• Главная
  • Новости
  • Қалалық мәслихат депутаттары Г.Мұсаева, Т.Телеубаев және А.Ізден 2022 жылдың 7, 13, 15, 17 маусым күндері қоғамдық қабылдау жүргізіп, бірқатар қала тұрғындарының өтініштерін тыңдады

Қалалық мәслихат депутаттары Г.Мұсаева, Т.Телеубаев және А.Ізден 2022 жылдың 7, 13, 15, 17 маусым күндері қоғамдық қабылдау жүргізіп, бірқатар қала тұрғындарының өтініштерін тыңдады

IMG 9633Қалалық мәслихат депутаттары Г.Мұсаева, Т.Телеубаев және А.Ізден 2022 жылдың 7, 13, 15, 17 маусым күндері қоғамдық қабылдау жүргізіп, бірқатар қала тұрғындарының өтініштерін тыңдады.

Қабылдаулар барысында тұрғындар мектеп бітіруші баласының жоғары оқу орнына түсуі үшін мамандық таңдауға, мүгедек баланы асыраушы ретінде тұрған тұрғын үй кезегі бойынша кеңес беруді сұрады.

Ал, Астана мөлтек ауданы тұрғыны тарапынан көтерілген иесіз иттердің көбеюі туралы мәселесі қалалық ветеринария бекетінің басшысымен талқыланып, тиісті мекемелерге депутаттық хат жолдау келісілді. Сондай-ақ, Сабалақ саяжайы тұрғындарымен саяжайдың инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тұрақты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері де көтерілді.

Мәслихат депутаттары көтерілген мәселелерге қатысты қолданыстағы Заңға сәйкес түсіндірмелер беріп, көмек алу және шешілу жолдарын талқылады.

 

  • Көрулер: 11

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты