• Главная
  • Новости
  • Қалалық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясы туралы

Қалалық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясы туралы

1 1Үстіміздегі жылдың 16 қыркүйегінде қалалық мәслихаттың кезекті 24-сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне 9 мәселе шығарылып, талқыланды.

Сессия отырысында Қызылорда қаласының әкімі А. Шаменов «Қызылорда қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы  туралы»  қалалық мәслихат депутаттары алдында есеп берді.

Қала әкімі А.Шаменов  өз баяндамасында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында  Талсуат  және Қарауылтөбе ауылдық округтерінде 150 орындық ауыл клубының құрылыстары, 2022 жылы мемлекеттік 11 көпқабатты, жеке инвесторлар есебінен 18 тұрғын үйдің құрылысы, 136,2 шақырымды құрайтын жаңа электр желілері,  16,5 шақырымдық ауыз су құбыры, ұзындығы 60,5 шақырымды құрайтын 59 көше жөнделіп отырғандығын жеткізді. 

Сондай-ақ, көп жылдардан бері халықтың көкейінде жүрген   Белкөл кентінде теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі, Қызылжарма каналы арқылы «Бәйтерек» ықшам ауданына өтетін көпір құрылысы жүріп жатқандығын хабарлады. 

Сонымен бірге, сессия барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстары туралы» «Қызылорда қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы», Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат, Қызылжарма, Ақжарма, Талсуат, Қызылөзек, Қосшыңырау, Қарауылтөбе ауылдық округтері мен Тасбөгет, Белкөл кенттері бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарларын бекіту туралы, Қызылорда қалалық жер комиссиясының құрамын және комиссия ережесін бекіту, «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы», «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын беру, «Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы»  мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты сессия барысында депутаттар тарапынан “Сабалақ” тұрғын ауданына полиция бекетін қою, игерілмеген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, жерлерді суландыру және құнарландыру, жер мәселесіне қатысты заңға өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстар беру, бейбіт шерулер өтетін орындарға бейнекамералар қою, жалдамалы пәтерлер мәселесі, қылмысты ашу жұмыстарын жандандыру, қаладағы полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, өзге ұлт өкілдері арасындағы лайықты азаматтарға қаланың құрметті азаматы атағын беру және басқа ұсыныстар айтылды.

Сессияда қаланың білім, медицина, өнер, құрылыс және басқа да салалары бойынша еңбегі сіңген 9 азаматқа қаланың “Құрметті азаматы” атағын беруге келісім берілді.  

Сессияға қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, тиісті құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар, қалалық дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев төрағалық етті.


 

  • Көрулер: 9

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты