Мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қалалық мәслихаты

Қызылорда қалалық мәслихатының сайтына қош келдіңіз!

Мемлекеттік рәміздер

KZ

RU

Жаңалықтар

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өңірдің барлық деңгейіндегі мәслихаттар арасында облыстық спартакиада өткізілді.

 

 2016 жылдың 9 шілдесі күні «Евразия» спорт кешенінде Қызылорда қалалық мәслихаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бекітілген 25 іс-шараның аясында өңірдің барлық деңгейіндегі мәслихаттар арасында шағын футболдан, үстел теннисі және шахмат ойындарынан облыстық спартакиада өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған спорт сайысы салауатты өмір салтын насихаттауды, мәслихаттар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.

Спартакиаданың ашылу рәсімінде облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Байқадамов, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова,  «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі.

 Жарысқа қатысушы командалар спартакиада қорытындысымен жеңіске жеткен төмендегі спортшылар мен командалар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Спартакиады жеңімпаздары

Шағын футбол бойынша

І орын – Қызылорда қалалық мәслихаты;

ІІ орын – Шиелі аудандық мәслихаты;

ІІІ орын – Жаңарқорған және Жалағаш аудандық мәслихаты.

 

Үздік қақпашы - Ахметов Әбдішәки Шиелі аудандық мәслихаты;

Үздік қорғаушы – Табынбаев Қайыркелді  Қазалы аудандық мәслихаты;

Үздік шабуылшы -  Мұқашев Бақытбек Жалағаш аудандық мәслиxаты.

 

Үстел теннисі бойынша (ерлер) арасында

І орын – Пархатов Бақытбек – Қазалы аудандық мәслихаты;

ІІ орын – Наурызбай Байқадамов Қызылорда облыстық мәслихаты;

ІІІ орын – Мэлс Қосмамбет Қызылорда облыстық мәслихаты.

 

Үстел теннисі бойынша (қыздар) арасында

І орын – Жақанова Ботагөз Жалағаш аудандық мәслихаты;

ІІ орын – Алайдар Айдана  Жаңақорған аудандық мәслихаты;

ІІІ орын – Палымбетов Ләйлә Шиелі аудандық мәслихаты.

 

Шахмат бойынша:

І орын – Ерхан Бақбергенұлы Жалағаш аудандық мәслихаты;

ІІ орын – Тобағұлов Сталбек Сырдария аудандық мәслихаты ;

ІІІ орын – Ахметов Әбдішәки Шиелі аудандық мәслихаты.

 

 

Мәжіліс депутатымен кездесу

 Үстіміздегі жылдың 8 шілдесінде Қызылорда қалалық мәслихаты аппаратында Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Кесебаева Балайым Туғанбайқызы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарымен және облыстық, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесу өткізді.

 Аталмыш кездесуге облыстың ішкі істер департаментінің бастығы Ж.Сүлейменов, облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ.Қобыландин, "Нұр Отан" партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ә.Ерсұлтанов, Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Р.Боханова, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Ш.Әбдірахманов, қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ.Шүкіров қатысты.

 Кездесу барысында жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық кеңес институтын одан әрі нығайту, қоғамдық кеңес арқылы түрлі мәселелерді шешу жолдары ортаға салынды. Сонымен қатар, кездесуде қауіпсіздік шараларын күшейту бағытында ішкі істер органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен ұсыныс-пікірлер айтылды.

 

 

 

 

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

 

Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті.

Бұл жиналысқа қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері және тиісті сала басшылары мен мамандары қатысты.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық талқыланып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

 

 

«Депутат және журналист - халық қызметшісі» атты дөңгелек үстел өтті

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында қалалық мәслихатпен бекітілген 25 іс-шара жоспарына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай үстіміздегі жылдың 27 маусымы күні «Ақмешіт ақшамы» газетінің редакциясында «Депутат және журналист - халық қызметшісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Дөңгелек үстелдің мақсаты депутаттар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатынасын нығайту болып табылады.

Дөңгелек үстелге қалалық мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері, журналистер қауымы қатысты.

Жиын барысында қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, Қызылорда қаласындағы ортақ мәселелерге орай ұсыныс айтуға шақырды.

 Кездесуде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұңғыш астана болған Қызылорда қаласының тарихи мәртебесін көтеру мәселесі айтылды. Мәслихат депутаты Е.Бәйтілес қалада газет дүңгіршіктерінің азайып кеткенін алға тартты.

 Шара соңында бірқатар журналистер қауымы қалалық мәслихат депутаттары атынан алғыспен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

 

ЖЕР РЕФОРМАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗДЕСУ

Жер кодексінің өзгерген баптарына түсіндіру, қалада атқарылып отырған жұмыстарды ақпараттандыру мақсатында Қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, "Нұр Отан" партиясының Қызылорда қалалық филиалының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Әбдірахманов, қалалық жер қатынастар бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Ғ.Еркебай, қалалық ауыл шаруашылық бөлімнің басшысы Д.Таубай Қосшыңырау және Қызылжарма ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысы еркін диалог ретінде өтіп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сонымен қатар ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелерге де нақты жауаптар берілді.

 

 

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ТӨРТІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың 20 маусымы күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясы болып өтті. Сессия отырысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, депутаттар, қалалық дербес бөлім басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне 5 мәселе ұсынылып, қаралды

Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласында шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары туралы» бірінші мәселеге орай, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қожахмет Ілиясов хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Сессия барысында қала бойынша кафе, мейрамхана саласындағы кәсіптің алға шығып кеткені айтылып, ендігі кезекте ауыл шаруашылық, құрылыс саласындағы кәсіппен айналысуды насихаттау қажеттігі айтылды.

Күн тәрбіндегі екінші «Суға түсу мерзіміндегі қауіпсіздік шаралары туралы» мәселе бойынша «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі басшысы Бақыт Ембергеновтің хабарламасы тыңдалды.

Аталған мәселе бойынша Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Қалғандария учаскесінің тұрғындары өзеннен қолдан жасалған ағаш қайықтарымен жүзіп өтетінін жеткізіп, тиісті талаптарға сай келетін қайықпен қамтамасыз ету сұаралып, ұсыныс қолдау тапты.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселеге орай, қалалық жер қатынастар бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан Еркебайдың ұсынысына сәйкес мәслихат депутаттары Қызылорда қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекітуге келісім берді.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі төртінші мәселеге орай, қалалық білім бөлімінің басшысы Асқарбек Есжановтың хабарламасы тыңдалды.

Мәселеге орай, қалалық мәслихат депутаты Қ.Ерназаровтың биылғы жылы күрделі жөндеуден өткен «Сырдария» лагерінің жұмысын маусымдық ғана емес, жыл бойы ұйымдастыру туралы ұсынысы қолдау тапты.

Алтыншы шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс төртінші сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер бірауыздан қабылданды.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының «Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай жыл көлемінде өткізілуі жоспарланған 25 қайырымдық іс-шараның аясында мәслихат депутаттарының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 15 маусымында Айтбай мешітінде ауызашар берілді. Отырыста депутаттар халықты қасиетті Рамазан айымен құттықтау айтып, сүбелі сөз сөйледі. Сонымен қатар Айтбай мешітінің имамы құран оқып, халықтың тату-бірлікте болуына дұға жасады.

Рамазан айының қуанышымен бір дастарханда бөліскен көпшілік, алғыстарын айтып, разылықтарын білдірді.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихаттың хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихаттың депутаттары Қ.Орынбасарұлы мен А.Сүйінтаев, қалалық жер қатынастар бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Ғ.Еркебай, қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Д.Таубай Ақжарма және Ақсуат ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, Жер кодексіндегі өзгерістерге байланысты ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныстары тыңдалып, қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

 

 

 

2016 жылдың 3 маусымында басталған жер кодексіндегі өзгерістерге байланысты ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жүргізу мақсатында Қызылорда қаласына қарасты кенттер мен ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесу 10 маусым күні Талсуат пен Қызылөзек ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

Бұл кездесуге қалалық мәслихаттың хатшысы Роза БОХАНОВА, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Шәріп ӘБДІРАХМАНОВ, қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат ЕРНАЗАРОВ, қалалық жер қатынастар бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан ЕРКЕБАЙ, қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Дулат ТАУБАЙ қатысты.

Кездесу барысы еркін пікір алмасу түрінде өтті. Сонымен қатар, бұл кездесуде ауыл тұрғындарының өзекті мәселелері де көтеріліп, тиісті сала өкілдері тарапынан тұшымды жауаптар берілді.

 

 

Үстіміздегі жылдың 7 маусым күні сағат 16-00 де қалалық мәслихат аппараты ғимаратының мәжіліс залында қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс ІІІ сессиясы болып, онда «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы”, «2015 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы», «Қызылорда қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеуге келісім беру туралы» мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, сессия отырысында қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы сөз сөйлеп, қаламызда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 

 

 

 

2016 жылдың 7 маусым күні сағат 15-30 да қалалық мәслихат аппараты ғимаратының мәжіліс залында VІ шақырылған қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен “Нұр Отан” партиясының депутаттық фракциясының бірлескен отырысы болып өтті.

Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды.

1. «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. 2015 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы.

3. Қызылорда қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеуге келісім беру туралы.

Күн тәртібіндегі 3 мәселе де депутаттардың қолдауымен сессияда қаралуға ұсынылды.

 

 

Ағымдағы жылдың 2 маусым күні жер кодексіндегі өзгерістерге байланысты ақпараттық-түсіндірмелік мақсатында Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округі мен Белкөл кентінде тұрғындарымен кездесу болып өтті.

Кездесуге қалалық мәслихаттың хатшысы Роза БОХАНОВА, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Шәріп ӘБДІРАХМАНОВ, қалалық мәслихаттың депутаты, «Жабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алтынбек СҮЙІНТАЕВ, Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серік ДҮЙСЕНБАЕВ, қалалық жер қатынастар бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан Еркебай, қалалық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Дулат ТАУБАЙ, «Қызылорда Сыр суы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрлан ӨТЕПОВ қатысты.

Кездесу барысында қалалық жер қатынастар бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Ғ.ЕРКЕБАЙ, Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ш.ӘБДІРАХМАНОВ сөз сөйлеп, жер кодексіндегі өзгерістерге байланысты хабарлама жасады.

Кездесу барысында аталған мәселе диалог ретінде ашық талқыға салынып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда қалалық мәслихаты жыл көлемінде 25 қайрылымдылық іс-шара өткізу жоспарлап, іске асыруда.

Сол шараның бірі – 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күні мерекесінде қалалық мәслихат депутаты Талғат Мақашов бүлдіршіндерге арналған Қызылорда облыстық филармонияда «Қуыршақтар» театры қойылымының көрсетілуін ақысыз негізде ұйымдастырды.

Сондай-ақ, бұл күні сурет салу, сұрақтарға жауап беру, спорттық және тағы басқа ойындар өткізіліп, балмұздақтар таратылды.

Бұл іс – шараға қала бойынша әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан мектеп оқушылары және балабақша тәрбиеленушілері қатысты. Сондай – ақ  қаладан сайланған 19 депутаттың сайлау округтерінен бүлдіршіндер қамтылды.

 

 

Қызылорда қаласындағы шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары аясында қалалық мәслихат депутаттарының кәсіпкерлік субъектілерімен кездесуі 2016 жылдың 31 мамырында «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында өтті.

Күн тәртібінде 4 мәсәле ұсынылып, қаралды.

1. Қызылорда қаласындағы мейрамханалар мен кафелерінің автотұрақтарының ҚР қолданыстағы заң талаптарына сәйкес келмеуі мәселесі;

2. Жергілікті атқарушы органдар елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру мәселесі.

Энергия беруші ұйым өзінің ғаламтор-ресурсында электрмен жабдықтау желісіне қосылу және техникалық шарттарды беру процесіне, сонымен қатар, электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосылуға арналған тарау ашу және кемінде 6 ай мерзімділігімен жүктелетін шағын станция туралы ақпаратты орналастыру мәселесі;

3. Қызылорда қаласында сауда-саттық жүргізу үшін жер учаскелерін бөлу тәртібін Астана қаласында енгізілген тәжірбиесін қолдану мәселесі;

4. Коммуналдық меншік объектілерін және жер учаскелерін шағын және орта кәсіпкерлік меншігіне немесе жалға беру мәселесі. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының маманы Ким Ирина Алексеевна, екінші мәселе бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы – Құлмахан Салават Аязбайұлы, үшінші мәселеде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының сарапшысы – Танатова Гүлдана Яхияқызы, төртінші мәселе бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы – Тоқтаров Алмат Ортайұлы баяндама жасады. Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, жан-жақты талқыланды. Кәсіпкерлер тарапынан айтылған ұсыныстар сессия отырысында қаралатын болады.

 

Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы және мәслихат депутаты Ибраев Нұрболат Балтабайұлы 2016 жылдың 27 мамыр күні рейдке шығып, №5 «Әл-Фараби» сайлау округіндегі бірқатар нысандарды аралады. Рейдке аралау барысында туындаған мәселелерге қатысты тиісті мекеме басшылары да қатысты.

Рейдке қатысушылар алдымен «Қызылжарма» каналынан тұрғындарға аяқ судың дұрыс жетпеуі және каналдың қоқыс төгетін орынға айналуы туралы мәселені көтеріп, тиісті мекеме басшыларына қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Рейд маршрутының келесі бағыттарында Күлтегін, Көкбөрі көшелерін аралады. Тұрғындар тарапынан алдымен инфрақұрылым мәселелері көтерілді: Күлтегін, Көкбөрі көшелеріне тас жол салу, электр жарығын тарту, аяқ су жүргізу және осы көшелерге қоса Ақжол, Достық, Ынтымақ көшелерін түнгі жарықтандыру.

Жұмабаев көшесіндегі № 212 орта мектепте болып, аталған мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, жабық ойын алаңын салу мәселелерін талқылады.

Рейд соңында депутаттар аралау барысында кездескен мәселелерді талқылап, олардың шешілу барысын назарда ұстайтынын атап өтті.

 

 

 

 

 

Үстіміздегі жылдың 25 мамыр күні сағат 16.00 – де қалалық мәслихат аппараты ғимаратының мәжіліс залында VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы болып өтті.

Тұрақты комиссиялар отырысының күн тәртібіне 6 мәселе ұсынылып, қаралды.

1. 2015 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы.

2. «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылға арналған Қызылорда қаласының бюджетінің атқарылуы туралы есебі».

3. Қызылорда қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеуге келісім беру туралы.

4. Қызылорда қаласында шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары туралы.

5. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы.

6. Суға түсу мерзіміндегі қауіпсіздік шаралары туралы.

         Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Иманқұлов Әлсейіт Аманжолұлы, екінші мәселе бойынша Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Садуақасова Айгүл Аманханқызы, үшінші мәселеде қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Молдабаев Марсбек Рүстемұлы, төртінші мәселе бойынша қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ілиясов Қожахмет Әбілхайырұлы, бесінші мәселе бойынша қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Мақашев Асылбек Бақытбекұлы және алтыншы мәсле бойынша Ембергенов Бахыт Сағынбекұлы баяндама жасады.

         Тұрақты комиссиялар отырысының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, жан-жақты талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Сонымен қатар, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға Қызылорда қаласына қарасты бөлім басшылары толықтай жауап берді.

 

 

 

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының бекітілген жоспарына сәйкес  маусым айындағы кезекті сессияның күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселелер – «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы», «Қызылорда қаласында шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары туралы» және «Суға түсу маусымына дайындық жұмыстары және қауіпсіздік шаралары туралы».

Бұл мәселе жан – жақты зерттеліп, атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, сессияға ұсыну мақсатында қалалық мәслихат жанынан уақытша жұмысшы комиссиялары құрылып, ағымдағы жылдың 4,11,13 мамырында рейдке шықты. Рейдтер барысында туындаған мәселелер талқыланып, олардың шешілу жолдары бойынша ұсыныс-пікірлер айтылды.

 

 

 

 

 

Депутаттар рейді

 

VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Р.Боханова және мәслихат депутаты Ж.Жарасбаев 2016 жылдың   27 сәуір күні рейдке шығып, №16 «Сәулет» сайлау округіндегі бірқатар нысандарды аралады. Рейдке аралау барысында туындаған мәселелерге қатысты тиісті мекеме басшылары да қатысты.

Бекітілген аралау бағдарламасына сәйкес Сәулет №29 көшесін, М. Шоқай көшесін, Саяхат №15, Сұлтан Бейбарыс көшелерін аралап, тұрғындармен кездесті. Сайлаушылар тарапынан көтерілген мәселелерге қатысты тиісті мекеме басшыларына қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Рейд соңында депутаттар кездесу барысында кездескен мәселелерді талқылап, олардың шешілу жолдары бойынша ұсыныс-пікірлерін айтты.

 

 

 

 

 

 

«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы

 

Қызылорда облысының әкімінің бастамасымен 2015 жылдың желтоқсан айында ұйымдастырылған «Жүрек жылуы» қайырымдылық  акциясы биыл да өз жалғасын тапты.

 Аталған акция аясында қалалық мәслихат депутаттары      2016 жылдың 27-28 сәуір күндері көмекке мұқтаж, тұрмысы төмен және мүгедек жандарға демеушілік көмек көрсету мақсатында бірқатар отбасыларын аралады. Олардың тұрмыс жағдайымен танысып, азық-түлік таратты.

Акцияға қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова бастаған мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Акцияның алғашқы күні қалалық мәслихат депутаттары (Ә.Нақып, С.Пазилов, Т.Мақашов, Н.Ибраев) өз сайлау округтері бойынша тұрмысы төмен отбасыларын аралап, оларға азық-түліктер табыс етті. Аталған шара 28 сәуір күні де жалғасып, қалалық мәслихат депутаттары (Б.Ысқақов, Ә.Мампаев, И.Ли, Ж.Жарасбаев) тарапынан бірнеше отбасына азық-түлік жеткізілді.

«Жүрек жылуы» қайырымдылық  акциясы 2016 жылдың аяғына дейін өз жалғасын табады.

 

 

 

 

 

 

VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының алғашқы сессиясы

 

Үстіміздегі жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өткізіліп, Қызылорда қаласындағы 19 сайлау округінен қалалық мәслихатқа 19 депутат сайланды.

Қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы 2016 жылдың 25 наурызында шақырылды. Сессия отырысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Асқарбек Темірбекұлы Есжанов жаңа құрамдағы мәслихат депутаттарын таныстырды.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша халық қалаулылары VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысын сайлады. №11 «Мәметова» сайлау округінен сайланған депутат Роза Аяғанқызы Боханованың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды.

Сонымен қатар, Қызылорда қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары құрылып, олардың құрамы жасақталды, төрағалары сайланды (бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Нұржан Сәбитұлы Ахатов, құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қайрат Шаршыбекұлы Ерназаров, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мұхиджан Исмаилұлы Кәрімбаев).

VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан»  партиясының депутаттық фракциясы тіркеліп, фракция төрағасы болып №15 «Ғ.Мұратбаев» сайлау округінен сайланған депутат Шәріп Әкбарұлы Әбдірахманов сайланды.

 

 

 

 

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ІІ сессиясы

 

2016 жылғы 6 сәуірде Қызылорда қалалық  мәслихатының        2 сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қаланың бірқатар атқарушы органдарымен кент, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер талқыланар алдында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы халық қалаулыларына депутаттық куәліктер мен төсбелгілерді салтанатты түрде табыс етті.

Қала әкімі Н.М.Нәлібаев құттықтау сөз сөйлеп, қалалық мәслихаттың жаңа құрамының депутаттық қызметтерін абыроймен атқарып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өркендеуіне лайықты үлес қосуына тілектестігін білдірді.

«Кез келген мәселені Өздеріңізбен бірлесе отырып ашық талқыға салып, жедел шешімін таба білсек, талай белестерді бағындырарымыз анық.

Қиын қыстау уақытта Өздеріңіздей азаматтардың елдің ауызбірлігіне ұйытқы болып, ел үшін одан әрі қызмет ете беретіндеріңізге сенемін.

Алдағы уақытта да жетістіктеріміз бен берекелі тірлігіміз арта берсін!

Әрқашан ел үшін еткен еңбегіміз жемісті болғай!» - деп, сөзін қорытындылады Нұрлыбек Машбекұлы.

Сессия барысында күн тәртібіне ұсынылған мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Депутаттар қалалық бюджетке енгізілетін өзгерістерді мақұлдап, дауыс берді.

Сонымен қатар, бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітіліп,  Республикалық және облыстық ономастика комиссияларының қарауына ұсынылатын Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің көшелерін қайта атау және атау беру туралы мәселелері қаралды.

 

 

 

 

Қызылорда қаласына қарасты кенттер мен ауылдық округтерді аралау

 

Қалалық мәслихат хатшысы Боханова Роза Аяғанқызының Қызылорда қаласына қарасты 2 кенттер мен 7 ауылдық округтерді ағымдағы жылдың 11 – 13 сәуір аралығында аралау жоспары бекітілді. Сонымен қатар, құрамында қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті билік пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аумақтық кеңес мүшелері бар жұмысшы тобы жасақталды.

Аталған жұмысшы топ бекітілген кестеге сәйкес барлық кенттер мен ауылдық округтерді аралап, ауыл тұрғындарымен пікірлесіп, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ой бөлісті, талқылады. Кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелердің шешілу жолдары бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды

 

 

 

 

7

6

5

4

3

2

1