Мастеков Бауыржан Қайырбекұлы

Құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

1989 жылдың 8 желтоқсанында Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Облыстық Қоғамдық келісім орталығының директоры.

2005 жылы №140 орта мектебін, 2009 жылы «Болашақ» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметі:

2008-2012 жылдар аралығында «Болашақ» университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі, жастар комитетінің төрағасы, жобалар үйлестiрушiсi қызметтерiнен бастаған.

2008-2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы,

2009-2010 жылдары «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы,

2010-2019 жылдары «Қызылорда жастары» заңды тұлғалардың Қауымдастығының төрағасы, Қауымдастық төрағасы бола жүріп,

2017-2018 жылдары "Байқоңыр" ӘКК ҰК акционерлік қоғамының ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмыстары бөлімінің басшысы,

2019-2021 жылдары Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының Қызылорда облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры қызметтерін атқарған.

«Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен, Тұңғыш Президент - Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталған.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.

V, VII шақырылымдардағы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

«Amanat» партиясының мүшесі.

 

  • Көрулер: 217

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты