Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау мәселесін көтерді.
«Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе ретінде атап өтіп, бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу қажеттігін атап өтті.
Осыған орай, VII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттық корпусы мемлекет басшысының бастамаларына қолдау көрсету, қаламыздың көгалдандыру шараларына үлес қосу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, тал егу шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында депутаттар Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің ботаникалық саябағында 200-ден астам тал көшеттерін, 20-данадан астам қылқан жапырақты ағаштар отырғызды.