Қалалық мәслихаттың сессиясы өтті

IMG 9790Үстіміздегі жылдың 17 маусымында қалалық мәслихаттың кезектен тыс 21-сессия өтті.

Сессияның күн тәртібіне 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу және мәслихат депутатының  өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселелер енгізіліп, талқыланды.

Cессия отырысына мәслихат депутаттары, қала әкімі А.Шаменов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Ш.Әбдірахманов, қала әкімінің орынбасарлары А.Қасымова, Ж.Сейілов, қалалық дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханова, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Ергешбаев хабарлама жасады.

Алдағы уақытта бюджет жобасына сәйкес, жастар практикасы, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар, қоғамдық жұмыстар, "Алғашқы жұмыс орны", «Күміс жас" және Болашақ,  Орбита, Тасбөгет кенті, Сабалақ, Эдельвейс, Еңбек, Арай - Шұғыла, Ақжарма ауылдық округі аумақтарындағы тұрғын үй секторын электрмен жабдықтау жобалары қаржыландырылатын болады.

Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Қарауылтөбе және Талсуат ауылдық округінде 150 орынға арналған ауыл клубын салу жоспарланған.

Өз кезегінде депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты ұсыныс пікірлерін білдірді.

Сессия барысында «Amanat» партиясынан сайланған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Б.Мастеков мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты өз өкілеттігін тоқтатты.

Қала әкімі А.Шаменов сессия барысында алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев төрағалық етті.


 

  • Көрулер: 21

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты