Тұрғанбаев Нұрлан Бахытжанұлы

Өндіріс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

1979 жылдың 30 желтоқсанында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.
«Бастау-S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

1987-1997 жыл аралығында Ж.Қизатов атындағы № 23 мектеп-лицейін, 1997-2001 жыл аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін «Мемлекеттік және муниципиалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының Қызылорда қаласындағы филиалында 2-ші категориялы менеджер ретінде бастаған.

2004 - 2012 жылдар аралығында «БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамының филиалында кредиттік бөлімнің аға офицері, бизнес клиенттерге кредит беру бөлімінің аға офицері, бизнес клиенттерге кредит беру бөлімінің офицері, бизнес клиенттерге кредит беру бөлімінің аға офицері, кіші бизнес клиенттеріне кредит беру бөлімінің басшысы, жеке кәсіпкерлерге кредит беру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2012 жылдан бастап «Бастау-S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экономист, бас экономист, директордың коммерция жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

Тұңғыш Президент - Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталған.

Отбасылы, төрт бала тәрбиелеуде.

VII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

«Amanat» партиясының мүшесі

  • Көрулер: 211

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты