Cессияның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды

AXL 3888Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде өтетін қалалық  мәслихаттың кезекті сессиясында «Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстары» негізгі мәселе ретінде қаралады.

Осыған орай, қалалық мәслихат депутаттары қалалық Полиция басқармасына қарасты учаскелік полиция және «Ақсай» полиция бөлімі ғимараттарының жағдайымен танысты. «Ақсай» полиция бөлімінде  тіркелетін қылмыс оқиғалары үш ауданға түсетін ауыртпалықты қосып есептегенге сәйкес келеді. Аймаққа қарайтын халық саны 130 мыңды құрайды.

Ал, №2 учаскелік полиция пунктінің бөлек ғимараты жоқ. М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледж жатақханасының 10 шаршы метр бір бөлмесін, 4-қызметкер кезек-кезек пайдалануда. Аумаққа қарайтын халық саны 16 мыңды құрайды. 

Аталған полиция ғимараттарын ІІМ-нің бұйрық талаптарына сәйкестендіріп, заманауи материалдық-техникалық құралдармен толық қамтамасыз етуді қажет етіледі.

Депутаттық аралау шарасынан кейін  депутаттар кезекті сессияның күн тәртібіндегі «Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстары», қалаға қарасты кент және ауылдық округтеріндегі жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарларын бекіту туралы», қалалық жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» мәселелерді кеңінен талқылады.

  Талқылау отырысына қалалық полиция басқармасының бастығы Ә.Жаназаров, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғ.Омаров қатысып, депутаттардың сауалдарына жауаптар берді.

Депутаттар тарапынан «Сабалақ» саяжайына полиция пунктін қою, ювеналды және учаскелік полиция инспекторларының жетіспеушілігі, «Абай» мектебі жанындағы көшелерге жол белгілерін орнату, табиғат қорғау инспекторларының жұмысын нығайту, «Ақжарма» ауылындағы жайылымдық жерлердің нысаналы  мақсатын өзгертпеу туралы және басқа ұсыныстар берілді.

Талқылау отырысында көтерілген ұсыныстар мен пікірлер ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде өтетін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына шығарылатын болады.


 

  • Көрулер: 11

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты