• Главная
  • Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы туралы

2.12.2022 жыл

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Күн тәртібіндегі «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешім жобасын талқылау» мәселесі бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханованың хабарламасы назарға алынсын.

2. Қала әкімінің орынбасары Ж.Сейіловке, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймахановаға /жинақ/ тиісті бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп:

  • Майлықұм көшесінің су жүйесін ауыстыру;
  • Ішкі саясат және спорт саласы бойынша жобаларға қаралатын қаржы көлемін ұлғайту;
  • «Қорқыт ата» демалыс аймағында орналасқан амфитеатр нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізу, қалалық жастар ресурстық орталығының меншігіне беру;
  • Яссауи көшесіне жаяу жүргінші жолын салу;
  • Депутаттар тарапынан ұсынылған мәселелердің бірінші кезекте ЖСҚ-на қаржы қарастырылуын қолға алу;
  • Бәйтерек м/а мен Сол жағалау аралығында жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу жобасын зерделеу, көлік жүретін жол салу мүмкіндігін қарастыру;
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша халық дауысын жинаудың нақты алгортимін дайындау;
  • Қаңғыбас иттер мен мысықтарды атуға тыйым салынғандығын ескеріп, оларды аулау және арнайы орындарда ұстау жолдарын қарастыру;
  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәдени шараларға қатысуын қамтамасыз ету;
  • «Евразия» және «Мұз айдыны» кешендерінде тегін жаттығатын студенттер мен оқушылардың санын арттыру;
  • ҰБТ дайындық барысында алдын-ала тест тапсыру кезінде оқушыларға тең мүмкіндік жасау жолдарын қарастыру, қала оқушыларына қала бюджетінен қаржы бөлінуін қамтамасыз ету;
  • Сабалақ саяжайының ішкі жолдарына тас төсеу, жаяу жүргінші жолын және ойын алаңын салу;
  • Қалада орналасқан ойын алаңдарының жағдайын зерделеп, мониторинг жүргізу;
  • Ақсуат ауылдық округіндегі Ойшеңгел көшесінің электр желілерін ауыстыру, ауылға ойын алаңын салу;
  • Ғ.Мұратбаев көшесінің жылу жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Қызылжарма а/о спорттық ойын алаңдарын салу;
  • Тасбөгет кентіндегі ЖСҚ дайын тұрған, мерзімі аяқталатын жобалардың қаржыландырылуын назарда ұстау;
  • Қызылжарма және Әл-Фараби каналдарын тазарту жұмыстарын жүргізу, бағдарлама әкімшілерінің құзырлы орындарға ұсыныс беруін бақылауға алу;
  • ЖСҚ құжаттары дайын болған жобаларға қаржы қарастырылуы үшін тиісті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыстар жүргізу ұйымдастырылсын.
  1. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктеледі.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

     Тұрақты комиссия төрағасы      Е.Нұртазаев

Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

26.08.2022 жыл

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласында кәсіпкерлікті дамыту және алдағы міндеттер туралы» мәселесі бойынша қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Б.Аманкелдиевтің, «Ақсуат ауылдық округінің есепті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» мәселесі бойынша Ақсуат а/о әкімі М.Ақмырзаевтың және «Қызылжарма ауылдық округінің есепті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» мәселесі бойынша Қызылжарма а/о әкімі М.Сейіловтің хабарламалары назарға алынсын.

2. Қала әкімінің орынбасарына /Ж.Сейілов/:

2.1. Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне /Б.Аманкелдиев/:

  • Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар аясында индекаторлорға қол жеткізу барысы, ашылған жұмыс орындарына мониторинг жүргізу, ашылған жұмыс орындарының жабылып қалуы себептеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктермен жұмыс жасау ұйымдастырылсын;
  • Қызылорда қаласы бойынша «Индустрияландыру картасы» жобаларына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, картада толыққанды жұмыс жасайтын жобалар қалдырылсын, бұл бағытта жалпы көпшілікке дәйекті ақпараттардың ұсынылуы назарға алынсын;
  • Қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде шағын кәсіпкерлікті дамытуға жағдайлар жасай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыс орындарының сақталуы назарда ұсталсын;
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамтудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының Қызылорда қаласы бойынша қорытынды нәтижелері туралы ақпарат 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін қалалық мәслихат аппаратына (депутат Г.Мұсаева) ұсынылсын;
  • Кәсіпкерлік, индустрияландыру бағытында ­Қызылорда қаласы бойынша дамып жатқан бағыттар мен өндірісті дамытуға болатын салалар туралы ақпарат қалалық мәслихат аппаратына 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынылсын;
  • Қызылорда қаласы бойынша бағаны тұрақтандыру бағытында жергілікті кәсіпкерлердің қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етуі үшін қажетті жағдайлар жасау, тамақ өнімдері, азық-түлікпен айналысатын кәсіпкерлік саласына инвестиция тарту жұмыстары басты назарға шығарылсын;
  • «Сыр маржаны» жобасы аясында ет комбинатының құрылыс жұмыстарының мерзімінде жүргізіліп, іске қосылуына тиісті жағдайлар жасалсын;
  • Қалада кәсіпкерлікті дамыту барысында шағын жобалардың дамуына жан-жақты қолдау көрсетілсін;
  • Қала аумағында өндірілмейтін азық-түлік өнімдерін басқа аумақтардан (облыс, аудан, қала) жеткізу барысында өндірушіден тікелей (алып сатарларсыз) алу шаралары ұйымдастырылсын;
  • Қайтарымсыз грант беру комиссиясына жоба ұсынушыларды одан әрі дамытуға қолдау көрсетілсін және оларға ірі кәсіпкерлердің қатысуына мүмкіндік жасалсын;
  • Қалада ғимараты жоқ шағын кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында «Шағын индустрияландыру аймағы» жобасын қолға алып, қалада бос тұрған ғимараттар есебінен шағын кәсіп иелеріне жағдайлар жасалсын;
  • Қызылорда қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында агроаймақ ашу мәселесін зерделеп, жобаның тиімді болуын қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымы бар қалаға жақын аймақтар таңдалсын;
  • Бизнес ашқысы келетін азаматтар әкімшілік кедергілерге кездеспеуі үшін, оларға бизнес ашудың жеңіл жолдары қарастырылсын, жоғары тұрған орындарға тиісті ұсыныстар берілсін;
  • Қаладағы аэропортқа баратын жол бойынан Агроаймақ ашудың мүмкіндіктері қарастырылсын;
  • Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қалаға қарасты кент және ауылдық округтердің мүмкіндіктерін ескере отырып, азық-түлік өндіру кәсібін дамыту ұйымдастырылсын.

2.2. Ақсуат ауылдық округіне /М.Ақмырзаев/:

  • Заңға сәйкес, ауылдық округтегі бағбандық мақсатта пайдалануға берілген жерлердің жеке тұрғын үй салуға берілмеуі бақылауға алынсын;
  • Ақсуат ауылдық округі бойынша жұмыс орындарын ашу, жұмысқа орналасу шаралары бірінші кезекте жүзеге асырылсын;
  • Ақсуат ауылдық округі тұрғындарының бақшалық жерге сұранысын зерделей отырып, Махамбетов ауылындағы көлдің орнына бақшалық жер ашу мүмкіндіктері қарастырылсын;
  • Ақсуат ауылдық округі бойынша халық санының сапалық құрамы (әйелдер, ерлер, зейнеткерлер, балалар, тұрмысы төмен отбасылар, NEET санаты, мектеп оқушылары, жұмыссыздар және т.б.) туралы ақпарат қалалық мәслихат аппаратына 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынылсын.

2.3. Қызылжарма ауылдық округіне /М.Сейілов/:

- Қызылжарма ауылдық округіндегі Қызылжарма каналын тазарту жұмыстары бақылауға алынсын, елді-мекенді кедергісіз аяқ сумен қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті шаралар ұйымдастырылсын;

­- Қызылжарма ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтарына берілген жерлердің игерілуіне зерделеу жұмыстары жүргізілсін, игерілмеген жерлерді қайтару, аяқ су жеткізілмейтін аумақтарға, жайылымдық мақсаттағы жерлерге рұқсатсыз егін егуге жол берілмеуі қадағалансын.

  1. Қалалық мәслихат аппаратына /Ғ.Рахметов/:
  • Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша жинақталған анықтамаларды алдын-ала зерделеу үшін (5 күн бұрын) тұрақты комиссия мүшелеріне жолдануы қамтамасыз етілсін.
  1. Комиссия мүшелеріне:

- Комиссия отырыстарының құжаттарын алдын-ала зерделеп, ұсыныс-пікірлер болса, толықтырулар енгізу үшін мәслихат аппаратына ұсыныс берілсін (комиссия отырысынан 2 күн бұрын).

  1. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына 2022 жылдың 15 қарашасына ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктелсін.
  3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізілсін.

28.04.2022

  1. Күн тәртібіндегі «2021 жылға арналған қалалық, кент және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы» мәселесі бойынша қалалық қаржы бөлімінің басшысы С.Айменовтің, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Т.Ілиясовтың және кент, ауылдық округтер әкімдерінің хабарламалары назарға алынсын.
  2. Қала әкімінің орынбасарына /Ж.Сейілов/:

2.1. Қалалық қаржы бөліміне /С.Айменов/:

- 2021 жылы қалалық құрылыс, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, қалалық жұмыспен қамту,  әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері бойынша қаржы игерілмеуін болдырмау мақсатында тиісті ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылсын;

- облыстық тексеру комиссиясының ұсынысына сәйкес, 2021 жылы қалалық бюджеттің шығыс және кіріс бөлігін қалыптастыру барысында жіберілген жекелеген кемшіліктермен жеткіліксіз атқарылуы және қалалық бюджетті бекіту мен түзету, нақтылау кезінде қолданыстағы Бюджет Кодексінің талаптарының бұзылуы (қалалық құрылыс бөлімі, Белкөл кенті, Талсуат ауылдық округі, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, қалалық қаржы бөлімі, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, т.б.) мәселелерін болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдансын;

- қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге автокөлік құралының тиістілік нормативін негізсіз бекіту мәселесін алдағы уақытта болдырмасын және бюджет қаражатының тиімсіз қосымша жоспарланып жұмсалуына жол берілмесін;

- қалалық бюджетті атқарылу кезінен теңгерімнен теңгерімге берілген мүліктің бір бөлігін кірістемеуі, алдын-ала төлем жасауға рұқсат етілмеген коммуналдық қызметтерге алдын-ала төлем жасауды болдырмау мақсатында тиісті іс-шаралар қабылдансын.

2.2. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімімен, тиісті кент әкімдерімен бірлесіп /Г.Баймаханова/:

- мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік аз қамтылған топтарға пәтер сатып алу мәселесіне орай нарықтағы пәтер бағасын ескере отырып, қаржылық есептемелердің тиімді жоспарлануын, игерілмей қалу жағдайларын болдырмау бойынша жүйелі іс-шаралар ұйымдастырылсын;

- Қызылорда қаласының 2021-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасын іске асыруда 2021 жылдың қорытындысымен 2 (екі) мақсатты индикаторға (еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек ақшалай алушылардың жұмыспен қамтылғандарының үлес салмағы және 100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санының төмендеуі) қол жеткізілмеуін болдырмау мақсатында тиісті іс-шаралар қабылдансын;

- Тасбөгет кентіндегі жаңа бейіт құрылысына бөлінген қаражаттың жетіспеуіне байланысты жоба-сметалық құжаттарын қайта түзету мақсатында қосымша қаржы қарастырылсын;

- Белкөл кентіндегі автомобиль жолдары көпірінің мәселесін шешу бойынша тиісті ұйымдастыру шаралары қабылдансын.

2.3. Қызылжарма ауылдық округіне /М.Сейілов/:

- Қызылжарма ауылдық округінде балалар тасымалын ұйымдастыру бойынша қалалық білім бөлімімен бірлескен шаралар ұйымдастырылсын.

2.4. Талсуат ауылдық округіне /А.Жылқыбай/:

- Талсуат ауылдық округінде салынған спорт алаңын күтіп ұстау және оның тиімді пайдалануы ұйымдастырылсын.

2.5. Ақсуат ауылдық округіне /М.Ақмырзаев/:

- Ақсуат ауылдық округін газдандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуіне тұрғындармен бірлесе отырып бақылау жасалсын.

2.6. Қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне, Ақжарма, Қарауылтөбе, Қызылөзек ауылдық округтер әкімдерімен бірлесіп /Н.Әзірбек/:

- Қызылөзек ауылдық округінде бақша шаруашылығын (картоп, қызанақ, қиыр, қауын, қарбыз) дамыту бойынша жұмыстар одан әрі жандандырылсын;

- Ақжарма ауылдық округінде жайылымдық жермен қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыстар жалғастырылсын;

- Қарауылтөбе ауылдық округінде көшеттеп күріш егу мәселесіне байланысты тиісті ғылыми институтпен егіннің өнімділігін арттыру бойынша шаралар ұйымдастырылсын.

  1. 3. Қызылорда қалалық мәслихаты аппаратына /Ғ.Рахметов/:

- Күн тәртібіндегі «2021  жылға арналған қалалық, кент және ауылдық округ бюджеттерінің  атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы» мәселесі қалалық мәслихат сессиясының қарауына ұсынылып, тиісті шешім қабылдансын.

  1. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына 2022 жылдың 10 маусымына және 10 желтоқсанына ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктелсін.
  3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізілсін.

     Тұрақты комиссия төрағасы                                 Е.Нұртазаев

Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

22.04.2022

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласының І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» мәселесі бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханованың және «2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жұмыстары туралы» мәселесі бойынша қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы А.Асқардың хабарламалары назарға алынсын.
  2. Қала әкімінің орынбасарына /Ж.Сейілов/:

2.1. Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне /Б.Аманкелдиев/:

  • Қызылорда қаласы бойынша индустриялды даму картасына енгізілген жобалардың тиімді болуы, олардың мерзімінде іске қосылуы және оның қадамдық уақытының болуы, ондағы өндіріске қажетті шикізаттың жергілікті болуы, өндірілген өнімнің нарықта сұранысқа ие болуы, жобалардың іске асырылу мерзімінде орындалуына нақты іс-шаралар қабылдасын.

2.2. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне /Г.Баймаханова/:

- Бәйтерек мөлтек ауданындағы мектеп құрылысын аяқтау, көпір құрылысын жүргізуге қажетті қаражаттардың бөлінуі жүзеге асырылсын.

2.3. Қалалық мемлекеттік сатып алу бөліміне:

- Қаланы аяқ сумен қамтамасыз ету жобасы бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарының қала бюджеті бекітілген уақыттан бастап шұғыл қолға алынуы ұйымдастырылсын.

  1. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі /Б.Оспанов/:
  • Қаланың тыныс-тіршілігі үшін (аяқ су, көгалдандыру, жылу, т.б.) маңызды жобаларға мемлекеттік сатып алу жұмыстарын уақытылы (қаңтар, ақпан айларында) жүргізу, тиісті жұмыстарды мерзімінде жүргізбеген бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қолданыстағы заң аясында шара қолданылсын;
  • Абай даңғылы №47, №50 және Ғ.Мұратбаев көшесі №36 көпқабатты тұрғын үйлерге «2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарының сапасына қатысты тұрғындар шағымы негізінде зерделеу жұмыстары жүргізілсін;
  • Шұғыла м/а №11 тұрғын үйге жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде орындалуы бақылауға алынсын;
  1. Қалалық құрылыс бөліміне /Б.Далабаев/:

- Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту станциясын жаңғырту жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы жүзеге асырылсын, оның ішінде 2020 жылы жобалау-сметасы басталған Тасбөгет кентіндегң биологиялық тазарту станциясынан орталықтағы биологиялық тазарту станциясына жүргізілетін жоғарғы қысымдағы кәріз жүйелік құбырының іске қосылуы жеделдетілсін.

  1. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына 2022 жылдың 10 маусымына және 10 желтоқсанына ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктелсін.
  3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізілсін.

     Тұрақты комиссия төрағасы                                 Е.Нұртазаев

10.02.2022

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Ақжарма, Қызылөзек ауылдық округтерінде жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы» мәселелері бойынша Ақжарма ауылдық округінің әкімі Ж.Әлиевтің, Қызылөзек ауылдық округінің әкімі С.Әбдіжаппардың хабарламалары назарға алынсын.
  2. Қызылорда қаласы әкімдігіне, Ақжарма және Қызылөзек ауылдық округтерінің әкімдеріне:
  • Ақжарма ауылдық округін газдандыру, газ тарту жұмыстарының жүргізілуі барысына ауыл тұрғындарын қатыстыру мүмкіндігі заңдылыққа сәйкес ұйымдастырылсын;
  • Ақжарма а/о қарасты Баймұрат батыр ауылындағы тұрғындар жаңадан қоныстанған аумағына электр желілерін тарту, тас жол салу жұмыстары жүргізілсін;
  • Баймұрат батыр және Талдыарал ауылдарына су торабын салу мәселесі қолға алынсын;
  • ауыл жастарына «Еңбек» бағдарламасы аясында қайтарымсыз несие алу, жастар тәжірибесімен жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
  • Ақжарма ауылдық округінде егін шаруашылығымен айналысатын 18 инвесторды халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруіне ықпал жасауға шақырылсын;
  • шаруашылықпен айналысатын тұрғындардың сұранысына сәйкес жер телімдерін беру мүмкіндіктері қарастырылсын;
  • Талдыарал елді мекеніндегі егістік жерлердің тиімді мақсатта пайдаланылуы бақылауға алынсын;
  • егін шаруашылығы саласындағы жұмысшылардың еңбекақысын көтеру, олардың жыл бойы еңбекпен қамтылуы ұйымдастырылсын;
  • кәсіпкерлікті дамыту бойынша (дамытудың жаңа механизмі, жаңа бағыттар) ұсыныстар енгізілсін;
  • Қызылөзек елді мекенінде мал шаруашылығымен, көкөніс егумен айналасатын жергілікті тұрғындарға жан-жақты қолдаулар көрсетілсін;
  • бірінші кезекте аяқ су мәселесін шешу, халықты өзін-өзі жем-шөппен қамтуына бейімдеу шаралары жүргізілсін.
  1. 3. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына ағымдағы жылдың 10 наурызына және 10 қазанына ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктелсін.
  3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізілсін.

     Қалалық мәслихат депутаты                               Ж.Нұрымбетов

Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы туралы

 17.11.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                          23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «2022-2024 жылдарға арналған қала, қалаға қарасты кент және ауылдық округтер бюджеттері туралы» шешім жобасын талқылау» мәселесі бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханованың хабарламасы назарға алынсын.
  2. Қала әкімінің орынбасары Ғ.Жаңабаевқа, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймахановаға /жинақ/ тиісті бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп:
  • Әл Фараби мөлтек ауданындағы тұрғындардың өз күшімен жүргізген электр және ауыз су желілерін жаңарту жобасының бюджет жобасына енгізілуі қамтамасыз етілсін;
  • Титов мөлтек ауданында орналасқан №173 мектеп жанындағы көшеге /Т.Бокин көшесі/ тротуар салу, жарықтандыру және Саламатов, С.Бейбарыс, Ғ.Мұратбаев көшелеріндегі көпірлерді күтіп ұстайтын мердігер мекемелерге талап күшейтілсін, оның ішінде қысқы мезгілде ұдайы назарға алынсын;
  • Қызылжарма ауылдық округіндегі халық көп жүретін Меңлібаев /ұз:600 метр/ және Әлинов /ұз:1 км/ көшелерін жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндіктері қарастырылсын;
  • Қызылжарма ауылдық округіндегі халық санының көптігін ескеріп, 3 ойын алаңын салу туралы ұсыныс ескерілсін;
  • «Халық қатысатын  бюджет» жобасының ауылдарда жүзеге асырылуы қолға алынсын;
  • Тасбөгет кентіндегі су сүзгі станциясын орталық су сүзгі станциясына қосу жобасын қаржыландыру қарастырылсын;

- Ақсуат ауылдық округінің инфрақұрылымын дамыту, қалада ауыз суды пайдалану нормалары, халықтың ауыз суға төлем жасау мәселелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін;

  • Абай даңғылы №31,32 көпқабатты тұрғын үйлер жанында орналасқан кәріз су станциясын жаңғырту, Есенов-Желтоқсан көшелерінің қиылысына жол белгісін орнату, «халық қатысатын бюджет» жобасын ақпараттандыруды күшейту мәселелері бойынша шаралар қабылдансын;
  • Ақжарма ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория салуға қаржы қарастыру мақсатында бюджеттік жобаға енгізілсін;
  • Қалалық мәслихат депутаттары тарапынан жолданған сауалдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзімінде толық ақпарат ұсынылуын қамтамасыз етсін.
  1. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктеледі.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

     Тұрақты комиссия төрағасы                                               Е.Нұртазаев

Бюджет және экономикалық даму 
мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының отырысы туралы

 15.11.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                          23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Талсуат және Қарауылтөбе ауылдық округтерінің шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы» мәселелері бойынша Талсуат ауылдық округінің әкімі А.Жылқыбайдың, Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Е.Ахетовтың хабарламалары назарға алынсын.

1) Талсуат және Қарауылтөбе ауылдық округтерінің әкімдеріне:

  • нарықта жоғары сұранысқа ие кәсіптерді анықтап, халық арасында кеңінен насихатталуы ұйымдастырылсын;
  • елді мекендерде мал шаруашылығы бағытындағы кәсіп иелеріне жер учаскелерін беру шаралары заңға сәйкес жүргізілсін;
  • ауыл шаруашылығын әртараптандыру аясында бау-бақша бағытындағы кәсіп түрлеріне басымдық берілсін;
  • шағын және орта бизнес субъектілеріне арнайы бағдарламалар арқылы оқыту мен несиелендіру мәселелерін ақпараттандыру күшейтілсін.

2) Қарауылтөбе ауылдық округінің әкіміне /Е.Ахетов/:

- «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің әлеуетін пайдалана отырып, халыққа тиімді жағдай жасауды үйлестірсін.

3) Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі /Б.Аманкелдиев/ қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен /К.Құрақбаева/ бірлесіп:

  • жыл басынан бері тұрғындардың арнайы бағдарламалар арқылы оқуға тіркелгендерінің саны, олардың ішінде оқығаны және несие алып, өз кәсібін бастағандардың саны туралы мәліметті ағымдағы жылдың 29 қарашасына дейін ұсынсын.
  1. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктеледі.
  3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

     Тұрақты комиссия төрағасы                                               Е.Нұртазаев

Бюджет және экономикалық даму 
мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының отырысы туралы

 08.09.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                               23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Белкөл кентінің ағымдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы» мәселесі бойынша Белкөл кентінің әкімі А.Ибраимовтың хабарламасы назарға алынсын.
  2. Белкөл кентінің әкіміне /тиісті бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп/:
  • Кенттің тұрғындар жаңадан қоныстанған аумағына электр желісін тарту;
  • Кентте санитарлық-тазалық жұмыстарын жүйелендіру;
  • Белкөл кентінде Жерұйық, Сарыарқа, Путейц, Әбдіқадіров, Әбдіқадіров 2 көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Белкөл кентінің орталық көшесіне ұзындығы 1 км болатын жаяу жүргінші жолын жасауға қолдау көрсету;
  • Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағына байланысты тұрғындар арасында белсенділікті арттыру шараларын ұйымдастыру ұсынылады.
  1. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктеледі.
  2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

     Тұрақты комиссия төрағасы                                               Е.Нұртазаев

Бюджет және экономикалық даму 
мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының отырысы туралы

 08.09.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және               өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Тасбөгет кентінің ағымдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы» мәселесі бойынша Тасбөгет кентінің әкімі С.Сыздықовтың хабарламасы назарға алынсын.
  2. Тасбөгет кентінің әкіміне /тиісті бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп/:
  • Кенттің тұрғындар жаңадан қоныстанған аумағына электр желісін тарту;
  • Кентте санитарлық-тазалық жұмыстарын жүйелендіру;
  • Тасбөгет кенті аумағынан салынуы жоспарланған жаңа емхана және спорт кешені құрылысын жүргізу бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастыру;
  • Тасбөгет кентіндегі апатты үйлер мәселесін тиісті мемлекеттік органдардың назарына жеткізіп, тұрғын үй кезектілігі бойынша жаңа пәтерлерге көшіру мәселесін шешуге ықпал жасау;
  • Кент көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша берілген бюджеттік өтінімдер негізінде қаржының бөлінуіне қажетті шараларды жүргізу;
  • Тасбөгет кентіндегі бейітті қоршау жұмыстарын жалғастыруға қажетті қаражаттың бөлінуі үшін мемлекеттік органдармен жұмыстар жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағына байланысты тұрғындар арасында белсенділікті арттыру шараларын ұйымдастыру ұсынылады.
  1. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктеледі.
  2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

Тұрақты комиссия төрағасы                                                  Е.Нұртазаев

Бюджет және экономикалық даму 
мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының отырысы туралы

 08.09.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және               өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                   23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Бюджет жүйесі туралы» мәселесі бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханованың хабарламасы назарға алынсын.
  2. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне /тиісті бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп/:  

-  «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына енгізілген Қызылжарма ауылдық округінің көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізу;

- Қалалық мәслихат депутаттарының  жазбаша түрде берілген ұсыныстарын жинақтап, талдау жасап, әр депутатқа бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп жеке-жеке жауап берілуін қадағалау;

- Тұрғындарды тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көліктердің санын және бағытын көбейту мәселесін шешу;

- 2022 жылға жоспарланған қалалық бюджеттің бөлінісін, қалыптасуын мәслихат депутаттарымен бірлесіп алдын-ала талқылау;

- СПМК-70 тұрғын ауданындағы Ақтөбе-3 тұйығына Баймаханов көшесінен бастап С. Бейбарыс көшесіне дейін («Форте Банк» және «Білім инновациялық лицей» арасы) жаяу жүргіншілер жолын салу;

- Қала тұрғындарының коммуналдық төлемдерге қарыздарын жинап, түскен қаржыны «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-нің берешектерін өтеу мүмкіндіктерін қарастыру;

- Ағымдағы жылы қалалық бюджетті нақтылау барысында қаржыландырылуы жоспарланған 50-ден астам жобаны қалалық мәслихат депутаттарының назарына ұсыну, депутаттардың талқылауынан кейін олардың ұсыныс-пікірлерінің ескерілуін қадағалау ұсынылады.

 19.04.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және               өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                   23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Бюджет жүйесі туралы» мәселесі бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханованың хабарламасы назарға алынсын.
  2. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне /тиісті бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп/:  

-  «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына енгізілген Қызылжарма ауылдық округінің көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізу;

- Қалалық мәслихат депутаттарының  жазбаша түрде берілген ұсыныстарын жинақтап, талдау жасап, әр депутатқа бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп жеке-жеке жауап берілуін қадағалау;

- Тұрғындарды тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көліктердің санын және бағытын көбейту мәселесін шешу;

- 2022 жылға жоспарланған қалалық бюджеттің бөлінісін, қалыптасуын мәслихат депутаттарымен бірлесіп алдын-ала талқылау;

- СПМК-70 тұрғын ауданындағы Ақтөбе-3 тұйығына Баймаханов көшесінен бастап С. Бейбарыс көшесіне дейін («Форте Банк» және «Білім инновациялық лицей» арасы) жаяу жүргіншілер жолын салу;

- Қала тұрғындарының коммуналдық төлемдерге қарыздарын жинап, түскен қаржыны «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-нің берешектерін өтеу мүмкіндіктерін қарастыру;

- Ағымдағы жылы қалалық бюджетті нақтылау барысында қаржыландырылуы жоспарланған 50-ден астам жобаны қалалық мәслихат депутаттарының назарына ұсыну, депутаттардың талқылауынан кейін олардың ұсыныс-пікірлерінің ескерілуін қадағалау ұсынылады.

  1. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктеледі.
  2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

Тұрақты комиссия төрағасы                                                  Е.Нұртазаев

Бюджет және экономикалық даму 
мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының отырысы туралы

 19.04.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «2020 жылға арналған қала, кент және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есеп туралы» мәселесі бойынша қалалық қаржы бөлімінің басшысы С.Айменовтың хабарламасы назарға алынсын.

Қалалық қаржы бөліміне тиісті бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп:

- Бюджеттік бағдарлама әкімшілері, кент және ауылдық округ әкімдіктері   бөлінген бюджет қаражаттарын уақытылы әрі сапалы игерілуін қамтамасыз ету керек;

- Мемлекеттік бағдарламалар (Ауыл ел бесігі, Жұмыспен қамтудың жол картасы, Нұрлы жер, Өңірлерді дамыту және т.б.) аясында бөлінген қаржылар бойынша бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілуі қажет;

- Жоғары тұрған бюджеттен (республикалық және облыстық бюджеттен) бөлінген трансферттер бойынша қаржыландыру жоспарының ай сайынғы бөліндісіне уақытылы өзгерістер енгізу (мысалы, игерілмеу қаупі бар қаржыларды кейінгі айларға жылжыту);

  • Көшеттерді сатып алу жұмыстарына бөлінетін қаражаттардың дұрыс жұмсалуын назарға алу, отырғызылған ағаштарды күтіп ұстау шараларын қарастыру;
  • Көгалдандыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстарына инвестицияны сырттан тарту жұмыстарын қолға алу;
  • Мердігерлердің заң шеңберінде сапалы қызмет атқару жауапкершілігін арттыру мақсатында жұмыс жүргізу ұсынылсын.
  1. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

Тұрақты комиссия төрағасы                                                      Е.Нұртазаев

Бюджет және экономикалық даму 
мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының отырысы туралы

 19.04.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласы бюджетінің кірістерін ұлғайту бойынша жұмыстар жөніндегі шаралар туралы» мәселесі бойынша Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Ниеталиевтің хабарламасы назарға алынсын.

         Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына:

    - Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда түсім көлемін  ұлғайту;

    - Жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестіру;

          - Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жасап, бекітілген

іс-шара  жоспарына сәйкес белгіленген мерзімде мәлімет алып оларға

талдау, камералдық бақылау  жұмыстарын жүргізу;

          - Кент, ауылдық округ әкімдеріне, берешектерді өндіру өз бюджетіне қаражат түсірудің бірден-бір жолы екендігін ескеріп,  тиісті жұмыстар жүргізу;

          - Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, тиісті комиссия құрып, жаңадан салынған тұрғынжайларға түгендеу жұмыстары мен бағалау жұмыстарын жүргізу;

          -  Ауылдық округтерде салық қорын кеңейту ұсынылсын.

  1. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

     Тұрақты комиссия төрағасы                                               Е.Нұртазаев

Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының отырысы туралы

 18.02.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласын дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларға қол жеткізу көрсеткіштері туралы» мәселесі бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р.Жүнісованың хабарламасы назарға алынсын.
  • Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тиісті бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп:
  • Ана мен бала өлімінің индикаторын төмендету үшін тұрмысы төмен, жалғыз басты, көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша ведомствоаралық бірлескен шаралар қабылдау;
  • қаладағы білім беру ұйымдарының облыстық деңгейде қаржыландырылуына байланысты қала аумағындағы мектептердің бюджеттік үлесі тиісті дәрежеде бөлінуі үшін облыстық мәслихаттың қаладан сайланған депутаттары мен облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып қажетті жұмыстарды жүргізу;
  • «Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін кәдеге жарату» индикаторы бойынша көрсетілген қатты қалдықтар орналасқан нысан санын өзгерту;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдардың учаскелік дәрігермен және әлеуметтік қызметкерлермен байланысын нығайту;
  • қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөліміне қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімімен бірлесіп:
  • коммуналдық төлемдер қабылдайтын орындарда мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру;
  • қалалық мемлекеттік сатып алу бөліміне:
  • мемлекеттік сатып алулар конкурстары комиссиясының құрамына мәслихат депутатын енгізу ұсынылсын.
  1. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

     Тұрақты комиссия төрағасы                                               Е.Нұртазаев

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты