Қалалық мәслихат депутаттары актив отырысына қатысты

1

Үстіміздегі жылдың 8 қыркүйегінде қала әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында айтылған міндеттемелерді іске асыру бойынша атқарылатын шараларды айқындау мақсатында актив отырысы өтті.

Жиынға қалалық мәслихат хатшысы мен депутаттар, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері мен төрағасы, мемлекеттік мекеме, құқық қорғау органдары басшылары, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қала әкімі Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын ұсынып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Идеологиялық актив барысында қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қалалық мәслихат депутаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Каримова және облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тлес сөз алып, жиында айтылған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.


 

  • Көрулер: 9

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты