Мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қалалық мәслихаты

Қызылорда қалалық мәслихатының сайтына қош келдіңіз!

Мемлекеттік рәміздер

KZ

RU

Мәслихат тарихы

 

Мәслихаттың қысқаша тарихы

Біздің тәуелсіз еліміздің алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылғы 7 наурызда өткізіліп, әр деңгейдегі мәслихаттар органдары өмірге енді. Өзінің қалыптасқан 22 жыл ішінде мүмкіндіктері мен біліктіліктері артқан жергілікті мәслихаттағы депутаттар корпусы - қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүргізуде өз белсенділіктерін танытып келеді.

      Қазір еліміздегі түрлі деңгейдегі мәслихаттарда 3300-ден астам депутаттар болса, оның ішінде біздің облыстағы жергілікті мәслихаттарда 145 депутат бар, оның 29-ы облыстық, 19-ы Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары. Әрбір қалалық мәслихат депутатының сайлау округінде 7 мыңнан астам сайлаушысы бар. Бүгінгі таңда әрбір депутаттың өз сайлау округіндегі тұрғындармен тығыз байланысы қалыптасқан деуге толық негіз бар. Депутаттар сайлаушыларды қабылдап, олармен кездесулер өткізіп, толғандыратын ортақ проблемаларды, маңызды мәселелерді талқылап отырады. Ұсыныстарды тиісті орындарға қояды, орындалуын бақылайды, атқарған жұмыстары жайлы жылдық есептерін береді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жергілікті өкілді органның яғни мәслихаттардың және атқарушы органның міндеттерін айқындап берді.

Мәслихаттардың тиісті әкімшілік-аумақтықтық бөліністегі халықтың еркін білдіретіні және жалпымемлекеттік мүделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын бақылайтыны Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген және онда мәслихаттардың халық арасындағы рөлі мен міндеттері көрсетілген.

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы және осы Заңға 2009 жылғы 9 ақпанда өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, мәслихаттар құзіретін нақтылауға, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру мен сайлауға, қосымша өкілеттіктер мен мүмкіндіктер берді. Облыс, қала, аудан әкімдерінің кандидатуралары мәслихат депутаттарымен келісілетін болды. Мәслихат депутатының өкілеттілігі 5 жылға ұзартылды.