Мұсаев Ерлан Нұрланұлы

Өндіріс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

1985 жылдың 26 қыркүйегінде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

«Қор» АҚ аға инженер геологы.

2002 жылы Қызылорда қаласындағы №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебін,

2007 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Мұнайды өндіру және өңдеу» мамандығы,

2011 жылы Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ «инженер-геолог» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын:

2005 жылы «Фрак Джет» ЖШС-де бұрғылаушының көмекшісі болып бастаған.

2007-2010 жылдары «Қор» АҚ, ЖШС БК «Каз Гермұнай» мекемесінде инженер геолог қызметтерін атқарған.
Қызылорда облысы жастарының «Сыр Үміті» сыйлығының иегері.

2014 жылдан бері «СОЦИУМ Қызылорда» қоғамдық қорын ашып, жастардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына өз үлесін қосуда.

Қоғамдық қор «Hand made» жобасы үшін «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурстық орталығы қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында жарияланған «Үздік жоба» байқауының жеңімпазы, «Сыр үміті» облыстық жастар форумында «Креатив» номинациясын иеленді.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай «СОЦИУМ Қызылорда» ҚҚ, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының алғыс хатымен, «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекелік медалімен, Тұңғыш Президент - Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталған.

Облыста қоғамдық маңызы іс-шараларды ұйымдастыруда танытқан белсенділігі үшін «Қоғам айнасы», 2018 жылы Қызылорда қаласы әкімдігінің «Үздік имидждік жоба-2018», «Ең үздік спорт журналисі-2019» номинацияларының иегері.

«11 причин приехать в Кызылорду» имидждік ролигінің авторы.

Отбасылы.

VII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

«Amanat» Партиясының мүшесі.

  • Көрулер: 331

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты