• Главная
  • Өндіріс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жіне экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Өндіріс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы,

өндіріс және экология мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясының отырысы туралы

29.06.2022

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласы бойынша экологияны (оның ішінде кәріз жүйесінің мәселесі) жақсарту және қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру, қаланың санитарлық тазалығының жай-күйі туралы» мәселесі бойынша ұсыныстардың орындалу барысы туралы» мәселесі бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Бахтияровтың, «Қала аумағында сәулет және қалақұрылысының жағдайы және алдағы шаралар туралы» мәселесі бойынша қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Ғ.Қожахметовтың және «Қызылорда қаласында жаңадан енгізілетін мүлік иелерінің бірлестіктерінің өзекті мәселелері туралы» мәселесі бойынша қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Рысбектің хабарламалары назарға алынсын.

2. Қала әкімінің орынбасарына /Р.Нұрмағанбетов/:

2.1. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне:

- VІІ шақырылымдағы Қызылорда қалалық мәслихатының өкілеттілігі мерзімінде /2021 жылдан бастап есепті кезеңге дейін/ ұйымдастырылған тұрақты комиссиялар отырыстарының күн тәртібіндегі көркейту-көгалдандыру, аяқ сумен қамту мәселелері бойынша қабылданған қаулылармен берілген ұсыныстардың орындалуы қамтамасыз етілсін, оларды жүзеге асыру бойынша іс-шара жоспары немесе жол картасы әзірленсін:

• қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі көгалдандыру, аяқ сумен қамтамасыз ету бағыттарында жыл сайынғы бөлінетін қаражаттардың тиімді игерілуіне зерделеу құжатын жасау және қаражаттарды тиімді бағытта жұмсалуын қамтамасыз ету;

• көшеттерді сатып алу жұмыстарына бөлінетін қаражаттардың тиімді жұмсалауын назарға алу, отырғызылған ағаштарды күтіп ұстау шығындарын қарастыру;

• алынатын көшет көлемін азайта отырып, үнемделген қаражатты көшеттердің шығымдылығын арттыруға бағыттау;

• көгалдарды тамшылатып суаруға байланысты жүйелі жоба әзірлеу, қала бойынша аяқ су ұңғымаларын қазу мәселесін зерттеп, тиімді шешімдер қабылдау;

• қаланың орталық көшелеріне отырғызылатын көшеттер санын арттыру;

• 2022 жылға арналған қала бюджетін дайындау барысында көгалдандыру мәселелеріне байланысты техникалық тапсырмаларды қайта қалыптастыру;

• қала аумағындағы каналдарды тазарту жұмыстарына мекемелердің қызметкерлерін тарта отырып, сенбіліктер ұйымдастыру;

• қала бойынша арық жүйелерінің картасын әзірлеу, арық жүйелерін талапқа сәйкестендіру;

• көгалдарды суару кестесін әзірлеп, ұсыну және олардың көпшілікке жариялы болуын қамтамасыз ету;

• көгалдандыру жұмыстарына жауапты мердігер мекемелердің жыл көлемінде күтіп ұстау жұмыстарын өз деңгейінде жүргізуін қадағалау;

• мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру барысында мердігер мекемелердің егілген көшеттердің толығымен көгеріп кеткенге дейін күтімге алынуы мәселесінің келісім шартқа енгізілуін қамтамасыз ету;

• жыл бойы каналдарды тазалау, күтіп ұстау жұмыстары бойынша арнайы жоба әзірлеп, жүзеге асыру;

• жол жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаңадан көшелер салу кезінде аяқ су жолын қалдыруды назарда ұстау;

• аяқ суды жер асты сулары арқылы алу мәселелерін зерделеп, техникалық-экономикалық негіздемелерін жасау және арнайы жобаларды қолға алу;

• мекемелер аумағының көгалдандырылуын міндеттеу бойынша қолданыстағы заң аясында іс-шаралар қабылдап, бекіту;

• қала аумағындағы астауланған арық жүйелеріне су өткізгіштер жасау, аяқ-сумен толық қамтамасыз ету;

• арық жүйелерін тазалау жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту;

• «Қызылжарма» каналының арнасын механикалық тазалауға және «Ботаникалық бақ» каналын қалпына келтіруге сметалық құжаттарын дайындау;

• көгалдандыру мақсатында қала аумағында отырғызылатын ағаш көшеттерінің санын арттыру және мердігер мекемемен қаржыны көшеттердің өсіп-өнуіне сәйкес есептесу;

• дария суының тапшылығына орай суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару әдісіне көшу және қаражатты көп қажет етпейтін ұңғымалар қазу;

• қала аумағындағы барлық арық жүйелеріне тазалау жұмыстарын жүргізу және тазалығын тұрақты бақылауда ұстау;

• қала аумағындағы саябақ, аллеялардағы гүлзарлардың орнына жасыл желектер (газон) орналастыру;

• кіші және орта бизнес құрылымдарына ғимарат алдын абаттандыруды және көгалдандыруды жүктеу;

• көше бойындағы ағаштарды жасарту, қураған бұтақтарын кесу жұмыстарын белгіленген технологияларды сақтай отырып, жүргізу;

• көпжылдық көшеттерді қазып алу кезінде тамырларына зақым келетіндігін ескеріп, олардың өнімділігін арттыру мақсатында 1-2 жылдық көшеттерді отырғызу;

• қала аумағындағы аллея, скверлерді сенімді басқаруға беру мүмкіндіктерін қарастыру және мемлекет меншігіне өткізу мақсатында мемлекеттік актілерін 2 ай мерзімде дайындау;

• көгалдандыру жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізу мақсатында қалаға қарасты коммуналдық мекеме құру механизімін ұсыну.

- Қаланың көгалдандыру жұмыстарына жауапты мердігер мекемелерге қойылатын талаптар күшейтілсін;

- Аллеялар, парктер, т.б. демалыс орындарын көгалдандыруда автоматты суару жүйесі енгізілсін;

- Көгалдандыру саласындағы мемлекеттік тапсырыстардың мерзімі 3-5 жыл аралығына жариялансын;

- Биылғы жылы қазылған су ұңғымалары мерзімінде іске қосылсын;

- Көгалдандыру саласында кәсіби мамандардың жұмыс жасауына басымдық берілсін;

- Биылғы жылғы егілген ағаштар мен көгалдар мерзімінде суландырылсын, мердігер мекемелердің жұмыстары тиянақты орындалсын және 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін «Вокзал» , «Тағзым», «Қорқыт ата» көгалдандыру аймақтары бойынша көгалдандыру шаралары ретке келтірілсін, аумақта көгал егу (газон), суландыру шаралары толығымен жүргізілсін;

- Президент паркі аумағында өсіп тұрған ағаштар мен көгалдандардың суарылуы мардымсыз, арықтардың көміліп қалу жағдайлары кездесуде, сондықтан жасыл-желекті қалыпты ұстап тұру үшін арық жүйелерін тазартып, кеңейтіп, суландыру жұмыстарының қарқыны күшейтілсін;

- Рәміздер алаңы аумағын көгалдандыруды одан әрі жақсарту мақсатында тамшылатып суару әдісі қолданылсын;

- 2023 жылғы қала бойынша барлық көгалдандыру аймақтарына көгал (газон) егілсін (тиімді микроклимат қалыптастыру үшін) және оларды тұқымнан шығару әдісі (дайын газондарды төсеу емес) қолданылсын;

- Көгалдандыру саласы бойынша тиімсіз жұмыстар жүргізген мердігерлер заң аясында шаралар қолдану арқылы саладан шығарылсын және кәсіби мамандардың көгалдандыру шараларымен айналысуына мүмкіндіктер қарастырылсын;

- Көгалдандыру шараларының тиімділігін арттыру үшін ең алдымен канал, арықтарды дер кезінде тазалауға, оның ішінде кемі 15 каналға су апаруға жұмыстар жүргізілсін;

- С.Бейбарыс көшесінің «Жан-Арай Жем» ЖШС-не бұрылысында тұратын, өз қызметтерін ұсынушы түрлі техникалардың жол қауіпсіздігіне кедергі келтіріп отырғандығын ескеріп, оларға қала аумағынан тыс арнайы орын бөлу мүмкіндігі қарастырылсын.

2.2. Қалалық полиция басқармасына:

- Белгіленбеген орындарға кәріз су қалдығын төгетін арнайы көліктердің иелеріне қатаң шара көру жүзеге асырылсын, нәтижесі туралы ақпарат 2022 жылдың 15 тамызына дейін қалалық мәслихат аппаратына ұсынылсын.

2.3. Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөліміне:

- Қаланың негізгі орталық көшелерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарының жаяу жүргіншілер жолын жауып тастауына тыйым салу, кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылсын;

- Магистральды каналдардың көміліп, үстіне тұрғын үй немесе басқа да құрылыс нысандарының жүргізілуіне жол берілмесін, қазіргі уақытта үстіне тұрғын үй салынған каналдардан аяқ су жүргізу мәселелерін шешу жолдары қарастырылсын;

- Сағымбаев көшесінің бойындағы Ботаникалық бақ каналының үстіне салынып кеткен кәсіпкерлік нысанды заңдастыру жұмыстары жүргізілсін және канал арнасын қалпына келтіру бағытындағы тиісті шаралар қабылдансын.

2.4. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөліміне:

- Көпқабатты тұрғын үйлерде жаңадан енгізілетін мүлік иелері бірлестіктерінің тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстары жандандырылсын, арнайы комиссия құрылып, құрамына мәслихат депутаттары енгізілсін.

3. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына 2022 жылдың 25 тамызына және 15 желтоқсанына ұсынылсын.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктелсін.

5. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізілсін.

Тұрақты комиссия төрағасы М.Кәрімбаев

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

14.03.2022

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласы бойынша экологияны (оның ішінде кәріз жүйесінің мәселесі) жақсарту және қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру, қаланың санитарлық тазалығының жай-күйі туралы» мәселесі бойынша қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Оспановтың хабарламасы назарға алынсын.

2. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне /Б.Оспанов/:

- көгалдандыру жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізу мақсатында қалаға қарасты коммуналдық мекеме құру механизімін ұсыну;

- қала аумағындағы астауланған арық жүйелеріне су өткізгіштер жасап, аяқ-сумен толық қамтамасыз ету;

- арық жүйелерін тазалау жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту;

- «Қызылжарма» каналының арнасын механикалық тазалауға және «Ботаникалық бақ» каналын қалпына келтіруге сметалық құжаттарын дайындау;

- көгалдандыру мақсатында қала аумағында отырғызылатын ағаш көшеттерінің санын арттыру және мердігер мекемемен қаржыны көшеттердің өсіп-өнуіне сәйкес есептесу;

- дария суының тапшылығына орай суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару әдісіне көшу және қаражатты көп қажет етпейтін ұңғымалар қазу мүмкіндіктерін қарастыру;

- қала аумағындағы барлық арық жүйелеріне тазалау жұмыстарын жүргізу және тазалығын тұрақты бақылауда ұстау;

- қала аумағындағы саябақ, аллеялардағы гүлзарлардың орнына жасыл желектер (газон) орналастыру;

- М.Әуезов көшесінің бойындағы А.Иманов ескерткішін атаулы көшеге көшіріп, орнына М.Әуезов ескерткішін орналастыру жолдарын қарастыру;

- кіші және орта бизнес құрылымдарына, меншік нысанына қарамастан барлық мекемелерге ғимарат алдын абаттандыруды және көгалдандыруды жүктеу;

- көше бойындағы ағаштарды жасарту, қураған бұтақтарын кесу жұмыстарын белгіленген технологияларды сақтай отырып, жүргізу;

- көпжылдық көшеттерді қазып алу кезінде тамырларына зақым келетіндігін ескеріп, олардың өнімділігін арттыру мақсатында 1-2 жылдық көшеттер отырғызу;

- ағаштарға химиялық залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілу барысын қадағалау;

- қала аумағындағы аллея, скверлерді сенімді басқаруға беру мүмкіндіктерін қарастыру және мемлекет меншігіне өткізу мақсатында мемлекеттік актілерін 2 ай мерзімде дайындау;

- ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін қала аумағындағы каналдар мен арық жүйелерінің тазалығын, толық аяқ су жеткізілуін қамтамасыз ету;

- 3- ірілендірілген кварталдағы көп қабатты тұрғын үйлерге берілетін ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылуын қамтамасыз ету;

- кәріз су қалдықтарын таситын арнайы автокөліктерге рұқсат етілген төгу орындарының санын көбейту және қала аумағындағы рұқсат етілмеген жерлерге лас су төгу фактілерінің алдын алу;

- Желтоқсан-Толыбеков көшелерінің қиылысындағы айналма жолдағы жағымсыз иісті жою мақсатында жоба-сметалық құжаттарын дайындау;

- «Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету қызметіне тұрғындар қарызының нақты көлемін есептеу, жеке сектор тұрғындарымен тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға келісім шартқа отыру мәселесін жандандыру және қоқыс жәшігін орнату бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.

3. Қалалық полиция басқармасына /Ә.Жаназаров/:

- қала аумағындағы рұқсат етілмеген жерлерге кәріз су қалдықтарын таситын арнайы автокөліктердің лас су төгуіне байланысты қатаң шара көру және аталған фактілер жиі орын алатын аумақтарға бейнебақылау камераларын орнату ұсынылсын.

4. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Е.Рахматуллаев:

Тұрақты комиссия отырысында көтерілген өзекті мәселелерді тұрақты бақылауға алсын.

5. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына ағымдағы жылдың 20 сәуіріне және 20 қазанына дейін жолдансын.

6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктеледі.

7. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

Тұрақты комиссия төрағасы М.Кәрімбаев

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 30.11.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Қалалық құрылыс бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары мен переспективалық іс-шаралары  туралы есебі» мәселесі бойынша қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Б.Далабаевтың хабарламасы назарға алынсын.

1) Қалалық құрылыс бөліміне /Б.Далабаев/ қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен /Б.Оспанов/  бірлесіп:

  • қалалық құрылыс бөлімі арқылы кәріз су желісіне жүргізілген жөндеу жұмыстары барысында қазылған (Ғ.Мұратбаев көшесі: Абай даңғылы – Скаткова көшесі аралығы, Ғ.Мұратбаев №32 көпқабатты тұрғын үй тұсы) асфальт жабындысы қалпына келтірілсін.

2) Қалалық құрылыс бөліміне /Б.Далабаев/:

- қала аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан көпқабатты тұрғын үйлер мен Сабалақ саяжайында салынып жатқан жаңа мектеп құрылысының талапқа сай жүргізілуі қадағалансын.

3) Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне /Б.Оспанов/:

  • 3 ірілендірілген кварталдағы көп қабатты тұрғын үйлердегі ауыз судың сапасы зерттеліп, санитарлық талаптарға сәйкестендірілсін;
  • орталық стадион аумағындағы жағымсыз иіс таратып тұрған кәріз су жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілсін;
  • көп қабатты тұрғын үйлердің төменгі қабатындағы кіші және орта бизнес иелері мен тұрғындар арасындағы ауыз су және жылу жүйесі құбырларын ауыстыруға қатысты туындайтын келіспеушіліктердің орын алмауы үшін тиісті шаралар қабылдансын.

4) Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөліміне /А.Рысбек/:

- тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындардың үйдің нақты берілу уақыты туралы дұрыс ақпараттандырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктеледі.
  3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

 

     Тұрақты комиссия төрағасы                                               М.Кәрімбаев

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 20.10.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласында жер учаскелерінің тұрғын үй салу мақсатында берілу барысы және олардың мақсатты игерілуі туралы» мәселесі бойынша қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Омаровтың, «Қызылорда қаласында тұрғын үй кезегінде тұрғандарды тұрақты немесе уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері туралы» мәселесі бойынша қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Рысбектің, «Қызылорда қаласы бойынша көгалдандыру, аяқ  сумен қамтамасыз ету мәселелері» және «Қызылорда қаласы бойынша қалаішілік қоғамдық көліктердің қазіргі жай-күйі туралы» мәселесі бойынша қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Оспановтың хабарламалары назарға алынсын.

1) Қалалық жер қатынастары бөлімі /Б.Омаров/:

  • Жалға берілген жерлердің пайдалану мерзімі өткен жағдайда қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес мүмкіндігінше мерзімін ұзарту жолдары қарастырылсын;
  • Қала аумағы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды қамтамасыз етсін;
  • Жеке тұрғын үй құрылысы үшін табысталатын жер учаскесіне кезектілікте тұрған азаматтар санының көптігін (бүгінгі күнге дейін 62 261 азамат кезекке тіркелген)  ескеріп, заңға сәйкес жер алу кезегіне қою туралы өтініштерге мораторий жариялау (2005-2006 жылдары кезеке тіркелген азаматтар әлі де толық қамтылмаған) жолдары қарастырылсын;
  • Тұрғындарға кезектілік бойынша жер учаскесін беру кезінде сол аумақтағы инфрақұрылым мәселелеріне назар аударылсын, берілетін жер учаскесі коммуналдық мекемелермен алдын-ала келісілсін.

2) Қалалық тұрғын үй инспекциясы /А.Рысбек/:

  • Апаттық жағдайдағы және жыл соңына дейін 50 отбасыға берілетін тұрғын үйлер туралы /тізімі/ мәлімет ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін ұсынылсын;
  • Қызметтік үйлер босаған жағдайда тұрғын үй кезегіне тіркелген тұрғындарға берілуі заңға сәйкес жүйелендірілсін.

3) Қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі /Б.Оспанов/:

  • Қалаішілік қоғамдық көліктердің жай-күйін жақсарту мақсатында субсидия бөлу мәселесінің жыл соңына дейін шешімін табу қамтамасыз етілсін;
  • «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-нің теңгеріміндегі қоғамдық көліктердің толық құрамда жұмыс жасауы ұйымдастырылсын;
  • Қала бойынша қалаішілік қоғамдық көліктердің жол сызбасын оңтайландыру жобасын аяқтап, депутаттар назарына ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынсын;
  • Биылғы жылы қала бойынша егілген көшеттердің жалпы саны және бүгінгі күні өсім алғандары туралы нақты мәліметті ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін жолдасын;
  • Қала аумағында орналасқан аллеялар мен скверлерді көгалдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында аяқ сумен қамтамасыз ету үшін ұңғыма қазу мүмкіндігін зерделеп, тиісті шараларды қабылдасын;
  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу конкурсына дайындалған 2022 жылға арналған техникалық шарттар (бөлінетін қаржы нақтыланған жағдайда) қалалық мәслихат депутаттарына таныстырылсын.
  1. Қала әкімінің орынбасары Е.Рахматуллаев осы қаулыда көрсетілген өзекті мәселелерді заңдылыққа сәйкес тұрақты бақылауына алсын.
  2. Атқарылған және қабылданған шаралар бойынша ақпарат қалалық мәслихат аппаратына ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Шаймерденоваға жүктеледі.
  4. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

 

     Тұрақты комиссия төрағасы                                               М.Кәрімбаев

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 15.09.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                          23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласы бойынша жылу маусымына дайындық барысы туралы» және қосымша «Қоғамдық көліктердің қазіргі жай-күйі туралы» мәселелері бойынша қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Оспанов Бауыржан Әліпбайұлының хабарламалары назарға алынсын.

         Қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі /Б.Оспанов/:

  • Жылу беру маусымында қиындық тудыратын көпқабатты тұрғын үйлердің нақты тізімі дайындалсын және мерзімінде жылуға қосылуы бағытында тиісті жұмыстар атқарылсын;
  • Жылу орталығы қызметкерлерінің айлық жалақысын көтеру немесе әлеуметтік жеңілдіктер қарастыру ұсынылсын;
  • Көпқабатты тұрғын үйлердің өжірелерін кәсіпкерлерге беру арқылы күтіп ұстау жұмыстарын жандандыру қолға алынсын;
  • Көп қабатты үйлер тұрғындарының жылу жүйесіне өзгеріс енгізуі салдарынан жылу температурасының жоғалуына байланысты тосқауыл қою шаралары қабылдансын;
  • Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған немесе дербес жылу қазандықтары бар барлық әлеуметтік және өндірістік нысандар бойынша жылу маусымына дайындық төлқұжаттарын дайындауды ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін аяқтау жүзеге асырылсын.
  • Жолаушылар тасымалын жүйелендіру, қоғамдық көлік саласындағы жеке кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында басқа өңірлердегі жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды зерделеп, жақсарту механизмдерін дайындау тапсырылсын.
  1. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

 

     Тұрақты комиссия төрағасы                                               М.Кәрімбаев

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 30.06.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                          23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласы бойынша көгалдандыру, аяқ сумен қамтамасыз ету мәселелері», «Көп қабатты тұрғын үйлерде Үй кеңестерін құру және олардың сервистік мекемелермен келісім шартқа отыру мәселелері» бойынша қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Б.Далабаевтың хабарламасы назарға алынсын.
  • қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне /Б.Далабаев/:
  • Қаланы аяқ сумен қамтамасыз етуде саланы зерделеу жұмысын жүргізіп, өзекті мәселелерді айқындау, нәтижесімен кешенді шаралар қабылдау және арнайы мекеме құру мәселелерін ұйымдастыру;
  • мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру барысында мердігер мекемелердің егілген көшеттердің толығымен көгеріп кеткенге дейін күтімге алынуы мәселесінің келісім шартқа енгізілуін қамтамасыз ету;
  • жыл бойы каналдарды тазалау, күтіп ұстау жұмыстары бойынша арнайы жоба әзірлеп, жүзеге асыру;
  • жол жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаңадан көшелер салу кезінде аяқ су жолын қалдыруды назарда ұстау;
  • аяқ суды жер асты сулары арқылы алу мәселелерін зерделеп, техникалық-экономикалық негіздемелерін жасау және арнайы жобаларды қолға алу;
  • 2022 жылғы көгалдандыру маусымына толық дайындықпен, нақты жоспарлармен баруды жүзеге асыру;
  • мекемелер аумағының көгалдандырылуын міндеттеу бойынша қолданыстағы заң аясында іс-шаралар қабылдап, бекіту;
  • көп қабатты тұрғын үйлерде Үй кеңестерін құру бойынша ақпараттық жұмыстарды жалғастыру ұсынылсын.
  1. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

 

     Тұрақты комиссия төрағасы                                               М.Кәрімбаев

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 04.03.2021

«Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                          23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, өндіріс және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күн тәртібіндегі «Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің атқарып отырған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы» мәселесі бойынша қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Б.Далабаевтың хабарламасы назарға алынсын.
  • қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне /Б.Далабаев/:
  • қала аумағындағы және қаланың шет аймақтарындағы қоқыстарды жинау, әкету жұмыстарын арнайы кесте бойынша жүйелендіру;
  • тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуші мекемелерге жұмысшыларды тұрақтандыру мақсатында ынталандыру механизмдерін енгізу;
  • санитарлық тазалық жұмыстарына жүргізілетін мемлекеттік сатып алу конкурсы мерзімін заңдылыққа сәйкес 1 жылдан 3 жылға дейін ұзарту;
  • қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, жеке сектор тұрғындарының көше бойына қоқыстарды бей-берекет тастау фактілері бойынша қатаң шаралар қолданылуын ұйымдастыру;
  • қаланың санитарлық тазалық жұмыстарын шығынсыз жүргізу жолдарын қарастыру, арнайы талдау (анализ) жасап, қорытындысын ұсыну;
  • жаңадан салынған тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешеніне апарылған қоқыстардың шашылмауын қамтамасыз ету мақсатында арнайы нығыздаушы құрылғы орнату үшін қажетті есептемелерді дайындап, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсыну;
  • қалаға қарасты мекемелердің қызметкерлеріне санитарлық тазалық мәселелеріне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу, арнайы кездесулер өткізу, нәтижесімен жеке секторларда тұратын қызметкерлерге қоқыс контейнерлерін орнату туралы келісім шартқа отыруын ұйымдастыру;
  • қалалық ішкі саясат бөліміне /С.Әбдіқадіров/:
  • тазалық сақтау шараларының бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде насихатталуын қамтамасыз ету;

4) қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне /Б.Аманкелдиев/:

  • кәсіпкерлік субьектілерінің меншігіндегі нысандар аймағында көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуі бойынша міндеттемелерді орындау барысын бақылауға алу;
  • қалалық полиция басқармасына /А.Оспанов/:
  • қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесіп, жеке сектор тұрғындарының көше бойына қоқыстарды бей-берекет тастау фактілері бойынша қатаң шаралар қолданылуын ұйымдастыру ұсынылсын.
  1. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

 

     Тұрақты комиссия төрағасы                                               М.Кәрімбаев


2022г. © Қызылорда қалалық мәслихаты