Телеубаев Талғат Рахымұлы

Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

1969 жылы 4 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген. «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ аға оқытушысы.

1984 жылы С. Сейфуллин атындағы №4 орта мектебінің 8 сыныбын аяқтап, №6 орта кәсіптік техникалық училищесінде білімін жалғастырған.

Еңбек жолын 1987 жылы «Югсантехмонтаж» мекемесінде бастаған. Осы жылы әскер қатарына шақырылған. Әскери қызмет атқару барысында комсомол ұйымы төрағасының орынбасары міндетін орындап, бірнеше рет марапатқа ие болған.
1989 жылдың қараша айынан бастап «Югсантехмонтаж» мекемесіндегі қызметін жалғастырып, Кәсіподақ ұйымының мүшесі болған.
1996 - 2000 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде филология факультетінің «журналистика» мамандығы бойынша білім алып, 2002 жылы «филология магистрі» академиялық дәрежесіне ие болған.
2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер, 2002 жылы университеттің «орыс тілі және әдебиеті» кафедрасында оқытушы, 2006 жылы баспасөз хатшысы, 2007 жылы «әлеуметтану және саясаттану» кафедрасында аға оқытушы қызметтерін атқарған.

2013 жылы Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалының 1 хатшысы болып сайланып, 2017 жылы аталған лауазымға екінші мерзімге қайта сайланған.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Қызылорда қаласына – 200 жыл» мерекелік төсбелгілерімен және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің 70, 75, 80 жылдық мерейтойларына арналған мерекелік медальдармен, құрметті грамоталармен, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» төсбелгісімен марапатталған. Әр түрлі баспа бетіне жарияланған баяндамалар мен 15 ғылыми жұмыстардың авторы.

Отбасылы.
VII Шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.
Қазақстан халық партиясының мүшесі.

  • Көрулер: 211

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты