Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы

VІІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатындағы «Amanat» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі
Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

1957 жылы 10 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Қызылорда су шаруашылығы басқармасының «Қызылорда сулар өндірістік учаскесінің» басшысы.

1974 жылы №52 орта мектепті үздік бітірген.

Еңбек қызметі:

1974 жылы “Жұлдыз” кеңшарында шопанның көмекшісі болып бастаған.

1975-1980 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтында оқып, «Жер асты суының инженері» мамандығын игерген.

1980 жылы Қазақстан Республикасының Су шаруашылығы басқармасында инженер,

1984 жылы Облыстық ауыл шаруашылығын ауыз сумен қамтамасыз ету басқармасы басшысының өндіріс саласы бойынша орынбасары, бас инженері,

1996 жылдан бастап Сырдария аудандық су шаруашылығы, Қызылорда су шаруашылығы басқармасының директоры қызметтерін атқарған.

Марапаттары:

  • «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Amanat» партиясының үздігі»,
  • «Қазақстан Республикасының үздік гидротехнигі» төсбелгілерімен,
  • «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» мерекелік медальдарымен,
  • Тұңғыш Президент - Елбасының «Алғыс хатымен».

Қазақстан Республикасының Құрметті депутаты, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.

«Amanat» партиясының мүшесі.

2016-2021 жылдары №23 Тасбөгет сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты.

IV, V, VII шақырылымдардағы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

  • Көрулер: 337

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты