Мұсаева Гүлшат Исақызы
Член постоянной комиссии по вопросам правоприменения, социальной поддержки и работы с молодежью
![]() |
1967 жылдың 29 қазанда Түркістан (Оңтүстік Қазақстан) облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы. 1983 жылы № 51 орта мектепті бітірген. 1983 - 1989 жылдары «Өзгент» совхозының № 3 күріш бригадасының күрішшісі болып еңбек еткен. 1987- 1990 жылдары Ауылдық советтің депутаты, аудандық советтің Бюро мүшесі, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің XVI – XVII съездерінің делегаты, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланған. 1989 - 1990 жылдары «Өзгент» совхозының Комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарған. 1988 - 1994 жылдары Еңбек қызыл ту орденді Қазақ ауылшаруашылығы институтының «Экономика және басқару» мамандығы бойынша білім алып, «Ауылшаруашылығы өндірісіндегі экономист- ұйымдастырушы» біліктілігін иеленген. 1990 - 1994 жылдары Қызылорда облыстық өлкетану музейіінің қараушысы, ғылыми қызметкері, 1994 - 1998 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының «Менеджмент, бизнес және нарықтық қатынастар» кафедрасының оқытушысы, «Бизнес, маркетинг және коммерция» кафедрасының аға оқытушысы, 1998 - 2013 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, 2013 - 2015 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту» орталығының маманы, «Ғылыми зерттеулерді үйлестіру» бөлімінің бас әдіскері қызметтерін атқарған. 2011 - 2013 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика" мамандығының ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша магистратурасында білім алып, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иеленген. Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы, Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің Экономика бағыты бойынша аспиранты. Марапаттары:
Отбасылы. VII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты. «Amanat» Партиясының мүшесі. |
- Көрулер: 209