Хатшы блогы

ҚҰТТЫҚОЖАЕВ ИБАДУЛЛА ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ

Image

Алғы сөз

 

2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың сайлауы қорытындысына сәйкес Қызылорда қаласының мәслихаты VII шақырылымдағы өз жұмысын бастады.  Қазіргі таңда, VII шақырылым бойынша «Amanat» партиясы, «Қазақстан халық партиясы», «Aq jol» партиясынан  сайланған 22 депутат   жұмыс жасауда.

Оның ішінде елімізде енгізілген, әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота мәселесіне орай, қалалық мәслихаттың VII шақырылымы бойынша    депутаттардың  22,7 % әйелдер және 22,7% 35 жасқа дейінгі жастар. Депутаттық корпус 68,2 % жаңарып, 15 депутат алғаш сайланған депутаттар қатарында және олардың орташа жасы 47 жасты  құрайды.

Қазіргі уақытта, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барша мемлекеттік құрылымдарға қойып отырған талаптарының бірі - жұртшылықпен байланыстың ашықтығы және қоғамдық диалог, адамдардың мұң-мұңтаждығына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болуы қажет.

Осы орайда, сайлаушылармен байланыстың жаңаша түрлерін қолдана отырып, ашықтықты қамтамасыз ету - уақыт қажеттілігі деп санаймыз. Бұл ретте, VII шақырылымдағы қалалық мәслихаттың депутаттар корпусы да сайлаушылармен байланыс орнатуды одан әрі жандандырып, ашықтықтықты барынша қамтамасыз ететін болады. Бұл ретте, қалалық мәслихат пен барлық депутаттардың әлеуметтік желілерде парақшалары ашылып, сайлаушылардың ұсыныс-пікірлеріне дер кезінде жауаптар берілуде және қалалық мәслихаттың барлық іс-шаралары тікелей эфир форматында өткізілуде.

Сіздер біздің сайттан қалалық мәслихат депутаттары жайлы, мәслихат сессиялары,қабылданған нормативтік-құқықтық актілер, мәслихат құзыреті мен қызметін ұйымдастыру, депутаттардың қабылдау кестесі, бөлінген учаскелер жайлы мәліметтер алып, өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар.

Алдағы уақытта Қызылорда қалалық мәслихаты уақыттың талабы мен сайлаушылардың ұсыныс-тілектеріне сәйкес шаралар қабылдап, жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына барынша үлес қоса беретін болады.

Қызылорда қалалық мәслихатының арнайы сайты арқылы Өздеріңізбен қарым-қатынасты нығайтамыз деген сенімдеміз.

 

 

 

VII шақырылымдағы Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы

Ибадулла Құттықожаев

 

 

 

Здесь вы можете задать интересующие вас вопросы.

 

Please fill the required field.
Please fill the required field.
Please fill the required field.
Please fill the required field.

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты