Ізден Анар Жарылқасынқызы

Өндіріс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

1973 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

«Ұмай» емдеу-тәрбиелеу қамқорлық үйінің директоры.

1991-1995 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтында «орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1995 жылы №15 орта мектепте орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметінде бастаған.

1995 жылы қосымша «Горизонт» газетінің редакциясында корреспондент, 1996 жылы бөлім редакторы, 1996 жылы №15 орта мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары, 1997 жылы «Қылмыс пен жаза» газетінің редакциясында, 1997 жылы РГП АРТАС мекемесі бас директорының көмекшісі, 1998 жылы Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жалпы ақпарат құралы бөлімінің бас маманы, 1998 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік саласы бөлімінде аға референт қызметтерін атқарған.

2014-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімдігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (Юнисеф) өзара әрекеттесу бағдарламасының үйлестірушісі.

2020 жылдан бастап «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы.

Тұңғыш Президент - Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталған.

VII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

«Amanat» партиясының мүшесі

  • Көрулер: 217

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты