Бюджет жобасы талқыланды

IMG 9765Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 21-сессиясын үстіміздегі жылдың 17 маусымында өткізу жоспарлануда.

 Сессия барысында 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады. Осыған байланысты, қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, бюджет жобасы алдын ала талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселеге орай, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханова түсіндірме берді.

Бюджет жобасына сәйкес, жастар практикасы, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар, қоғамдық жұмыстар, "Алғашқы жұмыс орны", «Күміс жас"  және Болашақ, Орбита, Тасбөгет кенті,   Сабалақ, Эдельвейс, Еңбек, Арай- Шұғыла, Ақжарма ауылдық округі аумақтарындағы  тұрғын үй секторын электрмен жабдықтау жобалары қаржыландырылатын болады.

Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Қарауылтөбе және Талсуат ауылдық округінде  150 орынға арналған ауыл клубын салу жоспарланған.

 Өз кезегінде депутаттар бюджет жобасын талқылап, ұсыныстарын бере отырып, сессияға қарауына ұсынуға келісім берді.

Талқылау отырысына қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев қатысты, қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Е.Нұртазаев төрағалық етті.


 

  • Көрулер: 24

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты