Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы
Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі
![]() |
1969 жылдың 6 мамырында Шымкент қаласында дүниеге келген. №140 қазақ орта мектебінің директоры. 1992 жылы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтын «Тарих және құқық пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек қызметі:1992-1996 жылдар аралығында Қызылорда агро-инженерлік институтында «Қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы», 1996-1998 жылдары оқу бөлімінің бас әдіскері, 1998-2001 жылдары «Қазақстан тарихы және саясаттану» кафедрасының доценті, 2001-2003 жылдары «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері», 2003-2005 жылдары «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, 2006 жылы «Мамандарды қайта даярлау және қашықтықтан оқыту» факультетінің деканы, 2006-2007 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті колледж директорының орынбасары, 2007-2010 жылдары «Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтік кафедрасының» меңгерушісі, 2010-2012 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейінің директоры, 2012-2019 жылдары №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің директоры қызметтерін атқарған. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Марапаттары:
45 ғылыми мақалары, 1997 жылы «Қасиетті Қазалы – ортаймаған қазаны», 2007 жылы «Ұлыларды ұлықтаған тұлға», 2009 жылы «Тумысы бөлек тұлға», 2013 жылы «Қоқандарға қарсы соғысқан Сыр бойы батырларының тарихи шежіресі және олардың ұрпақтары» атты 4 тарихи-танымдық кітаптары жарық көрген. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде. YII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты. «Amanat» партиясының мүшесі |
- Көрулер: 220