Тобаева Айнұр Шорабекқызы

Image

Құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

1978 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекетті корпорациясы" КеАҚ орталық аппараты, басқарма басшысы.

Қорқыт ата университетін 2000 жылы құқық және экономика негіздері бойынша мүғалімі, Қазақ гуманитарлық-заң университетін 2003 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-да екінші категориялы тіркеушісі болып бастаған.

2001-2007 жылдары «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-да әр-түрлі қызметте болған.

2007 - 2010 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-нің Қызылорда қаласы бойынша операциялық зал басшысы; 2010-2017 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиал директорының орынбасары; 2017-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры; 2018 жылдан 2021 жылдың мамыр айына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының директорының орынбасары; 2021 жылдан 2022 жылдың қыркүйек айына дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекетті корпорациясы" КеАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры.

Бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.

VII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

«Amanat» Партиясының мүшесі.


2022г. © Кызылординский городской маслихат