарлама жасап, сессияға дайындық жұмыстары барысында өткізілген басқосуларда  жастар тарапынан көтерілген ұсыныстарды ортаға салды.

Ал, күн тәртібіндегі «Ақсуат ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы» мәселесі бойынша ауыл әкімінің есебін тыңдаған депутаттық корпус бірауыздан ауылда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға оң баға берді.

Сондай-ақ, «Қызылорда қаласы бойынша салық базасын кеңейту барысы туралы», «Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы» шешімдері мақұлданды.

Сессия шешіміне сәйкес VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып №16 «Сәулет» сайлау округінен сайланған депутат Ж.Жарасбаев сайланды.

 Қалалық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясының күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Депутаттар жастар ұйымдарын аралады

 

Қызылорда қалалық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айына жоспарланған кезекті сессиясында «Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы туралы» мәселесі қаралатын болады.

Аталған мәселені сессия жұмысына жан-жақты дайындау мақсатында 11 наурыз күні қалалық мәслихат депутаттары бірнеше нысанды аралап, олардың жұмысымен танысты.

Шараға қалалық мәслихат депутаттары, мәслихат аппаратының қызметкерлері, тиісті салалар бойынша бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аралау барысында «Zhas Project» жобасы бойынша ашылған «Болашақ» оқу орталығының және Қалалық қосымша білім беру орталығындағы  ІТ аймақ жұмысымен танысты. Сонымен қатар, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан құрылған «Жастар» театрында болып, театр мүшелерінің жаңа қойылымға дайындығын тамашалап, олардың талап-тілектерін назарға алды.

Ағымдағы жылдың 6 наурызында қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Н.Нәлібаевтың қатысуымен «Партия күні» және «Алғыс айту күні» мерекелеріне орай салтанатты шара өтті.

Шараға қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова бастаған бір топ депутаттар қатысты.

Салтанатты шарада партия қатарына жаңадан қабылданушыларға партиялық билеттер табысталып, аймақтың саяси өміріне белсенді қатысқан партия мүшелері Алғыс хаттармен марапатталды.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында облыс, қала әкімдері аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлес қосып жүрген әйел-аналарды, ардақты апаларды құттықтап, мерекелік жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаттары 6-шы шақырылымдағы нәзік жанды халық қалаулылары мен қалалық мәслихат аппаратының қыз-келіншектерін арнайы құттықтап, ерекше құрмет көрсетті.

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы туралы.

 

Қызылорда қалалық мәслихатында үстіміздегі жылдың 7 наурызы күні Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

 Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Далабаев және бөлім мамандары, жеке меншік жер иелері қатысты.

Күн тәртібіндегі  «Қоғамдық тасымалдау қызметінің жағдайы және сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы» мәселесі бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Далабаев хабарламасы, сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаты Н.Ахатовтың пікірі тыңдалып, талқыланды.

Сондай-ақ, қала тұрғыны Д.Дюсенаевтың меншігіндегі жер телімін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарт жобасына келісім беру мәселесі бойынша шарт жобасы таныстырылды.

Отырыс соңында  тұрақты комиссияның оң қаулысы қабылданды.

Ағымдағы жылдың 6 наурызында қалалық мәслихат депутаттары жас отбасы мүшелерінің, аға буын өкілдерінің басын қосып, қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен бірлескен шара ұйымдастырды.

Шараға мәслихат депутаттарынан бөлек үлгілі отбасы иелері, көп балалы аналар, неке куәлігін алатын жас отбасы мүшелері және сәбилеріне туу туралы куәлік алатын ата-аналар қатысты.

Ашық әңгімелесу форматында өткен жиында жастарға отбасы құндылығы, ана мен баланы қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, отбасын құру және оны сақтап қалу мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ, шараға қатысушы Алтын той иелері Аққали және Сәлима Рысбаевтар, көп балалы ана, мемлекеттік қызметкер Г.Жеткербаева отбасылық тәжірибелерімен бөлісті.

Жиын соңында мәслихат депутаттары қатысушыларға куәліктермен қоса естелік сыйлықтар табыстады.

Қалалық мәслихат депутаттары жетекші партияның съезіне қатысты.

 

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен партияның ХVІІІ съезіне қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова бастаған бірнеше қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Съезде «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы талқыланып, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін елді жүйелі жаңғыртуды басты мақсат еткен бағдарламада қоғамның барлық саласы қамтылған.

Сондай-ақ, кезекті съезде партияның латын қарпіндегі жаңа логотипі таныстырылды.

Бірнеше жаңа бастамаларды жария еткен Елбасы әсіресе көп балалы және мүгедек балаларды асырап отырған отбасылардың көңіліндегі күдікті біржола тарқатты.

Кезекті съезд еліміздегі жетекші партияның 20 жылдығы аясындағы басты іс-шара болды және саяси ұйымның одан әрі жаңғыруына тың серпін берді.

Дөңгелек үстел отырысы өтті.

 

2019 жылғы 26 ақпан күні Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес алдағы кезекті сессия отырысында қаралатын «Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы туралы» мәселесі бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Отырысқа қалалық мәслихат депутаттары, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры, жастар ұйымдарының жетекшілері, ішкі істер органдарының өкілдері, қалалық бөлімдердің басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Басқосуды қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес ашып, жүргізді.

Жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Досмаханов жастар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан шаралар және өзекті мәселелер туралы қысқаша тоқталып өткен соң, кезек ұсыныстар мен пікір алмасуларға берілді.

Жиын барысында кезек-кезек сөз алғандар жастарды баспанамен қамту, ауыл жастары арасында бұқаралық спортты дамыту, өмірге құштар мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және оларды насихаттау, жастар арасында отбасы құндылығын дәріптеу, насихаттау және жалпы білім беретін мектептер мен жоғары, орта арнаулы оқу орындарында арнайы клуб жұмысын ұйымдастыру, жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу шаралары туралы өзекті мәселелерді ортаға салды.

Сондай-ақ, Қызылорда қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Құдайбергенов  жастар арасында құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу шаралары, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы шараларға тоқталса, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әбішев ардагерлердің жастар тәрбиесіндегі маңызды ролі туралы айта келіп, қатысушы жастарға жарқын сәттер мен биік асулар тіледі.

2019 жылдың 14 ақпанында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVІІ (отыз жетінші) сессиясы болып өтті.

 

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған «2019-2021 жылдарға арналған кент және ауылдық округтер бюджеттері туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №205-34/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөілімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, енгізілген өзгерістерге түсіндірме берді.

Сонымен қатар, «Қала әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 ақпандағы №14/2 шешіміне өзгерістер енгізіліп, қаланың әкімшілік-аумақтық басқару схемасы бекітілді.

Игілікті шара ұйымдастырылды.

 

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Қызылорда қаласында тұрақты қалыптасқан игілікті шара «Жүрек жылуы» акциясы өтті.

Акция аясында әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы 1 600-ден астам отбасының үйіне азық-түлік өнімдері жеткізіліп берілді.

Сондай-ақ, бірнеше ай бұрын орын алған қайғылы оқиғада 3 баласынан айырылған қала тұрғыны Ж.Сәдуоваға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қаладан 2 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.

Аймақтың игі дәстүріне айналған қайырымдылық акциясына қалалық мәслихаттың барлық депутаттары атсалысып, әрбір мекен-жайға азық-түліктерді жеткізіп, тұрғындарға табыстады.

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХVІ сессиясы туралы.

 

2019 жылдың 11 ақпаны күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVІ (отыз алтыншы) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №199-33/3 шешіміне тиісті өзгерістер енгізілді.

Аталған мәселе бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөілімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, қала бюджетінің кірістері мен шығыстары туралы түсіндірме берді.

Сонымен қатар, «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №106-16/4 шешіміне енгізілген өзгерістер бірауыздан мақұлданды.

Қалалық мәслихат хатшысы тұрғындарды қабылдады.

 

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова бірнеше қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген әр тұрғын тарапынан айтылған әртүрлі өтінішті мұқият тыңдаған Роза Аяғанқызы барлық ұсыныс-тілектердің заңдылыққа сәйкес орындалатынын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында қалалық мәслихаттың мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс ХХІІ конференциясы өтті.

Конференцияға қала әкімі, қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Н.Нәлібаев, облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев,  қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова және мәслихат депутаттары қатысты.

Конференция барысында Елбасы Жолдауын іске асыру, партияның алдағы бағдарламалық жұмыс жоспары туралы мәселелері талқыланды.

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Алдабергеновпен, «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының директоры Т.Тілесовпен кездесті.

Кездесу еркін форматта жүргізіліп, жастар ұйымдарының жетекшілері жастар арасындағы өзекті мәселелер туралы сөз қозғап, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Мәслихат хатшысы алдағы өтетін кезекті сессияның жоспарлы мәселесін зерделеу кезінде депутаттық рейдтер мен басқа да шараларға атсалысуға шақырып, жас жетекшілерге сәттілік тіледі.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес алдағы кезекті сессия отырысында қаралатын «Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы туралы» мәселесі бойынша кеңейтілген басқосу өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық білім, және денсаулық сақтау басқармалары басшыларының орынбасарлары,  жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы және жастар ұйымдарының жетекшілері, ішкі істер органдарының өкілдері, қалалық бөлімдердің басшылары, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Жиынды қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова ашып, жүргізді. Алдымен қала әкімінің орынбасары қалада жастар саясатын жүзеге асыру және одан әрі дамыту бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы қысқаша мәлімет беріп, қатысушылар қаладағы жастар саясаты мәселелеріне қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

«Депутат» энциклопедиясы жарыққа шықты.

 

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада «Депутат» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстық, қалалық мәслихат хатшылары мен депутаттары қатысты.

Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Р.Боханова салтанатты жиынның модераторы болды.

Энциклопедия Қазақстан Республкасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрді.

5 бөлімнен тұратын жинақтың бірінші бөлімінде ҚР Парламенті Сенаты, екінші бөлімде ҚР Парламенті Мәжілісі, үшінші бөлімде республикалық деңгейдегі қалалар мәслихаты, төртінші бөлімде облыс және облыс орталықтарындағы мәслихаттар, ал бесінші бөлімде қалалық және аудандық мәслихаттар қамтылған.

 

 

Депутаттар қала әкімінің есеп беру жиындарына қатысты.

 

Ағымдағы жылдың 14-17 қаңтары аралығында Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев қалада атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы тұрғындар алдындағы жыл сайынғы есеп беру жиындарын өткізді.

Қалаға қарасты 2 кент пен 7 ауылдық округ және қаланың шет аймақтары мен қала орталығында тұратын тұрғындар алдында есеп берген қала әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне кеңінен тоқталып, халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді тілге тиек етті.

Есеп беру кездесулеріне қалалық мәслихат хатшысы мен депутаттары қатысты.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХV сессиясы туралы.

 

2019 жылдың 11 қаңтары күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХV (отыз бесінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» мәселесі ұсынылды.

Аталған мәселе бойынша қалалық мәслихат хатшысы хабарлама жасады.

Депутаттар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес 1 аумақтық және 113 учаскелік сайлау комиссияларының 7 және 953 (барлығы 960) мүшесінің орнына 960 кандидаттан ұсыныс келіп түсуі себепті «ашық» дауыс беру жолымен  Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлады.

2018 жылдың қортындысымен өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі еңбектері ескеріліп, алтыншы шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары М. Кәрімбаев пен М.Абдуқалықов «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атанды.

Құрмет биігінен көрінген депутаттарымыз алдағы уақытта да сенім үдесінен шыға бермек.

 

 

Қызылордада батыр атындағы көшенің ашылу рәсімі өтті.

 

Қызылорда қаласындағы көшелердің біріне Текей батырдың аты берілді.

Текей Қарпықұлы 1667 жыл шамасында дүниеге келген. Әз-Тәукенің сенімді сардары болған, жауға найзасын тіреп талай шайқасқа қатысып халық батыры атанған. Былтыр батырдың 350 жылдығы ел көлемінде аталып өтті.

Текей батыр көшесі Сырдария өзені жағасындағы Тәуелсіздік даңғылынан басталып "Арай" мөлтек ауданы арқылы қаланың орталық көшелерімен қосылады.

Мемлекет басшысының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан игі шараға қала әкімдігі мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, тұрғындарға ізгі тілектерін жеткізді.

 

 

Жүректерге жылу сыйлаған акция.

 

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қала әкімі Н.Нәлібаевтың бастамасымен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Акция барысында әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, мүгедек отбасыларға қаржылай және азық-түліктей көмектер көрсетілді.

Аталған шараға қалалық мәслихат депутаттары да атсалысып, қаржылай көмек көрсетті. Жалпы, депутаттар жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясынан бөлек, Наурыз, Ораза айт, Құрбан айт мерекелерінде өз сайлау округтері бойынша тұрмысы төмен отбасыларға тұрақты түрде қайырымдылық жасап келеді.

 

 

Балаларға қуаныш сыйлады.

 

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қалалық мәслихат депутаты Әнуар Мәуленұлы өз сайлау округіндегі тұрмысы төмен отбасының балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қаладағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен шырша кешіне қатысуға мүмкіндік алған 20 бала көңіл көтеріп қана қоймай, Жаңа жылдық сыйлықтар алып, өз ризашылықтарын білдірді.