Ысқақова Раушан Жәдігерқызы

Құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

1969 жылы 16 наурызда Жаңақорған ауданы “Өзгент” ауылында дүниеге келген. «Сириус» инклюзивті балабақша меңгерушісі.


Еңбек жолын 1986 жылы №224 “Өзгент” орта мектебінде тәлімгер болып бастаған.


1991 жылы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық училищесін «Мектеп жасына дейінгі мекемедегі тәрбие ісі» мамандығы бойынша, 2008 жылы Болашақ университетін «педагог-психолог» мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылы №2 “Ұлан” балабақшасында тәрбиеші, 2000 жылы Шиелі ауданындағы №46 орта мектепте “Салауатты өмір салты” пәнінің мұғалімі,
2005 жылы “Ақыл-есі кем балалар” интернатында әдіскер, 2015 жылы қалалық білім бөлімінің “Педагогикалық-түзету” кабинетінде меңгеруші қызметтерін атқарған.


Тұңғыш Президент - Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталған.

Отбасылы.

VII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.
«Amanat» Партиясының мүшесі.

  • Көрулер: 206

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты