• Главная
  • Мәслихат хатшылары
  • IV шақырылым

IV-шақырылым мәслихатының хатшысы

ҚҰТТЫҚОЖАЕВ ИБАДУЛЛА ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ

2101  

1957 жылы 10 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы.

1979 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты «Физика» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2000 жылы Москваның Мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметі:

1974-1993 жылдары ОРС НОД-12 мекемесінде жұмысшы, студент, Шиелі ауданындағы № 181 орта мектеп мұғалімі, Сырдария ауданындағы № 144 орта мектептің мұғалімі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

1993-1995 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімінің инспекторы, қала әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің маманы, консультанты,

1995-1996 жылдары Қызылорда қалалық жастар ісі, спорт және туризм басқармасының бастығы,

1996-98 жылдары қала әкімшілігі ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі,

1998-2004 жылдары облыс әкімдігі ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі,

2004-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары,

2007 жылдан 2016 жылға дейін Қызылорда қалалық мәслихат хатшысы,

2016 жылғы қаңтардан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2019 жылғы сәуір айынан бастап И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің директоры.

IV, V, VІІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың, VI шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты.

Ел Президентінің иногурациясының, «Нұр Отан» партиясы съезінің бірнеше рет сайланған делегаты.

Қызмет барысында 2002 жылы Москва қаласында, 2006 жылы Америка Құрама Штатында, 2009 жылы Германияда, 2010 жылы Францияда, 2011 жылы Англияда тәжірибе алмасу іс сапарында болған.

Марапаттары:

Атқарған қызметіне сәйкес Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хаттарымен, Тұңғыш Президент - Елбасының «Алғыс хатымен»,
«Құрмет» орденімен, ондаған мерекелік медалдармен, «Нұр Отан» партиясының белсенді қызметі үшін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Үздік түлегі» төс белгісімен марапатталған.

Отбасылы, ұл-қызын үйлендіріп, немерелер тәрбиелеуде.

Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

«Amanat» партиясының мүшесі.

  • Көрулер: 9

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты