Мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қалалық мәслихаты

Қызылорда қалалық мәслихатының сайтына қош келдіңіз!

Мемлекеттік рәміздер

KZ

RU

Жаңалықтар

 

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІН НАЗАРҒА АЛДЫ

 

Үстіміздегі жылдың 11 тамызы күні сағат: 11.00-де №2 Мұрагер мектебінде «Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы» мәселені қыркүйек айында өтетін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсыну жөніндегі уақытша  жұмысшы  комиссиясының отырысы өткізілді.

Комиссия отырысында балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мәселесі қаралды.

Отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова төралық етіп, қалалық мәслихат депутаттары, мектеп директорлары мен мектепке дейінгі білім ошақтарының басшылары  және  мектеп инспекторлары, қалалық құрылым басшылары, ішкі істер органдарының жауапты мамандары, жергілікті полиция қызметінің басшылығы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Комиссия отырысы қаланың білім беру және мектепке дейінгі  нысандары орналасқан аймақтардың жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі, балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мектеп инспекторларының атқарып отырған жұмыстары, балаларға жол ережелерін оқыту мәселелері мен кездесіп отырған кедергілерді талқылау мақсатында   ұйымдастырылды.

Күн тәртібіндегі мәселеге орай қалалық білім бөлімінің басшысы А.Есжанов «Қаладағы білім беру  ұйымдарында жол қауіпсіздігі ережелері талаптарының орындалуы туралы және  «Балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс шаралардың жүзеге асырылуы» туралы қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қ.Шүкіров  хабарлама жасады.

Іс-шара барысында депутаттар мектептегі  оқушыларды жолда жүру ережелерін білуге оқытатын бөлме жұмысымен танысып, мәслихат депутаттары Қ.Ерназаров, М.Кәрімбаев күн тәртібіндегі мәселеге орай ұсыныстар айтты.

Сонымен қатар, отырыста қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне  бірқатар  мектептер орналасқан аймаққа қажетті жылдамдықты шектеу және жаяу жүргіншілер белгілері, жасанды жол кедергісі орнату жұмыстарын үстіміздегі жылдың 25 тамызына дейін жүргізу туралы тапсырма берілді.

Комиссия отырысында айтылған ұсыныс пікірлер үстіміздегі жылдың қыркүйек айында өтетін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына    шығарылатын болады.

 

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ЖАҢА ОҚУ СЫНЫПТАРЫН АШУҒА КӨМЕК БЕРДІ

 

 Биылғы оқу жылынан бастап 1 сынып оқушыларына арналған "Көркем еңбек" пәні оқу бағдарламасына енгізілуіне орай, облыс орталығындағы №198 орта мектепте жаңадан екі оқу сыныптары жабдықталуда.

 Жаңа сыныптарын ашуға қалалық мәслихат депутаты, "Техосностка-Ремсервис" ЖШС директоры Ли Илларион Гухкенович демеушілік көмек көрсетуде.

 Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына қажетті құны 1 млн. теңгеге жуық құрылыс материалдары мектепке жеткізіліп, сынып бөлмелерін ақтау, сырлау, едендерін салу жұмыстары қарқынды жүруде.

 2016-2017 оқу жылында жаңадан ашылған екі сынып бөлмесі оқушылардың сапалы білім алуына қызмет көрсететін болады.

 

 

 

 

 

 

 

БАЛАЛАЛАРДЫҢ ТЕГІН ШОМЫЛЫП, МҰЗДА СЫРҒАНАУЫНА ДЕПУТАТТАР ЫҚПАЛ ЕТУДЕ

 

Үстіміздегі жылдың маусым айында өткен қалалық мәслихаттың кезекті ІҮ сессиясында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Аталмыш сессияда қалалық мәслихат депутаттары облыс орталығындағы мәдени сауықтыру кешендеріне балалардың жеңілдікпен баруына мүмкіндік жасау жөнінде ұсыныс айтқан болатын.

Осыған орай, қаладағы «Ақмешіт», «Евразия», «Мұз айдыны» кешендерінде қала мектептерінің жетім және тұрмысы төмен отбасылардың 100-ден аса балалары жазғы демалыс уақытында тегін шомылып, мұзда мәнерлеп сырғанауға жаттығуда.

Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты балалардың суда қауіпсіз шомылып, денсаулықтарын нығайтуына және демалыс уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау, спорт кешендеріне қолжетімділікті арттыру болып табылады.

Патронат ана Айша Желдербаева қызының «Ақмешіт» сауықтыру кешенінде тегін шомылып жүргеніне жағдай жасаған қалалық мәслихат депутаттарына өз ризашылығын білдірді.

№257 мектептің 5 сынып оқушысы Зейнел Айнагүл спорт кешенінен келгелі бері суға жүзуді үйренгенін, жазғы демалысының жақсы өтіп жатқанын қуанышпен жеткізуде.

Сонымен қатар, «Мұз айдыны» кешеніне келген балаларға арнайы жаттықтырушы белгіленіп, оларға мәнерлеп сырғанаудың әдіс-тәсілдері үйретілуде.

 

 

 

 

 

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТҰРҒЫНҒА ҮЙ САЛЫП БЕРУГЕ КӨМЕКТЕСУДЕ

 

 Қызылорда қаласы, Қазақстан көшесі 89 үйде тұратын жалғыз басты, 58 жастағы Жұмакүл Оразалиева көп жылдардан бері  науқастанып, жұмысқа жарамай қалған. Салынғанына 60 жыл болған баспанасының қазіргі күйі нашарлап,  құлайын деп тұр.

 Ж.Оразалиеваның тұрмыстық жағдайымен танысқан қалалық мәслихат депутаты, «Интегрострой» ЖШС директоры Бақдәулет Ысқақов оның ауласына шағын үш бөлмелі үй салып беруге көмек беруде.

  Қала тұрғыны Жағыпар Қалмағамбетов бастаған бір топ көршілер құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіп, қазіргі таңда үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

 Сонымен қатар, Ж.Оразалиева тұратын округтен сайланған қалалық мәслихат депутаты Талғат Мақашовта оның құжаттарын рәсімдеуге көмек беріп, қаржылай қолдау көрсеткен.

 Үйді салуға есік, терезе және өзге де қажетті құрылыс заттарымен қамтамасыз еткен депутат Бақдәулет Ысқақов, басқа да жетпей жатқан материалдарға тағы да қосымша көмек беретінін атап өтті.

 Өз кезегінде Ж.Оразалиева өзін қолдап, көмек көрсетіп жатқан барлық азаматтарға ризашылығын білдірді.

 

 

 

 

ДЕПУТАТТАР ҚАЛАНЫҢ ТҮНГІ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ

 

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айына жоспарланған   VI шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында «Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралардың жүзеге асырылу туралы» және  «Қызылорда қаласының сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар туралы»  мәселелері қаралатын болады.

  Сессияға алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында үстіміздегі жылдың 29 шілдесі күні күні қалалық мәслихат депутаттары  рейдке шығып, қаланың түнгі сәулеттік келбеті, Қызылорда қаласы аймағындағы мейрамханалар мен кафелердің   автотұрақтармен толық қамтылмай  жол қауіпсіздігіне кері әсер етуі, түнгі жарықтандыру, көрнекі ақпарат құралдарының жарықтандырылуы  және ескерткіштердің жағдайы туралы мәселелерді назарға алды.

Рейд жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, қалалық құрылым басшылары, бұқаралық ақпрарат құралдарының өкілдері қатысты.

 Мәслихат депутаттары алдымен орталық мешіт  жанындағы демалыс орнын аралап көріп, қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында Жібек жолы көшесінің бойына  орналастырылған  кіші сәулеттік формалардың жай-күйін  назарға алынды.

Депутаттық рейд барысында анықталған кемшіліктер тиісті сала мамандарының қатысуымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында қаралатын болады.

 

 

Депутаттар қаланың сәулеттік келбетін назарға алды

 

VI шақырылымдағы қалалық мәслихаттың ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізілетін кезекті сессиясында «Қызылорда қаласының сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар туралы»  мәселесін қарау жоспарлануда.

Сессияда қаралатын мәселені алдын ала зерделеу мақсатында  үстіміздегі жылдың 27 шілдесінде қалалық мәслихат депутаттары рейдтік шара ұйымдастырды.

Рейд барысында облыс орталығының сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұрған бірқатар нысандар мен сыртқы жарнамасы тиісті талаптарға сәйкес келмейтін кәсіпкерлік құрылымдарды аралап көрді.

  Рейдтік шарада тиесілі сала мамандары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 

Ауыл кәсіпкерлеріне арналған семинар өтті

 

Үстіміздегі жылдың 20 маусымы күні өткен қалалық мәслихаттың кезекті IV сессиясында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды ауыл тұрғындарына түсіндіру шараларын ұйымдастыру туралы мәселе көтерілген болатын.

Осыған орай, үстіміздегі жылдың 26 шілдесі күні сағат: 15.00-де Қызылжарма ауылдық округінің мәдениет үйінде қалалық мәслихаты облыстық кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды ауыл тұрғындарына түсіндіру мақсатында  «Кәсіпкерлікті бастау мен жетілдіру және мемлекеттік қолдау» тақырыбында  семинар  ұйымдастырды.

Семинарды қалалық мәслихаттың тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Ысқақов Бақдәулет Құлбекұлы жүргізді.

Семинар жұмысына  қалаға қарасты 9 кент және ауылдық округтердің кәсіппен айналысқысы келетін тұрғындары, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімдігіне қарасты құрылым басшылары, қаржы орталықтарының мамандары қатысты.

Іс-шара барысында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры, қалалық мәслихат депутаты Ғалымбек Жақсылықұлы сөз алып, кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Семинарда «Кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалар» тақырыбында  облыстық кәсіпкерлік палатасынынң бизнес-жаттықтырушысы Қыдырбекұлы Бауыржан, «Кәсіпкерлік бастаманың тиімді жобасы» тақырыбында  кәсіпкерлер палатасының менеджері Олжас Аяғанов, «Бизнес негіздемелері» тақырыбында  облыстық кәсіпкерлер палатасының бизнес-кеңесшісі Жанат Сапаржанова хабарлама жасап, ауылда кәсіп ашқысы келетіндерге кеңестер айтып, олардың сауалдарына  жауаптар берілді.

Семинар соңында қалалық мәслихаттың тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі Ысқақов Бақдәулет қалада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, елдің тыныштығынан сақтауға шақырды.

Семинар соңында облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіп ашқысы келетін кез келген азаматтың палатаға келіп тегін кеңес алуына болатынын атап өтті.

Белкөл кентінде көшпелі коммиссия отырысы өтті

 

Үстіміздегі жылдың 22 шілдесі күні Қызылорда қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының кеңейтілген көшпелі отырысы Белкөл кентінде өтті.

Алдымен қалалық мәслихат депутаттары кенттегі бірқатар кәсіпкерлік нысандарда болып, олардың жағдайымен танысты.

Депутаттар тоқталған бірінші нысан құрылысы жүріп жатқан "Балалар демалыс орны" болды. Кент аумағында жеке кәсіпкер М.Нұрсайтов жобалық-сметалық құны 150 млн теңге, жер көлемі 4 га болатын "Балалар демалыс орнының" құрылысын  қарқынды  жүргізуде. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, суға түсу, скутер және квадроциклмен серуендеу, балық аулау, атпен серуендеу қызметтері көрсетіліп, 20 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін болады.

Екінші нысан "Амангелді" халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі болды. Жеке кәсіпкер А.Сейтжаппаров  «Батыс Европа-Батыс Қытай» автожолының бойынан жобалық-сметалық құны 200 млн теңге, жер аумағы 4 га болатын, халыққа қызмет көрсету орталығының (кафе 70 орындық, қонақ үй 60 орындық, автотұрақ, жүк көлігін жөндейтін орын, көлік жуу, атпен серуендейтін парк) құрылысын 2015 жылы аяқтап, қазіргі таңда 20 адамды жұмыспен қамтуда.

Депутаттар жұмысымен танысқан үшінші нысан «Батыс Европа-Батыс Қытай» автожолының бойынан жеке кәсіпкер Б.Нұрымбетов салып жатқан халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы болды. Аталмыш нысанның жобалық-сметалық құны 90 млн теңге, жер аумағы 1 га құрайды.

Нысан пайдалануға берілген кейін тұтынушыларға кафе, қонақ үй, жанармай құю қызмет түрлерін көрсететін болады.

Мұнан соң мәслихат депутаттары №189 мектепте тұрғындармен кездесіп, Белкөл кентінің әкімі Асхат Ибрагимнің  Белкөл кентінің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен даму жоспарлары туралы хабарламасын тыңдап, тұрғындардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Тұрғындар кездесуде қоғамдық көлік бағытын ашу немесе көлік санын көбейту және электр қондырғыларын жөндеуден өткізуге қатысты сауалдар қойып, жауаптар алды.

Кездесуде қалалық  мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы  Қ.Ерназаров қалада атқарылып отырған жұмыстардан айта келе,  тұрғындарды  отбасындағы ахуалға мән беріп, қоғам тұрақтылығын сақтауға сақтауға шақырды.

 Мәселеге қосымша,   мешіт  имамы Д. Рысбай  сөз алып, рухани мәселеге қатысты пікір білдірді.

Кездесу қорытындысымен қалалық мәслихаттың депутаттар корпусы кент әкімінің атқарып отырған жұмыстарына оң баға беріп, іс-шара барысында айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштер назарға алынып, тиісті орындарға жеткізілетінін айтты.

 

 

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс VІ сессиясы өтті

 

Үстіміздегі жылдың 20 шілдесі күні қала әкімдігінің мәжіліс залында  VІ шақырылған қалалық  мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясы болып өтті. Сессияға қала әкімі Н.Нәлібаев, әкімнің орынбасары мен аппарат басшысы, қалалық құрылым басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.  Сессияны қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы, сессия төрағасы Қ.Ерназаров жүргізді.

Сессияның күн тәртібіне 2 мәселе ұсынылып, қаралды.

 

1. «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» туралы

2. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы»  мәселе.

 

Күн тәртібіндегі бірінші «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Р.Жүнісова   хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Хабарламашы қала бюджетінің кірісі  облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы және даму трансферттері мен кредит есебінен 1 839 841,2 мың теңгеге көбейіп отырғанын және аталмыш қаражат көздері келесі мақсаттарға бағытталатыны айтылды.

Оның ішінде, еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа модельге көшуіне байланысты  мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге,  Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті Есенов көшесіндегі алаңды абаттандыруға, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан студенттер  мен оқушыларының қоғамдық автокөліктерде жеңілдікпен жүруіне және Тасбөгет кенті Амангелді көшесіндегі 24 пәтерлік №13 арендалық тұрғын үй құрылысын және апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлі №2 үйдің құрылысын аяқтауға, елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру т.б. мақсатта жұмсалмақшы.

 

 Күн тәртібіндегі екінші «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы»  мәселеге орай, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Дүйсенбаев хабарлама жасады.

 

  Хабарламаға сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы  «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы Қағидаларын бекіту  туралы» №43/4 шешімінің күшін жойып, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіріп, қайта бекітуге ұсынылды.

 

 «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған «Магистр»  академиялық дәрежесін және «Бакалавр» академиялық  дәрежесін  алу  үшін, студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан  күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын қала жастарына тағайындалады» деген тармаққа Қазақстан Республикасының медициналық Академияларында резидентурада білім алу үшін деп қосымша өзгеріс енгізілді.

 

Сессия барысында қала әкімі Н.Нәлібаев сөз алып, діни тұрақтылықты нығайту бағытында депутаттар корпусымен бірлескен шаралар қабылдауға ұсыныс білдіріп, қала бюджетінің өсуіне орай атқарылатын шаруалардың да ауқымы үлкейіп отырғанын жеткізді.

 

VІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ҮІ сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер  қабылданды.

 

Сессия отырысында қала әкімі  депутаттар алдында есеп берді

 

Үстіміздегі жылдың 13 шілдесі күні   қалалық мәслихаттың мәжіліс залында VI шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы өтті.  Сессияға қала әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлы, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қаланың бірқатар басқару органдары, мекеме және құқық қорғау саласының басшылары, кент, ауылдық округтерінің әкімдері, Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Сессияның күн тәртібінде қала әкімі Н.Нәлібаевтың 2016 жылдың              І жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Қала әкімі Қызылорда қаласының экономикалық әлеуеті артып, барлық салалар бойынша алдыңғы шептен көрініп келетінін жеткізді. Мәселен, 2016 жылға арналған Қызылорда қаласының бюджеті 31,2 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, жыл басынан бері нақтылаулар мен түзетулерден кейін 40,1 млрд. теңгені құрап, бюджет көрсеткіші 128,5 пайызға ұлғайғанын көрсетуде. Қомақты қаржының бөлінуіне орай, атқарылатын жұмыстардың ауқымы да молайған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11 млрд. 174,4 млн. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 106 пайызға жетіп, облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 84,1 пайызы Қызылорда қаласының үлесіне тиген.

Сессия барысында қала әкіміне қалалық мәслихат депутаттары Ш.Әбдірахманов жер беру мәселелері,  Қ.Орынбасарұлы Ақжарма ауылында мәдениет үйін салуға мемлекеттік серіктестік мәселесі, Б.Ысқақов Сәулет мөлтек ауданының жолдарын жөндеу, Ғ.Жақсылықов қоғамдық көлік,  Қ.Ерназаров Қараөзек станциясының ауыз су мәселесіне қатысты сауалдар қойып, жауаптар алды.

Сонымен қатар,  қалалық мәслихаттың тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Кәрімбаев  жергілікті атқарушы билік органдарының қала тұрғындарының  күнделікті сұранысына, қажеттіліктеріне сай атқаратын үлкен жұмыстардан бөлек, облыс және қала басшылығы тарапынан Сырдың бас қаласының даму динамикасына серпін беретін,  ауқымды бес бағыттағы қаланы кешенді дамыту саясаты жүргізіліп отырғанын атап өтті.

VI шақырылымдағы Қызылорда қалалық мәслихат депутатары қала әкімінің есепті мерзімде атқарған жұмыстарына атынан оң баға бере отырып, алдағы атқаратын жұмыстарына табыстар тіледі.

 

 

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

 

 Қалалық мәслихат депутаттары Ш.Әбдірахманов, Б.Ысқақов және облыстық мәслихат депутаттары  Ә.Жансақалов, Б.Махашев пен А.Махамбетов қаланың әлеуметтік маңызы бар нысандарының қысқы маусымды өткеру мәселелеріне орай рейдтік шараға шықты.

Депутаттар рейдтік шара барысында №3 қалалық емхана, Панфилов көшесіндегі 31 «а» көпқабатты тұрғын үйі, қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы мен Ақжарма ауылдық округіндегі №218 орта мектебінің жағдайы назарға алынды.

   Рейдтік шара барысында Панфилов көшесі 31 «а» көпқабатты үйдің электр желісінің тозығы жеткендігін айтып, жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде тұрғындар депутаттарға ұсыныс білдірді.

 Сонымен қатар депутаттар назарына  Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына» газ жүргізу қажеттігі туралы да  ұсыныс  айтылды.

Рейдтік шара барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер  тиісті мемлекеттік органдар назарына жеткізілетін болады.

 

 

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ VІ ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТТАРЫ  «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

 

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев  ҚР Президентінің Жарлығымен қалалық мәслихаттың барлық депутаттарын «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

  Шара барысында, тәуелсіздік жылдарында өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық-саяси өмірінің өркендеуіне үлес қосқан 43 адам ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, 6 адам ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төс белгісімен, 15 адам ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының, облыс және қала әкімінің Құрмет грамотасы, алғысымен марапатталды.

Салтанатты жиынның соңы концертке ұласып, жергілікті өнерпаздар қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ  ӨТТІ.

 

Қалалық мәслихат аппараты ғимаратының мәжіліс залында VІ шақырылымдағы қалалық  мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы болып өтті.

Сессияның күн тәртібіне 14 мәселе ұсынылып, қаралды:

1. 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы.

2.   Қызылорда қалалық мәслихатың 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы.

3. «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №51/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. «2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда қаласының даму бағдарламасын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №51/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 5. Жергілікті полиция қызметінің 2016 жылдың екінші жарты жылдығындағы қорытынды есебін тыңдау туралы.

6. Қызылорда қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы.

7. Қызылорда қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы.

8. Қызылорда қаласы ауылдық округі мен кентінің көшелеріне атау беру және қайта атау туралы.

9. Қызылорда қаласындағы жаңа көпір мен шағын ауданға атау беру туралы.

10.  «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

11.  «Қала әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 ақпандағы № 14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

12. «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі №28/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

13. Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

14. VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші, үшінші, төртінші мәселелер бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Баймаханова Гүлнар Бұрханқызының хабарла масы тыңдалып, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша хабарлама жасаған қалалық мәслихат хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы 2016 жылы атқарылған жұмыстарға толық тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі бесінші «Жергілікті полиция қызметінің 2016 жылдың екінші жарты жылдығындағы қорытынды есебін тыңдау туралы» мәселесі бойынша қалалық Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы Шүкіров Қуаныш Сәнтайұлының «Қызылорда қаласы аумағында  қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі 2016 жылдың қорытындысы  бойынша  есебі»  назарға  алынып, қалалық Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің 2016 жылы атқарған жұмысы «қанағаттанарлық»  деп бағаланды.

Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша Қызылорда қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары бекітілді.

Күн тәртібіндегі жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы мәселелер бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Баймырзаев Ғалым Қонақбайұлының хабарламасы тыңдалды.

Қызылорда қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау,  Қызылорда қаласындағы жаңа көпірге атау беру, Қызылорда қаласы ауылдық округі мен кентінің көшелеріне атау беру және қайта атау мәселелері бойынша келіп түскен ұсыныстар қаралып, облыстық ономастика комиссиясының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолдау үшін, сонымен қатар қала әкімі жанындағы марапаттау комиссиясының қорытындысына және қала әкімі Н.Нәлібаевтың ұсынысына сәйкес «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын беру мәселесі бойынша қалалық мәслихат сессиясының шешімдері қабылданды.

Күн тәртібіндегі он бірінші, он екінші мәселелер бойынша «Қала әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы      26 ақпандағы № 14/2 және «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы

10 сәуірдегі №28/1 шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, сессия отырысында Қызылорда қалалық мәслихатының                 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, №14 «Шұғыла» сайлау округінен сайланған  депутат С.Бихожаева  кезекті сессия  төрағасы болып сайланды.

VІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер  қабылданды.

 

 

 

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ЕЛБАСЫ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ БОХАНОВА  РОЗА АЯҒАНҚЫЗЫ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

 

2016 жылғы 13 желтоқсан күні Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына   қосқан үлесі үшін қалалық мәслихат хатшысы Боханова Роха Аяғанқызын   «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Бұған дейін, Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Р.Боханова  Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен (2015 ж), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 20 жыл» (2011 ж), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 25 жыл» (2016 ж) «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 20 жыл» (2015 ж) мерекелік медальдарымен, «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамо¬тасымен (2015 ж) марапатталған. Қызылорда облысы әкімінің «Ең үздік мемлекеттік қызметші» (2010 ж) номинациясының иегері.

 

 

Ағымдағы жылдың 23 қарашасы күні қалалық мәслихат депутаттары Б.Ысқақов, Ш.Әбдірахманов, Ғ.Жақсылықов, А.Сүйінтаев, Қ.Орынбасарұлы өз округтері бойынша сайлаушылары алданда есеп беру кездесулерін өткізді.

Кездесулер барысында тұрғындар тарапынан көшеге асфальт төсеу, мектеп ауласын жарықтандыру және жол төсеу, аяқ су, газдандыру, қоғамдық көлік мәселелері көтеріліп, депутаттар бұл мәселелердің назарға алынып, алдағы уақытта жүзеге асырылатындығын айтты.

2016 жылдың қорытындысы бойынша өз округтерінде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдаған депутаттарға сайлаушылар оң бағасын беріп, өз ризашылықтарын білдірді.

Қызылорда қалалық мәслихатының бекітілген жоспарына сәйкес 19 депутат сайлаушылар алдындағы есеп беруін аяқтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалалық мәслихат депутаттарының өз округтері бойынша сайлаушылары алдында есеп беру кездесулері ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні де өз жалғасын тапты.

Депутаттар С.Бихожаевамен, Л.Қожаниязовамен, Н.Ахатовпен, Ж.Жарасбаевпен өткен кездесулер барысында тұрғындар тарапынан аяқ су, мектеп ауласына асфальт төсеу, көшені жарықтандыру, газдандыру, кейбір бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану мәселелері көтеріліп, депутаттар тарапынан бұл мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта жүзеге асырылатындығы айтылды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша өз округтерінде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдаған депутаттарға сайлаушылар оң бағасын беріп, өз ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 

 

 

2016 жылдың 21 қарашасы күні қалалық мәслихат депутаттары Ә.Мампаевтың, Қ.Ерназаровтың, И.Лидің, М.Кәрімбаевтың өз округтері бойынша сайлаушылар алдындағы есеп беру кездесулері өтті.

Кездесулер барысында депутаттар 2016 жылдың қорытындысы бойынша өз округтерінде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Тұрғындар тарапынан: жол жөндеу, көшені жарықтандыру, газдандыру, мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу, тұрғын үй аулаларының ойын алаңдарын жөндеу, қоғамдық көлік мәселелері көтеріліп, депутаттар тарапынан бұл мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта жүзеге асырылатындығы айтылды.

Сайлаушылар есеп берген депутаттарға оң бағасын беріп, өз ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 

 

2016 жылдың 17-18 қарашасы аралығында қалалық мәслихат депутаттары Е.Байтілестің, С.Пазиловтың, Ә.Нақыптың, Т.Мақашевтың, Н.Ибраевтың өз округтері бойынша сайлаушылар алдындағы есеп беру кездесулері өтті.

Кездесулер барысында депутаттар 2016 жылдың қорытындысы бойынша өз округтерінде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Тұрғындар тарапынан : жол жөндеу, көшені жарықтандыру, газдандыру, емхана салу, оқушыларға арналған үйірмелер ашу, мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу, электр станциялары мен қосалқы станцияларын жөндеу, жаңарту, арықты тазарту секілді бірқатар мәселелер көтеріліп, депутаттар тарапынан бұл мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта жүзеге асырылатындығы айтылды.

Сайлаушылар есеп берген депутаттарға оң бағасын беріп, өз ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 Депутаттар сайлаушылар алдында есеп берді.

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы Заңында «депутат: өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы жылына кемінде бір рет хабарлап отыруға міндетті» - деп көрсетілген.

Осыған сәйкес, 2016 жылдың 17 - 25 қараша аралығында Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттарының округтері бойынша сайлаушыларының алдында есеп беру кездесулерін өткізу жоспарланды.

Үстіміздегі жылдың 17 қараша күні Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы, №11 «Мәметова» округінен сайланған депутат Боханова Роза Аяғанқызының сайлаушылары алдында есеп беру кездесуі №5 мектеп-лицейінде болып өтті.

 Кездесу отырысын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы А.Есжанов ашып, жүргізді.

Жиын барысында қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова депутаттық қызмет атқарған 9 ай ішінде округ бойынша атқарылған жұмыстарды тұрғындарға таныстырып, алға қойылған міндеттерге тоқталды.

Атап айтқанда, биылғы жылы №5 мектеп-лицейіне күрделі жөндеу, №23 мектеп-лицейінің ауласын қоршау жұмыстары жүргізілді.

Округке қарасты  Демесінов көшесінің Бокс Федерациясына кіре беріс жолы мен М.Абдразақов көшесінің Елемесов көшесінен Ж.Әбдреев көшесіне дейін аралығына, Ықсанов көшесінің Бектұрғанов көшесінен Абай даңғылына дейінгі жолды, Қиязов көшесінің Жахаев көшесінен № 26 тұрғын үйге дейінгі аралығындағы жолды жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, жұмыстар  толық атқарылды.

Ал, Журба көшесінің Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралығындағы жолды жөндеу жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталады.

ҮІ шақырылым жұмыс жасаған мерзім ішінде 2 кезекті және 6 кезектен тыс сессия, 10  тұрақты комиссиялар  отырыстарын өткізіп,  сессия қарауындағы 47 мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылдады. 9 акті мемлекеттік тіркеуге енгізіліп, 12 шешім бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланды.   Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелерді зерттеу мақсатында  депутаттар 17 рет рейдтік шараларға шығып, халықпен кездесіп, көтерілген мәселелерді сессия қарауына шығарды.

Сессия және тұрақты комиссия отырыстары мен рейдтік шаралар  (Қызылорда қаласындағы жол қауіпсіздігі, қалада шағын және орта бизнесті дамыту, суға түсу мерзіміндегі қауіпсіздік шаралары,Қызылорда қаласы мен ауылдық округтерінің кейбір көшелерін қайта атау және атау беру, Қызылорда қаласы мен Белкөл кенті және Қарауылтөбе ауылы әкімдерінің атқарып отырған жұмыстары, жылу маусымына дайындық) нәтижесімен бірқатар мәселелерді жедел шешуге қол жеткізілді.

2016 жылдың басында Қызылорда қаласының бюджеті  31,2 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, мәслихат сессияларында 5 рет өзгерістер енгізу  барысында  ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөліну есебінен бюджет  191 пайызға ұлғайып, қала бюджеті 59 846,6 (60 млрд жуық) мың теңгені құрады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында биылғы жылы бюджеттен 428,9 млн. теңге бөлініп, 6 орта мектеп пен 1 балабақшаға  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, жыл аяғына дейін тағы да                  15 мектепке қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.

Округ бойынша тұрғындар тарапынан М.Төлебаев, А.Гайдар көшелерін жарықтандыру, №23 мектеп-лицейін күрделі жөндеуден өткізу және осы мектеп-лицей орналасқан Әбілхайыр хан көшесімен көліктердің бір бағытта ғана жүруін қамтамасыз ету мәселелері көтеріліп, аталған жұмыстар алдағы уақытта қаржы көздерінің қарастырылуына орай атқарылатындығы айтылды.

 Кездесу соңында сайлаушылар қалалық мәслихат хатшысының атқарып отырған жұмысына оң пікірлерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.

 

 

 

 

Сенбілік

 

 Ағымдағы жылдың 12 қараша күні қаламыздың «Келменбет батыр» саябағында Қызылорда облыстық, қалалық мәслихат депутаттары бірлескен сенбілік өткізді.

 Сенбілік барысында саябақ аумағы қоқыстардан тазартылып, қураған ағаш жапырақтары жинастырылды, 100-ге жуық түп ағаш көшеттері отырғызылды.

 

 

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сегізінші сессиясы өтті

 

Үстіміздегі жылдың 31 қазан күні  VІ шақырылған қалалық  мәслихатың кезектен тыс сегізінші сессиясы   өтті.

Сессияның күн тәртібіне 6 мәселе ұсынылып, қаралды:

1. «2016-2018» жылдарға арналған бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Қызылорда қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы.

3. Қызылорда қаласы ауылдық округі мен кентінің көшелеріне атау беру туралы.

4. Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округінің Ақжарма ауылын қайта атау туралы.

5. Қызылорда қаласындағы шағын аудандарға атау беру туралы.

6. «Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы №54/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы  Г.Баймаханованың хабарлауынша қала бюджетінің кірісі облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы және даму трансферттері есебінен 650 146,1 мың теңгеге ұлғайып отыр.

Ұлғайтылған бюджет қаражаты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа модельге көшуіне байланысты  үстемеақы төлеуге және облыс орталығы мен елді мекендерінің инженерлік-инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалмақшы.

Күн тәртібіндегі екінші, үшінші, төртінші, бесінші мәселелер

қалалық мәдениет және тілдерді бөлімінің басшысы Ғалым Баймырзаевтың  хабарламасы тыңдалды. Хабарламада Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округінің Ақжарма ауылына Баймұрат батырдың есімін беру туралы ұсыныс Облыстық ономастика комиссиясының қарауына жіберілетіні айтылды.

Сессия барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына «Сәулет-6» көшесін журналист-жазушы «Әділхан Бәйменов» есімімен,   «Сәулет-7» көшесін журналист «Нұрділдә Уәлиев» есімімен,  «Сәулет-8» көшесін «Оразбек Мақсұтұлы» есімімен,  «Сәулет-35» көшесін қызмет бабында қаза тапқан әскери қызметші «Қазбек Төреманов» есімімен,  «Саяхат-7» көшесін Социалистік Еңбек Ері «Бақытжан Серімбетов» есімімен, «Саяхат-10» көшесін Ұлы отан соғысына қатысқан «Дүйсенбай Шыныбеков» есімімен атау туралы ұсыныс жолдау мақұлданды. Сонымен қатар, депутаттар назарына идеологиялық тұрғыдан ескірген 41 көшеге қазақша атаулар ұсынылды.

Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша  «Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы №54/1 шешіміне тиісті өзгерістер енгізілді.

VІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс сегізінші сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КӨШПЕЛІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

 Үстіміздегі жылдың 27 қазан күні Қызылорда қалалық мәслихаты тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясының көшпелі отырысын Қарауылтөбе ауылдық округінде өткізді.

 Алдымен қалалық мәслихат депутаттары кенттегі бірқатар кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарды болып, олардың жағдайымен танысты.

 Депутаттар тоқталған бірінші нысан ашылуға дайындалып жақан  көпсалалы сауда орталығы болды. Ауылдық округ аумағында жеке кәсіпкер С.Тоғайбаев өз қаражатынан жер көлемі 2,8 га болатын жерді қоршалап, электр желілерін жүргізді.  Бұл сауда орны іске қосылса шамамен 70  ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін болады.

 Екінші нысан «Майдан Құрылыс» ЖШС-гі мекемесі болды Ауыл төңіренінен  қосалқы шаруашылықпен айналысу мақсатында «Майдан Құрылыс» ЖШС-гі өз қаражаттарына 8 га жер  алып, пластикалық цехтың құрылысын, салуда және жылыжай құрылысын салуда. 2016 жылдың 1 жартыжылдығында мал шаруашылығын дамыту мақсатында, 30 бас сүтті мүйізді ірі қара малын сатып алып бағуда. Келешекте мал бордақылау пунктін салуды жоспарлауда.

 Депутаттар келесі кезекте «Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Ауылдық округте «Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-гі  және «Ералиев» ЖК, «Арайлым» ЖК бірігіп күріш дақылын егумен айналысты.   2016 жылы  егіс көлемі: 1252 га болды.

 Күріш – 400 га, жоңышқа – 538 га, арпа-60 га, сұлы-10 га, бидай-36 га  бірлесіп жұмыс істеу шартымен – 150 га күріш егілді.

 Ғылыми-зертеулер бойынша егістер: күріш – 7 га, , арпа – 5 га, сұлы – 9 га, бидай – 78 га, африкалық  тары – 2 га. егілді.

 Халық қалаулылары төртінші кезекте ауылдық округтің әкімі аппаратында орналасқан мобильді кітапханамен танысты. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №7  мобильді кітапханада  барлығы -12403 кітап қоры бар. Күнделікті ауыл тұрғындарына тұрақты қызмет көрсетіп келеді.

 Депутаттардың бесінші жұмысымен танысқан нысаны ол Қарауылтөбе фельдшерлік-акушерлік пункті болды. Қалалық №6 емханаға қарасты Қарауылтөбе фельдшерлік-акушерлік пункті ауыл халқына өз қызметін көрсетіп келеді. Қызмет көрсету аймағына Қарауылтөбе елді-мекені кіреді. Жұмыс істейтін орта буын медицина қызметкерлерінің саны- 4, Орта буын медицина қызметкерлерінің бәрі де білімін жетілдірген.

 Мұнан соң дептутаттар №179 А.Хангелдин атындағы орта мектепте ауыл тұрғындарымен кездесіп, Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімінің Медет Сейіловтің ауылдық округтің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен даму жоспарлары туралы хабарламасын тыңдап, тұрғындардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.

 Тұрғындар кездесуде ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға қатысты сұрақтар қойып, жауаптар алды.

 Кездесуде қалалық мәслихаттың хатшысы Р.Боханова ауылда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, тұрғындарды отбасындағы ахуалға мән беріп, қоғам тұрақтылығын сақтауға шақырды.

 Кездесу қорытындысымен қалалық мәслихаттың депутаттар корпусы кент әкімінің атқарып отырған жұмыстарына оң баға беріп, іс-шара барысында айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштер назарға алынып, тиісті орындарға жеткізілетінін айтты.

 

 

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ «ҚАРТТАР КҮНІ» МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

 Ағымдағы жылдың 1 қазанында қалалық мәслихаты және «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалымен бірлесіп «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, қарттар күні мерекесіне арналған «Қарттарым асыл қазынам» атты іс-шараға қатысты.

 Мерекелік шара барысында қалалық мәслихат депутаты «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Ш.Әбдірахманов орталықтың қамқорлығындағы барша зейнеткерлерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, депутаттар атынан тұрмыстық техника сыйға тартты. Сонымен қатар Ш.Әбдірахманов қалалық мәслихаттың хатшысы Р.Боханованың ардагерлерге құттықтауын жеткізді.

 Мерекелік іс-шара концерттік бағдарлама ұласып, зейнеткерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

Үстіміздегі  жылдың 30 қыркүйегінде қалалық мәслихат депутаттары қаланың қысқы маусымға дайындығын назарға алды.

Депутаттар алдымен қала бойынша жүргізіліп жатқан жылу маусымына дайындық шараларымен танысып, мәселеге орай ұсыныс пікірлерін білдірді.

Депутаттар назарға алған нысанның бірі Бектұрғанов пен Панфилов көшелері қиылысында орналасқан магистралды жылу жүйесіне жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстары болды. Құрылысы салынғалы 40-20 жыл болған жылу жүйелері ескіріп, тұрғын үйлерге жылу қуатының өз деңгейінде жетуіне кедергі тудырып келген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы кең көлемде атқарылып, 7 жоба бойынша ұзындығы 6,5 шақырымды құрайтын қаланың Бектұрғанов, Жанадилов, Әуезов және Егізбаев көшелеріндегі магистралды және кварталаралық жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары толығымен жүргізілген.

Мәслихат депутаттары назарға алған келесі нысан Мүсірепов көшесі 18 үйге орнатылған ыстық сумен жабдықтау мақсатындағы жеке жылу пункттерінің жұмысы болды.

Бүгінде Европалық Қайта Құру және Даму банкі арқылы қаладағы 60 көпқабатты тұрғын үйлерге, 6 әлеуметтік орындарға (4 мектеп, 2 балабақша) ыстық сумен қамтамасыз ету қондырғылары орнатылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл өз ретінде көп қабатты үйлерді ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырса, екіншіден жылу қуаты төлемдерін үнемдеуге жағдай жасайды.

Сондай-ақ, мәслихат депутаттары "Қызылордажылуэлектрорталығы" кәсіпорнындағы жылу маусымына дайындық жұмыстарымен танысып, мекеме ғимаратында Қызылорда қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және “Нұр Отан” партиясы депутаттық фракциясы, қала әкімдігі жанындағы қысқы маусымға дайындық жөніндегі штабтың бірлескен отырысына қатысты.

Отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, денсаулық сақтау саласының мамандары, қалалық бөлім басшылары, коммуналдық мекеме директорлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, штаб отырысын қала әкімінің орынбасары Марсбек Молдабаев жүргізді.

Штаб отырысында қала бойынша атқарылып отырған шаралар туралы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерлан Бердібаев, «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Бауыржан Мадраимов, қаладағы су жүйелерінің қысқы маусымға дайындығы туралы «Су жүйесі» кәсіпорны директорының орынбасары Наурыз Баярыстанов, «Қалалық электр тарату орталығы» мекемесінің директоры Жандос Ниязов хабарлама жасап, дайындық шаралары қарқынды ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.

Сала мамандары қалада қысқы маусымға дайындық жұмыстары қатаң бақылауда тұрғанын айтып, коммуналдық мекемелердің барлық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы, жылу маусымының өз дәрежесінде атқарылатынын жеткізді.

 

 

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ҮІІ СЕССИЯ ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде қалалық мәслихаттың кезекті ҮІІ сессиясы өтті.

Кезекті сессияға қала әкімі Н.Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қала әкімінің орынбасарлары мен қала әкімі аппаратының басшысы, қалалық мәслихаттың ҮІ шақырылым депутаттары, қалалық дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызмектерлері мектеп басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия отырысына қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы және кезекті сессия төрағасы Қ.Ерназаров төрағалық етіп, күн тәртібінде енгізілген 10 мәселе қаралып, талқыланды.

Сессия барысында негізгі «Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы» мәселесіне орай қалалық Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы Қ.Шүкіров, «Қызылорда қаласының сәулеттік келбетін жақсарту барысында атқарылған жұмыстар туралы” мәселеге орай қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы П.Шамұратов хабарлама жасап, депутаттардың сауалдарына жауаптар берді.

Сессия барысында қалалық мәслихаттың тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы М.Кәрімбаев жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне қатысты хабарлама жасап, ұсыныстар білдірді.

Сессияда қалаға қарасты кенттер мен елді мекендердің қажетті жол белгілерін орнатуды, сапасыз салынған жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, қоғамдық көліктердің бір-бірімен жарысу және жолда жүру ережелерін бұзу жағдайларын болдырмау бойынша жүйелі жұмыстарды одан әрі жалғастыру, депутаттармен жүргізілген рейдтік іс-шаралары барысында қоғамдық көлік жүргізушілерінен теміржол вокзалы аймағында такси автокөлігіне арналған автотұрақтың жоқтығына, оған қажетті жол белгілерінің орнатылмауы, сызылмауы салдарынан такси автокөліктері кез-келген жерге тоқтап, автобус көліктерінің қозғалысына кедергілер келтіріп отырғаны туралы ұсыныстары қала әкімі тарапынан қолдау тапты.

Сонымен қатар, «Қала әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы», «Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 ақпандағы № 14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы”, “Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы”, “Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы», «Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі №28/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қызылорда қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы», «Қызылорда қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы», «Қызылорда қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы», «VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы», «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қала әкімдігі жанындағы комиссиясының құрамын бекіту туралы» мәселелер қосымша талқыланып, шешімдер депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Қалалық мәслихаттың кезекті сессия төрағасы болып депутат М.Кәрімбаев сайланды.

Суретті түсірген Нұрболат Нұржаубай

«ДЕПУТАТТЫҚ ОҚУ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

 

Үстіміздегі жылдың 21 қыркүйегі күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында депутаттарға арналып ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға және ілеспе нормативтік құқықтық актілерге қабылданған түзетулер»  мәселесі бойынша  депутаттық оқу өтті.

Іс-шарада қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы П.Өмірәлі  2016 жылғы 21 сәуірде мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.

«Депутаттық оқу» іс-шарасы өкілді органдарда бұрыннан қалыптасқан тәжірибе. Қалалық мәслихаты алдағы уақытта бұл үрдісті жандандырып, қажеттілігіне қарай, жылына кем дегенде екі рет ұйымдастыруды жоспарлауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Үстіміздегі жылдың 21 қыркүйегі күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында VІ шақырылған қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен  "Нұр Отан" партиясының депутаттық фракциясының бірлекен отырысы өтті.

 Тұрақты комиссия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы М.Молдабаев,  депутаттар, қалалық дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының басшылық құрамы, кент және ауылдық округ әкімдері  қатысты.

Сессия отырысына қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Н.Ахатов төрағалық етіп, қалалық мәслихаттың ҮІІ (жетінші) сессиясына ұсынылатын 10 мәселе  қаралып, талқыланды.

Отырыста негізгі «Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы» мәселесіне орай қалалық Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы Қ.Шүкіров, «Қызылорда қаласының сәулеттік келбетін жақсарту барысында атқарылған жұмыстар туралы” мәселеге орай  қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы П.Шамұратов хабарлама жасап, депутаттардың сауалдарына жауаптар берді.

Сонымен қатар, «Қала әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы», «Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 ақпандағы № 14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы”, “Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы”, “Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы», «Қызылорда қалалық мәслихатының   2014 жылғы 10 сәуірдегі №28/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қызылорда қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы», «Қызылорда қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы», «Қызылорда қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы», «VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы», «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қала әкімдігі жанындағы комиссиясының құрамын бекіту туралы» мәселелер қосымша талқыланып, VІІ сессия қарауына ұсынылды.

 

 

ДЕПУТАТТАР «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

 

2016 жылдың 24 тамызында «Оқушылар сарайында» (ҚҚББОӘО)  қалалық мәслихат депутаттары алғашқылардың қатарында «Мектепке жол» акциясына қатысты.

Акцияға балалар мен олардың ата-аналары шақырылып,   60-қа жуық балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар, мектеп формалары табыс етілді.

Акцияға қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, мәслихат депутаттары С.Пазилов, Ә.Мампаев, Б.Ысқақов, С.Бихожаева,

Ж.Жарасбаев, Л.Қожаниязова, Қ.Орынбасарұлы, Н.Ибраев, қалалық білім бөлімінің басшысы А.Есжанов және БАҚ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаты Т.Мақашовтың демеушілігімен облыстық филармония жанынан құрылған «Қуыршақтар театры» «Мазасыз тиін» спектакльінің тегін көрсетілімін ұсынды.

Қайырымдылық шарасының соңында балаларға арналған мерекелік концерт көрсетіліп, балмұздақтар мен тәттілер таратылды.

«Мектепке жол» республикалық акциясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Акция еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіліп, қалаға қарасты кенттер мен округтердегі мектептерде жалғасын табады.

Биылғы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында қалалық мәслихат депутаттары 100-ге жуық көмекке мұқтаж оқушылардың мектепке жақсы дайындықпен баруына  көмек берді.

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

 

 Ағымдағы жылдың 18 тамызында Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті.

 Бұл жиналысқа қалалық аталған комиссиясының мүшелері және тиісті сала басшылары мен мамандары қатысты.

 Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық талқыланып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

 

2016 жылдың 16 тамызы күні Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары  Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов пен Мұрат Бахтиярұлымен кездесіп, толғандырып жүрген сауалдарға жауаптар алды.

Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттарымен болған кездесуге Қызылорда қаласы әкімінің міндетін атқарушысы Шәменов Асылбек Өмірбекұлы қатысты.

Сонымен қатар бұл басқосуға жергілікті атқарушы органдар өкілдері, кент және ауылдық әкімдері, ішкі істер органдары мен жергілікті полиция қызметінің басшылары мен қызметкерлері, қалалық қоғамдық кеңес, үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер кеңесі, және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

 

 

 

 

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

 Ағымдағы жылдың 16 тамызында  Қызылорда қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.

Отырысқа Қызылорда қаласы әкімінің міндетін атқарушысы Шәменов Асылбек Өмірбекұлы қатысты.

Күн тәртібіне екі мәселе ұсынылып, қаралды:

1) «Қызылорда қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қалалық жергілікті полиция қызметінің 2016 жылдың І жартыжылдығына атқарған жұмыстары туралы».

2) «Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс шаралардың жүзеге асырылуы» туралы.

Аталмыш мәселелер бойынша қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Шүкіров Қуаныш  хабарлама жасады.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне орай, оның ішінде қалада қажетті жол белгілерімен және  қаладағы кәсіпкерлік нысандардың автотұрақтармен қамтамасыз етілуі бойынша қалалық қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Молдабаев Марсбек, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Омаров Ғанибек қосымша хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселеге орай, Қызылорда қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қалалық жергілікті полиция қызметінің 2016 жылдың І жартыжылдығына атқарған жұмыстарына қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау жөніндегі тұрақты комиссия атынан комиссия мүшесі  қалалық мәслихат депутаты  Ибраев Нұрболат хабарлама жасап, қанағаттанарлық баға берді.

Сонымен қатар, отырыста Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі сөз алып, өз ойын ортаға салды.

 

 

ДЕПУТАТТАР   ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 

Үстіміздегі жылдың 16 тамызы күні қалалық мәслихаттың депутаттары қалалық ішкі істер басқармасы жедел басқару орталығында болып, бейнебақылау камераларының жағдайын, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне олардың ықпалын талқылады.

Қазіргі таңда қала бойынша құқық бұзушылықтармен қылмыстардың алдын алу  және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы 247 бейнебақылау камералары жұмыс атқаруда.

Жыл басынан бері  бейнебаылау камераларының көмегімен 112 қылмыстың ашылуына септігін тигізсе, 25 мың 597 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде 22 мың 613 жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері болып отыр.

Бұл іс-шарада көтерілген мәселелер қыркүйек айында өткізілетін кезекті сессияда қаралатын болады.

ДЕПУТАТТАР КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗДІ

 

Үстіміздегі жылдың 12 тамызы күні Қалалық мәслихат депутаттары қоғамдық көлік және такси жүргізушілеріне жол қауіпсіздігін сақтау мәселесіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жол қауіпсіздігін жақсартуға көлік жүргізушілерінің пікірлерін  тыңдады.

Іс-шара «Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы» мәселені қыркүйек айында өтетін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсыну жөніндегі уақытша  жұмысшы  комиссиясының  жұмыс жоспары аясында өткізілді.

Іс-шараға  қалалық мәслихат депутаттары, қалалық жергілікті полиция қызметі, қалалық кірістер басқармасының және қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары қатысты.

Түсіндірме жұмыстары кезінде депутаттар   орталық алаң маңындағы теміржол вокзалы аумағындағы такси тұрақтарындағы көлік жүргізушілерімен сұқбаттасты.

Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы   әзірленген такси жүргізумен айналысу үшін қандай заңдылықтарды білу қажеттігі жөнінде жадынамалар таратылды.

Сонымен қатар, депутаттардан құралған жұмысшы топ қоғамдық көлік бағыттарына мініп, олардың жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін назарға алды.

Көлік жүргізушілері  «Темір жол» вокзалы аумағындағы авто тұрақтарды жеңіл көліктермен қоғамдық көлікке ыңғайлы етіп жабдықтау туралы ұсыныс білдірді.

  Түсіндірме шарасы барысында айтылған ұсыныс пікірлер үстіміздегі жылдың қыркүйек айында өтетін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында    көтерілетін болады.

 

 

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

 

 Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті.

 Бұл жиналысқа аталған комиссияның мүшелері және тиісті сала басшылары мен мамандары қатысты.

 Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық талқыланып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНА ҚАРАСТЫ КЕНТТЕР МЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

 

Қызылорда қалалық мәслихатының  биылғы жұмыс жоспарына сәйкес, наурыз айында  жұмыспен қамту мәселесі сессия қарауына шығарылатын болады.

Осыған орай, қалалық мәслихат депутаттары үстіміздегі жылдың 21-24 ақпаны аралығында халықты  кәсіпкерлікпен айналысуға шақыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңестер беру, мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласында көрсетіліп отырған көмектер туралы кеңінен ақпараттар беру және жұмыспен қамту мәселесіне орай ұсыныс пікірлер жинақтау мақсатында Қызылорда қаласына қарасты «Белкөл», «Тасбөгет» кенттері мен «Қызылөзек», «Талсуат», "Қарауылтөбе", "Қосшыңырау", «Ақжарма», «Қызылжарма», «Ақсуат» ауылдық оругтерінде халықпен кездесулер өткізді.

Кездесуде кент және ауылдық округ әкімдері «Халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын ашу мәселелері»  туралы хабарламалар жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Аталған басқосуларға Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Роза Боханова, №7 «Ақмешіт» сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Қайрат Ерназаров, №1 «Қызылжарма» округінен сайланған депутат Ғалымбек Жақсылықов, №18 «Наурыз»  сайлау округінен сайланған депутат Алтынбек Сүйінтаев. №19 «Тасбөгет» сайлау округінен сайланған депутат Бақдәулет Ысқақов, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дулат Таубай, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық жұмыспен қамту орталығының жауапты мамандары, Қызылорда облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалы, «Аграрлық несие корпорациясы» Акционерлік қоғамы, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржылық  ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Ауыл шаруашылығы» қаржылай қолдау қоры, «Сыр бойы» кредиттік серіктестігі өкілдері қатысып, кәсіпкерлікті бастау, жеңілдікпен несие беру, бизнесті кеңейту мәселелеріне орай  түсіндірме жүргізді.

Сонымен қатар, кездесуде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа  енгізілетін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңын  облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары түсінікте берді.

Кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге тиісті сала мамандары тарапынан нақты жауаптар берілді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлікті дамытуға байланысты берілген ұсыныстар Қызылорда қалалық мәслихатының сессиясында қаралатын болады..

«ҚЫЗЫЛӨЗЕК» АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

 

Қызылорда қалалық мәслихатының  биылғы жұмыс жоспарына сәйкес, наурыз айында  жұмыспен қамту мәселесі сессия қарауына шығарылатын болады.

Осыған орай, қалалық мәслихат депутаттары үстіміздегі жылдың 21-24 ақпаны аралығында халықты  кәсіпкерлікпен айналысуға шақыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңестер беру, мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласында көрсетіліп отырған көмектер туралы кеңінен ақпараттар беру және жұмыспен қамту мәселесіне орай ұсыныс пікірлер жинақтау мақсатында қалаға қарасты кент және ауылдық оругтерде халықпен кездесулер өткізді.

 21 ақпан күні «Қызылөзек» ауылдық округінде өткен халықпен кездесуді қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова жүргізіп,  жергілікті әкімдердің рейтінгі ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне орай бағаланатынын, осыған сәйкес ауыл әкімдері халықпен жұмыспен қамтуды басты назарда  мәселелерін ұйымдастыруды ауыл әкімінен сұрады.

Кездесуде ауылдық округі әкімі Шынтасов Жасұлан «Қызылөзек» ауылдық округінде халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын ашу мәселелері»  туралы хабарлама жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Басқосуға №7 «Ақмешіт» сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Қайрат Ерназаров, облыстық мәслихат депутаты Жорабек Нұрымбетов, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дулат Таубай Раушанбекұлы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық жұмыспен қамту орталығының жауапты мамандары, Қызылорда облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалы, «Аграрлық несие корпорациясы» Акционерлік қоғамы, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржылық  ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Ауыл шаруашылығы» қаржылай қолдау қоры, «Сыр бойы» кредиттік серіктестігі өкілдері қатысып, кәсіпкерлікті бастау, жеңілдікпен несие беру, бизнесті кеңейту мәселелеріне орай  түсіндірме жүргізді.

Сонымен қатар, кездесуде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа  енгізілетін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңын  №2 қалалық емхананың бас дәрігері Серік Игембаев  түсінікте берді.

Аталған басқосуда кәсіпкер болғысы келетін тұрғындардың сұрақтарына тиісті мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХІ ӨТТІ

 

Үстіміздегі жылдың 20 ақпаны күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХІ (он бірінші) сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова,  депутаттар, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 5 мәселе шығарылып, талқыланды.

          Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 49-9/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бюджет жобасында қаралған түрлі әлеуметтік мәселелер сессия барысында шешімін тапты. Мәселен, сессия шешіміне сәйкес елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасы аясында Қызылөзек ауылдық округіндегі орталық бейітті қоршауға қажетті  қаржы бөлінді.

 Қалалық мәслихатының кезектен тыс  ХІ сессиясының күн тәртібіне шығарылған Қызылорда қаласының Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығын лауазымынан босатуға келісім беру туралы, «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 20 қаңтардағы №66-10/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы,  «Қала әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы  03 қыркүйектегі №46/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қала әкімдігі жанындағы комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 36-7/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып,  шешімдер қабылданды.

“ҚЫЗЫЛӨЗЕК” АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

 

2017 жылдың 31 қаңтарында қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Қызылорда қаласына қарасты   “Қызылөзек” ауылдық округі әкімі лауазымына сайлау өтті.

“Қызылөзек” ауылдық округі әкімі лауазымына сайлау өткізу  жөніндегі отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова төрағалық етіп, таңдаушылар-қалалық депутаттары «Қызылөзек» ауылдық округ әкімінің лауазымына үміткерлер Ж.Шынтасов пен Ж.Байқадамовқа дауыс берді.

Сайлау қорытындысы бойынша сөз алған қалалық аумақтық сайлау  комиссиясының төрағасы А.Есжанов «Қызылөзек» ауылдық округ әкімі лауазымына үміткер Ж.Шынтасовқа таңдаушылардың 98 пайызы дауыс бергенін атап өтті.

Сайлау барасында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгiленген сайлау рәсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылды.

 

 

7

6

5

4

3

2

1