Қалада «BAITEREK SСHOOL» жеке мектебі ашылды

AXL 3213

Үстіміздегі жылғы 7 қыркүйек күні Қызылорда қаласында «BAITEREK SСHOOL» жеке мектебінің ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Н.Нәлібаев,  қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев, зиялы қауым өкілдері, білім саласының ардагерлері, мектеп директорлары  қатысты.

Аймақ басшысы адами капиталды дамыту сол арқылы білім саласын жетілдіру – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, білім ордасын ашуға ниет білдірген жанашыр меценатқа алғысын білдірді.

 1500 орындық «BAITEREK SСHOOL» жеке мектебінің жалпы аумағы 8 500 м2 құрайды. Білім ордасында 120 педагог және 30 техникалық қызметкер бар. Бүгінгі күні мектепте 720 оқушы білім алады деп жоспарлануда.

Айту керек,   Балалар жылы аясында тарту ретінде демеушілер есебінен 1 млрд.теңгеге облыс орталығынан 50-ге тарта спорт алаңы салынуда.


 

  • Көрулер: 17

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты