• Главная
  • Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау, жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау, жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 

22.08.2022 жыл

 

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Күн тәртібіндегі «Қызылорда  қаласының білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы» мәселесі бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Е.Бодановтың хабарламасы назарға алынсын.

2. Қала әкімінің орынбасары А.Қасымоваға:

2.1. Қалалық білім бөлімінің басшысы Е.Бодановқа:

  • Қаладағы білім беру ұйымдарының қысқы жылу маусымына әзірлігі бойынша тиісті жұмыстар мерзімінде аяқталсын (№10, №211 мектептері, «Ер төстік» балабақшасы);
  • №10 мектебін күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы және сапалы орындалуы назарға алынсын;
  • Жаңа оқу жылында үш ауысымдық мектептерді болдырмау, мектептердегі сыйымдылық мәселелерін қосымша ғимарат салу есебінен шешу тәжірибесі жалғастырылсын;
  • Оқушыларды тасымалдау бойынша тиісті шаралар қабылдансын, оның ішінде Қызылжарма ауылдық округіне, Сабалақ саяжайына қатынайтын оқушылардың көлік мәселесіне назар аударылсын;
  • Қала бойынша жеке мектептердегі білім сапасы, мамандардың тұрақсыздығы мәселесі бойынша арнайы іс-шаралар қабылдансын;
  • Білім саласында қабылданған өзгерістерге байланысты орыс тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру, өзін-өзі тану пәндері бойынша сағат жүктемелерін бөлуде оңтайлы шешімдер қабылдансын;
  • Күрделі жөндеуді қажет ететін мектептерді кезең-кезеңімен жөндеуден өткізу бойынша арнайы жоспар қабылдап, тиісті жұмыстар жалғастырылсын;
  • Қосшыңырау а/о №138 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қаражаттың бөлінуі және жоба-сметалық құжаттарының мерзімі өтіп кетпеуі назарға алынсын;
  • Қызылөзек, Талсуат ауылдық округтеріндегі мектептер жанынан қосымша құрылыс салу арқылы оқушылар сыйымдылығы арттырылсын;
  • Талсуат ауылдық округінде орналасқан мектептің жылу жүйесін сұйық отыннан газға ауыстырудың мүмкіндіктері қарастырылсын;
  • Мектептер жанындағы шағын орталықтар жұмысының тиімділігі зерделеніп, тиісті шешімдер қабылдансын.

5. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына 2022 жылдың 15 қарашасына ұсынылсын.

  1. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктелсін.
  2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізілсін.

     Тұрақты комиссия төрағасы                                 Қ.Ерназаров

Құқық қорғау,әлеуметтік қолдау және

жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының отырысы туралы

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Тұрақты комиссия отырысында күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласы бойынша сапалы медициналық қызмет көрсету мәселелері», комиссияның І тоқсанында қаралған «Қала аумағында аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы жұмыстар және алдағы міндеттер туралы», «Қала бойынша жастарды жұмыспен қамту мәселелері», «Жастарды қолдау жөніндегі кешенді жоспар аясында атқарылған жұмыстар туралы», «Қаладағы діни ахуал, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар мәселелері туралы» мәселелері бойынша облыстық денсаулық басқармасының басшысы С.Пазилов, қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Б.Төребек, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы П.Жаңабергеновтің хабарламасы назарға алынсын.

2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына /келісім бойынша/ С.Пазилов:

- Қызылорда қаласы бойынша ана мен бала өлімін болдырмау мақсатында ана денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру;

- қала бойынша мемлекеттік медицина ұйымдарына заманауи МРТ аппараттарын алу бойынша ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру;

- облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесе отырып, целиакия диагнозымен ауыратын балаларды әлеуметтік қорғау (мүгедектік беру, глютенді стол мәзірін алуға және т.басқа) бойынша арнайы іс-шараларды жүзеге асыру.

3. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына /келісім бойынша/ Ғ.Жаңабаев:

-облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, целиакия диагнозымен ауыратын балаларды әлеуметтік қорғау (мүгедектік беру, глютенді стол мәзірін алуға және т.басқа) бойынша арнайы іс-шараларды жүзеге асыру.

4. Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне /К.Құрақбаева/:

- қала бойынша әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың тізімін жаңартып отыруды тұрақты ұйымдастыру, қаланың шет аймағындағы көмекке нағыз мұқтаж отбасылардың әлеуметтік көмектерден тыс қалмауын назарда ұстау;

- биылғы жылы /2022 жыл/ жоғары және арнаулы оқу орындарын бітірген түлектерді жұмыспен қамту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізу.

5. Қалалық ішкі саясат бөліміне /П.Жаңабергенов/:

- жастарды әскерге баруға шақыру бойынша патриоттық шаралардың мазмұнын өзгерту, (кездесулер түріндегі форматтан өзгерту) олардың тиімділігін арттыру;

- қалада діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды қарқынды түрде жалғастыру.

6. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне /А.Орманов/:

- жастар арасында жоғары қызығушылыққа ие стритбол спорт түрінің дамуына басымдық беріп, аталған спорт түрінен қала бойынша дәстүрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастыру.

7. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары А.Қасымова:

Тұрақты комиссия отырысында көтерілген өзекті мәселелерді тұрақты бақылауға алсын.

8. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына 2022 жылдың 20 қыркүйегіне және 20 желтоқсанына ұсынылсын.

9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктелсін.

9. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізілсін

Тұрақты комиссия төрағасы /қол қойылған/ Қ.Ерназаров

Орындаған: А.Болатбеков

Құқық қорғау,әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 20.04.2022

 

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Күн тәртібіндегі «Мемлекеттік бағдарламалар аясында Қызылорда қаласында білім беруді дамыту», «Оқушыларға қосымша білім беру, жазғы демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы» мәселелері бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Д.Баймырзаеваның хабарламасы назарға алынсын.
  2. Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясына /Б.Нұридинов/:

- Баланы тәрбиелеуге алатын отбасылардың бірінші кезекте материалдық жағдайы емес, олардың  балаға деген  шынайы мейірімі болуын ескеру, баланы алған отбасы мен баланың психологмен жұмыс жасауын ұйымдастыру;

- Баланы тәрбиелеуге алған отбасылар мен азаматтардың баламен қарым – қатынасындағы өрескел жағдайларды негізге ала отырып, сот орындарымен шара қолдану және құзырлы органдармен бірлесе қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды тиісті министрліктерге жолдау.

3.Қызылорда қалалық білім бөліміне /Д.Баймырзаева/:

- Қала бойынша барлық мектептерде оқушылардың психологиялық, әлеуметтік жағдайына, көңіл күйіне күнделікті бақылау жасау, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың тұрақсыздығынан туындайтын проблемалардың алдын-алу шараларын тұрақты ұйымдастыру;

- Қала бойынша 7 мектепте ("Абай" мектебі, №3, №101, №198, №261, №264, №280) үш ауысымдық оқуға ықтималдық болған жағдайда, нақты жоспарлардың болуын жүзеге асыру;

- Оқушылардың тасымалы бойынша құзырлы органдармен қажетті шаралар ұйымдастыру,  бюджетке ұсыныстар беру, қажетті қаражат есептемелерінің болуын қамтамасыз ету;

- «Үздік аттестат», «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың білім сапасының жағдайына тиісті талдамалар жүргізу;

- Алдағы уақытта «Қызылжарма» ауылдық округінде «Өнер» мектебі филиалының ашылуының мүмкіндіктерін қарастыру;

- «Өнер» мектебінің музыкалық аспаптарын жаңалау бойынша тиісті шаралар ұйымдастыру;

- Қаладағы білім ұйымдарын күрделі жөндеу жұмыстарына дайындалған жоба сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізілген мерзімінен кешіктірмей қаражат бөлінуін қадағалау, бірінші кезекте № 212, № 222, №138 орта мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге әзірленген жоба-сметалық құжаттарының мерзімі өтіп кетпеуін назарға алу;

- № 4 Қуаныш балабақшасын күрделі жөндеуден өткізудің жоба-сметалық құжаттарын  әзірлеуге қаражат бөлінуін қамтамасыз ету;

- № 10 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіндегі күрделі  жөндеу  жұмыстарының сапалы, мерзімінде орындалуын жүзеге асыру;

- Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдау, құрылысы салынған жаңа ғимаратты (Ш.Есенов атындағы қосымша білім беру орталығы ғимараты) жазғы демалыс орнына айналдыру бойынша қажетті шаралар ұйымдастыру.

  1. Қалалық Полиция басқармасына /Ә.Жаназаров/:

- Белгіленген кешкі уақыттан кейін жасөспірімдердің кешкі ойын- сауық, компьютерлік клуб, демалыс орындарда жүруі, жалдамалы пәтерлерді жасөспірімдерге беруді болдырмау бойынша кәсіпкерлік нысандары иелерімен түсіндірме шараларын жүргізу, заң аясында тиісті шаралар қолдану;

- Жазғы демалыс уақытында оқушылардың түнгі мезгілде бей-берекет жүруі, олардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылардың алдын алу мақсатында қалалық полиция күнделікті пәрменді шаралар  ұйымдастыру.

  1. 5. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Б.Нұридинов:

Тұрақты комиссия отырысында көтерілген өзекті мәселелерді тұрақты бақылауға алсын.

  1. 7. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына үстіміздегі жылдың 20 маусымына және 20 қарашасына ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктелсін.
  3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізілсін

Тұрақты комиссия төрағасы                                                  Қ.Ерназаров

Құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясының отырысы туралы

10.03.2022

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Күн тәртібіндегі «Қала аумағында аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы жұмыстар және алдағы міндеттер туралы» мәселесі бойынша қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы К.Құрақбаеваның және «Мейірім Қызылорда» қоғамдық қорының атқарған жұмыстары туралы» мәселесі бойынша «Мейірім Қызылорда» қоғамдық қорының директоры Ж.Жәниязовтың хабарламалары назарға алынсын.

2. Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі:

- Аз қамтамасыз етілген отбасыларды, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары жалғастырылсын;

- бөлім есебінде тұрған жалғызбасты қарт кісілер мен мүгедектерге азық-түліктей, тұрмыстық және басқа да көмек түрлері тұрақты көрсетілсін;

- қала аумағындағы аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалаларын әлеуметтік қорғау бағытында және мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылсын;

- мемлекеттік бағдарламалар аясында қайтарымсыз несие грантын алған жас кәсіпкерлердің өнімдері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өз қолымен жасаған бұйымдарын сатуы үшін арнайы жәрмеңкелер өткізу одан әрі жалғастырылсын, дамытылсын;

- қала бойынша әлеуметтік әлсіз топтар тізімі қайта жаңартылсын;

- қаланың шет аймақтарын аралап, мұқтаж отбасыларды анықтап, оларға әлеуметтік көмек түрлері тағайындалсын;

- Ұлттық мерекелерді атап өту аясы кеңейтілсін, ұлттық құндылықтарды арттыру үшін балаларға арнайы сыйлықтар әзірленіп және ұйымдастырылатын патриоттық іс-шаралар саны арттырылсын;

- қала бойынша мекемелерде штат санының қысқаруына байланысты жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік көмек түрлерін қарастыру ұсынылсын.

2. Күн тәртібіндегі «Мейірім Қызылорда» қоғамдық қорының атқарған жұмыстары туралы» мәселесі бойынша «Мейірім Қызылорда» қоғамдық қорына:

- «Бақытты отбасы» бөлімінің мамандары келіп түскен өтініштерді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әділ шешім қабылдау бойынша жұмыстарды одан әрі тиімді жалғастырсын;

- Демеушілік есебінен қор қаржысын ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылсын.

3. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Б.Нұридинов:

Тұрақты комиссия отырысында көтерілген өзекті мәселелерді тұрақты бақылауға алсын.

4. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына ағымдағы жылдың 25 сәуіріне және 25 қарашасына ұсынылсын.

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктелсін.

6. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізілсін.

Тұрақты комиссия төрағасы Қ. Ерназаров

Құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясының отырысы туралы

10.03.2022

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Күн тәртібіндегі «Қала аумағында аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы жұмыстар және алдағы міндеттер туралы» мәселесі бойынша қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы К.Құрақбаеваның және «Мейірім Қызылорда» қоғамдық қорының атқарған жұмыстары туралы» мәселесі бойынша «Мейірім Қызылорда» қоғамдық қорының директоры Ж.Жәниязовтың хабарламалары назарға алынсын.

2. Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі:

- Аз қамтамасыз етілген отбасыларды, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары жалғастырылсын;

- бөлім есебінде тұрған жалғызбасты қарт кісілер мен мүгедектерге азық-түліктей, тұрмыстық және басқа да көмек түрлері тұрақты көрсетілсін;

- қала аумағындағы аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалаларын әлеуметтік қорғау бағытында және мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылсын;

- мемлекеттік бағдарламалар аясында қайтарымсыз несие грантын алған жас кәсіпкерлердің өнімдері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өз қолымен жасаған бұйымдарын сатуы үшін арнайы жәрмеңкелер өткізу одан әрі жалғастырылсын, дамытылсын;

- қала бойынша әлеуметтік әлсіз топтар тізімі қайта жаңартылсын;

- қаланың шет аймақтарын аралап, мұқтаж отбасыларды анықтап, оларға әлеуметтік көмек түрлері тағайындалсын;

- Ұлттық мерекелерді атап өту аясы кеңейтілсін, ұлттық құндылықтарды арттыру үшін балаларға арнайы сыйлықтар әзірленіп және ұйымдастырылатын патриоттық іс-шаралар саны арттырылсын;

- қала бойынша мекемелерде штат санының қысқаруына байланысты жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік көмек түрлерін қарастыру ұсынылсын.

2. Күн тәртібіндегі «Мейірім Қызылорда» қоғамдық қорының атқарған жұмыстары туралы» мәселесі бойынша «Мейірім Қызылорда» қоғамдық қорына:

- «Бақытты отбасы» бөлімінің мамандары келіп түскен өтініштерді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әділ шешім қабылдау бойынша жұмыстарды одан әрі тиімді жалғастырсын;

- Демеушілік есебінен қор қаржысын ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылсын.

3. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Б.Нұридинов:

Тұрақты комиссия отырысында көтерілген өзекті мәселелерді тұрақты бақылауға алсын.

4. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына ағымдағы жылдың 25 сәуіріне және 25 қарашасына ұсынылсын.

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктелсін.

6. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізілсін.

Тұрақты комиссия төрағасы Қ. Ерназаров

Құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі 

тұрақты комиссиясының отырысы туралы

24.02.2022

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Күн тәртібіндегі «Қала бойынша жастарды жұмыспен қамту» мәселесі бойынша қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы К.Құрақбаеваның және негізгі «Жастарды қолдау жөніндегі кешенді жоспар аясында атқарылған жұмыстар туралы» мәселесі бойынша қалалық жастар ресурстық орталығының директоры С.Кеңшіліктің хабарламалары назарға алынсын.

2. Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі:

- Қызылорда қаласы мен кент және ауылдық округтер бойынша NEET санатындағы, пробация қызметінде тұратын жастардың жұмыспен қамтылуын қайта зерделеніп, нақты мекен-жайлар бойынша жұмыссыз жастарды есепке алып, олардың қызығушылығын арттыру бойынша шаралар қабылданып жұмыс жасалсын;

- жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың заманауи әдістерге сүйене отырып, қарапайым тілмен ақпараттандырылуы ұйымдастырылсын, бұл бағыттағы ақпараттық саясатты жүзеге асыруда заманауи механизмдер (СММ, таргетинг, инстаграм т.б) енгізілсін және әлеуметтік желілермен жұмысты жандандыру үшін қаржы көздері қарастырылсын;

- жұмыссыз, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылсын;

- «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап, халық арасында насихатталсын;

- әлеуметтік жұмыс орнынан жолданатын мамандарға жалақы төлеуді 50 пайызға көтеруді қарастыру;

- жұмысқа тұрғысы келетін азаматтарға түйіндеме толтыру, жұмыс берушімен сөйлесу, жұмыс іздеу тәртібін, тәсілдерін үйрететін мастер класстар өткізу ұйымдастырылсын;

- нарықта сұранысқа ие мамандықтарға мониторинг жүргізілсін және оның тізімі жалпы көпшілікке ұсынылсын;

- әлеуметтік көмектер алу үшін заңды некені бұзатын отбасылардың жағдайларын зерделеп, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу, заңға сәйкес жұмыс жасау ұсынылады.

3. Қалалық ішкі саясат бөлімі және қалалық жастар ресурстық орталығы:

- қаланың шет аймақтары мен ауылдарда жастарға арналған құқықтық-әлеуметтік кеңес беретін, бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған орталықтар немесе аула клубтары ашылсын;

- ақылы оқуға түсетін жастарға көмек ретінде республика бойынша жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқу ақысы, жатақхана мәселесі және т.б. мәселелер бойынша мониторинг жасалсын, жастардың назарына ұсынылсын;

- жастарды әскерге баруға ынталандыру, олардың әскерге баруға қажеттілік жасайтын механизмдер енгізу (әскери билет талап ететін жағдайлар енгізу) әскери-патриоттық тақырыпта іс-шаралар өткізу бойынша шаралар қабылдансын;

- жастар саясатының тиімділігін арттыратын әлеуметтік жобаларды көбейте отырып, саланы қаржыландыру арттырылсын;

- жастар арасында отбасы тәрбиесі, Отан алдындағы жауапкершілік, ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттау, масылдық санадан арылуға бағытталған арнайы жобалар енгізілсін;

- қалалық жастар ресурстық орталығының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қолдау көрсетілсін және мүмкіндіктері қарастырылсын.

4. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі:

- қала бойынша жастар санына шаққанда белгіленетін мамандар санын ескере отырып, тиісті заңдылыққа сәйкес қалалық жастар ресурстық орталығына қосымша штат беру мүмкіндігі қарастырылсын.

5. Қалалық құрылыс бөлімі:

- құрылыс саласы бойынша жоба–сметалық құжаттарды әзірлеу барысында құрылысшылардың еңбекақыларының қазіргі еңбек нарығындағы мөлшерімен салыстыра отырып енгізу ұсынылсын.

6. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Б.Нұридинов:

Тұрақты комиссия отырысында көтерілген өзекті мәселелерді тұрақты бақылауға алсын.

7. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына ағымдағы жылдың 15 сәуіріне және 15 қарашасына ұсынылсын.

8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктелсін.

9. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізілсін.

 

Тұрақты комиссия төрағасы Қ. Ерназаров

Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының отырысы туралы

 16.11.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                          23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие беру туралы» мәселесі бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Д.Баймырзаеваның, «Қалалық ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары туралы» мәселесі бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы П.Жаңабергеновтың, «Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің атқарған жұмыстары туралы» мәселесі бойынша қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Ормановтың және «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атқарған жұмыстары туралы» мәселесі бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Ниязовтың хабарламалары назарға алынсын.

1) Қалалық білім бөлімі /Д.Баймырзаева/: 

          - Қызылорда қаласы бойынша 0-2 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға (балабақшаларға) алу қажеттілігі бойынша қайта зерделеніп, заңға сәйкес жұмыс жасалсын;

- балалардың жазғы демалысы тиімді әрі сапалы ұйымдастырылсын;

          - оқушыларды тасымалдау, оқушылардың қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғаларының алдын алу  жұмыстары жүйелі жалғастырылсын; 

- қала бойынша мектептерге сұранысы бар аудандарды анықтау,  оқушыларды тиісті мөлтек аудандар бойынша мектепке алу жұмыстары тиімді ұйымдастырылсын;

 

 

- «Абай атындағы 3 тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» (бұрынғы «Мұрагер» мектебі) аумағындағы көлік кептелістерін реттеу мақсатында автотұрақ мәселесін шешу ұсынылсын;

- қала бойынша инклюзивті білім беру жобасын тиімді жүзеге асыру, бұл бағытта мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру жалғастырылсын;

- №4 «Қуаныш» (мекен жайы:Т.Камалов көшесі №35 Б), «Балбұлақ» (мекен жайы:3 ірілендірілген квартал, ғимарат 5А) және №14 «Самал» (мекен жайы:Ақмешіт м/а құрылыс 33) балабақшаларын күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба сметалық құжаттары әзірленсін;

-  көмірмен және сұйық отынмен жылытылатын білім мекемелерін газға қосу жұмыстары жүргізілсін.

2) Қалалық ішкі саясат бөлімі /П.Жаңабергенов/:

- тиімсіз болған әлеуметтік жобалар қысқартыла отырып, өзекті салаларға бағытталсын;

-  ақпараттық саясатты жүзеге асыруда заманауи механизмдерді (СММ, таргетинг т.б) енгізу, салада бөлінетін қаражаттардың тиімді бағытталуын назарға алу, тиімсіз жобаларды қысқарту жүзеге асырылсын;

- қалалық жастар ресурстық орталығының метариалдық-техникалық мүмкіндіктерін арттыру және басқа да қолдаулар көрсетілсін;

- Қорқыт ата ескерткіші жанындағы амфитеатрды қайта жаңғырту, жастар орталығына тиімді пайдалану үшін беру мүмкіндіктері қарастырылсын;

- әлеуметтік жобалар аясында, басқа да маңызды мәдени-көпшілік, спорттық т.б түрлі шараларға қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің қамтылуын назарда ұстау ұйымдастырылсын;

- «Бітім Медиация орталығы» қоғамдық бірлестігімен жасалған әлеуметтік жобаның тиімділігі арттырылсын, оның қолданылу аясы кеңейтілсін;

- мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстарының есебін (фото-деректер, анықтамаларды қамти отырып) осы қаулыға қол қойылғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде қалалық мәслихат аппаратына ұсыну және олардың жұмысын таныстыру мақсатында депутаттық аралау шарасы ұйымдастырылсын;

- қалалық ішкі саясат бөлімінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы (фото деректерді қамти отырып) ақпаратты осы қаулыға қол қойылғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде әзірлеп, мәслихат аппаратына ұсыну және мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында қайта қарау жүзеге асырылсын.

3) Қалалық дене шынықтыру және спорт  бөлімі /А.Орманов/:

- қалада бұқаралық спортты дамыту мақсатында қаржыландыруды кеңейту үшін арнайы жобалар, іс-шаралардың қаржылық есебі әзірленіп, бюджетке ұсынылсын;

- қалалық деңгейде дәстүрлі спорттық шараларды қалыптастыру назарға алынсын;

- Ұлттық және бұқаралық спортты дамыту мақсатында үйірмелер ашу, бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын арттыру және спорттық клубтарда  жастардың бос уақытын тиімді пайдалану ұйымдастырылсын;

- қала, қалаға қарасты кент және ауылдық округтерді спорт үйірмелерімен толық қамту мақсатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған парапауэрлифтингтен, соқырлар қоғамы жанындағы тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат үйірмелерінің жұмысы тиімді  жалғастырылсын.

4) Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі /М.Ниязов/:

- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін мәдени-көпшілік шаралардың тартымдылығын арттыру, рухани-патриоттық сипатының жоғары болуы қамтамасыз етілсін;

- жыл басынан бері келіп түскен ұсыныстарға сәйкес, тиісті құжаттарын жинақтап, қала аумағындағы көше атауларын өзгерту бойынша жұмыстар жалғастырылсын;

- Қызылорда қаласының 200 жылдан астам тарихын айқындайтын тарихи-мәдени ескерткіштер мен көрікті орындардың маршрутын әзірлеп, қолданысқа енгізілсін;

- қала аумағында орналасқан кіші мәдени ескерткіштерде атауы және тарихы туралы мәліметтердің орналасуын қамтамасыз ету ұсынылсын;

- Қызылорда қаласының мәдени бірегейлігін қалыптастыру және қалада өткізілетін мәдени-көшілік іс-шаралардың мазмұнын байыту бойынша жаңашылдықтар енгізілсін;

- мәдени көпшілік шараларды қаланың мөлтек аудандарындағы алаңдар мен демалыс орындарында, мәдени ескерткіштер аумағында, кент және ауылдық округтерде өткізу ұсынылсын;

 - тарихи музейлерге жас жеткіншектердің білімін тереңдету, ой-өрісін кеңейту мақсатында түрлі экскурсиялық әдістемелерді пайдалануға бюджеттен қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру және мектеп оқушыларына жүйелі түрде экскурсия ұйымдастырылуы жүзеге асырылсын;

- мемлекетімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдерінің тілдерін дамытуға, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің ұмытылмауына және ұлттық құндылығының сақталуына мүмкіндік жасау ұсынылсын.

  1. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында берілген ұсыныстар бақылауға алынып, орындалуы бойынша мәліметтер 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін қалалық мәслихат аппаратына жолдансын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктеледі.
  3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

     Тұрақты комиссия төрағасы                                             Қ. Ерназаров

Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының отырысы туралы

 21.09.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                          23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ювеналды полиция инспекторларының кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балаларды қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алу жөніндегі жұмыстары туралы» мәселесі бойынша қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары А.Оспановтың және қалалық білім бөлімінің басшысы Д.Баймырзаеваның хабарламалары назарға алынсын.
  2. Қызылорда қалалық Полиция басқармасына және Қызылорда облысының білім басқармасына (келісім бойынша):

          - кәмелетке толмағандар тарапынан немесе оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда құзырлы органдармен тығыз байланыста болып, жсопарлы түрде профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, орын алған құқық бұзушылықтарды жасыруға жол бермеу;

- себепсіз сабаққа үнемі кешігетін, келмей қалатын оқушылар немесе студенттерді есепке алып, олардың ата-аналарымен және қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс атқару;

          - мектеп психологтарының жұмысын жандандырып, оқушылар арасында психологиялық тест жүргізу арқылы суицидке, құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды анықтап, олармен жеке дара жұмыс жасау, тиісті органдарға уақытылы мәлімет беру;  

-  жасөспірімдер арасында суицидтің, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында интернет желісіне жүйелі түрда мониторинг жүргізіп, суицидке және құқық бұзушылыққа итермелейтін сайттарды дер кезінде бұғаттау;

          - жасөспірімдерге темекі, алкогольді ішімдіктерді сататын сауда орындарын анықтап, құқық бұзғандарды жауапкершілікке тарту шараларын одан әрі жалғастыру, нәтижесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

          - қоғамдық орындарда қайыр сұрап жүретін тұрмысы төмен отбасының оқушы балаларына бақылау жұмыстарын күшейту;

- оқу орындарының жатақханаларында сағат 22:00-ден кешігіп келетін студенттерге бақылау орнату, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу, қажеттілігіне қарай қалалық Полиция басқармасымен бірлескен шараларды атқару;

          - білім ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында ғимараттардағы бейне бақылау камераларын қалалық Полиция басқармасына қарасты жедел басқару орталығының желісіне қосу, ғимараттарды күзетуді лицензияланған күзет агенттіктеріне беру, тиісті қауіпсіздік техникалық құралдармен жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыру;

- білім беру ұйымдарында төтенше жағдай туындаған сәттегі іс-қимыл алгаритмін үйрету мақсатында құзырлы органдармен мұғалімдердің, оқушылардың, студенттердің қатысуымен семинар-кеңестер және оқу жаттығулар өткізуді ұйымдастыру;  

         - білім беру ұйымдарында, әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында жасөспірімдерді ақпараттандыру мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жеңіл форматтағы қысқа бейнероликтер жариялау;

- жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауды жандандыру ұсынылады.

  1. Осы қаулының орындалу барысы жөніндегі ақпаратты 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін қалалық мәслихат аппаратына ұсынсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімше басшысы М.Шаймерденова және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімшесінің басшысы М.Мұхтаров жүзеге асырады.
  3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

 

     Тұрақты комиссия төрағасы                                             Қ. Ерназаров

Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының отырысы туралы

 22.04.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                          23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Қала бойынша үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырыс аясында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысы туралы» мәселесі бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Әбдіқадіровтың хабарламасы назарға алынсын.

1) Комиссия мүшелерінің ұсынысына сәйкес, мемлекеттік тапсырыс аясында  жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын қосымша зерделеу мақсатында депутаттық аралау шараларын ағымдағы жылдың         ІІ тоқсанына ұйымдастыру және осы мәселені келесі комиссия отырысында талқылау үшін ұсынылады.

  1. Күн тәртібіндегі екінші «Қызылорда қаласында бұқаралық спортты дамытудың барысы туралы» мәселесі бойынша қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Ормановтың хабарламасы назарға алынсын.
  • Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі /А.Орманов/, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне /Г.Баймаханова/

- Ұлттық және бұқаралық спортты дамыту мақсатында қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне тікелей бағыныстағы                       Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту, бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын арттыру және қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі аталған спорт нысанның жөндеу жұмыстарына ағымдағы жылы қаржы бөлінуін ұымдастыру;

- Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және жаппай демалу орындарында спортпен айналысуы үшін инфрақұрылымды дамыту бойынша нақты шаралар ұйымдастыруды одан әрі жалғастыру;

- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спорттық қозғалыс арқылы белсенді өмірге қайта келтіру мақсатында олардың қаламыздағы барлық спорт объектілерінде дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдалануын қамтамасыз ету;

- Халықтың әлеуметтік әлсіз тобы қатарындағы қала тұрғындарын қолдау мақсатында әр ай сайын аз қамтылған, көп балалы отбасындағы балаларға және қала жастарын қол жетімді спорт инфрақұрылымымен қамту бойынша жұмыстарын әрі қарай жүзеге асыру;

- Қала мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерді спорт үйірмелерімен толық қамту мақсатында бөлім жанынан ұйымдастырылған, Белкөл кенті мен Ақжарма, Қосшыңырау, Қызылөзек ауылдық округтеріндегі грэпплинг, жекпе-жек, каратэ, еркін, қазақ күрестерінен, қала орталығындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған парапауэрлифтингтен, соқырлар қоғамы жанындағы тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат үйірмелерінің жұмысын тиімді  жалғастыру;

-  қала және қалаға қарасты елді мекендер бойынша спорт алаңдарының жетіспеушілігі жөнінде зерделеу құжатын дайындау, нәтижесімен құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына ұсыныстар беру және тиісті жұмыстарды жалғастыру;

-  Қызылжарма ауылдық округіндегі спорт алаңын салуға белгіленген жер учаскесіне салынатын спорт нысанының жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу үшін қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне  ұсыныс беріп, тиісті жұмыстарды жалғастыру;

- барлық азаматтар үшiн дене шынықтырумен, спортпен айналысу теңдiгi және оның жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, ересектерге арналған мини футболды дамыту, стандартқа сәйкестендіру бағытында жүйелі жұмыстарды одан әрі жалғастыру;

- Қала бойынша футбол алаңдарының жетіспеушілігіне байланысты инфрақұрылымын дамытуға басымдық беру, қажетті шараларды айқындау, тиісті органдармен жұмыстар жүргізу ұсынылсын.

  1. Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат үстіміздегі жылдың 25 мамырына дейін қалалық мәслихат аппаратына жолдансын.
  2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

 

     Тұрақты комиссия төрағасы                                               Қ.Ерназаров

Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау  мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының отырысы туралы

 11.03.2021

«Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының  күн тәртібіндегі «Арнайы бағыттағы (санаторлық) балабақшалардың қазіргі атқарып отырған жұмыстары туралы» мәселесіне орай коммисия мүшелерімен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қаласы бойынша білім бөліміне қарасты 5 санаторлық балабақшалар бар. Соңғы бес жылда бұл балабақшаларда тәрбиеленіп жатқан балалар саны үш есеге қысқарып отыр: 2017 жылы 716 бала, 2018 жылы 678 бала, 2019 жылы 653 бала, 2020 жылы 525 бала болса, 2021 жылы 254 бала жолдамамен қабылданған.

Аталмыш мәселе бойынша әрбір балабақшаның жағдайына жеке талдау нәтижесі келесідей болды:

90 орындық №2 «Бөбек» және №3 «Қарлығаш»санаторлық  балабақшаларында 2021 жылы 50-51 бала аралығында;

280 орындық  №4 «Қуаныш» санаторлық  балабақшасында 2021 жылы 79 бала;

140 орындық №8 «Бүлдіршін» және №32 «Қызғалдақ» санаторлық  балабақшаларында 30-44 бала аралығында тәрбиеленуде.

Сонымен бірге, биылғы жылдан бастап енгізілген жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі бойынша қаржы балалардың контингентіне сәйкес төленетіндіктен, бүгінгі күні бөлініп отырған қаражаттың ғимараттарды ұстау шығындары мен қызметкерлердің жалақысын төлеуге жеткіліксіз болып отырғандығы анықталды.

Депутаттар, қалалық білім бөлімі мен сала мамандары тарапынан қалыптасқан жағдайды жан-жақты сараптап, зерделей келе, бюджет қаржысын үнемдеу және тиісінше  балабақшаларды толыққанды жұмыс жасату мақсатында  барлық  балабақшалардағы балалар біріктіріліп, 140 орынға арналған №32 «Қызғалдақ» және 90 орынға арналған №2 «Бөбек» санаторлық балабақшаларында тәрбиелеуге, ал, №4 «Қуаныш», №3 «Қарлығаш» және №8 «Бүлдіршін» санаторлық балабақшаларын коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ретінде қайта ұйымдастыру туралы облыстық білім басқармасына ұсыныс енгізу қажет деп есептейміз. Аталған балабақшаларда коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын аталып, Жарғысы, мақсаты өзгертілетіндіктен, санаторлық топтар болмайды.

 «Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                          23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Арнайы бағыттағы балабақшалардың (санаторлық) қазіргі атқарып отырған жұмыстары туралы» мәселесі бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Д.Баймырзаеваның хабарламасы назарға алынсын.
  • Қалалық білім бөліміне /Д.Баймырзаева/:
  • Санаторлық балабақшалардың функционалдық Жарғысына сәйкес қызмет көрсетуі мәселесін зерделеу, нәтижесімен тиісті шаралар қабылдау;
  • қарастырылған тамақтандыру, сауықтыру шараларының белгіленген талаптарға сай болуын қамтамасыз ету;
  • қала емханаларындағы санаторлық балабақшаларға жолдама беретін комиссиялардың жұмысын зерделеу, мерзімінде өткізу және оны жетілдіруді назарға алу ұсынылсын.
  • Бюджет қаржысын үнемдеу және тиісінше балабақшаларды толыққанды жұмыс жасату мақсатында  барлық  балабақшалардағы балалар біріктіріліп, 140 орынға арналған №32 «Қызғалдақ» және 90 орынға арналған №2 «Бөбек» санаторлық балабақшаларында тәрбиелеуге, ал, №4 «Қуаныш», №3 «Қарлығаш» және №8 «Бүлдіршін» санаторлық балабақшаларын коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ретінде қайта ұйымдастыру туралы облыстық білім басқармасына ұсыныс берілсін.
  • Осы қаулының орындалуы үстіміздегі жылдың 15 мамырына дейін қалалық мәслихат аппаратына ұсынылсын.
  • Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

 

Тұрақты комиссия төрағасы                                         Қ.Ерназаров

Құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты 
комиссиясының отырысы туралы

 26.02.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                          23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар туралы» мәселесі бойынша қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің басшысы И.Ақжігітованың хабарламасы назарға алынсын.
  • Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөліміне /И.Ақжігітова/:
  • «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыру және бағдарлама жөнінде халық арасында кеңінен ақпараттандыруды тұрақты жүргізу;
  • қала, кент және ауылдық округтер бойынша ауыл шаруашылығы бағытындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы жобаларға тұрғындардың қатысу көрсеткішін арттыру;
  • жекелеген санаттағы азаматтарға және өңірге қажетті мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан білім алатын студенттерге әлеуметтік көмек көрсету шараларын жалғастыру;
  • халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын (мүмкіндігі шектеулі тұрғындар, тұрмысы төмен отбасылар, жалғыз басты тұрғындар) кешенді ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • бөлім бастамасымен «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» отбасы институтын қолдау жобасының (қала бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың картасы жасалып, өз орталарынан жетекші тағайындалып, әйел-аналарға құқықтық психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, педагогикалық, құжаттарын реттеу көмектерін жүзеге асыру) жұмыстарын жалғастыру;
  • қайтарымсыз грант иегерлерінің берілген қаражатты мақсатсыз жұмсауының алдын алу мақсатында тиісті Ережеге өзгерістер енгізу механизмін дайындап, құзырлы органдарға ұсыну;
  • «Жол картасы» бағдарламасы аясында техникалық және сұранысы жоғары мамандықтарды (автокран жүргізушісі, тас қалаушы, фрезер станогымен жұмыс жасаушы, электрик, копирайтер, т.б.) оқыту, кадрларды қайта даярлау тізбесіне өзгеріс енгізу мәселелері бойынша құзырлы органдармен бірлескен жұмыстар атқару;
  • Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне /Г.Баймаханова/:
  • жұмыспен қамту орталығының «Караван сарай» кешені ғимаратына көшірілуіне байланысты жүргізілетін қайта жаңғырту жұмыстарына қаржы қарастыру;
  • бөлім теңгеріміндегі азаматтық хал актілерін тіркеу секторы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және электр желілерін ауыстыру бойынша тиісті шараларды қабылдау;
  • Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне /Б.Далабаев/:
  • азаматтық хал актілерін тіркеу секторы ғимаратына материалдық залал келтірген жоғарғы қабат тұрғындарының жауапкершілігін заң шеңберінде қарау;
  • тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың бағдарламасына сәйкес, Әйтеке би көшесі №21 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Аталған үйдің 2-ші қабатында орналасқан орталық жылу құбырларын өжіреге ауыстыру жұмыстарын жоба сметалық құжаттарына енгізу ұсынылсын.
  1. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

 

     Тұрақты комиссия төрағасы                                               Қ.Ерназаров


2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты