Нұртазаев Ерлан Бахытұлы

Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

1977 жылы 12 сәуірде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары.

1994 жылы Жаңақорған ауданындағы №169 орта мектебін, 1998 жылы «Абай» атындағы Алматы университетін «Банк ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Бостандық аудандық бөлімшесінде аға кассир ретінде бастаған.

2000 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалында бухгалтерлік есеп бөлімінде маман, 2002 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Сырдария аудандық басқармасының бастығы, 2003 жылы Жаңақорған аудандық басқармасының бастығы, 2004 жылы Шиелі аудандық басқармасының бастығы, 2006 жылы Карточкалық бизнес бөлімінің бастығы, 2006 жылы Қызылорда облыстық филиал директорының орынбасары, 2012 жылы филиал директоры, 2015 жылы банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Тұңғыш Президент - Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталған.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.

VII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

«Amanat» партиясының мүшесі.

  • Көрулер: 213

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты