Мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қалалық мәслихаты

Қызылорда қалалық мәслихатының сайтына қош келдіңіз!

Мемлекеттік рәміздер

KZ

RU

Жаңалықтар

 

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қызылорда қаласының барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды.

2018-2019 оқу жылында қаламыздағы 54 мектепте 59127 оқушы білім алады деп жоспарланса, оның ішінде 7500-ден астам бала 1-сыныпқа қабылданған.

Қалалық мәслихат депутаттары өз сайлау округтерінде орналасқан мектептердегі «Білім күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараларға қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

 

Қайырымдылық акциясы жалғасуда

 

Жыл сайын өтетін дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында қалалық мәслихат депутаттары балаларға қуаныш сыйлауда.

Атап айтқанда, қалалық мәслихат депутаттары Н.Ахатов пен Ғ.Жақсылықов өз сайлау округтері бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына мектеп құралдарымен бірге мектеп сөмкесін табыстап, ата-аналар мен балалардың алғысын алды.

Айта кету керек: жаңа оқу жылы қарсаңында қалалық мәслихат депутаттары 80-нен аса оқушының мектепке жақсы дайындықпен баруына  көмек көрсетті.

 

«Қызылжарма» ауылдық округінің әкімі сайланды.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, ағымдағы жылдың 29 тамызында Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өтті.

Сайлау өткізу жөніндегі отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Роза Аяғанқызы төрағалық етіп, таңдаушылар – қалалық мәслихат депутаттары әкімдікке үміткерлер Б.Оспанов пен С.Сыздықовқа дауыс берді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Есжанов дауыс санау нәтижесінде таңдаушылардың басым дауысына ие болған үміткерді жариялады.

Сайлау барысында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылды.

 

Қызылорда қалалық мәслихатының

кезектен тыс ХХХ сессиясы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 28 тамызы күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХ (отызыншы) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне 3 мәселе шығарылып, талқыланды.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2018-2020 жылдарға арналған кент және ауылдық   округтер бюджеттері туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы   №132-20/1 шешіміне тиісті өзгерістер  енгізілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Талсуат ауылдық округінің «Геолог» және «11 Бекет» елді мекендері Талсуат елді мекенінің құрамына, Қарауылтөбе ауылдық округінің «Байқадам» елді мекені Қарауылтөбе елді мекенінің құрамына енгізіліп, бірлескен құқықтық акті Қызылорда облысы әкімдігі мен Қызылорда облыстық мәслихатының қарауына ұсынылды.

Сонымен қатар, қала әкімдігінің жаңа дербес құрамы бекітілді.

Кезектен тыс ХХХ сессиясының күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Депутаттар қайырымдылық акциясына қатысты.

 

«Мектепке жол» акциясы «Білім және Ғылым» министрлігінің бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде  ұйымдастырылып келе жатқан өнегелі іс-шара. Осы жылдар ішінде акция шеңберінде қаламызда мыңдаған баланың мектепке баруына көмектер беріліп, оларды қуанышқа бөлеуде.

Биылғы жылы да қалалық мәслихат депутаттары өз сайлау округтері бойынша 80-нен аса оқушының мектепке жақсы дайындықпен баруына  көмек көрсетті.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 28 тамызы күні қалалық мәслихат пен «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде есепте тұратын көз мүгедектерінің әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына арнап алынған мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табыс етілді.

Аталған шараға мәслихат депутаттары атынан М.Кәрімбаев пен Ш.Әбдірахманов қатысып, жеткіншектердің жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктің төрайымы Б.Байманова ата-аналар мен бірлестіктің атынан алғыс айтып, шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы

 

Аталған акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатта бірқатар білім ошақтарында өткізіліп жатқан шаралар көз қуантады.

Осы ретте, қалалық мәслихат депутаты, облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Байтілес Ержан Айтөреұлы қайырымдылық акциясына өз үлесін қосты.

Атап айтқанда, «Баланы мектепке дайындайық» атты салтанатты шара ұйымдастырып, өз сайлау округі бойынша әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелеріне оқуға қажетті құралдар мен сөмке табысталды.

Акция соныңда балаларға тегін балмұздаққа сертификаттар таратылды.

 

 Үстіміздегі жылдың 24 тамыз күні VI шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

 Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне «Белкөл кенті және Ақсуат ауылдық округінің 2017-2018 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» мәселесі ұсынылып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Белкөл кенті мен Ақсуат ауылдық округі әкімдері хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

Ағымдағы жылдың 22 тамызы күні 6-шы шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы білім беру саласы қызметкерлерінің Тамыз кеңесіне қатысты.

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы жалғасуда

 

«Мектепке жол» республикалық акциясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып,  еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету болып табылады.

Осы ретте, қалалық мәслихат депутаты, қалалық мәдени және демалыс паркінің директоры Нақып Әнуар Мәуленұлы аталған акцияны қасиетті Құрбан айт мерекесімен ұштастырды.

Атап айтқанда, қалалық мәдени және демалыс паркінде салтанатты шара ұйымдастырылып, №112 және №253 мектептің әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан 30 оқушысына мектеп формасы мен сөмке табысталды. Сонымен қатар, оқушыларға парк аттракциондарында тегін қызмет көрсетілді.

Құрбан айт мерекесіне орай құрбандыққа мал шалынып, жетім-жесірлерге таратылды. Сондай-ақ, шараға жиналған тұрғындарға арнайы қосымша мал сойылып, ас берілді.

Бұған қоса, ағымдағы жылдың 28 тамызында «Мектепке жол» акциясы аясында қалалық мәслихат депутаттары «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде есепте тұратын мүгедектердің балалары мен өз сайлау округтері бойынша көмекке мұқтаж отбасы балаларының мектепке жақсы дайындықпен баруына  көмек беретін болады.

 

 

 

«Белкөл» кенті әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 тамызында Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінің әкімі лауазымына сайлау өтті.

Белкөл кенті әкімі лауазымына сайлау өткізу жөніндегі отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Роза Аяғанқызы төрағалық етіп, таңдаушылар – қалалық мәслихат депутаттары әкімдікке үміткерлер А.Жүсіпов пен Т.Мұсабаевқа дауыс берді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Есжанов дауыс санау нәтижесінде таңдаушылардың басым дауысына ие болған үміткерді жариялады.

Сайлау барысында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылды.

 

 

Қалалық мәслихаттың кезекті 29 сессиясы өтті

 

Үстіміздегі жылдың 16 тамызы күні ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті 29 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 7 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды. Отырысқа қалалық мәслихаттың кезекті ХХIХ сессиясының төрағасы Е.Байтілес төрағалық етті.

Сессия жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Б.Еламанов және М.Бақтиярұлы, қала әкімі Н.Нәлібаев, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мен қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, қалалық қоғамдық кеңес, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласы әкімінің есебі туралы» мәселесі бойынша қала әкімі Н.Нәлібаевтың атқарған жұмыстары мен алға қойылған міндеттері туралы есебі тыңдалып, депутаттық корпус тарапынан оң баға берілді.

Күн тәртібіндегі “Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының қазіргі жағдайы және одан әрі дамыту шаралары туралы” мәселесі бойынша қала әкімінің коммуналдық салаға жауапты орынбасары Б.Сәрменбаев баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мәселені талқылау барысында қаланың жылу беру маусымына дайындығы, ауыз су және аяқ су, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын бақылауда ұстау, жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуына басты назар аудару ұсынылды.

 

Сонымен қатар, “Қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы, денсаулық сақтау саласының қазіргі жай-күйі туралы” және “Қызылорда қалалық мәслихатының «Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі туралы” мәселелер бойынша тиісті шешім жобалары мақұлданды.

«2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №124-19/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша қала бюджетіне өзгерістер енгізіліп, «Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 маусымдағы №169-27/2 шешімінің күші жойылды.

Сессия шешіміне сәйкес VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып №4 «Абай» сайлау округінен сайланған депутат Ә.Нақып сайланды.

 Қалалық мәслихаттың кезекті 29 сессияның күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

«Белкөл» кенті мен «Қызылжарма» ауылдық округінің әкімі лауазымдарына кандидаттар сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  сәйкес ағымдағы жылдың 17 және 28 тамызында Қызылорда қаласына қарасты «Белкөл» кенті мен «Қызылжарма» ауылдық округінің әкімі лауазымдарына сайлау өткізу жоспарлануына орай, 15 тамыз күні қалалық маслихаттың мәжіліс залында қалалық маслихат хатшысы   Роза Боханованың  төрағалығымен өткізілген кездесуде аталмыш лауазымдарға кандидаттар Асқар Жүсіпов, Тастайбек Мұсабаев және Бауыржан Оспанов, Семсер Сыздықов өз бағдарламаларын депутаттарға таныстырды.

Қалалық  сайлау комиссиясының мәліметі бойынша  Қызылорда қаласына қарасты «Белкөл» кенті әкімі лауазымына 2 үміткер, «Қызылжарма» ауылдық округінің әкімі лауазымына 2 үміткер тіркелген. Кандидаттардың ұлты – қазақ, білімдері жоғары.

Ағымдағы жылдың 17 және 28 тамызы күндері өтетін «Белкөл» кенті мен «Қызылжарма» ауылдық округі әкімдерінің сайлауында ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары  үміткерлерге таңдау жасайтын болады.

 

 

Депутаттық рейд өтті

 

Қызылорда қалалық мәслихатының тамыз айына жоспарланған кезекті сессияның күн тәртібіндегі негізгі «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының қазіргі жағдайы және одан әрі дамыту шаралары туралы» мәселесі бойынша депутаттар жасыл желектерді ұңғыма арқылы суару жұмыстарымен  танысу мақсатында рейдке шықты..

Рейдке қалалық мәслихат хатшысы мен депутаттары, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен су шаруашылығы мамандары қатысты.

Рейд барысында «Келменбет батыр» аллеясына тоқтаған депутаттар мердігер мекемеге бос жатқан жерді арнайы техникамен тегістеп, күзгі ағаш отырғызу жұмыстарына дайындау және аллея аумағына қыркүйек айында күздік гүл отырғызу жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Депутаттық аралау кезіндегі қаланы аяқ сумен қамтамасыз ету жұмыстарына байланысты көтерілген ұсыныстар сессия қарауына шығарылады.

Коммуналдық салада атқарылып жатқан жұмыстар зерделенді

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының тамыз айына жоспарланған кезекті сессияның күн тәртібіндегі негізгі «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының қазіргі жағдайы және одан әрі дамыту шаралары туралы» мәселесін зерделеу мақсатында ағымдағы жылдың 2 тамызында депутаттық рейд ұйымдастырылды.

Рейдке қалалық мәслихат хатшысы мен депутаттары, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары мен мамандары, аралайтын нысандар бойынша тапсырыс беруші, мердігер, қадағалаушы мекемелердің басшылары қатысты.

Депутаттық аралау кезінде қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жұмыстары, су құбыры желілерін, магистральды және кварталаралық жылу жүйелерін, өздігінен ағатын канализацияны қайта жаңғырту жұмыстары назарға алынды.

Тағзым алаңын аяқ сумен қамтамасыз ету барысымен танысқан депутаттар қосымша насос қондырғыларын орнатуға қажетті қаржы қарастыру туралы ұсынысты ортаға салды.

Сондай-ақ, қаладағы қайта жөндеу жұмыстарын қажет ететін тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі де қалалық мәслихат тарапынан бақыланатын болады.

Рейдтік шара барысында көтерілген өзекті мәселелер сессия қарауына шығарылады.

 

Коммуналдық сала халық қалаулыларының назарында

 

Қалалық мәслихаттың 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, үстіміздегі жылдың  тамыз айында өтетін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының қазіргі жағдайы және одан әрі дамыту шаралары туралы» мәселесін  қарау жоспарлануда.

Осыған орай, түйткілді саланың ахуалын зерделеген VІ шақырылған қалалық мәслихат депутаттары дөңгелек үстел отырысында бас қосты. Осы мәжілістің алдында депутаттар қаланың коммуналдық мәселелеріне байланысты бірнеше нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысқан болатын.

Басқосуда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының «Қаладағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының қазіргі жағдайы және одан әрі дамыту шаралары туралы», «Қызылорда жылуэлектр орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны филиалы директорының «Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындық шараларының барысы туралы», «Қызылорда Су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының «Ауыз су, кәріз су құбырларына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу және тұтынушыларды талапқа сай ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары туралы», «Қызылорда Тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры орынбасарының «Көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау қызметтерінің барысы туралы» хабарламалары тыңдалып, талқыланды.

Қалалық мәслихат депутаттары тарапынан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының ауыз су, кәріз су және жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін толық әрі сапалы аяқтау туралы ұсыныс берілді.

 

 

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының

кезектен тыс ХХVІІІ сессиясы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 31 шілдесі күні қала әкімдігінің мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІІ (жиырма сегізінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне 4 мәселе шығарылып, талқыланды.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №124-19/1 шешіміне тиісті өзгерістер  енгізілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қызылорда қаласының бас жоспарына енгізілген өзгерістер бірауыздан мақұлданды. Сонымен қатар, қалалық Қоғамдық кеңес құрамы өзгертіліп, қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді.

Кезектен тыс ХХVІІІ сессиясының күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

Жұмысшы топ депутаттық рейдке шықты.

 

2018 жылдан бастап, Қызылорда қалалық мәслихаты «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, кент және ауылдық округ әкімдерінің елді-мекендерде кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарған жұмыстарының қоғамдық рейтингін анықтау туралы ережесін бекіткен болатын. Ереже бойынша қоғамдық рейтингті бағалау баллдық шкала көрсеткішімен әр жартыжылдық сайын елді-мекендерде кәсіпкерліктің дамуы бағытында атқарылған жұмыстарға жүргізіледі.

Осы ретте, ағымдағы жылдың 24, 25 шілдесі күндерінде Қызылорда қаласы бойынша кент және ауылдық округ әкімдерінің елді-мекендерде кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарған жұмыстарының рейтингін анықтау бойынша қалалық мәслихат депутаттарынан құрылған жұмысшы тобы рейдке шығып, бірнеше нысандарды аралады.

Рейдтің алғашқы күнінде депутаттар Ақжарма, Ақсуат ауылдық округтеріндегі мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алып, жұмыс жасап жатқан шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Ақсуат ауылындағы «Самұрық құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмыртқа алу бағытындағы сапалы жұмысын оң бағалады. Сондай-ақ, Тасбөгет кентіндегі жеке кәсіпкерлер Ж.Құлмырзаеваның тігін цехы мен Л.Қасқабаеваның сауда кешенінде болды.

Депутаттық рейдтің келесі күнінде жұмысшы топ мүшелері Белкөл кенті мен Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Талсуат ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтарын аралады. Бұлардың барлығы  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының игілігін көріп отырған кәсіпкерлер.

Қоғамдық рейтингті анықтау бойынша құрылған Жұмысшы тобы өткізілген басқосулар мен рейдтер қорытындысымен жоғары нәтиже көрсеткен ауыл әкімдеріне талдау жүргізетін болады.

 

Тұрақты комиссия отырысы туралы

 

Ағымдағы жылдың 25 шілдесі күні қалалық мәслихаттың «Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі» тұрақты  комиссиясының  отырысы болып өтті.

Отырысқа  қалалық   мәслихаттың депутаттары, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, қалалық білім бөлімі және қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Комиссия отырысында маусым айындағы басқосуда қаралған «Қызылорда қаласындағы емханалардың халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруы туралы» және «Балалардың жазғы демалысын  ұйымдастыру және суға түсу мерзіміндегі қауіпсіздік шаралары туралы» мәселелері бойынша айтылған ұсыныстардың орындалу барысы қаралды.

Комиссия мүшелері мен отырысқа қатысушылар мәселелерді толық талқылап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі және жазғы демалыс кезіндегі тынығу лагерлерінің қолайлылығы, суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

 

 

Қалалық мәслихаттың тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы,

өндіріс және экология мәселелері жөніндегі тұрақты

 комиссиясының отырысы туралы

 

Ағымдағы жылдың 13 шілдесі күні қалалық мәслихаттың «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі» тұрақты  комиссиясының  отырысы болып өтті.

Отырысқа  қалалық  мәслихаттың депутаттары,  облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, мамандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Комиссия отырысында «Қызылорда қаласын газдандыру шараларының жүзеге асырылуы туралы» мәселесі талқыланды.

Қызылорда қаласын газдандыру жұмыстарының барысы туралы және газбен жабдықтау қызметінің тарифінің өсуіне байланысты облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Жоламанов хабарлама жасады.

Комиссия мүшелері мен отырысқа қатысушылар осы мәселелерді толық талқылап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 

«Талсуат» ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өтті.

Талсуат ауылдық округі әкімі лауазымына сайлау өткізу жөніндегі отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Роза Аяғанқызы төрағалық етіп, таңдаушылар – қалалық мәслихат депутаттары әкімдікке үміткерлер Б.Нұрлыбаев пен Н.Сәдуақасқа дауыс берді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Есжанов дауыс санау нәтижесінде таңдаушылардың басым дауысына ие болған үміткерді жариялады.

Сайлау барысында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылды.

 

 

Астана қаласының 20 жылдығы Қызылорда қаласында кең көлемде аталып өтті.

Мәдени шараларды ұйымдастыруға қалалық мәслихат депутаттары да өз үлестерін қосты.

Атап айтқанда, қалалық мәслихат депутаты, қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахмановтың төрағалығымен партияға жаңадан қабылданушыларға партиялық билеттер табыстау және марапаттау шарасы өтті. Ш.Әбдірахманов салтанатты жиынға қатысушыларды Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойымен құттықтап, партия белсенділеріне алғыс білдірді.

Сонымен қатар, қалалық партия филиалы қызметкерлері тыл ардагерлерінің отбасында болып, хал-жағдайымен танысты. Шара барысында қарияларға медициналық қызмет түрлері көрсетілді.

«Нұр Отан» партиясының «20 жылдыққа 20 игі іс» партиялық акциясы аясында қалалық филиал қызметкерлері «Кітабыңмен бөліс», «Ойыншық сыйла» атты шарасын ұйымдастырып,  әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына кітаптар мен ойыншықтар таратты.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы жанындағы Қазақ соқырлар қоғамының ұйымдастыруымен ұйымдағы мүгедек балалар қаладағы тарихи ескерткіштерге экскурсия жасады. Экскурсия барысында балаларға туған жердің тарихы таныстырылып, сусындар мен балмұздақтар таратылды.

 

 

Астана қаласының 20 жылдығы Қызылорда қаласында кең көлемде аталып өтті.

Мәдени шараларды ұйымдастыруға қалалық мәслихат депутаттары да өз үлестерін қосты.

Атап айтқанда, «Қызылорда қалалық паркі» директоры, қалалық мәслихат депутаты Ә.Нақып мәдени-демалыс паркінің сахнасында  «Астана – Қазақстан жүрегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Концертте жергілікті өнерпаз  жастар өз өнерлерін ортаға салды.

Ал, 7 шілде күні «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы ұйымдастырған «Шырайлы Астана» атты патриоттық әндер кешінің  өтуіне қолдау көрсетті.

Сонымен қатар, «Достық» үйінде облыстық «Нұр Отан» партиясы қатарына азаматтарды қабылдау шарасы өтті.  Онда Қызылорда облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев құттықтау сөз сөйлеп, партия билеттерін табыстады. Аталған шараға қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес те қатысты.

 

 

Қалалық мәслихат депутаттары футболдан өтіп жатқан әлем біріншілігін тамашалап қайтты.

 

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) шешімі бойынша 2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты Ресейде өтуде. 15 маусымда басталған әлем біріншілігі өз мәресіне жетіп те қалды.

Ағымдағы жылдың 6 шілдесі күні Казань қаласында өткен 1/4 финал ойындарында Бразилия мен Бельгия командалары шаршы алаңда кездесті.

Осы күні Ресейге  әлемнің түкпір-түкпірінен ағылып жатқан жанкүйерлердің қатарын қалалық мәслихат депутаттары Қ.Ерназаров пен Е.Байтілес бастаған «Қайсарлықтар» толықтырды.

Аталған ойында Бельгия құрамасы жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

 

 

Жұмысшы комиссия отырысы өтті.

 

2018 жылдан бастап, Қызылорда қалалық мәслихаты «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, кент және ауылдық округ әкімдерінің елді-мекендерде кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарған жұмыстарының қоғамдық рейтингін анықтау туралы ережесін бекіткен болатын. Ереже бойынша қоғамдық рейтингті бағалау баллдық шкала көрсеткішімен әр жартыжылдық сайын елді-мекендерде кәсіпкерліктің дамуы бағытында атқарылған жұмыстарға жүргізіледі.

Қоғамдық рейтинг қорытындысы қала әкіміне ұсынылады және   жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген кент және ауылдық округ әкімдерін ынталандыру бойынша шаралар ұйымдастырылатын болады.

Осы ретте, ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Қызылорда қаласы бойынша кент және ауылдық округ әкімдерінің елді-мекендерде кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарған жұмыстарының рейтингін анықтау бойынша қалалық мәслихат депутаттарынан құрылған жұмысшы комиссиясы алғашқы басқосуын өткізді.

Басқосуда 2018 жылдың І жартыжылдығында кент және ауылдық округ әкімдерінің қоғамдық рейтінгін анықтау мақсатында дайындалған талдау көрсеткіштері талқыланды.

Қоғамдық рейтингті анықтау туралы ережесімен барлық ауыл әкімдері таныстырылған. Әкімдер тарапынан ережеде көрсетілген критерийлер бойынша тиісті жұмыстар жасалуда.

Ескеретін жағдай: жоғары көрсеткішке қол жеткізген ауыл әкімі жылдың қорытындысымен марапатталатын болады.

 

 

Мәслихат хатшысы «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

 

Астана күні мерекесі орай, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Елордамыз Астана қаласының өсіп-өркендеуі үшін әрі еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен облысымызға танымал  азаматтарды марапаттау үшін арнайы «Астана 20 жыл» мерекелік медалін тағайындады.

Мерейлі мереке қарсаңында бірқатар қызылордалықтар мерекелік медальмен марапатталды.

Аталған мерекелік медальді иеленген Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Боханова Роза Аяғанқызына облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы салтанатты түрде табыс етіп,  құттықтады.

Роза Аяғанқызы бұған дейін де мемлекеттік қызметтегі еңбегі  ескеріліп ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен   марапатталып, «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» және Республикалық «Біздің депутат» қоғамдық-саяси газеті жүргізген талдау бойынша «Үздік мәслихат хатшысы» атақтарын иеленген болатын.

 

 

 

Облыс мәслихаттары арасында волейболдан турнир өтті.

 

Астана қаласының 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерейлі мерекелеріне орай, Қызылорда облысы бойынша маслихаттар арасында волейболдан ІІІ облыстық турнирі ұйымдастырылды. Оған облыстық, қалалық  және аудандық  мәслихаттардың депутаттары мен қызметкерлері қатысты.

Турнирдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, өзара байланыс пен сенімді нығайту.

Тартысты өткен ойында Жаңақорған ауданы жүлделі І-орынды, Сырдария ауданы ІІ, Қазалы ауданы ІІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар,  бірқатар қызметкерлер  облыстық мәслихат хатшысының алғыс хатымен марапатталды. Оның ішінде, қалалық мәслихат аппаратының қызметкері Егембергенов Сейдалы Мұхамедиярұлына турнирге белсене қатысып, жақсы ойын көрсеткені үшін арнайы Мадақтама табысталды.

 

 

«Қызылөзек» ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, ағымдағы жылдың 29 маусымында Қызылорда қаласына қарасты Қызылөзек ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өтті.

Қызылөзек ауылдық округі әкімі лауазымына сайлау өткізу жөніндегі отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Роза Аяғанқызы төрағалық етіп, таңдаушылар – қалалық мәслихат депутаттары әкімдікке үміткерлер С.Әбдіжаппар мен А.Бердалиевке дауыс берді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Есжанов дауыс санау нәтижесінде таңдаушылардың басым дауысына ие болған үміткерді жариялады.

Сайлау барысында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  сәйкес ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Қызылорда қаласына қарасты “Талсуат” ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өткізу жоспарлануына орай, аталған лауазымға кандидаттар Болатбек Нұрлыбаев және Нұрсұлтан Сәдуақас өз бағдарламаларын депутаттарға таныстырды.

Қалалық  сайлау комиссиясының мәліметі бойынша  Қызылорда қаласына қарасты «Талсуат» ауылдық округінің әкімі лауазымына 2 үміткер тіркелген. Кандидаттардың ұлты – қазақ, білімдері жоғары.

Ағымдағы жылдың 13 шілдесі күні өтетін «Талсуат» ауылдық округі әкімінің сайлауында ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары  үміткерлерге таңдау жасайтын болады.

“Қызылөзек» ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттар сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 61 бабына сәйкес Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Ж.Шынтасов өз өтінішіне сәйкес қала әкімінің 2018 жылғы 17 мамырдағы №787 өкімімен қызметінен босатылған болатын.

Осы ретте, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  сәйкес ағымдағы жылдың 29 маусымында Қызылорда қаласына қарасты “Қызылөзек” ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өткізу жоспарлануына орай, 20 маусым күні қалалық маслихаттың мәжіліс залында қалалық маслихат хатшысы   Роза Боханованың  төрағалығымен өткізілген кездесуде аталған лауазымға кандидаттар Сәкен Әбдіжаппар және Асқар Бердалиев өз бағдарламаларын депутаттарға таныстырды.

Қалалық  сайлау комиссиясының мәліметі бойынша  Қызылорда қаласына қарасты «Қызылөзек» ауылдық округінің әкімі лауазымына 2 үміткер тіркелген. Кандидаттардың ұлты – қазақ, білімдері жоғары.

Ағымдағы жылдың 29 маусымы күні өтетін «Қызылөзек» ауылдық округі әкімінің сайлауында ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары  үміткерлерге таңдау жасайтын болады.

 

 

 

Қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 

Ағымдағы жылдың 18 маусым күні қалалық мәслихаттың «Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі» тұрақты  комиссиясының  отырысы болып өтті.

Отырысқа  қалалық   мәслихаттың хатшысы мен депутаттары, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы мен емхана меңгерушілері, қалалық білім бөлімінің басшысы және қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Комиссия отырысында «Қызылорда қаласындағы емханалардың халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруы туралы» және «Балалардың жазғы демалысын  ұйымдастыру және суға түсу мерзіміндегі қауіпсіздік шаралары туралы» мәселелері талқыланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына емханаларда қала  тұрғындарына көрсетілетін  медициналық кызметтер, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуы туралы толық ақпарат әзірлеп, депутаттарға ұсыну туралы тапсырма берілді.

Қалалық білім бөліміне “Сырдария” тынығу лагерінің қауіпсіздік құрылғыларын толықтыру, өрт кезінде демалушыларды құлақтандыру қондырғысын орнату, ал төтенше жағдайлар басқармасына осы жұмыстардың атқарылуына бақылау жасау ұсынылды.

Комиссия мүшелері мен отырысқа қатысушылар мәселелерді толық талқылап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 Үстіміздегі жылдың 13 маусым күні VI шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

 Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне «Қызылорда қаласындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы туралы» мәселесі ұсынылып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Баймаханова Гүлнар Бурханқызы хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының

кезектен тыс ХХVІІ сессиясы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 12 маусымы күні қала әкімдігінің мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІ (жиырма жетінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне 3 мәселе шығарылып, талқыланды.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2018-2020 жылдарға арналған кент және ауылдық   округтер бюджеттері туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №132-20/1 шешіміне тиісті өзгерістер  енгізілді.

Күн тәртібіндегі екінші «Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын бекіту туралы» мәселесі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталу нормалары бекітілді.

Сонымен қатар, қала әкімдігі жанындағы аумақтық кеңестің құрамы бекітілді.

Кезектен тыс ХХVІІ сессиясының күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

Қалалық мәслихаттың кезекті 26 сессиясы өтті

 

Үстіміздегі жылдың 8 маусымы күні ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті 26 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 13 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды. Отырысқа қалалық мәслихаттың кезекті ХХVI сессиясының төрайымы Л.Қожаниязова төрағалық етті.

Сессия жұмысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қала әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері мен аппарат басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мен қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдардарының жауапты мамандары, қалалық қоғамдық кеңес, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласында білім беруді дамытудың              2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан шаралар туралы» мәселесіне орай қалалық білім бөлімінің басшысы А.Нұрсейітов; «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының  2017 жылғы  14 желтоқсандағы №124-19/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханова; «2017 жылға арналған қалалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы»   қалалық қаржы бөлімінің басшысы С.Айменов және облыстық тексеру комиссиясының мүшесі М.Сатлабаев; «Қызылорда қалалық мәслихатының «Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі туралы» қалалық мәслихат депутаты, бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Н.Ахатов; «Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөлігін қайта атау туралы», «Қызылорда қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы», «Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі көшелерге атау беру және қайта атау туралы» қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов;  «Қызылорда қаласының аумағындағы кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы», «Қала әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 ақпандағы № 14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қала әкімі аппаратының басшысы А.Есмаханов; «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы», «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғ.Қарабаев; «Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 54/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Жанұзақов хабарлама жасап, депутаттардың сауалдарына жауаптар берді.

Кезекті 26 сессия отырысында білім беруді дамыту мәселесіне орай қалалық мәслихаттың №2 «Ғарышкер» сайлау округінен сайланған депутат Е.Байтілес қосымша хабарлама жасады. Аталған мәселе бойынша өткізілген депутаттық рейдтер, кездесулер мен тұрақты комиссиялар отырысында жинақталған мәліметтерге талдау жасап, білім саласына жасалған жан-жақты қолдаулар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Елбасы қойған міндеттерді сапалы орындау үшін «2016-2019 жылдарға арналған білім беру бағдарламасын» тиісті деңгейде орындап, қаладағы білім беру ұйымдарының жұмысына жаңа серпін беретін жобаларды жүзеге асыру бағытында құзырлы органдармен бірлесе жұмыс жасауды ұсынды.

Сондай-ақ, Тасбөгет кентіндегі «Күнікей» балабақшасының жылу жүйесін газға ауыстыру және мектептерге жай жөндеу жұмыстарына қажетті материалдарды қажеттілігіне қарай оқу жылы ішінде бөліп беру мүмкіндіктерін қарастыру туралы ұсыныстар берілді.

Сессия шешіміне сәйкес VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып №2 «Ғарышкер» сайлау округінен сайланған депутат Е.Байтілес сайланды.

 Қалалық мәслихаттың кезекті 26 сессияның күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

1 маусым – балаларды қорғау күні.

 

Жаздың бірінші күні – «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі аталып өтеді.

Бұл күні Қызылорда қаласында да жыл сайын кең көлемде мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

VI шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мамыр айының 29-нан бастап, маусым, шілде айларында жалғастырады.

Депутат Т.Мақашов өз сайлау округіне қарасты №43 және №197 орта мектептерінің оқушыларына арнап концерт, түрлі ертегілер мен анимациялық фильмдердің кейіпкерлерімен қойылымдар көрсетті. Әртүрлі ойындар ұйымдастырып, балмұздақтар мен тәттілер таратты.

Мәслихат депутаты Л.Қожаниязова басшылық ететін №23 мектепте 1 маусым күні ұйымдастырылған күндізгі лагердің ашылу шарасында әр түрлі ойындар өткізіліп, балалар ертегілер еліне саяхат жасады.

Депутат Ә.Нақып 29, 31 мамыр, 5, 6 маусым күндері «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында» емделушілерге, «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінде тіркеуде тұрған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде қызмет көрсету бөлімшесінде тіркеудегі науқас балаларға, «Бегім ана» балабақшасының бүлдіршіндеріне,  «№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында»емделуші науқас балаларға қалалық парктегі аттракциондарда тегін қызмет көрсету шараларын ұйымдастырды.

Бұл игі шара маусым-шілде айларының әр сәрсенбі күндері жалғасын тауып, әр аптада 25 баладан «№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» емделуші барлық науқас балаларға  және «Альтаир-Бөбек» қайырымдылық қорынан келген балаларға қалалық парктегі аттракциондарда тегін қызмет көрсету шаралары ұйымдастырылады.

 

 

Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні қаламыздың барлық мектептерінде «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы болып өтті.

Қызылорда қаласы бойынша 2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін 50 мектепті 2 мың 139 оқушы бітірді. Олардың 92-сы «Алтын белгіден», ал 108 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер.

Мерекеге байланысты Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Р.А.Боханова №1 мектеп-гимназиясында өткен жиынға қатысты. Жиын барысында жас түлектер ұстаздар қауымына алғыстарын жеткізіп, бүлдіршіндер аға-әпкелеріне арнап өнер көрсетті.

Сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаттары да өз сайлау округтеріндегі мектептерде өткізілген мерекелік шараларға қатысып, жас түлектерге ақ жол тілеп, құттықтады.

 

 

Қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 

Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні қалалық мәслихаттың «Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты» тұрақты  комиссиясының  отырысы болып өтті.

Отырысқа  комиссия мүшелері - қалалық   мәслихаттың депутаттары, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, мектеп директорлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Комиссия отырысында қазіргі таңдағы білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі – мектептерді күрделі жөндеуден өткізу мәселесі талқыланды.

Комиссия мүшелері хабарламашыларға сұрақ қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 

 

18 мамыр – Сыр өңірінің тумасы, әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің туған күні.

2018 жылғы 18 мамырда әншінің туған күніне орай туған жерінің талантты перзентіне арнап қойған ескерткішінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Ескерткіш Батырханның  музыка өнерінде алғаш қадам басқан орны – Оқушылар сарайының маңындағы саябақта орнатылды.

Мүсіннің келбеті үшін Батырхан Шүкеновтің «Отан-Ана» клипіндегі қолында саксофон ұстап тұрған бейнесі алынған.

Сонымен қатар, аталған саябаққа Батырханның есімі берілді. Енді бұл саябақ әншіні құрметтейтін тұрғындардың демалыс орнына айналатын болады.

Іс-шараға Батырхан Шүкеновтің туған-туысы, достары мен жерлестері, қалалық мәслихаттың депутаттары қатысты.

 

 

Бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті

 

Үстіміздегі жылдың 18 мамыр күні қалалық мәслихаттың «Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі» және «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі»  тұрақты  комиссияларының  бірлескен отырысы болып өтті.

Отырысқа   қалалық   мәслихаттың депутаттары  және  күн тәртібіндегі «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында атқарылып жатқан шаралар туралы»  мәселесіне  қатысты  қалалық білім, қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары, қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы, мектеп директорлары мен инспекторлары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Комиссия отырысында қалалық білім бөлімінің хабарламасынан басқа білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтар мен оның алдын алу шаралары бойынша қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Құдайбергеновтің, сонымен қатар білім беру ұйымдары аумағында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатындағы жол белгілерінің орналасуы бойынша мәлімет беру үшін сөз кезегі қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Құлмағанбетовтің хабарламалары тыңдалды.

Комиссия мүшелері хабарламашыларға сұрақ қойып, қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Қызылорда қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының күн тәртібіне шығарылған мәселе толық талқыланды.

 

 

Депутаттық рейд өтті

 

Қызылорда қалалық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған кезекті сессиясында «Білім беруді дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында атқарылып жатқан шаралар туралы» мәселесі қаралатын болады.

Аталған мәселенің ауқымдылығын ескеріп және сессия жұмысына дайындық шараларын жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында 14 мамыр күні мәслихат депутаттарымен қосымша рейдтік шара өткізілді.

Рейдке қалалық мәслихат депутаттары, мәслихат аппаратының қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің мамандары, қалалық коммуналдық шаруашылығы, жергілікті полиция қызметінің мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Депутаттар рейд барысында қаладағы бірнеше мектептердің және Есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатының, Қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының қазіргі жұмысымен танысып, талап-тілектерін назарға алды. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін нысандардағы мәселелер мен олардың шешілу жолдары бойынша тиісті ұсыныстарды ортаға салды.

 

 

Депутаттар ардагерлерге құрмет көрсетті.

 

Ерен ерліктің үлгісін көрсеткен майдангерлерге Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай құрмет көрсетілуде. Бүгінгі күні қала бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінен 17 ардагер қалған.

Жеңіс күні қарсаңында қалалық мәслихат депутаттары мен қызметкерлері қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесіп, барлық ардагерлердің отбасында болып, сый-құрмет көрсетті.

Алдымен қалалық мәслихат хатшысы бастаған топ соғыс ардагері Б.Құлмановтың шаңырағында болды. Қарт жауынгер майдан даласындағы оқиғалармен бөлісті.

Осылайша депутаттар мен мәслихат қызметкерлері әр майдангердің отбасында болып, Жеңісті жақындатуға атсалысқан жауынгерлердің ақ батасын алды.

 

 

Депутаттар қаладағы білім беру ұйымдарының жағдайымен танысты.

 

Қызылорда қалалық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған кезекті сессиясында «Білім беруді дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында атқарылып жатқан шаралар туралы» мәселесі қаралатын болады.

Аталған мәселенің ауқымдылығын ескеріп және сессия жұмысына дайындық шараларын жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында 3 мамыр күні мәслихат депутаттарымен рейдтік шара өткізілді.

Рейдке қалалық мәслихат депутаттары, мәслихат аппаратының қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің мамандары, қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен жергілікті полиция қызметінің мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Депутаттар рейд барысында қаладағы бірнеше мектептер мен балабақшаларды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысып, талап-тілектерін назарға алды. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін нысандардағы мәселелер мен олардың шешілу жолдары бойынша тиісті ұсыныстарды ортаға салды.

Сонымен қатар, инновациялық технологиямен жұмыс жасап жатқан «Алтын ұя» балабақшасының қазіргі көңіл толтырарлық жағдайымен танысты.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 6 сәуір күні қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі  тұрақты  комиссиясының  отырысы болып өтті.

Отырысқа   қалалық   мәслихаттың депутаттары  және  осы  мәселеге  қатысты  мекеме  басшылары  мен  мамандары, мәдениет үйлері мен клубтар, кітапхана меңгерушілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты. Отырыстың күн тәртібіне 2 мәселе шығарылып, талқыланды.

1. «Қызылорда қаласының рухани-мәдени дамуы, атқарылған жұмыстар және мәдени қызметтің тиімділігін арттыру шаралары туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 29 маусымдағы №91-17/1 шешімінің орындалу барысы туралы.

Хабарламашы - «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы  Қазбекова Мира Жомартқызы.

2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының 2018 жылда әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша есебін тыңдау.

Хабарламашы - «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы.

Қызылорда қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясы отырысының күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

 

 

2018 жылғы 7 сәуірде тазалық айлығы аясында санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда қалалық мәслихаты №43 орта мектебінің ұжымымен бірлесе «Келменбет батыр» саябағында сенбілік жасады.

Сенбілік барысында саябаққа ағаш көшеттері отырғызылып, арықтар тазартылды.

Депутаттардың қамқорлығына алынған саябақта сенбілік жиі өткізіліп, отырғызылған ағаштартың көгеруі бақыланылатын болады.

 

 

Депутаттар «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

 

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде қала әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде бірқатар қала кәсіпкерлері марапатталды. Оның ішінде Қызылорда облысының «Құрмет грамотасын»  иеленген қалалық мәслихат депутаттары Қ.Ерназаров, Б.Ысқақов, И.Ли мен А.Сүйінтаевты ерекше атап өтеміз.

Өздеріңізге мәлім, ағымдағы жылдың 28 ақпанында Титов тұрғын ауданында орналасқан жатақхананың адам тұрмайтын бөлігі құлап, төтенше жағдай орын алған болатын.

Осыған байланысты, төтенше жағдай орын алған уақытта дер кезінде қолдау көрсетіп, демеушілік жасағаны үшін, сондай-ақ қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген қалалық мәслихаттың 4 депутаты бастаған бірқатар құрылыс компаниясының басшылары мен кәсіпкер азаматтарға Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы» табысталды.

Төтенше жағдай барысында қауіпсіз жерге көшірілген 53 отбасыға қалалық мәслихат депутаттары бірлесіп, жатақхана тұрғындарын азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуге барынша қолдау көрсеткен болатын.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХV сессиясы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 6 сәуірі күні қала әкімдігінің мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХV (жиырма бесінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне  1 мәселе шығарылып, «2018-2020 жылдарға арналған кент және ауылдық   округтер бюджеттері туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №132-20/1 шешіміне тиісті өзгерістер  енгізілді.

Сессия отырысын өткізу жөнінде сын-пікірлер болмады.

 

 

Қалалық мәслихатқа жаңадан депутат сайланды

 

 

№5 «Әл-Фараби» сайлау округі бойынша Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Ибраев Нұрболат Балтабайұлы өз өтінішіне сәйкес депутаттықтан босатылған болатын.

«Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық Заңының  14 бабының 10 тармақшасы мен 113 бабының 1 тармағына сәйкес, қалалық сайлау комиссиясының   2018 жылғы 22 қаңтардағы №49/66 Қаулысымен өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған депутаттың орнына 2018 жылғы 25 наурызда сайлау  өткізілген болатын. Сайлау қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының тұрғыны Абдуқаликов Муса Жақыпұлы дауыс беруге қатысқан сайлаушылардан  71,9 % (4666 дауыс) дауысын жинап,  №5 «Әл-Фараби» сайлау округі бойынша Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 24-ші сессиясы отырысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы жаңа депутатты таныстырып, төсбелгі мен куәлікті тапсырды.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХІV сессиясы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 4 сәуірі күні қала әкімдігінің мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV (жиырма төртінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне 3 мәселе шығарылып, талқыланды.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 124-19/1 шешіміне тиісті өзгерістер  енгізілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық сайлау комиссиясының төрағасы хабарлама жасады. Қалалық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 22 қаңтардағы №49/66 Қаулысымен өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған депутаттың орнына №5 «Әл-Фараби» сайлау округінен сайланған депутат М.Абдуқалықовты таныстырып, төсбелгі мен куәлік тапсырды.

Сонымен қатар, қала әкімдігінің құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамы бекітілді.

Кезектен тыс ХХІV сессиясының күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өтті.

 

2018 жылдың 2 cәуір күні Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов және Мұрат Бахтиярұлымен кездесті.

Сенат депутаттарымен кездесуді қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова ашып, жүргізді. Сонымен қатар, кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, кент және ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінен туындайтын елдің әлеуетін арттыру бағытындағы міндеттер туралы кеңінен талқыланып, Сенат депутаттары көптің көңілінде жүрген бірқатар мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

 Елдің әлеуметтік ахуалын жақсартуды көздейтін Президенттің бес бастамасының жүзеге асырылу барысы бойынша аймағымызға арнайы іссапармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев келіп, бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандарды аралап, Үкімет мүшелерімен бірге облыс активі, атқарушы билік өкілдері және кәсіпкерлер мен әлеуметтік сала қызметкерлерінің басын қосқан кездесу жиындарын өткізді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бастаған бірқатар мәжіліс депутаттары да қаламызда бірқатар кездесулер өткізген болатын.

Алдағы уақытта да Елбасының халық үшін қолға алған барлық бастамалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған салмақты саясатын Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттық корпусы қолдап, атқарушы билік, қоғамдық ұйымдармен бірлесе табысты үлес қоса беретін болады.

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары мен депутаттары кездесу өткізді.

 

Үстіміздегі жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бастаған депутаттар қала активімен және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Жиында Елбасының «5 әлеуметтік бастамасын» жүзеге асырудың тетіктері түсіндірілді.

Бес бастаманың біріншісінде тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделген. «7-20-25» бағдарламасында несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан жоғары болмайды. Егер банктер бүгінде алғашқы жарнаның 30, кейде 50 пайызын талап етсе, осы бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20 пайыздан аспайды. Ай сайынғы төлемді азайту үшін несие мерзімі  25 жылға ұзартылған.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан Мәжіліс депутаттары К.Абсатиров, Б.Кесебаева, Н.Жұмаділдаева, А.Ералиев бастаманың басқа да тиімді тұстарын тілге тиек етті.

В.Божко «Қараөзек» компрессорлық станциядан бастау алатын газдандыру жұмыстары әрі қосымша жұмыс орындарын ашуға, әрі экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беретіндігін алға тартты.

 

 

Депутаттар «Наурыз» мерекесіне қатысты.

 

Ұлтымыздың ұлық мейрамы - Наурыз мерекесін Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары атап өтуге белсене араласты.

Мерекеге орай қалада және қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде ұйымдастырылған іс-шараларға қалалық мәслихат депутаттары да қатысты.

 «Қызылора электр тораптарын тарату компаниясы» АҚ басқарма бастығы, қалалық мәслихат депутаты М.Кәрімбаев мекеме алаңында киіз үй тігіп, наурыз көже пісіріп, ұлттық ойындар ойнатып, керемет көңіл сыйлады.

Сонымен қатар, «Жабдықтау» ЖШС-ң директоры, қалалық мәслихат депутаты А.Сүйінтаев Ақсуат ауылдық округінде, «Бақ Береке 2030» ЖШС-ң директоры, қалалық мәслихат депутаты Қ.Ерназаров Талсуат және Қызылөзек ауылдық округтерінде Наурыз мерекесін өз дәрежесіне сай атап өтеуге қолдау көрсетті. Талсуат ауылдық округінде ұйымдастырылған мерекелік шараға қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова мен қалалық мәслихат депутаты Ш.Әбдірахманов та қатысып, тұрғындарды құттықтады.

 Сондай-ақ, аталған мерекені тойлауды облыстық медицина орталығының басшысы, қалалық мәслихат депутаты С.Пазилов және «Ақтоған» ЖШС-ң директоры, қалалық мәслихат депутаты Қ.Орынбасарұлы да жалғастырып, айтулы мерекені өздері басқарып отырған мекемелер  аумағында атап өтті.

 Орталық алаңда өткен мерекелік тойға қатысқан аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Алаңда Астананың 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында қала тұрғындарына арналған тақырыптық бағыттары бекітілген Шығыс жұлдызы», «Рухани жаңғыру», «Астана қаласына 20 жыл, Қызылорда қаласына 200 жыл» және т.б. киіз үйлер тігілді. Мұнда келген қонақтар тәтті тағамдардан дәм татып, қызықты ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады.

 

 

Қалалық мәслихат хатшысы марапатталды.

Республикалық «Біздің депутат» қоғамдық-саяси газетінің 2017 жылы республика бойынша мәслихаттардың атқарған жұмыстарын назарға алып, жүргізген талдауы барысында Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Роза Аяғанқызы «Үздік қалалық мәслихат хатшысы» атанған болатын.

Осыған сәйкес, барлық деңгейдегі депутаттардың өмірі мен қызметін насихаттап келе жатқан «Депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі Сегізбаева Эльмира Үсенқызы Қызылорда қаласына арнайы іс-сапармен келіп, «Үздік мәслихат хатшысы» төсбелгісін табыстады.

Сонымен қатар, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлына Қазақстан Республикасы салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Кәсіподағы ұйымының «Еңбек даңқы» төсбелгісін тапсырды.

Ал, жоғарыда аталған талдау қорытындысымен мәслихат депутаттары арасында топ жарған №13 «Шұғыла» сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты С.Бихожаева «Үздік қалалық мәслихат депутаты» төсбелгісімен марапатталды.

Төсбелгі иелерін құттықтаған қалалық мәслихат депутаттары жылы лебіздерін білдірді.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының

кезекті ХХІІІ сессиясы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 16 наурызы күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті ХХІІІ (жиырма үшінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 6 мәселе шығарылып, талқыланды.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші «Қызылорда қаласының энергетикалық әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы» мәселесі бойынша қала әкімінің орынбасары А.Шәменовтің баяндамасы тыңдалды.  №8 «Мерей» сайлау округінен сайланған депутат М.Кәрімбаев қосымша хабарлама жасап, көтерілген мәселе бойынша ұсыныстарды ортаға салды.

Күн тәртібіндегі екінші «Қызылорда қаласында шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы  №19-4/1 шешімінің орындалу барысы туралы» мәселесі бойынша қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж.Сейілов хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, қосымша хабарлама жасаған қалалық мәслихат депутаты Ғ.Жақсылықов мәслихаттың «Атамекен» облыстық кәсіпкерлік палатасымен бірігіп бекіткен кент және ауылдық округ әкімдерінің елді-мекендерде кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарған жұмыстарының қоғамдық рейтингін анықтау туралы ережесін таныстырды.

Сонымен қатар, «Қызылорда қаласы бойынша көктемгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу барысы туралы» мәселесі тыңдалып, Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық басқару схемасы және Қызылорда қалалық мәслихатының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілді, VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы сайланды.

 

 

Депутаттар рейдке шықты

 

VI шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының жұмыс жоспарында кезекті сессияның негізгі мәселесі ретінде қаланың энергетикалық әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар талқыланатын болады.

Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың 14 наурызында мәслихат депутаттары рейдке шығып, «Сабалақ» саяжайындағы тұрғындармен кездесіп, саяжайдың электр қуатымен қамтамасыз етілу жағдайымен танысты.

Тасбөгет кентіне қарасты «Сабалақ» саяжайында барлығы 12 подстанция орнатылған. 2017 жылы «Сырдария» лагері аумағына жаңадан 92 электр бағаны орнатылып, электр желісі жүргізілді және 2 подстанция қойылды.

Қалалық мәслихат депутаттары тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды зерделеп, энергетика саласында атқарылып жатқан жұмыстардың бақылауда болатынын жеткізді.

 

 

Депутаттар қаладағы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша атқарылған жұмыстарды назарға алды.

 

Ерекше атап өтетін жағдай – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарының маңыздылығын ескеріп, 2016 жылы VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының сессиясында жоспарлы бірінші мәселе болып қалада шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы қаралған болатын.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 13 наурызында депутаттар кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстармен танысу мақсатында рейдке шығып, бірнеше нысанды аралады.

Депутаттар назарға алған алғашқы нысан – ет және ет өнімдерін өңдеумен айналысатын «Ақмар и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болды. Қуаттылығы тәулігіне 1,5 тонна ет өнімдерін өңдейтін орталық 12 азаматты жұмыспен қамтуда. Алдағы уақытта серіктестік жоспары бойынша мал бордақылау, жем-шөп дайындау, нан өнімдерін шығару цехы іске қосылса, 35 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Бұдан кейін депутаттар жеке кәсіпкерлер М.Әуезовтың шаруа қожалығының жұмысымен және рейд соңында Д.Байділдаевтың жылыжай кешенінде болып, жұмыс барысымен танысты.

Қалалық мәслихат депутаттары зерделенген мәселелер бойынша өз ұсыныстарын ортаға салып, кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстардың әлі де қалалық мәслихаттың бақылауында болатынын жеткізді.

 

 

Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті.

 

Үстіміздегі жылдың 13 наурыз күні VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы болып өтті.

Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне «Қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылға арналған бюджетті тиімді, нысаналы атқарылуы жөніндегі есебін, сонымен қатар 2018 жылға арналған жоспарын тыңдау туралы» және  «Қалалық кірістер басқармасының 2018 жылға жоспарланған салықтың кіріс бөлігінің орындалуы туралы» мәселелері ұсынылып, қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Құлмағанбетов Талғат Бекмырзаұлы хабарлама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

2017 жылы қала көшелеріне жол жөндеу, елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коммуналдық шаруашылықты дамыту т.б. жұмыстарына облыстық және қала бюджеттен 2 978 565 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде: 1 көшеге күрделі жөндеу, 57 көшеге орташа жол жөндеу, 4 көшеге тас жол құрылысын жүргізу, 51 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2018 жылға елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мақсатында 91 302 мың теңге бөлінді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық кірістер басқарма басшысының орынбасары Амангелдиев Нұрлыбек Амангелдіұлының хабарламасы тыңдалып, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, жан-жақты талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

 

 

Нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында облыс, қала әкімдері аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлес қосып жүрген әйел-аналарды, ардақты апаларды құттықтап, мерекелік жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаттары 6-шы шақырылымдағы нәзік жанды халық қалаулылары мен қалалық мәслихат аппаратының қыз-келіншектерін арнайы құттықтап, ерекше құрмет көрсетті.

 

 

Қалалық мәслихат депутаттары қайырымдылық көмек көрсетті.

 

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қызылорда қаласы, Титов қыстағында орналасқан апаттық жағдайда емес жатақхананың тұрғындар қоныстанбаған  бөлігі құлаған болатын.

Қалалық мәслихат депутаттары бұл оқиғаға бейжай қарамай, тұрғындардың жай-күйімен танысу мақсатында бірқатар отбасын аралап, қолдау білдірді.

Сонымен қатар, уақытша көшірілген 53 отбасының барлығын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қайырымдылық көмек көрсетті.

 

 

Қызылорда қаласының энергетикалық әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы мәселесіне орай өткізілген мәжіліс туралы

 

  Энергетика мәселесінің маңыздылығын ескере отырып,  қалалық мәслихат осы мәселені наурыз айындағы сессия қарауына шығарып отыр.

Осыған орай, үстіміздегі жылдың 2 наурызы күні «Қызылорда электр тораптарын тарату компаниясы» АҚ-да Қызылорда қаласының энергетикалық әлеуетін арттыру мәселесіне арналған мәжіліс өткізілді.

Отырысқа қала әкімінің орынбасары А.Шәменов, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Т.Бадаев, қалалық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, коммуналдық мекеме басшылары қатысты.

Мәжілісті ашып, жүргізген қалалық мәслихат хатшысы  Роза Боханова  салада атқарылып отырған шараларға тоқталды.

Сонымен қатар, «Қызылорда электр тораптарын тарату компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма бастығы, қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттың   тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мұхиджан Кәрімбаев Қызылорда қаласының энергетикалық әлеуетін арттыру бағытында атқарылып отырған шаралар және  алдағы жоспарлар мен өзекті мәселелер тақырыбында хабарлама жасады.

«Қызылорда электр тораптарын тарату компаниясы» АҚ - ның бөлім басшылары «Электр энергиясын тұтынуды  автоматты бақылау жүйесі»  жобасымен таныстырды.

Күн тәртібіндегі мәселені талқылау барысында бірқатар мекеме басшыларына энергетика мәселесіне қатысты сауалдар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Жиын барысында көтерілген ұсыныстар қалалық мәслихат сессиясында қаралатын болады.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 2 наурызы күні қала әкімдігінің мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ (жиырма екінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне  1 мәселе шығарылып, «2018-2020 жылдарға арналған кент және ауылдық   округтер бюджеттері туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №132-20/1 шешіміне тиісті өзгерістер  енгізілді.

Сессия отырысын өткізу жөнінде сын-пікірлер болмады.

 

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 20 ақпаны күні қала әкімдігінің мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ (жиырма бірінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне 3 мәселе шығарылып, талқыланды.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 124-19/1 шешіміне тиісті өзгерістер  енгізілді.

Сонымен қатар, қала әкімдігінің дербес құрамы мен қалалық Қоғамдық кеңес құрамына енгізілген өзгерістер мақұлданды

Кезектен тыс ХХІ сессиясының күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы республика бойынша «Үздік қалалық мәслихат хатшысы» атанды

 

Республикалық «Біздің депутат» қоғамдық-саяси газетінің 2017 жылы жүргізген талдау қорытындысы бойынша Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы «Үздік қалалық мәслихат хатшысы» атанды.

Талдау барысында республика бойынша қалалық мәслихаттардың атқарған жұмыстары назарға алынып, қосымша ғаламторлық зерттеулер жүргізілген. Нәтижесімен республика бойынша бір қалалық, бір облыстық мәслихат хатшысы үздік деп танылған.

Роза Аяғанқызының бұған дейінгі мемлекеттік қызметтегі еңбегі   ескеріліп 2016 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен   марапатталып, 2017 жыл «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атағы  берілген.

 

 

Цифрлы экономика – келешек кілті.

 

Әрбір Жолдау – Қазақстанды дамытуға арналған қадамның қозғаушы күші. Мемлекет басшысы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында бүгінгі күнгі өте маңызды он саланы атап көрсетті.

Бұл салалар елдің одан әрі дамуы үшін әбден ой талқысынан өтіп, уақыт тезімен түзелген нақты қадамдар. Ендігі міндет елімізде индустрияландыру, өндіріске жаңа технологияларды енгізу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капиталды жаңғырту, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» қалыптастыру бағытында   ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру.

Мемлекет басшысы еліміз   индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін цифрлы технологияны жетік меңгеру – басты міндет екенін ерекше атап өтті. Мәселен, электронды қызмет көрсетуді жетілдірудегі негізгі мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету. Ел онлайн қызметті пайдалану арқылы уақыт үнемдейді. Қарапайым ғана мысал, қазірдің өзінде интернетке қосылған компьютер, смартфонның   көмегімен теміржол, әуебилеттерін сатып алу, коммуналды төлемдерді, қаржы аударымдарын электронды түрде төлем жасау кеңінен қолданыста.   Тұрғын үй алу үшін қажетті құжаттарды, оқуға, жұмысқа тұруға қажетті анықтамаларды Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ үйде, жұмыста отырып алуға және тиісті мекемеге онлайн тапсыруға мүмкіндіктер жасалуда. Мұның барлығы халықтың күнделікті тіршілігіне өте қажет. Ең бастысы, қызмет көрсету сапасы артады. Осылайша, цифрлы технология өмірдің ажырамас бөлігіне айналуда. Қашықтықтан білім алу, электронды кітап оқу, емханаға бармай-ақ дәрігердің қабылдауына жазылу, қажетті тауарға үйден шықпай-ақ тапсыру беру – цифрлы экономиканы дамытудың кілті. Бұл бағытта, біз әлі де болса, халыққа цифрлы қызмет көрсетудің тетіктерін жетік түсіндіруіміз қажет деп санаймын.

Сонымен қатар, биылғы жолдауда мемлекет басшысы  құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізуді ұсынды. Коммуналдық саланың маманы ретінде бұл мәселені үлкен ризашылықпен қабылдадым. Соңғы уақытта, елімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қызылорда қаласында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі  бірнеше есеге артқаны баршамызға мәлім. Жолдауда атап көрсетілгендей қаламызда салынатын  үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау алдағы уақыттың еншісінде деп білемін.

 

Қалалық мәслихат хатшысы

Боханова Роза

№1 Қызылжарма сайлау округінен сайланған депутат Ғ.Жақсылықов жеке қабылдау өткізді.

 

Ағымдағы жылдың  11-12 қаңтар күндері №1 Қызылжарма сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Ғ.Жақсылыов Қосшыңырау, Қызылжарма және Қарауылтөбе ауылдық округ тұрғындарымен қабылдау өткізді.  Қоғамдық қабылдауға сала бойынша мекеме мамандары қатысты.

Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындары ауылдық жерлердегі электр кернеулерінің төмендігі мен қосалқы стансасын жаңадан ауыстыру, ауыл ішілік көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, аяқ су, ауыз сумен қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің өздеріне белгіленген бағыттарын толық қамтымайтындығын айтып, ауылды дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді.

 Жеке қабылдау барысында Қосшыңырау және Қарауылтөбе ауылдық округтерін табиғи қамтамасыз ету және Қарауылтөбе мен Қызылжарма ауылдық округтерінің арасындағы Сара Байсейітова көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі көтерілді.

 Ауыл тұрғындары қабылдау барысында елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың да проблемаларын көтерді. Мысалы, Досан ауылында 2008 жылы салынған медициналық пункттің авариялық жағдайда тұрғаны және осы мәселеге қаржы бөлінуіне ықпал етуді сұралды.

 Қабылдауға келген 30-дан аса тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған депутат Ғ.Жақсылықов айтылған ұсыныстар назарға алынып, мәселелердің заң аясында оң шешімінің табылуына жұмыстар жасалып, тиесілі мекемелерге жеткізілетіндігін айтты.

Депутаттар мемлекеттік марапаттарға ие болды.

 

2017 жылдың қортындысымен өңіріміздің әлеуметтік экономикалық дамуындағы елеулі еңбектері ескеріліп, алтыншы шақырылымдағы Қызылорда қалалық мәслихат депутаттарының мәртебелері асқақтады. Мемлекет басшысының Жарлығымен депутат М. Кәрімбаев, И.Ли «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» және құрылысшы депутаттар Б.Ысқақов, Қ.Ерназаров, И. Ли «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атанды. Құрмет биігіне көтерілген депутаттарымыз алдағы уақытта да сенім үдесінен шыға бермек.