Аппараттың функциялары

Аппарат заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Мәслихаттың Регламентіне сәйкес Мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуге дайындықты және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2)  депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелерге байланысты шешім жобаларымен және тиісті құжаттармен қамтамасыз етеді;

3)  тұрақты комиссиялар ұсыныстарының негізінде Мәслихаттың жұмыс жоспарларының жобаларын және оның атқарған жұмыстары жөніндегі есептерін дайындайды;

4)   депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін түсініктемелік және әдістемелік көмек көрсетеді, олардың сауалдары мен ұсыныстарының, сын-пікірлерінің уақытылы қаралуын және орындалуын бақылайды;

5) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында енгізген ұсыныстары мен ескертпелерін есепке алады, талдау жасайды және оларды жүзеге асыруға арналған ic-шаралардың орындалуын қадағалайды;

6) сессияларда  қаралатын  мәселелердің  тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала талқылануын ұйымдастырады, депутаттарға шешімдер жобалары мен қорытындыларының сапалы дайындалуын қамтамасыз етуде көмек көрсетеді;

7) Мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда олардың әділет органдарында тіркелуге жолдануын қамтамасыз етеді;

8)  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен Мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етеді;

9)  Мәслихат шешімдері мен басқа да құжаттарының тиісті органдарға жолдануын қамтамасыз етеді;

10) Мәслихат сессиялары мен оның  басқа  да  органдарының отырыстарында хаттамалар, стенограммалар жүргізеді;

11)  Мәслихаттың ic-жүргізу қызметін жүзеге асырады;

12)  заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

13) Аппараттың негiзгi міндеті:

Мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыру, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.

  • Көрулер: 13

2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты