Мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қалалық мәслихаты

Қызылорда қалалық мәслихатының сайтына қош келдіңіз!

Мемлекеттік рәміздер

KZ

RU

Жаңалықтар

 

Қызылордада «Алтын күз» жәрмеңкесі өтті.

 

Жыл сайынғы дәстүрлі «Алтын күз» жәрмеңкесі қаламызда биыл 27 қазан күні өтті.

Жеті аудан мен қалаға қарасты ауылдық округтерден әкелінген әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер нарық бағасынан арзан бағамен сатылды.

Берекелі мерекені аралап, көрген облыс әкімі Қ.Көшербаев Сыр диханшыларын кезекті жылды табысты қорытындылауымен құттықтады. Аталған шараға қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова да қатысты.

 

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс XVII сессиясы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 27 қазаны күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында VІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІ (он жетінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова,  депутаттар, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 9 мәселе шығарылып, талқыланды.

          Сессияның күн тәртібіндегі бірінші «Қызылорда қаласы әкімінің есебі туралы» мәселесі бойынша қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы хабарлама жасап, Қызылорда қаласында биылғы жылдың 10 айының өзінде жүзеге асқан ауқымды жобалар мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тоқталды. Сонымен қатар, жыл басынан бері қалалық мәслихат депутаттары тарапынан ұсынылған депутаттық сауалдардың орындалу барысы жайлы айтып өтті.

Аталған мәселе бойынша қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қ.Ерназаров қосымша хабарлама жасап, барлық салада кешенді дамып келе жатқан аймағымыздың оң істері туралы айта келіп, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды  одан әрі жалғастыруды ұсынды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 49-9/1 шешіміне өзгерістер енгізілді.

«Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы»,   «Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтер мен кенттердің көшелеріне атау беру туралы» мәселелері бойынша   Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізілді.

Сонымен қатар, «Жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер беру туралы», «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы», «Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» №106-16/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қызылорда қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекіту туралы» және «Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

Қызылорда қала күні мерекесі тойланды.

 

Биылғы жылы Қызылорда қаласының күні мерекесі «Келбеті көркем, келешегі кемел Қызылорда» деген атаумен, үстіміздегі жылдың 18-23 қыркүйек аралығында өтуде.

 Бір  апта көлеміне   жоспарланған мерекелік шаралардың өтуіне қалалық мәслихат депутаттары да үлес қосуда.

 Атап айтқанда, «Мерейлі мереке» күні болып белгіленген 18 қыркүйекте «Сыр сүлейлері» аллеясында «Қымыз, шұбат», «Қауын – қарбыз», «Бауырсақ» фестивалдері және «Аспаздар сайысы» атты аспазшылар байқауы ұйымдастырылып, онда жергілікті кәсіпкерлердің ең сапалы өнімдері көпшіліктің назарына ұсынды.

 Сондай-ақ, «Білімді ұрпақ – ұраным» болып бекітілген 19 қыркүйек күні орталық алаңда «Шеберлер ауылы» этноауыл көрмесі, «Балаға мейірімді қала» жас суретшілер байқауы, «Жас ұлан» атты бірнеше спорт түрлерінен оқушылар арасында спорттық сайыстар, «Сүйкімді бүлдіршін - 2017» байқауы, «Сүйікті қалама-199 жыл» мектеп оқушыларының флешмобы ұйымдастырылды.

   20 қыркүйек «Жүрек жылуы» күні ретінде белгіленіп,  бұл күн қайырымдылық шараларға арналды. Бұл күні қалалық мәслихат депутататтары орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өткен іс-шараға қатысып, қайырымдылық көмектер жасады.

Сонымен қатар, бұл күні орталық алаңда алғаш рет Қызылорда қаласының 199 жылдығына арналған «Тәтті тарту» атты көлемі 199 см торт және тәтті тоқаштар мүмкіндігі шектеулі балаларға таратылып, «Жомарт жүрек» акциясы аясында қалалық мәдениет және демалыс паркіндегі ойын-сауық атракциондары тегін қызмет көрсетті. Сонымен қатар, қала аумағындағы   қызмет көрсететін барлық қоғамдық көліктер «Қызылорданың тартуы» атты акция аясында бір күн тегін қызмет көрсетті. Қоғамдық көліктердің тегін қызмет көрсетуіне «Автобус паркі» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты Ә.Нақып басшылық жасап, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлауға үлкен үлес қосты.

 

 

Қалалық мәслихаттың кезекті 16 сессиясы өтті

 

Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегі күні ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті 16 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді алдын-ала талқылау мақсатында 19 қыркүйек күні қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өткізілді. Аталған отырыстың күн тәртібіне кезекті 16 сессияда қаралатын 5 мәселе  талқыланды.   Отырысқа қалалық мәслихатының кезекті ХVI сессиясының төрағасы Ә. Мампаев төрағалық етті.

Сессия жұмысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қала әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері мен аппарат басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мен қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және бүгінгі қаралатын мәселелерге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдардарының жауапты мамандары, ауыл шаруашылық, спорт саласының өкілдері,  қалалық қоғамдық кеңес, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Күн тәртібіндегі «Қызылорда  қаласында ауыл шаруашылығын  дамыту мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы» мәселесіне орай Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары  А.Шәменов, «Қызылорда қаласында бұқаралық спортты дамытудың барысы туралы” «Қызылорда  қалалық  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. Жаманқұл,   “Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылдың 22 қыркүйектегі кезекті VІІ сессиясында қабылданған «Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы»  № 31-7/1 шешімінің орындалу барысы туралы»   Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы Е. Құдайбергенов, «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы” Қызылорда  қалалық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Г. Рахметова хабарлама жасап, депутаттардың сауалдарына жауаптар берді.

Кезекті 16 сессия отырысында ауыл шаруашылығы мәселесіне орай қалалық мәслихаттың №18 “Наурыз” сайлау округінен сайланған депутат А.Сүйінтаев қосымша хабарлама жасап, қалада жаңадан құрылған ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтеріне әдістемелік, құқықтық қолдау көрсету, қала бойынша төрт-түлік мал басының жайылымдық жерлермен қамтылу жағдайына талдау жасап,  жайылымдық жерлерді кеңейту бойынша нақты шаралар қабылдау, ішкі нарықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қалада   жылыжай шаруашылығын  және жеміс-жидек,   көкөніс, бақша,  өнімдерін өндіруге, құс шаруашылығы дамытуға аса мән беруді ұсынды.

Сондай-ақ, қалада бұқаралық спортты дамыту мәселесіне орай, қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының фракция жетекшісі Ш.Әбдірахманов қалалық деңгейде спорт ғимараттарының жоқтығы туралы, №7 «Ақмешіт» сайлау округінен сайланған депутат Қ.Ерназаров ауылдарда спорт алаңдарын салуға мүмкіндік қарастыру туралы ұсыныстар берді.

Сессия шешіміне сәйкес VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып №1 «Қызылжарма» сайлау округінен сайланған депутат Ғ.Жақсылықов сайланды.

 Қалалық мәслихаттың кезекті 16 сессияның күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

Қалалық мәслихат депутаттары EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуіне үлес қосты.

 

2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйек аралығында «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өткен EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қалалық мәслихат депуататтары қатысып, көрменің жоғары дәрежеде өтуіне үлес қосты.

 Қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова көрме аясында 2017 жылдың 31 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында өткен «Әйелдер болашақ энергиясын қолдайды» халықаралық форумының делегаты ретінде қатысса, қалалық мәслихат депутаты, облыстық филормония директоры Т.Мақашов көрме аясында өткен Астанадағы Қызылорда облысының мәдени күндерінде Сыр өңірі өнерпаздарының мерекелік концерттік шараларының басты ұйымдастырушысы болды.

Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаты, облыстық медицина орталығының директоры С.Пазилов, қалалық мәслихат депутаты «Қызылорда электр тораптарын тарату компаниясы» АҚ басқарма төрағасы М.Кәрімбаев өзі басшылық ететін ұжымындағы 300-ден аса қызметкерлердің EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауына мүмкіндік жасады.

 «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді.     1939 жылы Нью Иоркте өткен әлемдік көрмеде Рузвельттің телеэкраны пайда болып, жиналғандарды таң қалдыруымен әлемде телевидение өрістей бастады. Ал Эдисонның фонографы үшінші Париж көрмесінде танымал болып кетті.

 ЭКСПО-ны өткізу тарихына қарасақ, үлкен көрмелердің құрметіне әр ел өзінің техникалық мүмкіндігін паш ету үшін сәулет туындыларын салуға тырысқан. Мысалы, алғашқы  ЭКСПО-да Лондонда Хрусталь сарайы салынған болса, Парижде Эйфель мұнарасы, Брюссельде Атомиум, Монреальда Хабибат деген ерекше тұрғын үй кешені тұрғызылған.

 

 

Тұрақты комиссия отырысында   жастардың кәсіптік, техникалық мамандықтарды игеру мәселесі талқыланды.

 

Үстіміздегі жылдың 8 қыркүйегі күні Қызылорда қызмет көрсету және сервис  колледжінде Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау және әлеуметтік қолдау жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиынға қалалық мәслихат депутаттары, облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшылары мен жауапты мамандары, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Отырысқа комиссия төрағасы Қ.Ерназаров төрағалық етті.

Тұрақты комиссия отырысы   жастардың кәсіптік, техникалық мамандықтарды игеруі мәселесіне арналды. Кездесу барысында жастарға кәсіптік, техникалық білім беру мәселелері  талқыланып, осы мәселеге қатысты ұсыныстар тыңдалды.

Бүгінде жастардың кәсіптік-техникалық мамандық алуына ықпал ету, оларды жұмыспен қамту мен адал еңбекке ынталандырудың жолын табу – мемлекет үшін аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Жастардың жұмысшы мамандығын игеруі - кадр тапшылығын туындатқан мәселелерді шешуге, индустриалды-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыруға, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізбек.

Жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар еліміздің дамуына зор үлес қосатыны анық. Сондықтан, жұмысшы мамандығын игеру – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

Күн тәртібіндегі  мәселеге орай, облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Б.Есенбаев жастарға кәсіптік-техникалық білім беру туралы, қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы А.Жүсіпова  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына»  сәйкес жастарға жасалып отырған мүмкіндіктер туралы хабарлама жасап, отырысқа қатысушылардың сауалдарына жауаптар берді.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, қалалық мәслихатының құқық қорғау және әлеуметтік қолдау жөніндегі тұрақты комиссиясы   қалалық білім бөліміне мектеп оқушыларының кәсіптік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, облыстық білім басқармасына облыс  бойынша  кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындары дайындайтын мамандықтарды жастар арасында насихаттау, қалалық ішкі саясат бөліміне жұмысшы мамандықтарын насихаттау, қарапайым еңбек адамдарының өмірін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауды ұсынды.

 

 

Қызылордада  энергетиктердің республикалық оқу-жаттығуы өтуде

 

Қызылордада аймақтық энергетикалық компаниялардың (АЭК) жедел-жөндеу қызметкерлерінің кезекті республикалық кәсіби-техникалық оқу-жаттығуы 2017 жылдың 6-7 қыркүйегі аралығында өтуде.

Аталған іс-шара «Қызылорда электр тораптарын тарату компаниясы» АҚ басқарма төрағасы,  №8 «Мерей» сайлау округінен сайланған депутат, қалалық мәслихаттың тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Кәрімбаевтың жетекшілігімен ұйымдастырылуда.

Шараға Қазақстанның 10 облысынан командалар қатысуда.   Электр тарату тораптары оперативтік-жөндеу бригадалары арасындағы республикалық кәсіби жарыс жыл сайын ҚР-ның әр аймақтарында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

  Сайыс қорытындысы бойынша  жеңіс тұғырынан көрінгендер автокөлікке ие болады.

 

 

Депутаттар қаланың жылу маусымына дайындық шараларын назарға алды.

 

Алтыншы шақырылған  Қызылорда  қалалық  мәслихатының депутаттары Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындық жұмыстарымен танысу мақсатында 2017 жылдың 24 тамызында рейдке шығып, бірнеше нысанды аралады.

Депутаттар назарға алған алғашқы нысан, ауыз су жүйелерін қайта жыңғырту шаралары болды. Қалада «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 28 жоба бойынша ұзындығы 57,0 шақырымды   ауыз су және кәріз жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүруде.

 Сондай-ақ, қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 654 көпқабатты тұрғын үйлер мен 372 жеке тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындық жұмыстары да ұйымдастырылуда. Оның ішінде 75 көпқатты тұрғын үйлер иелері иесіз, яғни пәтер иелері копперативтері құрамында жоқ.  Жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұл тұрғын үйлермен тиісті жұмыстар атқарылуда.

 Депутаттар тоқтаған келесі нысан Амангелді 109 мекен жайда орналасқан 120 пәтерлі тұрғын үйді  қайта жаңғырту жұмыстары болды.  Тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары қайтарымды қаражат есебінен жүруде.  Бүгінде аталған көп қабаты үйдің шатыры жөнделіп, өжіресі судан тазартылып, қайта сылап әктеу жұмыстары қарқынды жүруде.

Қалалық мәслихат депутаттары жылу маусымына дайындық шараларын көріп шығып,  қалалық  мәслихаты  тұрақты комиссияларының  және   қала әкімдігі жанындағы қысқы маусымға дайындық жөніндегі штабының бірлескен отырысын өткізді.

Жиында Қызылорда жылу электр орталығының мамандары    тұрғындардың жылуға қарызы жөнінде мәлімет беріп, кәсіпорын тарапынан қарыздарды қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жиын соңында қалалық мәслихат депутаттары өздері сайланған округтер бойынша жылу мәселелесіне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салып, коммуналдық сала өкілдеріне ұсыныстарын жеткізді.

Мәжілісті қорытындылай келе, жылу маусымына дайындық шаралары әлі де қалалық мәслихаттың бақылауында болатыны айтылды.

 

 

«Қызылөзек»  және «Ақжарма» ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер өтті.

 

ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың қыркүйек айында  өткізілетін  кезекті сессияның  күн  тәртібінде «Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы» мәселесін  қарау  жоспарлануда.

Қалалық мәслихат осы мәселеге орай, 2017 жылдың 15 тамызы күні қалаға қарасты Қызылөзек  және Ақжарма ауылдық округтерінде халықпен кездесулер ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты    мемлекет тарапынан   ауылшаруалығын дамытуға көрсетіліп отырған қолдауларды ауылдықтарға түсіндіру, ауылшаруашылығы бағытында кәсіпкерлікпен айналысуға тұрғындарды шақыру және саланы дамыту бойынша ұсыныстар жинақтау болып табылады.

Кездесулерге қалалық мәслихат депутаттары Қ.Ерназаров, Қ.Орынбасарұлы және қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қ.Жүсіпов,  Қызылорда облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Ауыл шаруашылығы» қаржылай қолдау қоры,  «Сыр бойы» кредиттік серіктестігі,  «Бірлік» ауылшаруашылығы кооперативтері қауымдастығы, Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалы өкілдері қатысты.

 Кездесу барысында қаржы ұйымдарының өкілдері ауыл шаруашылығы бағытында жеңілдетілген несиелер алу жолдары, шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың кооперативтерге бірігуі туралы тұрғындарға ақпарат беріп, олардың сауалдарына жауаптар берді.

 Кездесулер алдағы уақытта «Ақсуат», «Қарауылтөбе», «Қосшыңырау» ауылдық округтерінде өткізілетін болады.

 

 

Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы туралы

 

Қызылорда қалалық мәслихатында үстіміздегі жылдың 11 тамызы күні Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму  мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

 Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Б.Нұридинов, Тасбөгет кентінің әкімі П.Шамұратов, Талсуат ауылдық округінің әкімі М.Жаркеткенев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі  «100 нақты қадам» ұлт жоспарының үшінші бағытына сәйкес қолданыстағы салық режимін оңтайландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» мәселесі бойынша қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Б.Нұридиновтың, сонымен қатар «Тасбөгет кенті мен Талсуат ауылдық округі әкімдерінің 2016-2017 жылдарға арналған бюджетті тиімді және мақсатты жұмсалуы жөніндегі есебін тыңдау туралы» мәселесі бойынша Тасбөгет кенті мен Талсуат ауылдық округі әкімдерінің хабарламалары тыңдалып, талқыланды. Отырысқа қатысушылар аталған мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Отырыс соңында  тұрақты комиссияның оң қаулысы қабылданды.

 

 

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

 

Ағымдағы жылдың 8 тамызы күні Қызылорда қалалық мәслихатының мәжіліс залында тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өткізілді.

Отырысқа қалалық мәслихат депутаттары,  осы  мәселеге  қатысты  мекеме, құрылым  басшылары, қоғамдық кеңес төрағасы, қалаға қарасты кент және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі  «Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті 14-ші сессиясында қабылданған №95-14/5 «Қызылорда қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеуге келісім беру туралы» шешімінің орындалу барысы туралы» мәселесі бойынша қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Құлмағанбетовтің хабарламасы, сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаты Ә.Нақыптың пікірі тыңдалып, талқыланды. Отырысқа қатысушылар аталған мәселе бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

 

 

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы туралы

 

Қызылорда қалалық мәслихатында үстіміздегі жылдың 7 тамызы күні Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

 Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімнің басшысы Қ.Абсултанов, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімнің инспекторы Е.Асқаров және жеке меншік жер иелері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде Қызылорда қаласының тұрғындары З.Шектібаева мен М.Абдусаметованың меншіктеріндегі жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарт жобасына келісім беру мәселесі көтеріліп, аталған мәселе бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қ.Абсултанов шарт жобасымен таныстырды.

Отырыс соңында  тұрақты комиссияның оң қаулысы қабылданды.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХV сессиясы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 21 шілдесі күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХҮ (он бесінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Ш.Әбдірахманов, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 4 мәселе шығарылып, талқыланды.

          Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 49-9/1 шешіміне өзгерістер енгізілді.

 Сонымен қатар,  күн тәртібіндегі екінші «Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтің көшелеріне атау беру туралы» мәселесі бойынша қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округінің Ж.Маханбетов ауылындағы № 1 көшені «Ибрагим Дауылбаев» есімімен, № 34 көшені «Сұлтан Мырзабеков» есімімен атау туралы, үшінші мәселе бойынша «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қала әкімдігі жанындағы комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 36-7/6 шешіміне өзгерістер енгізіліп, төртінші мәселе бойынша «Қызылорда  қаласы  бойынша жайылымдарды  басқару және оларды  пайдалану   жөніндегі 2017-2018  жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының                 2017 жылғы 29 маусымдағы  №94-14/4 шешімінің күшін жою туралы шешімдер қабылданды.

 

 

Қалалық мәслихатта үстіміздегі жылдың 18 шілдесі күні Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

 Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері және қала әкімі аппаратының   мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ж.Төлегенов, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімнің басшысы Қ.Абсултанов, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімнің инспекторы Е.Асқаров, қалалық жер қатынастар бөлімінің заңгері А.Асылбеков қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде  азамат Ғ.Әлжановтың меншігіндегі жер телімін мемлекеттік мұқтаж үшін сатып алу туралы шарт жобасына келісім беру мәселесі болды.

 Аталған мәселе бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы Е. Асқаров  сөз алып, шарт жобасымен таныстырды.

Отырыс соңында  тұрақты комиссияның оң қаулысы қабылданды.

 

 

 

«Қызылжарма» ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қағидаға сәйкес, ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өтті.

Қызылжарма ауылдық округі әкімі лауазымына сайлау өткізу жөніндегі отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Роза Аяғанқызы төрағалық етіп, таңдаушылар – қалалық мәслихат депутаттары әкімдікке үміткерлер С.Әбдіқадыров пен Б.Сәрменбаевқа дауыс берді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ғ.Баймырзаев дауыс санау нәтижесінде таңдаушылардың басым дауысына ие болған үміткерді жариялады.

Сайлау барысында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылды.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті ХІҮ сессиясы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 29 маусымы күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті ХІҮ (он төртінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қала әкімінің міндетін атқарушы А.Шәменов, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова,  депутаттар, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мен мамандары, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне  6 мәселе шығарылып, талқыланды.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші «Қызылорда қаласының рухани-мәдени дамуы, атқарылған жұмыстар және мәдени қызметтің тиімділігін арттыру шаралары туралы» мәселесі бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғ.Баймырзаев хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

№9 «Қорқыт ата» сайлау округінен сайланған депутат Ә.Мампаев қосымша хабарлама жасап,  Қызылорда қаласының мәдени-рухани саласын жаңғыртудың 2018-2022 жылдарға арналған бес жылдық тұжырымдамасын қабылдап, кешенді шараларды жүзеге асыру,  үстіміздегі жылдың аяғына дейін тарихи-мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу шараларын толығымен аяқтау,  мәдениет үйлерінің материалдық техникалық базасын нығайту,  ауылдық клубтар  үйірмелерін  қажетті музыкалық аспаптармен толықтыру жолдарын қарастыру, облыс көлемінде өнерлі жастарды қолдау мақсатында ағымдағы жылы құрылған «Жастар» театрының мәдени сапарларын ұйымдастыру шараларын қолға алу, қалада өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шаралардың мазмұнын байыту, қала кітапханаларын компьютерлермен жабдықтау, кітаптарды цифрлық форматқа көшіруге қажетті техникалармен қамтамасыз ету, Қорқыт ата көшесі бойында орналасқан Мұхтар Әуезов ескерткішін лайықты орынға көшіру туралы ұсыныстар білдірді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге №3 «Торайғыров» сайлау округінен сайланған депутат С.Пазилов Сыр елінің  мәдени келбетін айқындайтын  жыраулар мектебін ашу және  жергілікті  ақындардың әдеби ортасын қалыптастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды қарастыру және №19 «Тасбөгет» сайлау округінен сайланған депутат Б.Ысқақов  Қызылорда қаласын Сырдария өзенінің сол жағалауына қарай дамыту, жаңа қала салу барысында «Алаш арыстарына» арналған демалыс орны немесе «Алаш арыстары» ескерткішін орнатудың мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады, тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді делінген. Аталған заңға сәйкес, қалалық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Кәрімбаев комиссияның атқарылған жұмыстары жөнінде баяндады.

«Қызылорда қаласында жерді пайдалану, азаматтарға жер телімдерін беру мәселесі және алдағы жоспарлары туралы», «Қызылорда қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекіту туралы» мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия барысында «Қызылорда қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеуге келісім беру туралы» мәселесі қаралып,  депутаттар Қызылорда қаласы бойынша автобустар мен шағын автобустарда тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін барлық бағыттарда 90 (тоқсан) теңгеге  және 6 жас пен 17 жас аралығындағы балаларға 40 (қырық) теңге көлемінде бекітілуіне келісім берді.

Сонымен қатар депутаттық корпус 70 жастан асқан зейнеткерлерге 50 пайыздық жеңілдік қарастыруды және өзге де әлеуметтік аз қамтылған топтарға  (мүмкіндігі шектеулі азаматтар, студенттер) жеңілдіктер болуын және қоғамдық көліктердегі  қызмет көрсету сапасын жоғарылату, «айлық жолақы билеті» (проездной) жүйесін қаладағы көліктердің барлық бағыттарына енгізуді бойынша нақты шаралар қабылдауды ұсынды.

Сессияның күн тәртібіндегі 6-шы мәселе бойынша VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып, №9 «Қорқыт ата» сайлау округінен сайланған депутат Ә.Мәмпаев  сайланды.

Сессия отырысынан кейін, депутаттар Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын тыңдады.

Қалалық  сайлау комиссиясының мәліметі бойынша  Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі лауазымына 2 үміткер тіркелген. Кандидаттардың ұлты – қазақ, білімдері жоғары. 2017 жылдың 4 шілдесі күні өтетін Қызылжарма ауылдық округі әкімінің сайлауында ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары  үміткерлерге таңдау жасайтын болады.

 

 

Қалалық мәслихат хатшысы журналистерді қабылдап, құттықтады.

 

«Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай үстіміздегі жылдың 23 маусымы күні Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтап, Қызылорда қаласындағы ортақ мәселелерге орай ұсыныс айтуға шақырды. Кездесуге қалалық мәслихатпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жүрген «Ақмешіт ақшамы», «Ел тілегі», «Ақмешіт апталығы», «Сыр дидары», «Кызылорда таймс» газеттерінің бас редакторлары мен тілшілері қатысты.

 Тәуелсіздік жылдары ішінде бұқаралық ақпарат құралдары қоғамда тұрақтылықтың сақталуына үлес қосып, небір қиын-қыстау кезеңдерде  ұлт ұйытқысы, адам тағдырының жанашыры, халық пен билік арасындағы алтын көпір бола білді.

Қазіргі таңда халық асыға күтіп, оқитын газеттеріміз баршылық. Мәселен, қалалық мәслихаттың депутаты Сәрсенкүл Бәйдешқызының жетекшілімен шығатын, тақырыптарымен, сараптамалық материалдарымен ерекшеленіп тұратын «Ақмешіт ақшамы» газеті жоғары сұранысқа ие газеттердің бірі. Биыл аталған басылымның 20 жылдық мерейтойы аталып өтілуде.

Сонымен қатар, өзінің басты мақсатын халықпен тығыз байланыста болу деп білетін «Ел тілегі» газеті де бүгінде халық пен биліктің арасын жалғап, көптің ықыласына бөленіп келеді. Қызылорда қаласының күнделікті өмірінде орын алып жатқан оқиғалар мен тың бастамаларды,  тұщымды ақпараттарды бұқараға кәсіби тұрғыда жеткізуде «Ел тілегі» газетінің ұжымы үздіксіз еңбек етіп келеді.

Туындыларының өзіндік сарыны бар, қаламгер ретінде ерекше шеберлігін, көп жылдық тәжірибесін танытып жүрген, он жылға жуық уақыт тек облыс көлемінде ғана емес республика аумағына да тарайтын «Сыр дидары» газеті ұжымының еңбегі қандай құрметке болса да лайық.

Достық пен бірліктің насихатшысы болған «Кызылорда таймс» газеті 1994 жылдан бастап қаланың тыныс-тіршілігін орыс тілінде ақпараттандырып отырған бірден-бір басылым. Орыс тілді оқырмандардың көкейтесті мәселелерін билікке жеткізуде үздіксіз еңбек етіп келе жатқан газет ұжымының зор еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық.

Жарияланатын мақалаларының тақырыптық және стилдік ерекшеліктері бар «Ақмешіт апталығы» газеті облысымызда жарық көрген тұңғыш тәуелсіз басылым. 20 жылдан астам тарихы бар газеттің бүгінгі бет-бейнесі мен негізгі көтеретін тақырыптары, мәселелері нақтыланған. Билік пен қарапайым халық арасындағы алтын көпір іспетті басылым аймақтағы жасалып жатқан жұмыстар туралы беретін ақпараттарды сараптап, тілдік тұрғыдан талдауға басымдық береді.

 Шара соңында мәслихат хатшысы қонақтарға қалалық мәслихат депутаттары атынан құттықтау мен естелік сыйлықтар табыстады.

 

 

Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні қаламыздың барлық мектептерінде «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы болып өтті.

Қызылорда қаласы бойынша мектеп бітіруші 1 мың 739 түлек жаңа өмірге жолдама алуда. Олардың 106-сы «Алтын белгіден», ал 98 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер.

Мерекеге байланысты Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Р.А.Боханова №12 орта мектепте өткен жиынға қатысты. Жиын барысында, жас түлектер ұстаздар қауымына алғыстарын жеткізіп, бүлдіршіндер аға-әпкелеріне арнап өнер көрсетті.

Қалалық мәслихат депутаттары да өз сайлау округтеріндегі мектептерде өткізілген мерекелік шараларға қатысып, жас түлектерге ақ жол тілеп, құттықтады.

 

 

«Қызылорда қаласының рухани-мәдени дамуы, атқарылған жұмыстар және мәдени қызметтің тиімділігін арттыру шаралары туралы» мәселесіне орай дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

 

 

Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні Қызылорда қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен маусым айында өткізілуі жоспарланған кезекті сессияда қаралатын «Қызылорда қаласының рухани-мәдени дамуы, атқарылған жұмыстар және мәдени қызметтің тиімділігін арттыру шаралары туралы» мәселесі бойынша дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Аталған отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы төрағалық етіп, қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов, «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» Ж.Шарипов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, «Парасат» ардагер-ғалымдар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Құдайбергенов, ҚР-ның мәдениет қай¬раткері, Қазақстан Республикасы «Суретшілер Одағы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы А.Кененбаев, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы С.Дүйсенбаев, қалалық әділет басқармасы басшысының орынбасары С.Ибраев, қалалық мәслихат депутаттары Т.Мақашов, Б.Ысқақов, М.Кәрімбаев, С.Бихожаева, Л.Қожаниязова, И.Ли, мәдениет саласының мамандары, кент және ауылдық округ әкімдері, клуб, мәдениет үйінің меңгерушілері, қала кітапханасының меңгерушілері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары  қатысты.

Бұл дөңгелек үстел отырысының негізгі мақсаты мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, қаламызды рухани – мәдени өркендету үшін ұсыныс пікірлер тыңдау болып табылады.

Дөңгелек үстел отырысында айтылған тиімді ұсыныс пікірлер жинақталып, қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына шығарылатын болады.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХІІІ сессиясы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 22 мамыры күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХІІІ (он үшінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова,  депутаттар, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 7 мәселе шығарылып, талқыланды.

          Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 49-9/1 шешіміне өзгерістер енгізілді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 2016 жылға арналған қалалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі бекітілді.

 Сонымен қатар, «Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерiн бекiту туралы», «Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы», «Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтердің көшелеріне атау беру туралы», «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі №28/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  және Қызылорда қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы мәселелері қаралып,  тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

Депутаттар мәдени нысандардың жағдайын назарға алынды

 

  Үстіміздегі жылдың маусым айындағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында «Қызылорда қаласының рухани-мәдени дамуы, атқарылған жұмыстар және мәдени қызметтің тиімділігін арттыру шаралары туралы» мәселесін қарау жоспарлануда.

 Аталған мәселеге орай үстіміздегі жылдың 18 мамыры күні қалалық мәслихат депутататтары қаладағы мәдени нысандардың жағдайын білу және ондағы өзекті мәселелерді анықтау мақсатында рейдтік шараға шықты.

Алдымен депутаттар Ақжарма ауылындағы клуб үйінің жағдайын назарға алды. Ақжарма ауылдық клубы   әкімдік ғимараты ретінде пайдалануға берілген  байырғы бала бақша ғимаратында  орналасқан. Клуб  ғимараттың екінші қабатында, шығатын  баспалдағы оқырмандар үшін қауіпті. Қазіргі таңда ауыл клубы облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген салынуы тиіс әлеуметтік нысандар тізіміне енгізілген. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Ақтоған» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Орынбасарұлы мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында 150 орындық клуб салуды жоспарлауда. Ғимарат салынатын жер учаскесі белгіленген. Бөлінетін қаржысы 85 млн. теңгені құрайды.

Депутаттар назарындағы келесі нысан Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана  болды. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы   алғаш рет 1867 жылы (150 жыл) Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылған. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына байланысты облыстық әмбебап кітапханасына халық жазушысы, ақын Ә.Тәжібаевтың есімі берілген.  Қазіргі таңда кітапхана заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен жасақталған, тұтынушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық санаттарына қызмет көрсететін өңірдегі ең ірі ақпараттық мәдени орынға айналып отыр. Кітап қоры 480 210.

Жазба мұраларын сақтау мақсатында қордағы құжаттарды сандық форматқа көшіру жұмыстары жалғастырылып келеді.

Рейдік шара барысында Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында жүргізіліп отырған күрделі жөндеу жұмыстары назарға алынды. Күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен  172 млн теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда театрдың инженерлік жүйесін жаңарту, едендерін ауыстыру шаралары қарқынды жүруде.

Сонымен қатар депутаттар қала тарихына арналған   «Ақмешіт» музейінің тыныс тіршілігімен танысты. «Ақмешіт» музейі 2004 жылы  Қызылорданың  республика астанасы  болғанына 80 жыл  толу қарсаңында  ашылған. 1905 жылы салынған музей ғимараты -архитектуралық  ескерткіш болып табылады.

Экспозициялық  залдарда «Ақмешіт-Перовск» қалаларының тарихы, «Қызылорда – ҚазССР-нің астанасы», Қазақ Орталық Атқару комитеті  төрағасының жұмыс кабинеті, ХХ ғасырдың  басындағы зиялы адамдардың  тұрмысы жайлы құнды 600-ге жуық экспонаттар орын алған. Сала мамандары Қызылорда қаласының қазіргі даму кезеңін көрсетуге музейдің экспозициялық залдары сай келмейді, тұрған эспонаттардан артық экспонаттар  жинауға  мүлдем  мүмкіншілігі  жоқ екендігін жеткізді.

Рейдтік шара барысында көтерілген өзекті мәселелер сессия қарауына шығарылатын болады.

 

 

Қаладағы кітапханалардың жағдайы назарға алынды.

 

  Үстіміздегі жылдың маусым айындағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында «Қызылорда қаласының рухани-мәдени дамуы, атқарылған жұмыстар және мәдени қызметтің тиімділігін арттыру шаралары туралы» мәселесін қарау жоспарлануда.

Осыған орай, үстіміздегі жылдың 19 мамыры күні ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары қаладағы бірқатар мәдени нысандарды аралады.

Депутаттар көп жылодардан бері ғимаратты жалға алып оқырмандарға қызмет көрсетіп келе жатқан кітапханалардың жағдайымын танысты. Мәселен, № 18 кітапхана қаланың  Коммунизм бөлігіндегі, Торайғыров көшесі, 55 үйдің 1 қабатында жеке кәсіпкердің иелігіндегі ғимараттарды жалға алып, қызмет жасайды.    Кітап қоры - 10266. Оқырмандар саны- 1434. № 18 кітапхананың ғимаратын 2008 жылдың қазан айынан бастап жалға алып (9 жылдан бері) келеді.  Қыс мезгілінде ғимарат салқын суық, жоғары қабаттағы пәтерлерден су ағады.

  «Ақмешіт» мөлтек ауданындағы №16 кітапхана  да кәсіпкердің иелігіндегі ғимараттарды жалға алып, орналастырылған.  Қыста  жылу  жоқ, өжіре суға толы, сасық иіс, маса  кітап оқырмандарға қолайсыз жағдай  туғызып тұр. № 16 кітапхананың кітап қоры 16737.Оқырман саны -1803. Кітапхананы 2002 жылдың маусым айынан бастап жалға алып келеді.

Сонымен қатар, депутаттар М. Ералиева атындағы мәдениет Үйінің тыныс-тіршілігімен де  танысты.

М. Ералиева атындағы мәдениет Үйі қаланың Титов, Гагарин, Шанхай бөлігіндегі тұрғындарға мәдени қызмет көрсетіп келеді. Мәдениет үйінің жылу жүйесі орталықтандырылған, 2014 жылы      күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.  Қазіргі таңда мәдениет үйі толыққанды халыққа мәдени қызмет көрсетуі үшін мамандар жетіспеушілігі орын алуда.

Рейдтік шара соңында қалалық мәслихат депутаттары А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде болып, мәдениет үйі жанындағы жастар театрының «Алғашқы махаббат» пьесасын тамашалады. Қоюшы-режиссер «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері  Оңталап Нұрмаханов.

Жастар театры 2016 жылдың ақпан айында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйіндегі «Жастар театры» үйірмесі негізінде  құрылған.

   Рейдтік шара барысында көтерілген өзекті мәселелер сессия қарауына шығарылатын болады.

 

 

Сырдария өзенінің сол жағалауында жаңа қаланың құрылысы басталды

 

Үстіміздегі жылдың  17 мамыр күні Қызылорда қалаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында жаңа қаланың бірінші шағын ауданының құрылысы басталды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев алғашқы құрылыс нысандарының іргетасын қалады. Аталған іс-шараға қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Іс-шара барысында облыс басшысы

 сол жағалауда бірінші кезекте бөлінген 9,8 га аумақта бүгін 18 көпқабатты тұрғын үйлердің және 320 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары басталғанын айтты.

 Сонымен қатар, осы шағын ауданда жастар орталығы, неке сарайы, «Болашақ» университетінің, онкологиялық орталықтың және жаңаша салынған Қазақ Орталық Атқару Комитеті ғимаратында қала мұражайы бой көтеретін болады. Олардың жобасы дайын, қаржыландыру мәселелері негізінен шешілген,600 орындық мектеп пен тағы бір 320 орындық балабақша құрылысы жобалануда.

Алдағы уақытта сол жағалауды игеру жұмыстарына құрылысшы депутаттар Қ.Ерназаров, Б.Ысқақов, А.Сүйінтаев, И.Ли, Қ.Орынбасарұлыда өз үлестерін қосатын болады.

 

 

Ақсуат және Қосшыңырау ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қағидаға сәйкес, ағымдағы жылдың 15 мамырында Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат және Қосшыңырау ауылдық округтерінің әкімі лауазымдарына сайлау өтті.

Сайлауды өткізу жөніндегі отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Роза Аяғанқызы төрағалық етіп, таңдаушылар – қалалық мәслихат депутаттары әкімдікке үміткерлер М.Ақмырзаев пен Қ.Жүсіповке, Д.Таубай мен Қ.Шалабаевқа дауыс берді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қалалық сайлау комиссиясының төрағасы А.Есжанов дауыс санау нәтижесінде таңдаушылардың басым дауысына ие болған үміткерлерді жариялады.

Сайлау барысында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылды.

 

 

Қалалық мәслихат депутаттары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін аралап, құттықтады.

 

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары өздері сайланған округтерде тұратын 18 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің отбасында болып Жеңістің 72 жылдығымен құттықтады.

№1 Қызылжарма сайлау округінен сайланған депутат Ғ.Жақсылықов, №2 Ғарышкер сайлау округінің депутаты Е.Байтілес, №5 Әл Фараби сайлау округінің депутаты Н.Ибраев Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагерлер Асанбай Әбдрахманұлын, Жұмабай Кенжебаевты, Шәмші Мырзабайды, №6  Мұнайшы  сайлау округінің депутаты Т.Мақашов ардагерлер Әбдірахман Әбішев және Әбдірахман Байтіковті, №7 Ақмешіт сайлау округінің депутаты  Қ.Ерназаров Василий Демченконы, №8 Мерей сайлау округінің депутаты М.Кәрімбаев Ұлы Отан соғысының мүгедегі Тәнеш Оразовты, №9 Қорқыт ата сайлау округінің депутаты Ә.Мампаев ардагер Ибрагим Нұрымбетовті, №13  Яссауи  сайлау округінен  сайланған депутат Л.Қожаниязова Ұлы Отан соғысының мүгедегі Үсейін Ысқақовты, №14  Шұғыла  сайлау округінен сайланған депутат С.Бихожаева Ұлы Отан соғысының мүгедегі Жамаладин Атамбаевты, №15  Мұратбаев  сайлау округінің депутаты Иван Онищенконы №12  Орталық  сайлау округінен сайланған депутат И.Ли және №4  Абай сайлау округінің депутаты Ә.Нақып ардагерлер Қали Кеңесбайды және Жұмабай Рысбаевты, №17  Арай  сайлау округінен сайланған депутат Қ.Орынбасарұлы, №19 Тасбөгет сайлау округінің депутаты Б.Ысқақов, №18  Наурыз сайлау округінен сайланған депутат А.Сүйінтаев ардагерлер Мұсаұлы Дүйсенбайды және Бұғыбай Нәрікбаевтың отбасында болып, мерекелік сый құрмет көрсетіп, қалалық мәслихат және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының арнайы құттықтауын табыстады.

Сондай-ақ, №10 «Теміржол» сайлау округінің депутаты Н.Ахатов қалалық ауруханада ем алып жатқан Ұлы Отан соғысының ардагері Қожахмет Бектановқа барып,  мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында қалалық мәслихат депутаттары ардагерлерге  «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Құл-Мұхамедтің  арнайы құттықтауымен мерекелік сый-сияпатын табыстады.

 

 

«Талсуат» ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қағидаға сәйкес, ағымдағы жылдың 5 мамырында Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өтті.

Талсуат ауылдық округі әкімі лауазымына сайлау өткізу жөніндегі отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Роза Аяғанқызы төрағалық етіп, таңдаушылар – қалалық мәслихат депутаттары әкімдікке үміткерлер С.Әбдіжаппар мен М.Жаркеткеневке дауыс берді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Есжанов дауыс санау нәтижесінде таңдаушылардың басым дауысына ие болған үміткерді жариялады.

Сайлау барысында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылды.

 

 

Мерекелік қабылдау

 

«Жеңіс» күні мерекесіне орай қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова Ұлы Отан соғысының мүгедегі Бөрібай Құлмановты қабылдап, сый құрмет көрсетті.

  Бөрібай Құлманұлы 1920 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысында Беларусь майданында, Польшаның Ченстакова, Берслау, немістің Штеттин қалаларында қызмет атқарды. Соғыс жылдары әскерге шақырылған жастарды оқытып, майданға жіберумен айналысты. Елге оралғаннан кейін облыстық ауылшаруашылығы басқармасында ауыл шаруашылығын насихаттау тобының жетекшісі, Қармақшы ауданы партия комитетінің екінші, бірінші хатшысы, тың және тыңайған жерлерді игері басталған уақытта Қармақшы ауданында басшылық қызметте болды.

    Осындай ел мүддесі жолындағы еселі еңбектері үшін Құлманов Бөрібай ағамыз «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» және «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

 

Жеңіс мерекесіне орай Ұлы Отан соғысы

ардагерлерін құттықтау шарасы өтті.

 

Үстіміздегі жылдың 4 мамырында VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары мен «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы бірлесіп, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай бір топ ардагерлерді құттықтады.

Құттықтау шарасына ардагерлер, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әбішев, «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының оқушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мерекелік шарада сөз кезегін алған қатысушылар ардагерлерімізге жүрекжарды тілектерін жеткізіп, арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.

 

 

 

«Тасбөгет» кенті мен «Ақжарма» ауылдық округі

әкімдерінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қағидаға сәйкес, ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кенті мен Ақжарма ауылдық округінің әкімі лауазымдарына сайлау өтті.

Сайлауды өткізу жөніндегі отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Роза Аяғанқызы төрағалық етіп, таңдаушылар – қалалық мәслихат депутаттары әкімдікке үміткерлер Ғ. Еркебай мен П. Шамұратовқа, Б. Алмағанбетов пен Ж. Әлиевке дауыс берді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қалалық сайлау комиссиясының төрағасы А.Есжанов дауыс санау нәтижесінде таңдаушылардың басым дауысына ие болған үміткерлерді жариялады.

Сайлау барысында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылды.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 26 сәуір күні сағат: 11.00-де қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі  тұрақты  комиссиясының  отырысы болып өтті.

Отырысқа   қалалық   мәслихаттың депутаттары  және  осы  мәселеге  қатысты  мекеме  басшылары  мен  мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты. Отырыстың күн тәртібіне 2 мәселе шығарылып, талқыланды.

1. Қызылорда қаласындағы білім саласы бойынша шешімін табуды қажет ететін мәселелер туралы.

Хабарламашы - «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  маманы Ерімбетов Абзал.

2. Жастарды исламға қатысты дәстүрлі емес діни ағамдардан сақтандыру және ағымдардың жетегіне ерудің алдын алу жолдары туралы.

Хабарламашы - «Қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы.

Қызылорда қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясы отырысының күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

 

 

«Қарауылтөбе» ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қағидаға сәйкес, ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өтті.

Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі лауазымына сайлау өткізу жөніндегі отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Роза Аяғанқызы төрағалық етіп, таңдаушылар – қалалық мәслихат депутаттары әкімдікке үміткерлер Ж.Сәду мен Е.Рахматуллаевқа дауыс берді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Есжанов дауыс санау нәтижесінде таңдаушылардың басым дауысына ие болған үміткерді жариялады.

Сайлау барысында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылды.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 

Үстіміздегі жылдың 13 сәуір күні сағат: 15.00-де қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері  жөніндегі  тұрақты  комиссиясының  отырысы болып өтті.

Отырысқа   қалалық   мәслихаттың депутаттары  және  осы  мәселеге  қатысты  мекеме  басшылары  мен  есепшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты. Отырыстың күн тәртібіне 2 мәселе шығарылып, талқыланды.

1. Қызылорда қалалық мәслихатының №34-7/4 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешімінің орындалуы туралы.

Хабарламашы - «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы  Рахметова Гүлмира Шамсудинқызы.

2. Биылғы көктем маусымында Қызылорда қаласын көркейту, көгалдандыру жұмыстарына бөлінген қаражат, оның игерілуі туралы.

Хабарламашы - «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушысы   Далабаев Біржан Далабайұлы.

Қызылорда қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясы отырысының күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

 

 

2017 жылғы 8 сәуір күні тазалық айлығы аясында санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облыстық және қалалық мәслихаттарының депутаттары мен аппарат қызметкерлері, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе «Келменбет батыр» саябағында сенбілік жасады.

Сенбілік барысында саябаққа 400 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

Депутаттардың қамқорлығына алынған саябақта сенбілік жиі өткізіліп, отырғызылған ағаштартың көгеруі бақыланылатын болады.

 

 

 

 

 

Қалалық мәслихат депутаттарының “Қарауылтөбе” ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттармен кездесуі  өтті.

 

  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қағидаға сәйкес ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Қызылорда қаласына қарасты “Қарауылтөбе” ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өткізу жоспарлануда.

Осыған орай, 4 сәуірде қалалық маслихаттың мәжіліс залында қалалық маслихат хатшысы   Роза Боханова  төрағалығымен өткізілген кездесуде аталмыш лауазымға кандидаттар Елмұрат Рахматуллаев және Жасұлан Сәду өз бағдарламаларын депутаттарға таныстырды.

 Қалалық  сайлау комиссиясының мәліметі бойынша  Қызылорда қаласына қарасты «Қарауылтөбе» ауылдық округінің әкімі лауазымына 2 үміткер тіркелген. Кандидаттардың ұлты – қазақ, білімдері жоғары.

 Кандидат  Е.Рахматуллаев 1982 жылы Қарауылтөбе ауылында дүниеге келген. 2003 жылы еңбек жолын «КУТТ» мекемесінде жүргізуші болып бастаған.   Түрлі салаларда заңгер болып қызмет атқарған. 2011-2015 жылдар аралығында жеке кәсіппен айналысқан. 2015-2017 жылдар аралығында Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Үміткер Ж. Сәду 1987 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.    Еңбек жолын «Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында экономист болып бастаған. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Шекара қызметінде әскери борышын өтеген.

«ГНПФ» зейнетақы қоры Қызылорда облыстық филиалында қызмет атқарған, 2013 жылдан бастап Белкөл кенті әкімі аппаратының жетекші, бас маманы қызметтерін атқарып келеді.

Кандидаттар кездесу барысында өз бағдарламаларын таныстырып, депутаттардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Ағымдағы жылдың 14 сәуірі күні өтетін «Қарауылтөбе» ауылдық округі әкімінің сайлауында ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары  үміткерлерге таңдау жасайтын болады.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫІ КЕЗЕКТІ ХІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 

Үстіміздегі жылдың 28 наурызы күні сағат 16.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті ХІІ (он екінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қала әкімінің міндетін атқарушы А.Шәменов, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова,  ҮІ шақырылым депутаттары, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның  күн тәртібіне 8 мәселе: Қызылорда қаласында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы,  Тасбөгет кенті әкімінің 2016 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы, Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына кандидатураны келісу туралы,  Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы,  «Қызылорда қалалық  мәслихат   аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы,  «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі №28/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы,  «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 54-9/6 шешімін  жойылды деп тану туралы, VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы  мәселелері шығарылып, талқыланды.

 Сессия барысында «Қызылорда қаласында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы» мәселесі бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Рахметова баяндама жасап, депутаттардың сауалдарына жауаптар берді.

Аталған мәселеге орай қалалық мәслихаттың «Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы Қ.Ерназаров қосымша хабарлама жасап, Қызылорда қаласында халықты жұмыспен қамту мәселесін одан әрі дамыту бойынша  ұсыныстар жасады.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласы бойынша жұмыссыздық деңгейін 2017 жылы  4,7 пайыздан өсірмеу және 3,5 мың жаңа жұмыс орындарын ашу;

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүйелі жүзеге асыруды ұйымдастыру және бағдарлама жөнінде халық арасында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

Қала және қалаға қарасты ауылдық округтер бойынша халықты кедейшілік шегінен шығаруды көздейтін «Өрлеу» бағдарламасына  тұрмысы төмен отбасылардың қатысу көрсеткішін барынша арттыруды ұйымдастыру;

Жұмыссыздарды, жұмыссыз жастарды жеке кәсіпкерлікпен айналысуға шақыру және шағын және орта бизнесті қолдау аясында мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған жеңілдіктер туралы толық түсіндіру жұмыстарын нәтижелі жүргізу;

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту» туралы Заңына және  Қызылорда қалаcы әкімінің  2016 жылғы 8 маусымдағы №5546 санды қаулысына сәйкес «Мүгедектер үшін, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға»  2 пайыздық жұмыс орындарының квотасын  белгілеуді жандандыру мәселесін қолға алу;

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің  «пробация» қызметінің есебінде тұратын азаматтарға арналған арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру;

Қала, кент және ауылдық округтер бойынша ауыл шаруашылығы бағытындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларына қатысу көрсеткішін арттыруды ұйымдастыру  туралы ұсыныстар жергілікті атқарушы органдар назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, №3 «Торайғыров» сайлау округінен сайланған депутат С.Пазилов қала бойынша еңбек нарығындағы қажетті мамандарға сұранасын зерттеп, оқу орындарымен байланыс орнату туралы,  №8 «Мерей» сайлау округінен сайланған депутат М.Кәрімбаев саяжайларда салынған үйлердің құжаттарында «саяжай» деп көрсетілгендіктен, қаржы ұйымдары және екінші деңгейлі банктер үйлерді кепілдікке алмайтындығына орай қаладағы «Наурыз», «Сабалақ» саяжайларына елді мекен мәртебесін беру туралы ұсыныстарын білдірді.

Сессия барысында облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі  Ғ.Отарбаев жазасын өтеп шыққан азаматтарға арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізуді ұсынды.

Сессияда қаралған «Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына кандидатураны келісу туралы» мәселесіне орай, депутаттар қалалық жергілікті полиция қызметі басшысы қызметіне үміткер полиция мойоры Е.Құдайбергеновтің кандидатурасына өз келісімдерін берді.

Кезекті он екінші сессия шешімімен №6 «Мұнайшы» сайлау округінен сайланған депутат Т.Мақашов сессия төрағасы болып сайланды.

Қалалық мәслихаттың кезекті ХІІ сессиясының күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

 

 

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

 

 Ұлтымыздың ұлық мейрамы - Наурыз мерекесін Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары атап өтуге белсене араласты.

 «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің директоры, қалалық мәслихат депутаты Ә.Нақып құрылысы қарқынды жүріп жатырған жаңа автобус паркі алаңында киіз үйлер тігіп, наурыз көже пісіріп, ұлттық ойындар ойнатып, қала халқына керемет көңіл сыйлады.

 Сонымен қатар, «Интегрострой» ЖШС-ның директоры, қалалық мәслихат депутаты Б.Ысқақов Тасбөгет кентінің орталық алаңында, «Бақ Береке 2030» ЖШС-ның директоры, қалалық мәслихат депутаты Қ.Ерназаров Талсуат және Қызылөзек ауылдық округтерінде Наурыз мерекесін өз дәрежесіне сай атап өтеуге қаржылай демеушілік көрсетті.

 Сондай-ақ, аталған мерекені тойлауды облыстық медицина орталығының басшысы, қалалық мәслихат депутаты С.Пазиловте жалғастырып, айтулы мереке облыстық медицина орталығы аумағында да аталып өтті.

 

 

 

 

 ДЕПУТАТТАР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

 

 Облыс әкімінің өкіміне сәйкес 2017 жылдың 11 наурызы мен 10 мамыры аралығы облыс елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығы жарияланды.

  Тазалық айлығы аясында әр сенбі сайын аймақта санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Қызылорда қалалық мәслихаты, қалалық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе «Келменбет батыр» саябағына сенбілік жасады.

 Сенбілік барысында саябақ аумағы қоқыстардан, қураған шөптерден тазартылды.

 Депутататтар өз қамқорлығына алынған саябақта сенбілік жиі өткізіліп, отырғызылған ағаштартың көгеруі бақыланылатын болады.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

 

Үстіміздегі жылдың 17 наурыз күні сағат: 11.00-де қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері  жөніндегі  тұрақты  комиссиясының  көшпелі отырысы «Облыстық перинаталдық орталық» ғимаратында болып өтті.

Көшпелі отырысқа   қалалық   мәслихаттың депутаттары  және  осы  мәселеге  қатысты  мекеме  басшылары  мен  мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Көшпелі отырыстың күн тәртібіне «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының үшінші бағытына сәйкес, ана мен баланы қорғау және әйелдерге қамқорлық жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» мәселесі шығарылып, талқыланды.

Қатысушылар алдымен облыстық перинаталдық орталығының жұмысымен танысты.

Орталықтың бас дәрігері Гүлнар Хамзақызы депуаттар назарына орталыққа келушілер өтетін баспалдақтардың тозып, қолайсыздық тудырып отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, орталықтың оттегі сақтайтын қоймасы жылу сақтайтын жабдықтармен қамталмағандықтан оттегі суықтан қатып, қыс мезгілінде оны құю қиындық тудырып отырғаны белгілі болды. Бұл мәселелерге қатысты қалалық мәслихат депутаты, «Бақ-береке-2030» ЖШС директоры Қ.Ерназаров демеушілік есебінен баспалдақ жасап беруге және қойманы қаптау үшін жылу сақтайтын арнайы материалдардан көмек көрсететінін жеткізді.

Аралау барысында қалалық мәслихат депутаты, «Жабдықтау» ЖШС директоры А.Сүйінтаев кәріз су құбырын қоршап беруге демеушілік көрсететінін жеткізді. Кәріз су құбыры айналасы қоршалмағандықтан, тұрғындар қоқыстарын тастап кәріз су жүйесі істен шығып қалатын жағдайлар орын алып келген.

Бұдан соң, аталған орталықта өткізілген көшпелі отырыста бас дәрігер Жұмашева Гүлнар Хамзақызының хабарламасы тыңдалып, ұсыныс-пікірлер айтылып, күн тәртібіндегі мәселе толық талқыланды.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ, КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Ағымдағы жылдың 16 наурыз күні қалалық мәслихаттың тұрғын үй, комуналдық шаруашылығы және экология жөніндегі  тұрақты  комиссиясының  отырысы болып өтті.

Отырысқа   қалалық   мәслихаттың депутаттары  және  осы  мәселеге  қатысты  мекеме  басшылары  мен  мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты. Отырыстың күн тәртібіне 2 мәселе шығарылып, талқыланды.

1. Қызылорда қаласындағы иесіз нысандарды заңдастыру туралы мәселесі.бойынша «Қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы  Иманқұлов Әлсейіт Аманжолұлы хабарлама жасап, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

2.  «Бастау - S» ЖШС-нен 20 -40 футтық бруттық масса контейнерлерді қабылдау және түсіру операцияларын жүзеге асыруға келісім беру мәселесі бойынаша «Бастау - S» ЖШС-нің темір жол меңгерушісі Әбдіров Бағдат Алпысбайұлы хабарлама жасады.

Қызылорда қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясы отырысының күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Үстіміздегі жылдың 16 наурыз күні сағат: 15.00-де қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері  жөніндегі  тұрақты  комиссиясының  отырысы болып өтті.

Отырысқа   қалалық   мәслихаттың депутаттары  және  осы  мәселеге  қатысты  мекеме  басшылары  мен  есепшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты. Отырыстың күн тәртібіне 3 мәселе шығарылып, талқыланды.

1. Қалалық қаржы бөлімінің 2016-2017 жылдарға арналған бюджетінің тиімді және мақсатты атқарылуы туралы «Қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы  Иманқұлов Әлсейіт Аманжолұлы хабарлама жасады.

2. Қалалық білім бөлімінің 2016-2017 жылдарға арналған бюджетінің тиімді және мақсатты атқарылуы туралы «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы  Есжанов Асқарбек Темірбекұлы хабарлама жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

3. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2016-2017 жылдарға арналған бюджетінің тиімді және мақсатты атқарылуы туралы «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы  Бердібаев Ерлан  Құлахметұлы хабарлама жасады.

Қызылорда қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясы отырысының күн тәртібіне шығарылған мәселелер талқыланып, депуттар тарапынан көтерген ұсыныстар қолдау тапты.

 

 

ДЕПУТАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

 

Қалалық мәслихат депутаттары 16-17 наурыз күні облыс әкімі жарияланған «Наурыз шапағаты» облыстық қайырымдылық айлығы аясында қайырымдылық шаралар жасады.

Қалалық мәслихат депутаттары өз округтеріндегі мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларда болып азық-түлікпен көмектесіп, олардың тұрмыс жағдайларымен танысты.

Мәслихат хатшысы Роза Боханова І топ мүгедегі, жалғыз басты қарт кісінің үйінде болды.

 Қалалық мәслихат депутаты Әнуар Нақып  тұрмысы төмен, ІІ топ мүгедегі Әбдиева Айгүлдің отбасының жағдайымен танысып, азық-түліктен  бір жолғы көмек берді.

Депутаттар Шәріп Әбдірахманов және Илларион Ли еңбек ардагері, тұрмысы төмен Василий Мишенконың  жағдайымен сұрап, әлеуметтік жағдайымен танысты.

Қалалық мәслихат депутаттары «Наурыз шапағаты» қайырымдылық акциясына қатысуды жалғастыратын болады.

 

 

Қалалық мәслихат 100 жастағы Раушан Қалмырзақызын

8 наурыз мерекесімен құттықтады

 

8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсыңында қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова Қызылөзек ауылдық округі, Айнакөл ауылында тұратын 100 жастағы Ағыбаева Раушан Қалмырзақызын  мерекемен құттықтады.

Тыл ардагері Ағыбаева Раушан Қалмырзақызы 1917 жылы  7 қаңтарда «Нағи  Илиясов»  ауылында қара жұмысшы отбасында дүниеге келген. Айтуы бойынша әкесінен 5 жасында, анасынан 13 жасында айырылып, нағашыларының қолында тәрбиеленген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен: колхозда  егіншілерге тамақ істеген. «Шіркейлі» каналын қазуға қатысқан. Соғыстан кейін ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен, егіншілікпен айналысқан, шөп орған, мал баққан. Кейіннен Айнакөл ауылы құрылғаннан кейін пошташы, мектепте техникалық қызметкер болып, құрметті демалысқа шыққан.

20 жасында тұрмыс құрып, 12 құрсақ көтеріп, тірі қалған 2 ұл, 7 қыз тәрбиелеп өсірген «Батыр ана». Қазір 9 баладан 31 немере, 38 шөбере, 11 шөпшек сүйіп отыр.

 

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

 

 

Жұмыспен қамту мәселесінің маңыздылығын ескере отырып,  қалалық мәслихат халықты  жұмыспен қамту мәселесін наурыз айындағы сессия қарауына шығаруды жоспарлауда.

Осыған орай, қалалық мәслихат үстіміздегі жылдың 9 наурызы күні Қызылорда облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында сағат:16.00-де Қызылорда қаласында халықты жұмыспен қамту мәселелері тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысын қалалық мәслихат хатшысы  Роза Боханова ашып, жүргізді.

Дөңгелек үстелге қалалық мәслихат депутаттары, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, жұмыспен қамтуды үйлестіретін жергілікті атқарушы органдар басшылары қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, кент және ауылдық округ әкімдері, несие-қаржы институттарының мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты жастардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, жазасын өтеп шыққан азаматтардың жұмыспен қамтылуы және шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне орай   ұсыныстар жинақтау, ең өзекті деген мәселелерді сессия қарауына шығару болып отыр.

Дөңгелек үстел барысында Ресей Федерациясы, Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің аспиранты Мусаева Гүлшат «Аймақта халықты жұмыспен қамту жағдайына экономикалық талдау» тақырыбында хабарлама жасады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметова, қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Дулат Таубай, Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкері Құрақбаева Айгүл,  қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Серік Дүйсенбаев, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, қалалық мәслихат депутаты  Ғалымбек Жақсылықов, Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалы директорының міндетін атқарушы  Ғабит Құлмахан, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Жасұлан Алдабергенов, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы, «Сыр аналары» қоғамдық қорының жетекшісі Нұрсауле Мұсаева, Қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүйсен Бекенов,  «Ұшқын Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бақыт Жұмашев қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

Дөңгелек үстел аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету мақсатында «Ұшқын Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің цехтарында әзірленген бұйымдарды құрылыс жүргізу жұмыстарында шикізат ретінде пайдалану мақсатында   құрылыс саласында басшылық жасайтын қалалық мәслихат депутаттары:

«Интергрострой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ысқақов Бақдәулет Құлбекұлы;

«Бақ-Береке 2030» жауапкершілігі шектеулі серкітестігінің директоры Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы;

«Жабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серкітестігінің директоры  Сүйінтаев Алтынбек Туғанбекұлы;

«Техостностка-Ремсервис» жауапкершілігі шектеулі серкітестігінің директоры Ли Илларион Гукхенович,

«Ұшқын Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзара серіктестік жөніндегі МЕМОРАНДУМҒА қол қойды.

Дөңгелек үстел барысында көтерілген ұсыныстар қалалық мәслихат сессиясында қаралатын болады.

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТАСБӨГЕТ КЕНТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН НАЗАРҒА АЛДЫ

 

Ағымдағы  жылдың наурыз айында  өткізілетін  кезекті сессияның  күн  тәртібінде «Тасбөгет кенті әкімінің атқарған жұмыстарының есебі туралы» мәселесін  қарау  жоспарлануда.

Осыған орай, қалалық мәслихат депутаттары Тасбөгет кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуын назарға алу мақсатында рейдтік шара ұйымдастырды.

 Рейд барысында депутаттар алдымен Тасбөгет кенті ішкі істер бөлімінің атқарып отырған қызметімен танысты. ҚІІБ Тасбөгет полиция бөлімінің бастығы Ғ.Есжановтың айтуы бойынша кент тұрғындарын алаңдататын мәселеленің бірі мал ұрлығы болып отыр. Есепті мерзім ішінде 54 мал ұрлығына қатысты тұрғындардан шағым түскен.

 Депутаттар тоқтаған келесі нысан Тасбөгет кентінде орналасқан №4 емхана болды. Тасбөгет кенті, Ақжарма, Ақсуат а/о, “Сабалақ” саяжайы аумағындағы барлығы 45 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді. № 4 емхана бейімделген ғимаратта орналасқандықтан, келушілерге емхана ғимараты тар болып отырғанын және дәрігерлер жетіспеушілігін емхана басшылығы  депутаттар назарына жеткізді.

 Сондай-ақ, депутаттар кентте шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне назар аударып, құрылысы жүргізіліп отырған автокөліктерге арналған орталыққұрылысының жұмысымен танысты.

 Кәсіпкер “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қорынан 20,0 млн теңге жеңілдетілген несие алып, кәсібін кеңейтіп келеді. Орталықта қазіргі уақытта 10 адам жұмыс жасауда, нысан толығымен іске қосылғаннан кейін 30 адамға дейін жұмыспен қамтылатын болады.

 Қалалық мәслихат депутаттары тоқталған келесі нысан алалық мәслихат депутаты Қайрат Орынбасарұлының демеушілігімен ашылғалы отырған дәрігерлік-пунктегі құрылыс жұмыстары болды. Дәрігерлік пункт ашылғаннан кейін “Сабалақ” саяжайындағы  3000-ға жуық халыққа қызмет көрсететін болады.

Депутаттар рейдтік шара барысында ет-сүт бағытындағы кешен құрылысымен де танысты.

Мелиоратор” ЖШС-і Танкаман учаскесінен 500,0 га жер теліміне ет-сүт бағытындағы кешен құрылысын жүргізген. Бүгінгі таңға кешенде 200-ге тарта жылқы бордақылдануда.

Рейдтік шара барысында айтылған ұсыныс пікірлер қалалық мәслихат сессиясына шығарылатын болады.

 

 

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС Х СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 

 Үстіміздегі жылдың 20 қаңтары күні сағат: 11.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында   қалалық мәслихаттың кезектен тыс Х сессиясы болып өтті.

 

Сессия отырысына қала әкімінің міндетін атқарушы Н.Нәлібаев,  депутаттар, қалалық дербес бөлім басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 3 мәселе шығарылып, талқыланды.

1.Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 54/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы – «Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы  Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы.

2. Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы.

Хабарламашы – «Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы.

3. «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомстоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі 46/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Молдабаев Марсбек Рүстемұлы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге орай, «Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 54/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешіміне сәйкес Қызылорда қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Дүйсенбаев Серік Әбішұлы тағайындалды.

«ҚЫЗЫЛӨЗЕК» АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ҮМІТКЕРЛЕР САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

 

  Үстіміздегі жылдың 20 қаңтары күні сағат: 12.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында    «Қызылөзек» ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын депутаттар алдында насихаттау шарасы болып өтті.

«Қызылөзек» ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын депутаттар алдында насихаттау мәселесіне орай ауыл округі әкімінің қызметіне үміткерлер Байқадамов Жаппасбай Сейітқалымұлы (13.11.1964 ж.т.  Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары) және Шынтасов Жасұлан Қанибайұлы (19.02.1983 ж.т. СК «Фармация» ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі)  депутаттар алдында өз сайлауалды бағдарламаларын насихаттап, олардың сауалдарына жауаптар берді.

«Қызылөзек» ауылдық округі әкімінің сайлауы 2017 жылдың 31 қаңтары күні өтеді деп жоспарлануда.

7

6

5

4

3

2

1