• Главная
  • Мәслихат хатшылары
  • VI шақырылым

VI-шақырылым мәслихатының хатшысы

БОХАНОВА  РОЗА  АЯҒАНҚЫЗЫ

боханова  

1958 жылы 3 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1975 жылы Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі №27 Фрунзе атындағы орта мектепті, 1980 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық ин­ститутын инженер-технолог мамандығы, 2003 жылы Қызылорда гуманитарлық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Еңбек жолын 1980 жылы Қармақшы ауданындағы астық қабылдау кәсіпорнында ин­женер болып бастаған.

1981-1999 жылдары Қармақшы аудандық комсомол комитетінде, аудандық атқару комитетінде, аудан әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарған, Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланған.

1999-2003 жылдары Қызылорда облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының төрағасы, 2003-2005 жылдары Қызылорда облыстық тәртіптік кеңестің бас маманы, 2005-2009 жылдары Қызылорда қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары, 2009 жылдың сәуір-желтоқсан аралығында Талсуат ауылдық округінің әкімі, 2009-2010 жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, 2011- 2013 жылдары Қызылөзек ауылдық округінің әкімі, 2013-2014 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиа­лы төрағасының орынбасары, 2016-2020 жылдары алтыншы шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы қызметтерін атқарған.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Қызылорда облыстық комиссиясының, Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі болған.

Қазақстан әйелдерінің II форумы және I съездінің делегаты болып сайланған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан Кон­ституциясына 20 жыл» мерекелік медальдары­мен, «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамо­тасымен марапатталған, «Ең үздік мемлекеттік қызметші» номинациясының иегері.

  • Көрулер: 12

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты